Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Казах ауызша тарихы подпр вариант.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Дадан тобықтының шежіресінен

Тобықты менің нағашы жұртым болады. Аталған шежіреден Қараменде бабаның, Жолдыбай, Күлай ақындардың айтқандары.

Қараменде баба айтқан:

Адасқан сиырды тана бастайды

Балаң жақсы болса дана бастайды

Жаман болса бықсытып қолына шаланы ала бастайды

Туыспен сыйласыңдар

Туысы жоқ кісінің кейде келер, кейде келмес күлкісі бар

Туысы екеу кісінің ойда жортқан түлкісі бар

Туысы үшеу кісінің отарда жүрген жылқысы бар

Туысы жалғыз кісінің шығар-шықпас жаны бар

Туысы екеу кісінің өкпе-бауыр жалы бар

Туысы үшеу кісінің жағасы жайлау төбесі қыстау қалы бар

Жақсы інісі бардың тынысы бар

Жаман болса құтыла алмайтын жұмысы бар

Жақсы болса баласы бардың панасы бар

Жаман болса құтыла алмайтын пәлесі бар

Жақсы болса ағасы бардың жағасы бар

Жаман болса бет аузыңды ат тепкендей жарасы бар

Азамат ажары белінен өнген ұл болар

Он ұлы бардың хан ордасынан несі кем

Тоғыз ұлы бардың төреден оның несі кем

Сегіз ұлы бардың сұлтаннан несі кем

Жеті ұлы бардың желі оңынан соқпай ма

Алты ұлы бардың арманы бар ма

Бес ұлы бардың сөзінің жалғаны бар ма

126

Төрт ұлы бардың теңдік алмай қалғаны бар ма

Үш ұлы бардың әлім-берім әлі бар, өкпе бауыр жалы бар

Екі ұлы бардың шақ-шақ қана әлі бар

Бір ұлы бардың шықпаған құр жаны бар

Ұлы жоқтың тірлігінің қандай сәні бар.

Әуезбақы (Әуез-ене)

Мені Шыбықтан асырып, Қоңырбелдің батысына жерлеңдер. Қырық күнге дейін басыма келмеңдер, далада тамақ бермеңдер деп өсиет айтыпты. Балалары, басыңа қырық күн бармауымыз қалай болар екен десе, Әуез-енең, бекер жатпаспын, қырық күнге дейін бір мәнісі болар, мен жатқан жер ел өтетін кең жол болар, ел шөлдемес жер болар депті. Қырық күннен кейін басына келсе, жазық далада бұлақ көзі ашылып, бұрқырап су ағып жатады. Бұл жер Балқаш қаласынан Ақтоғайға қарай тоқсан шақырымдай, бұрынғы керуен жүретін жол бойында.

Күлай ақын айтқан

Атамыз Жобалайға кесір жаққан

Әкеміз байлығымен сиыр атқан

Ашаршылықта кейбіреу шыдай алмай

Апарып Ақшатауға итін сатқан.

Жолдыбай айтқан

Андағұлдың баласы екі Темір

Біз кеткен соң ағайын жерің кеңір

Болғанда бірің Манас бірің Танас

Көк байталды сой дағы етке талас

Қазы-қарта, жал-жая дәметпеймін

Өкпе-бауыр сирақтан бізге қарас.

Бауыржанның батасы

Я, Алла, тілегімді қабыл ет, иманымызды кәміл ет. Дозақтың отынан сақта, қаңғырған оқтан сақта, парақор соттан сақта. Кірлі сумен жұғыстан сақта, ынтымақсыз туыстан сақта. Қара жүрек батырдан, көк долы қатыннан, колхозды жеген бастықтан сақта. Адамды қадірлемес есерден, нанды басқан кесірден, кеудесін керген келіннен, мезгілсіз келген өлімнен сақта. Татымсыз тұздан, ұятсыз қыздан, тексіз ұлдан, басыңа секірген құлдан сақта. Қайырымсыз жекжаттан, түнеріп атқан таңнан, жаңбыры жаумас шаңнан, бітіп болмайтын даудан сақта. Өмір берсең жайлы ғып, дәулет берсең сайлы ғып бер. Келінді келісті, ағашты жемісті ғып бер. Ат берсең желісті ғып, тұлпар берсең шабысты

127

ғып бер. Еңбегіміз өністі болсын, малымыз өрісті болсын. Я, Алла, жомарт болсаң осы айтқандарымды бұл ауылға үйіп-төгіп бір ақ бер. Аллаһуакбар.

***

КПСС Орталық Комитетінің Бас Секретары Хрущевтың пәрменімен, 1963 жылы Д.Қонаевты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретарлығынан босатып, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы етіп тағайындайды да, орнына бірінші секретарь болып Юсупов деген ұйғыр сайланады. Содан Бауыржанның моральдық тәртібін Орталық Комитеттің бюросында қарайды. Сонда Бауыржан президиумға араб әрпімен жазылған записка жіберіп, залдан шығып кетіпті.

Әрі ақын, әрі батыр атағым бар,

Жасымнан қыз-қатынмен шатағым бар.

Қызғансаң ішің күйсін құзғын ұйғыр,

Бір қарыс, сынық сүйем қ...ғым бар.