- •Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
- •Құрастырушыдан
- •Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
- •Қазақ хандары
- •Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан
- •Орта жүз құрамындағы тайпалар
- •Енші институты
- •Туысқандық жүйе
- •Қазақтың үш жүз атануы
- •Алаштың енші бөлуі
- •Орта жүз шежіресі
- •Болатқожаның Қаракесек атануы
- •Тарақты
- •Төлегетайдың төрт немересінің түсі
- •Төлек батырдың батасы
- •Ақсақтың алтауы
- •Бура қыпшақ
- •Жалайыр
- •Жаман Тобықты
- •Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы
- •Жалықпас
- •Қарқабат
- •Қазақ туралы мақал-мәтелдер
- •Алтыншаштың түсі
- •Алпыс алты ата Қоңырат
- •Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені
- •Ер Жәнібекке анасының берген батасы
- •Ер Жәнібекке Қазыбек бидің берген батасы
- •Жидебайдың кеңесі
- •Қарқаралы қайран тау
- •Құдай. Жұмақ. Тозақ
- •Қыпшақ Наурызбай би
- •Қыпшақ Сейітқұл
- •Шұбарайғыр Балта батыр
- •Кіші жүз. Адай
- •Атағозы батыр
- •Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
- •Бес Естек
- •Жаналы би мен Дәден бидің әзілі
- •Абылай ханның ұрпақтары
- •Қазақ хандары
- •Керей хан
- •Мұрындық хан
- •Қасым хан
- •Мамаш хан
- •Тайыр хан
- •Бұйдаш хан
- •Ахмет хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандар
- •Абылай хан
- •Кенесары хан Қасымұлы
- •Қарқаралы төрелері
- •Тағанбайдың төрт ұлы
- •Алты Алаш
- •Айнакөз
- •Ақбикеш пен Мақпал
- •Зылиха (Қаракемпір)
- •Нұрбике
- •Ұран туралы
- •Қалыңмал және жасау
- •Жынды Ысқақ
- •Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
- •Ұрпақ өсіру туралы аңыз
- •Бауырлық мейірім
- •Алтын босаға
- •Түке мен Құлжан байлардың егесі
- •Тұрмағанбет
- •Есенбай
- •Ақсарыдан айырылмағаның дұрыс қой
- •Что лев, что тигр все одни хишники
- •Жобалай
- •Боқтампаздың боқтықты қоюы
- •Қаз дауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
- •Балпық шешен
- •Жидебай батыр мен Қараменде би
- •Жанқұтты шешен
- •Толыбай шешен
- •Бөлтірік шешен
- •Дадан тобықтының шежіресінен
- •Әуезбақы (Әуез-ене)
- •Жолдыбай айтқан
- •Бауыржанның батасы
- •Тарақты Шалқарбектің батасы
- •Қасымның батасы
- •Немереге бата
- •Қыз, әйел, ана туралы нақылдар
- •Абысындардың татулығы
- •Афоризмдер
- •Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
- •Әшембек
- •Зерек бала
- •Бір жеңгеге
- •Бір мылжыңға
- •Жануарлардың адамға пайдасы мен зияны
- •Мазмұны:
Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
Ұлы Отан соғысы кезінде Сәуле колхозында бір басқарма болған. Соғыс кезінде жүдеп-жадап жүрген елді одан ары жүдетіп, ақырып-жекірмей, кемшіліктерін бетіне әзілмен басады екен. Сағымбек деген ұста(көзім көрді, сары кісі болатын, Ақтоғайдың кішкентай аэропортына барып АН-2 ұшағын айналып қарап жүріп айтқаны, е, сайманы болса самолет дегенің оңай екен ғой), Жұмағұл деген завферма, Біржан деген қойшы (аяғы ақсақ) болған. Сол басқарманың әзілдері:
Төрт қойшының біреуі Біржан ақсақ,
Естіген жан күледі сақ-сақ.
Екі айда қырық бас мал жоғалтып,
Бетіне Жұмағұлдың күйе жақсақ.
131
Мінгені Жұмағұлдың мұқыл ала,
Халықты аман сақта хақ-тағала.
Қатыныңды ұрып басын жарып қойдың,
Түнде қайда түнейсің ей бейшара.
Сәуленің соқыр сары ұстасы бар,
Қолында қисық ауыз қышқашы бар.
Жөндеген машинасы бір күн жүрмейді,
Әйтеуір ұста деген нұсқасы бар.
Сонда Сағымбектің басқармаға қайтарған жауабы:
Қасқыры Найзатастың тіптен қатты,
Тал түсте екі тоқтыны бірдей тартты.
Түсте тартқан тоқтысын мен қайтейін,
Түнде тартқан сары саулық жанға қатты батты.
Сонда басқарма Сағымбектің қолын алып, енді айтыспайық депті. Мұндағы қасқыр – басқарма, тоқтылар – жесір келіншектер, сары саулық – завферма әйел, Найзатас – жер аты. Мұны 1962 жылы шөп шабуда жұмыста жүргенімде, жаңбыр жауып жұмыс тоқтап тұрған кезде, осы әзілдің кейіпкері
Біржан (сол кезде алпысқа келіп қалған) Қабыш, сен зерделі баласың ғой мына әзілдерді ұғып алшы деп айтып еді.
