Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеттер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

1.Мейрамхана ғимаратының құрылымы: қала инфроқұрылымдарына бай мейманхананы орналастыру, мейманхана ғимаратының салыстыру принциптері.

Орыс тілінде front office әдетте қабылдау және орналастыру болып аударылады. Негізінен ағылшынша қабылдау және орналастыру қызметтері reception деп аталады және консиеждің, швейцардың, жүк тасушының, пажидің, телефон операторларының қондырғылармен жұмыс істейтін менеджерлер және т.б. брондау қызметтеріне жататын front office бөлімшесіне кіреді. Бұл қонақ үй бөлімшесінің басында жоғарыда аталып кеткен барлық қызмет бағынатын орналастыру бойынша жауапты директор (front office menedjer)тұрады.Front office –бұл қонақ үйдің топтық мекені, оның негізгі орталығы қонақты күтіп алу және онымен қоштасу орны. Бұл қызметтің жұмысы – тауар отельді сата білу, қонақ үйдің жақсы атағын қалыптастыру, қонақтардың кез-келген мәселесін шеше алатын отель менеджерінің ұсынушысы болу, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалпы жолаушының барлық тілектерін қанағаттандыратын қызмет.Қабылдау бөлімі отель холында болуы керек. Сонымен қатар қабылдау бөлімінің клерктары өз орындарынан лифтіні көріп тұрулары керек. Бұл келушілер мен олардың жүктеріне қосымша тексерістің орындалуын қамтамасыз етеді. Әдетте front office тәулік бойы қызметін жалғастырады, бірақ ауысып тұрады.Жоғарыда аталған қызметтерден басқа front office келген қонақ туралы ақпараттың жиналуын, сақталуын қамтамасыз етеді. Қонақтар туралы ақпараттарды жинау және вип-қонақтармен сөйлесу менеджердің қызметіне кіреді. Ерекше сыйлы қонақтармен генеральный директор сөйлеседі.Театр мен мұражайға билетті брондау, транспортты ұйымдастыру, автокөліктерді жалдаумен консиерж айналысады. Ол сонымен қатар швейцар, жүк тасушы, паж, лифттер жұмысына байланысты қызмет жасайтын барлық қызметтерді бақылап отырады.Паж – қонақтарды номенге шығарып салады, номерді ашады, дайындығын тексереді, қонаққа номер жабдықтарының қолдану шарттарын түсіндіреді.Front office қызметіндегі клиентке көрсетілетін басқа да қызметтерге қаржы қызметін, пошта қызметтері, қала жайлы ақпараттар беру қызметтері жатады. Қонақ үй бөлімшелерінің негізгі операцияларына номерлерді брондау, келетіндерді орналастыру, тіркеу жатады.Брондау қызметі. Брондауға тапсырыстар әр түрлі каналдар арқылы түсуі мүмкін (электронды пошта, факс, телефон, интернет).Тапсырыстар түскен журналда немесе компьютерде клиент туралы келесідей мәліметтер көрсетіледі:1. Тегі, аты-жөні;2. Қандай номер, қанша уақытқа алатыны;3. Төлеу кепілдігі және кімнің төлейтіндігі;4. Ерекше тілектер.Брондауға кепілдік депозит бойынша немесе кредит картасы бойынша жүзеге асады. Тапсырыс қабылдаған қызметкер клиент тарихын тексеру керек. Келіспейтін жағдай туындағанда, брондауға рұқсат етпеуге де болады. Тапсырыс көп номерге берілген кезде, онымен белгілі қызметші айналысады. Брондауға тапсырыс компаниялардан немесе тур. фирмалардан түсетін болса, брондау бөлімінің қызметкері қонақ үйдің бұр фирмаға қызмет көрсетуге келісім-шарты бар жоқтығын тексеру керек. Ең бірінші анықтайтын мәселе қонақ үй номерін қандай бағамен ұсыну керектігі.Бос номерлер болған жайда орналасу уақыты, номер түрі және тапсырыс номердің бар екенін растайтын ақпарат жіберіледі. Егер тапсырыста қонатын түнеу күні белгіленбесе, ол номер автоматты түрде бір күнге брондалады. Егер кешігу жайы белгіленбесе, клиент қонақ үйге 18 сағатқа дейін келуі керек. Егер клиент депозит алса, онда номер келуіне байланыссыз сақталып тұра береді.Мүмкін болатын ең жағымсыз жағдай - бір номерге екі клиенттің тағайындалуы (переброндау). Бұл мынаған байланысты: статистика бойынша номер брондаған клиенттердің 10℅-іброндаудан бас тартады, ал 5℅-і қонақ үйге келіскен күні келмей қалады. Сондықтан көбіне қонақ үй осы жағдайларды ескере отырып, 10℅ көп тапсырыс алады. Егер бұл санақ ақталмаса, «over booking» деген жағдай туады.Переброндаудың тағы бір кең тараған түрі бұл – жағымсыз ауа-райы есебінен ескі клиенттер отельден шыға алмай қалады, ал жаңалары келіп қояды. Бұл жағдайда қонақ үй өз есебінен сол сияқты басқа немесе тарифтегі айырмашылықты толықтыра отырып, жоғары категориялық отельге жіберіледі. Бұл операция “farmaut” деп аталады.Тағы кездесетін жағдай бұл клиент номерді әр түрлі агентстводан брондайды. Нәтижесінде оған бір емес бірнеше номер брондалған болып шығады.Топтық брондаудың жеке брондаудан ең басты айырмашылығы мұнда брондау бөлімінің менеджері топқа қызмет көрсетудің барлық жағдайы қарастырылатын келісім сөздер жүргізу жжәне келісім-шартты қортындылау үшін қатысты адаммен жеке кездесуі мүмкін.Біздің отельде әлі күнге дейін сызба арқылы жүзеге асатын қолдан брондау техникасы қолданылуда. Тек кейбір жаңа үлгідегі отельдерде брондау процесі компьютерленген.