- •Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
- •Құрастырушыдан
- •Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
- •Қазақ хандары
- •Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан
- •Орта жүз құрамындағы тайпалар
- •Енші институты
- •Туысқандық жүйе
- •Қазақтың үш жүз атануы
- •Алаштың енші бөлуі
- •Орта жүз шежіресі
- •Болатқожаның Қаракесек атануы
- •Тарақты
- •Төлегетайдың төрт немересінің түсі
- •Төлек батырдың батасы
- •Ақсақтың алтауы
- •Бура қыпшақ
- •Жалайыр
- •Жаман Тобықты
- •Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы
- •Жалықпас
- •Қарқабат
- •Қазақ туралы мақал-мәтелдер
- •Алтыншаштың түсі
- •Алпыс алты ата Қоңырат
- •Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені
- •Ер Жәнібекке анасының берген батасы
- •Ер Жәнібекке Қазыбек бидің берген батасы
- •Жидебайдың кеңесі
- •Қарқаралы қайран тау
- •Құдай. Жұмақ. Тозақ
- •Қыпшақ Наурызбай би
- •Қыпшақ Сейітқұл
- •Шұбарайғыр Балта батыр
- •Кіші жүз. Адай
- •Атағозы батыр
- •Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
- •Бес Естек
- •Жаналы би мен Дәден бидің әзілі
- •Абылай ханның ұрпақтары
- •Қазақ хандары
- •Керей хан
- •Мұрындық хан
- •Қасым хан
- •Мамаш хан
- •Тайыр хан
- •Бұйдаш хан
- •Ахмет хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандар
- •Абылай хан
- •Кенесары хан Қасымұлы
- •Қарқаралы төрелері
- •Тағанбайдың төрт ұлы
- •Алты Алаш
- •Айнакөз
- •Ақбикеш пен Мақпал
- •Зылиха (Қаракемпір)
- •Нұрбике
- •Ұран туралы
- •Қалыңмал және жасау
- •Жынды Ысқақ
- •Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
- •Ұрпақ өсіру туралы аңыз
- •Бауырлық мейірім
- •Алтын босаға
- •Түке мен Құлжан байлардың егесі
- •Тұрмағанбет
- •Есенбай
- •Ақсарыдан айырылмағаның дұрыс қой
- •Что лев, что тигр все одни хишники
- •Жобалай
- •Боқтампаздың боқтықты қоюы
- •Қаз дауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
- •Балпық шешен
- •Жидебай батыр мен Қараменде би
- •Жанқұтты шешен
- •Толыбай шешен
- •Бөлтірік шешен
- •Дадан тобықтының шежіресінен
- •Әуезбақы (Әуез-ене)
- •Жолдыбай айтқан
- •Бауыржанның батасы
- •Тарақты Шалқарбектің батасы
- •Қасымның батасы
- •Немереге бата
- •Қыз, әйел, ана туралы нақылдар
- •Абысындардың татулығы
- •Афоризмдер
- •Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
- •Әшембек
- •Зерек бала
- •Бір жеңгеге
- •Бір мылжыңға
- •Жануарлардың адамға пайдасы мен зияны
- •Мазмұны:
Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
Таманың ішінде Барақ, Бұзау, Жалпақ (Бақ), Есенқарағай, Дәулеткелді аталары күні бүгінге дейін бір-бірімен қыз алыспайды. Таманың бұл аталары Ақтөбе жағында тұрып, алдымен Барақ пен Бұзау, кейінірек туыстарын іздеп, артынан Жалпақ оңтүстіктегі Сыр бойына келген екен. Бұл кезде Абылай үш жүзге хан сайланып, Қазақ елінің астанасы Түркістанды қайтарып алу мақсатында жүреді. Қазақтың үш жүзінен жасақ жинайды. Абылай ханның Түркістан мен Сайрамға жасаған жорығы сәтті аяқталады. Бұл жорыққа кіші жүзден тама тайпасының жасақтары да қатысып ерлік көрсетеді. Осылардың қатарында Барақ, Бұзау, Жалпақ батырдың ерлігіне Абылай хан риза болып, оларға «сүйерге алға» Сыр бойынан қыстау, Қаратаудың күнгейінен жайлау бөліп береді. Қаратаудың Суындық асуынан асатын жерде «Бақтың бауы» деген алап бар. Басы таудан басталып, Сауранның түбінен өтіп, Сырға құятын өзенді Бақтың өзені дейді.
