Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Казах ауызша тарихы подпр вариант.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан

Алтын Орда ыдырағаннан кейін Еуразияның апайтөс Ұлы Даласындағы түрлі тектес ру-тайпалар өздерінің этникалық жақындығына және аумақтық жапсарластығына орай жіктеліп, төл энтонимдерін орнықтырып, ұлттық даралықтарын айғақтай бастады. Олар:

  • Қыпшақ тобы: башқұрт, татар (бұлғар-татар)

  • Қыпшақ-ноғай тобы: қазақ, қарақалпақ, ноғай, қарайым(қарай), қарашай, балқар, қарашай-балқар, қырым татары, құмық, қырымшақ

  • Қыпшақ-қырғыз тобы: қырғыз, алтайлық (алтай кісі)

  • Оғыз тобы: түрік, Румындағы қырым татары, әзірбайжан (әзері), қажар (қаджар), қашғай (Әзірбайжанға жатады), шахсаван, түркімен қарадағ, қарапапақ, қашқай, бахар, ейнан, нафар, қарасан, пышақшы, теймурташ, ғоудар, қарай, қарагөзлі, қаңғұрлы, апшар, қалаш (қарадағтан бастап қалашпен аяқталатын 15 этнос Иран жерінде), ғағауыз, ұрым (Азау теңізінің солтүстігінде), тыба (түбе), торы (тофы), чұлым татары.

  • Қарлұқ тобы: өзбек, ұйғыр, салар, сары ұйғыр.

  • Шуаш тобы: шуаш (шуаш тілі моңғолдық және фин-угарлық ықпалдың нәтижесінде түркілік негізінен алыстап кеткен).

  • Саха тобы: долған, саха (саха-якут тілі ебенкі тілінің тегеуірінді ықпалымен түркілік негізінен алыстап кеткен).

Жер жүзіндегі адамзат атаулы Нұхтың үш баласынан тарапты-мыс. Ол үш бала: Хам, Сам, Иапес деп аталса керек.

  • Хамнан – барша қара қара түсті нәсілдер тарапты-мыс.

  • Самнан – барша ақ түсті нәсілдер тарапты-мыс.

  • Иапестен – барша қоңыр түсті нәсілдер тарапты-мыс. Түрік жұрты осы Иапес нәсілінің ұрпағы еді дейді. Қожа-молдалар түзген шежірелерде Нұх пен Әнес сахабаның арасында 15-20 атаның, Әнес сахаба мен Түрік Оғыз хан арасында 20-30 атаның, Оғыз хан мен Сейілхан, Жайылхан арасында 10-15 атаның есімдері тізбеленеді.

Мұнан әрі Сейілханнан – сегіз арыс түркіменді өрбітіп, Жайылханнан Майқы би жалғыз туып еді дейді. Майқы биден - Өзбек пен Сәбиан туыпты-мыс. Сәбианнан –

12

Айырқалпақ, одан - Қазақ пен Созақ туыпты-мыс. Созақтан - Қарақалпақ, Қазақтан - Ақарыс (Ұлы жүз), Бекарыс (Орта жүз), Жанарыс (Кіші жүз) тарапты-мыс.

Басқа да туысқан халықтар құрамында кездесетін қазақтың негізгі рулары:

  • үйсіндер - қырғыздарда, қарақалпақтарда, өзбектерде, түркімендерде, Қырымда, Қашғарияда, Ауғанстанда.

  • қаңлылар - қырғыздарда, қарақалпақтарда, өзбектерде, Персияда, кіші Азияда.

  • Жалайырлар – Монғолияда, Персияда, Қарақалпақтар мен өзбектер арасында.

  • Арғындар – Алтайда, Қырымда, Кавказда, Қазан татарлары мен Түркімендердің арасында.

  • керейлер - Алтайда, Моңғолияда, қарақалпақтарда, өзбектерде, түркімендерде, башқұрттарда, Қырымда.

  • Наймандар - Моңғолияда, қырғыздарда, қарақалпақтарда, ноғайларда, өзбектерде, Қырымда.

  • Қоңыраттар - Моңғолияда, қырғыздарда, қарақалпақтарда, өзбектерде, Қырымда.

  • Қыпшақтар - қырғыздарда, қарақалпақтарда, өзбектерде, түркімендерде, ноғайларда, башқұрттарда, Еділ татарларында, Қазан татарларында, Қырымда, Ауғанстанда.

  • Алшындар - қырғыздарда, қарақалпақтарда, түркімендерде, өзбектерде, ноғайларда, башқұрттарда, Қазан татарларында, Қырымда, Кавказда, Ауғанстанда.

Құрамында қазақтың негізгі ру өкілдері кездесетін қазаққа туысқан халықтар.

  • Қырғыздар - найман, қоңырат, қыпшақ, алшын, арғын, қаңлы, тама.

  • Қарақалпақтар - үйсін, жалайыр, қаңлы, қыпшақ, керей, найман, алшын.

  • Өзбектер - үйсін, қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, қоңырат, керей, алшын.

  • Түркімендер - үйсін, керей, арғын, қыпшақ, алшын.

  • Ноғайлар - найман, қыпшақ, алшын.

  • Башқұрттар - керей, қыпшақтар (бүкіл башқұрт халқының 25-30 пайызын құрайды), алшын.

  • Қазан татарлары - арғын, қыпшақ, алшын.

  • Қырым татарлары - үйсін, қаңлы, арғын, керей, найман, қыпшақ, қоңырат, алшын, алаш, алаша.

  • Кавказдағы мұсылман халықтары - алшын, арғын, тама.

Ру-тайпалық жүйені негіз еткен көшпелілер қоғамында орныққан байырғы наным-сенім бойынша және сол наным-сеніммен сабақтасқан салт-дәстүр бойынша адам сүйегінің киелі сипаты бар.

Біріншіден, бақилық болған адам сүйегі өзінің кіндік қаны тамған, туған жеріне бұйыруы керек. Өйткені, Көк Тәңірінен кейінгі құдірет – Жер-Ана. Адам өлімі өкініш, қайғы әкелсе, сол адам сүйегінің туған жерге бұйырмауы өлімнен де ауыр күнә. Қазақ арасында бағзыдан қалыптасқан мойынға тұмар тағу, ол тұмар ішіне туған жердің топырағын түю дәстүрі де атамекеннен сүйекті ажыратпауды мұрат тұтудың белгісі болса керек. Байырғы түркі тіліндегі «тоғма-иер» (туған жер) сөздерінің қосылуынан тұмар сөзінің пайда болуы әбден мүмкін. Туған жердің топырағы бұйырсын, Тәңірім туған жердің топырағынан ажырата көрмесін деп келетін бата-тілектер бұған куә болатыны сөзсіз. Бақилық болған адамның сүйегі өз

13

әулетінің, өз руластарының сүйегіне қосылмаса, оның рухы о дүниеде де мәңгілік жетімсіреп өтеді және арттағы әулет-руластарын айықпас өкініш пен ұятқа қалдырады. Былайша айтқанда сүйекке таңба болады. Қазақта мынандай мәтел ертеден сақталған. Ата-сүйегін, әке қанын, Тәңірі-жанын береді дейді.