- •Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
- •Құрастырушыдан
- •Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
- •Қазақ хандары
- •Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан
- •Орта жүз құрамындағы тайпалар
- •Енші институты
- •Туысқандық жүйе
- •Қазақтың үш жүз атануы
- •Алаштың енші бөлуі
- •Орта жүз шежіресі
- •Болатқожаның Қаракесек атануы
- •Тарақты
- •Төлегетайдың төрт немересінің түсі
- •Төлек батырдың батасы
- •Ақсақтың алтауы
- •Бура қыпшақ
- •Жалайыр
- •Жаман Тобықты
- •Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы
- •Жалықпас
- •Қарқабат
- •Қазақ туралы мақал-мәтелдер
- •Алтыншаштың түсі
- •Алпыс алты ата Қоңырат
- •Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені
- •Ер Жәнібекке анасының берген батасы
- •Ер Жәнібекке Қазыбек бидің берген батасы
- •Жидебайдың кеңесі
- •Қарқаралы қайран тау
- •Құдай. Жұмақ. Тозақ
- •Қыпшақ Наурызбай би
- •Қыпшақ Сейітқұл
- •Шұбарайғыр Балта батыр
- •Кіші жүз. Адай
- •Атағозы батыр
- •Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
- •Бес Естек
- •Жаналы би мен Дәден бидің әзілі
- •Абылай ханның ұрпақтары
- •Қазақ хандары
- •Керей хан
- •Мұрындық хан
- •Қасым хан
- •Мамаш хан
- •Тайыр хан
- •Бұйдаш хан
- •Ахмет хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандар
- •Абылай хан
- •Кенесары хан Қасымұлы
- •Қарқаралы төрелері
- •Тағанбайдың төрт ұлы
- •Алты Алаш
- •Айнакөз
- •Ақбикеш пен Мақпал
- •Зылиха (Қаракемпір)
- •Нұрбике
- •Ұран туралы
- •Қалыңмал және жасау
- •Жынды Ысқақ
- •Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
- •Ұрпақ өсіру туралы аңыз
- •Бауырлық мейірім
- •Алтын босаға
- •Түке мен Құлжан байлардың егесі
- •Тұрмағанбет
- •Есенбай
- •Ақсарыдан айырылмағаның дұрыс қой
- •Что лев, что тигр все одни хишники
- •Жобалай
- •Боқтампаздың боқтықты қоюы
- •Қаз дауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
- •Балпық шешен
- •Жидебай батыр мен Қараменде би
- •Жанқұтты шешен
- •Толыбай шешен
- •Бөлтірік шешен
- •Дадан тобықтының шежіресінен
- •Әуезбақы (Әуез-ене)
- •Жолдыбай айтқан
- •Бауыржанның батасы
- •Тарақты Шалқарбектің батасы
- •Қасымның батасы
- •Немереге бата
- •Қыз, әйел, ана туралы нақылдар
- •Абысындардың татулығы
- •Афоризмдер
- •Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
- •Әшембек
- •Зерек бала
- •Бір жеңгеге
- •Бір мылжыңға
- •Жануарлардың адамға пайдасы мен зияны
- •Мазмұны:
Қарқаралы төрелері
Қарқаралы алабын қоныстанған төрелердің ұрпағы Бөкейханнан басталады. Ол заман қаз дауысты Қазыбек атамыз бастап Сыр бойынан арқаға көшкен қалың Қаракесектің Қарқаралы өңіріне қоныстана бастаған кезі болса керек.