Жалпақ сары реңді, жалпақ жауырынды, аса қарулы, әсіресе, ат үстінен алдырмайтын батыр адам болыпты. Оның шын аты Бақ екен, жеңгелері денесіне қарап «Жалпақ» деп атап кеткен. Жалпаққа Қыдыр ғалайссалам кездесіп «Қолыңды жай, батамды берейін!» - дейді. Абылай ханның ерекше құрметіне көңілі тасып, мастанып жүрген Жалпақ оны елемей: «Жайыңа жүр, дуана!» - деп жүріп кетеді. Қыдыр ғалайссалам Жалпаққа екінші рет кездесіп, тағы да «Қолыңды жай, батамды берейін!»-дегенде, ашуланған Жалпақ найзасын сілтемекші болады. Сол кезде өзінен-өзі найзасының күл-паршасы шығады. Қыдыр үшінші рет кездескенде Жалпақ бұл жолы да оң шырай бермейді. Сонда қыдыр ғалайссаламды жетелеп жүретін Бақ (Бақыт) қолын теріс жайса, Қыдыр ғалайссалам: «Ұрпағың аз болсын!»- деп, көзден ғайып болыпты дейді. Бұл күнде Созақ өңірін қоныстайтын Жалпақ ұрпағы шынында да шағын әулет қана.
Бес Естек
Шежіре сөзінің айтуында Тәуке ханның баласы Сәмеке ханның тұсы болса керек. Сәмеке ханның Орта жүздегі іргелі тайпаларға билігін жүргізіп, ордасын Түркістанда ұстап тұрған кезі еді дейді. Ел іргесі тынышсыз болып тұрған заман.
59
Еділдің құба қалмақтары орысқа арқа сүйеп, елдің тыныштығын алып болмаған соң Әбілқайыр хан мен Сәмеке хан тізе қосып, екі дүркін (1723,1726 ж.ж.) жорық жасайды.
Екінші жорықта Аюке ханның баласы Серен Дондық хан бітімге шақырып, содан екі жақ та бесіктегі бала ат жалын тартып мінгенше соғыспайық деп келісіп, қанға қол батырып анттасады. Осы бітімнен кейін Сәмеке хан бастап барған Орта жүздің біраз шаңырағы ақтабан шұбырындыдан ес жиғанша деп, Кіші жүздің жерінде тұрып қалады. Сол тұрып қалғандардың ішінде Орта жүздің Қаракесегінен шыққан Балта батыр да бар еді дейді. Кешікпей-ақ бұлар ағайын елмен қыз алысып, қыз берісіп, мидай араласып кетеді. Содан біраз уақыт өтеді. Балта батыр қартаяды. Мұнда келген соң туған балаларының өзі атқа мініп, ел қамын ойлайтын жасқа келеді. Бұл кезде орыстар құрығын алысқа сермеп, қалмақ демей, башқұрт демей, қазақ демей өктемдігін үдете түседі. Ақыры сол өктемдікке шыдамай, Еділ бойының құба қалмағы - қалың торғауыт қиянда жатқан Алтай сыртындағы ата қоныстарына түріле көшеді ғой. Шежіре сөзінде шаңды жорық деп аталатын бұл көш қалмақтарға қайырсыз болған. Алтайға әрбір он қалмақтың бірі ғана ілікті деген сөз бар. Шаңды жорық кезінде қазақ пен қалмақ арасында жойқын ұрыстар болған. Сондай ұрыстардың бірінде қалмақ жағынан шыққан ақ сауытты батырға қарсы екі күн бойы қазақтар жағынан ешкім шықпай қойса керек. Соғыс шарты бойынша ер кезегі үшке дейін, жекпе-жекке қазақ жағынан үшінші күні ешкім шықпаса, онда Кіші жүздің Әжібай биі мен Арал батыры бастаған әскер қалмақ көшіне тиіспей, өткізіп жіберулері керек. Бұл, әрине, сүйекке таңба. Осындай сын сәтте, баяғы Сәмеке ханмен келетін Балта батырдың баласы Қармыс батыр Әжібай бидің батасын алып, Арал батырдың қара сауытын киіп жекпе-жекке шығады. Жекпе-жекте Қармыс қалмақ батырын өлтіреді. Мұнан кейін қазақ әскерлері