Хамза
1982 жылы Қаратал совхозы мен Қызыларай совхоздарынан бір фермадан алып, Еңбек совхозы құрылды. Мал мамандарынан комиссия құрылып, малды алып беру басталды. Комиссия төрағасы Садыханов Хамза – аудандық ветлабораторияның бастығы, Ақанов Сүйіндік – жаңа совхоздың бас зоотехнигі – бұрын «Дегерес» қойын өсіретін Жамшы совхозында селекционер зоотехник болған, Баймұқанов Кәрібек – Қызыларай совхозының бас зоотехнигі, Ғабиден – ферма – зоотехнигі, Тіреспек – сиыршы. Алық-берік кезінде әртүрлі келіспеушілік туындайтыны түсінікті ғой. Сондағы Хамзаның әзілдері:
Зоотехник Кәрібек,
Малын санап алып ек.
Тайыншаны сиыр деп,
Бұл да әлекті салып ед.
Зоотехник Сүйкең,
Дегереске икем.
Сиыр жайын біле алмай,
Құрыды ғой жүйкем.
Зоотехник Ғабиден,
Бүгін обед қай үйден.
Тіреспекпен тірестің,
Алла болсын жар ием.
132
Әшембек
Әбдіғұлов Әшембек деген мұғаліміміз болды, кәзір де бар, қазақ әдебиетінен сабақ берді. Кейін көп жыл партком секретары, сельсовет төрағасы болып, пенсияға шықты. Сөзге ұста, бір қақпай әзілге жүйрік кісі болатын.
1959 жылы Өкімбаев Серік деген мұғалім үйленетін болып, әйелі Павлодардан, соны келіншегімен Ақтоғайдың аэропортынан қарсы алып, мұғалімдерді әзілмен таныстыруға дайындалады ғой. Қабыкен деген – зор денелі сары, Мұқсиын деген - толық (Ғапура әйелі), Әзімхан деген - балуан, Аманқұл деген – бойы аласа, арық келген мұғалімдер. Бұл таныстырудың көбісі ұмытылды, есімде қалғаны:
Маң-маң басқан, маң басқан,
Құйымшағын май басқан.
Ғапурасын жайлаған,
Танысуға келіп тұр,
Мұқсиын деген қайнағаң.
Мына тұрған дәу сары,
Тамағы егер аш болса,
Жатып алар жалқауың.
Тамағы егер тоқ болса,
Алып соғар Аманқұлдың алтауын.
Танысуға келіп тұр Қабыкен деген қайнағаң.
Жауырыны қақпақтай,
Жұдырығы тоқпақтай.
Сарымнан шыққан батырың,
Танысуға келіп тұр Әзімхан деген қайнағаң.
Былдыр-былдыр былдырлаған сөзі бар,
Дәл төбеде бір шүйкемдей шашы бар.
Сурет салса алдына жан салмаған,
Танысуға келіп тұр Аманқұл деген қайнағаң.
Тұрған
Ақтоғайда Түсіпбаев Тұрған деген кісі болды. Ақтоғай халық театрын құрушы, режиссер, артисі болған адам. Сол кісі Айыртас совхозында клуб меңгерушісі болып жүріп, жанында Байболатов Әбузар деген құрдасы, ферма меңгерушісі бар көрші Семей обысының бір қыстағына барады ғой. Сөйтсе шопанның әйелі босанып, ұл туып, шілдехана болып жатыпты. Қонақтарды төрге шығарып, тамақ ішілген соң, қонақтардан бата сұрапты. Әбузар зор денелі, толық кісі болатын. Сонда Тұрекеңнің берген батасы:
Жамбылдың жасын берсін
Сәкеннің сәнін берсін
Күлаштың әнін берсін
Абайдың ақындығын берсін
Бауыржанның шатағын берсін
Әбузардың қ...ғын берсін депті.
Сол кезде орауда отырған әйел: Көтек-ай Әбузары кім еді – депті.
133
Әлдеке
Әлдеке деген шешеннің шақшасын бір бай қалап алып, келесі жылы қолқасын аларсың депті. Жыл өткен соң байға барса, бай қолқасын бергісі келмепті. Содан шешен биге жүгінеді ғой. Би, ал шақшаңның не қасиеті бар, сипатташы депті. Сонда Әлдекенің шақшасын сипаттағаны:
Шақшам шақша-ақ еді,
Шақша да болса жақсы-ақ еді.
Кер бұғының мүйізі нақышы еді,
Бір қысырақ істеген ақысы еді.
Гауһар мен жақұттан салған көзі бар еді,
Қолқасын келесі жылы аларсың деген сөзі бар еді депті.
Нау
Нау деген өзі шешен, өзі даукес адам болыпты. Бір туысқаны ешкісін сауынға алып, қайтармай қойыпты. Содан Нау ешкісін даулап Ақмырза биге келген екен. Би, ешкіңнің нендей қасиеті бар, сипатташы дегенде, Наудың айтқаны:
Ешкім саусам бұлақ еді,
Іші толған лақ еді.
Терісі бұтама қап еді,
Мүйізі пышағыма сап еді.
Тоқты қарын майы бар еді,
Тоқсан шақпақ құрты бар еді депті.
Енді билікті өзің айтшы дегенде:
Бидің билігіне бір ат, төрешіге түк жоқ. Ешкінің мойнына қосақ, артына тіркеу деп, туысына қарап: Қу туысқан, өлетін қойдың көзіндей көзің бозарып кетіпті ғой, қайыр, қалғанын саған кештім депті.