Алғашқыда Қарқаралы сияқты оты-суы мол, орман-тоғайлы құтты қонысқа әулет-аталар таласып қала береді. Жер дауы деген оңай ма, ағайын арасына салқындық түсетіндей ахуал болады. Сол кезде, елге қорған болып, жұрт қамын ойлап жүретін шекшек Нұралы деген батыр болады екен. Сол Нұралы батыр ел-жұрттың жай-жапсарын бақылап отырып, бір күні: «Қой, мұнымен көсегеміз көгермес, төбесіз жер болмас, төресіз ел болмас деген, бұларға төрелік етер бір төреші әкелмесе болмас!» - деп, Жетісуға аттанады. Содан, Жетісудағы Ондан сұлтанның ұрпағы Барақ төреге барып: «Еліме бас ие болу үшін бір балаңды бер!» - деп қолқа салады. Сол жолы Барақ төре қадірлес, бастас досының тілегін орындап: «Бөкешімді берейін, Тәңірдің алдына барғанда жай-күйін сенен сұраймын, өз балаңдай көр. Ол да сені жатсынбас!» - деп, баласы Бөкейді беріп жіберген екен. Ахаңның (Байтұрсыновтың) есептеуі бойынша бұл оқиға 1748 жылы болса керек. Сол Бөкей ел-жұртты сүттей ұйытып, көп еңбек сіңіргенін халық күні бүгінге дейін есінен шығарған жоқ. Халық оны «Бөкей хан» деп атап кеткен. Осы тұста айта кететін бір гәп, халық Бөкейді хан деп мойындап, айтқанын екі етпегенімен, патша өкіметі сол Бөкейді өлерінен үш-ақ жыл бұрын,
78
яғни, 1816 жылы ғана хандығын мойындап, ресми бекіткен қағазын жібереді. Бөкей бес әйел алып, солардан он бір ұл көрген екен. Олар: Қақсал, Шыңғыс, Батыр, Бөрі, Уәли, Есім, Әуке, Сұлтанғазы, Әбілғазы, Әлеке, Әбет. Бөкей 1819 жылы 85 жасында дүние салыпты. Бөкейден соң халық оның екінші баласы Шыңғысты хан көтереді. Арада бес жыл өткенде жаңа мизам (ереже) болып, Қарқаралы дуанына Шыңғыстың үлкен ұлы Байтұрсын аға сұлтан болып сайланады. Халық ол кісіні «Хан Жаманты» деп атап кеткен. Тәрізі «Жамантай» дегені жеңгелері қойған лақап аты болса керек. Хан Жамантай өзіне ақыл қосар қазылыққа қара халықтан баяғы Нұралы батырдың баласы Жаманбай мен Ортау баласы Үрдебайды таңдаған. Хан Жамантайдан кейін Бөкейдің тағы бір немересі - Тәуке баласы Құсбек төре аға сұлтан болды. Сөз орайында айта кеткен жөн, Бөкейдің Батыр деген баласынан - Мырзатай, одан - Нұрмұханбет, одан - алаштың ардақты көсемі Әлихан Бөкейханов туған.
Қырғыз
Қазақ арасында қырғыз руы бар. Соның ішінде Сарыарқа қырғыздарының шежіре білетіндері «Қырғыздар Арғын арасына сіңгелі жеті ұрпақ дүниеге келіпті» - деп отырады. Арғын тайпасының ішіндегі қырғыздар өздерін «Қаракесектің қырғыздары», «Алтай-Сайдалының қырғыздары», «Атығайдың қырғыздары», «Қарауылдың қырғыздары» деп айырып атайтын дәстүр қалыптасқан. Арғын Қуандық ішіндегі алтай -сайдалы қырғыздары туралы айтылатын шежірелік аңыз-әңгімелер де бар. Есім ханның заманы болса керек. Қырғыз елінің бай-манаптарының бірін жазым еткен үш жігіт бой тасалап жүріп, Арқадағы алтай-сайдалы еліндегі бір тойға тап болыпты. Сол тойда қырғыз жігіттерінің бірі балуан күресінде жығып, екіншісі көкпарда алым салып, үшіншісінің қоңыр аты бәйгеден келіп, көзге түседі. Содан, ел ағалары көңіл аударып, жөн сұраса, қырғыз жігіттері: «Шерік, Дейіт, Темір деген ағайындылар боламыз, түбіміз қырғыз, сіздермен туысамыз ба деп келіп едік» - дейді. Сонда алтай-сайдалының үлкендері отырып «Елге ел қосылса құт, елден ел айырылса жұт, сендер біздің елге Құдай айдап келген болдыңдар. Енді біздің елден кетпеңдер, өлсек-тірілсек бірге болайық, сырттан жау келсе ұйымдасып бірге қарсы тұрайық. Сендер біздің ұрпағымыздан зәбір көрмейсіңдер!» - деп, қырғыз жігіттерінің бастарына үй тігіп, алдарына мал мал салып, қоныстануына жер берсе керек. Кейін осы үш жігіттің өсіп-өнген даңқын естіп, артынан іздеп келген Құсшы, Жүнді деген бауырлары да ағаларының қасында қалып қойып еді дейді. Қазақ арасында өз алдына бөлек ру болып танылған қырғыздардың ішіндегі шерік, дейіт, темір, құсшы және жүнді аталарының тарихы шежіре сөзінде осылай айтылады. Бұл аталар күні бүгінге дейін өзара қыз алыспайды. Арқа қырғыздары төңірегіне мейлінше сыйлы, арғынның кез-келген руына күйеусініп қадірін арттырып отырады. Олардың арасынан исі қазақтың мерей-мәртебесін көтерген бай да, батыр да, би-шешен де, әнші-күйші де, зергер-ұста да, аңшы-мерген де шығып баққан. Осындайда қария сөзге айналған бір деректі келтіре кетуге болады. Арқадағы шерік қырғыздардан шыққан Қазылық деген
79
атақты бай болған. Бір өзі 80 нар түйені қомдатып, Ақмола, Ташкент, Піспек (Бішкек), Тоқпақ арасына керуен тарттырады екен.