бел алып, қалмақтарды көп шығынға ұшыратады. Сол күннің кешінде қазақ қосындары дамылдап жатқан алапты Әжібай би мен Арал батыр аралап, соғыстан кейінгі жағдайды көзбен көрмек болады. Содан, қалың қосынды аралап келе жатса, оңашалау тігілген бес шатырды көреді. Орталарында жалғыз мосыға ілінген шөңкенің астында жалпылдап от жанып жатыр дейді. Жақындап келіп жөн сұраса, бүгінгі жекпе-жекте жеңіске жеткен Қармыс батыр бастаған бес жігіт. Бесеуі де сен тұр, мен атайын дегендей атпал азаматтар. Өре түрегелісіп, үлкендерге сәлем береді. Жөн сұраса келсе, бірі естек, бірі түркімен, бірі ноғай, екеуі қазақ, аласапыран заманда тағдырлас болып, Кіші жүздің ішінде жүргендерін айтады. Сол жерде дуалы ауыз Әжібай би: «Елмен бірге от кешіп, оққа оранған сендерді бұлай бөлектеуге болмас. Бүгіннен бастап бүкіл әулеттеріңмен бесеуің де бас біріктіріп, «Бес естек» деген ру болыңдар, қалаған жерлеріңнен қоныс алыңдар»,- деген екен. Әжібай бидің аузынан шыққан бата сөз қабыл болып, бес жігіттің әулеті басбіріктіріп «Бес естек» деген ру құрайды. Шежіре бойынша Кіші жүз әлім, оның ішінде – ақ кете, оның ішінде бес естек болып келеді де, сол бес естек өз ішінде – аққоян, түрікпен, жаман, балта, сары деген аталарға бөлінеді. Аққоянның негізі – естек, түрікпеннің негізі – түркімен еді дейді. Бұл екеуінің әулеттеріне Ақтөбе мен Орскінің арасынан қоныс
60
беріледі.Ол жер күні бүгінге дейін Қосестек деп аталады. Ал Жаманның негізі – ноғай, Балта мен Сарының негізі – Орта жүз ішіндегі Қаракесек руынан еді дейді. Бұл үшеуіне Ойыл өзенінің алқабындағы «Төсағаш» деген жерден қоныс тиеді. Олардың ұрпақтары күні бүгінге дейін Ойыл алқабын қоныс етеді. Кіші жүздегі бес естек руының ішіндегі балта мен сары аталары өздерін қаракесек руына жатқызып, шежіре сөзін «қаракесек, оның ішінде - әлім, оның ішінде – ақ кете, оның ішінде – бес естек» деп таратады.
Орта жүз арғын, оның құрамындағы қаракесек руының ішінде де балта, сары (сарым) деп аталатын аталар бар.
Кіші жүздің де, орта жүздің де ішіндегі балта мен сары аталары күні бүгінге дейін өзара қыз алыспайды. Ең таң қаларлығы, Кіші жүздің де, Орта жүздің де ішіндегі балта мен сары аталарының ұрпақтары өздерінің жүздерінің бөлектігіне қарамастан күні бүгінге дейін туысқандық сезімдерін суытпаған, қарым-қатынастарын үзбеген.
Орта жүздің шежіресі бойынша Балтадан - Итқара, Қараша, Қаратай, Толыбай, Қазгелді, Қазыбай, Мамырбай, Қотыр, Жамбы туған. Кіші жүздің шежіресінде Балтадан – Жақып, Жүсіп, Қармыс, Қарамырза, Қарамерген, Тағыберді, Тәңірберді туған. Бұл дерекке қарағанда Балта батырдың бірнеше әйелі болған сияқты. Ол әйелдерінің бір бөлігі бала-шағасымен Орта жүзге, келесі бір бөлігі бала шағасымен Кіші жүзде өніп-өскен деп болжам жасауға болады. Балта батырдың Ақтөбедегі де, Қарағандыдағы да ұрпақтары бабаларының Сәмеке ханмен үзеңгілес болғанын, одан қартайып дүние салғанда сүйегінің Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жеткізілгенін айтады.