Қазылық байдың мекені қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылтау, Ақтау деп аталатын оты-суы мол құнарлы өңір. Бұл өңірге Орта жүздің тарақты, қаракесек, тоқа, сайдалы сияқты руларының қоныстары жапсарлас. Бірде Қазылық бай өзінің бастасы тарақты Мәтімұсаұлы Сейдімбек деген кісіні соғым басына шақырыпты. Сейдімбек өзінің сынына толатын серіктерімен келеді. Қазылық бай жайылып жастық, иіліп төсек болып, айрықша сый-құрметпен күтеді. Сөз арасында өзінің Орта жүзге күйеулігін базына етіп, әзіл-қалжыңға да кезек беріп отырады. Осындай жарастықты отырыс барысында Қазылық бай дауысын шығарыңқырап: «Қонақтар аңсап жүрген болар, сарайлары ашылсын, енді қымыз әкеліңдер!» - дейді. Арқаның алты ай қысында қысырақ байлап, қымыз ішіп отыру, әрине, қолы ұзын байларда ғана болатын үлкен салтанат. Айтқанша болмайды, сарыала тегененің ернеуін сүйіп қымыз келеді. Ожаумен қымызды құлаштап сапыра бастайды. Сол кезде Қазылық бай болар – болмас жымиып алады да, жүзін Сейдімбекке қаратып: «Сейдеке, осы сіздер биелеріңізді сауып отырсыздар ма?» - деп, елеусіздеу сұрақ қояды. Ойында ештеңе жоқ Сейдімбек: «Жоқ-ә, біздің ел шөп буыны қатып, қымыз шыңылтыр тартқан соң, биелерін ағытып жібереді. Жай сұрадың ба?» - дейді. Қазылық би тағы да болар-болмас жымиып алып: «Жай, әншейін, биелеріңізді ағытып жіберсеңіздер, көктемде ашытқылық қымызды қайдан алады екен деп, ойлап отырғаным ғой», - депті. Мұнысы, әрине, «мен болсам қоры үзілмейтін баймын, сен болсаң, ашытқылық қымызды мен сияқты байдан аласың» дегендей емеуірін әзіл екенін отырғандар бірден түсініп, кейбіреуі мырс-мырс күліп те жібереді. Сонда Сейдімбек тұғырдағы шәулі бүркіттей сілкіне бұрылып: «Ай, Қазылық, сенің әкең Қалыбай еді, оның әкесі Алтай еді, оның әкесі - Сағым еді, оның әкесі - Шерік екенін білесің ғой. Сол Шерік ала байталға мініп, ала шапанын киіп, Алатаудан шығып, Арқаға бас сағалап келгенде ашытқылық қымызын қанжығасына бөктеріп келіп пе еді! Оны бізден алмағанда, қайдан алдың!» - деген екен. Қазылықтың күткені де осындай сөз болса керек, мәз бола күліп, орнынан тұрып «Сейдеке, тілеп алған аурудың емі жоқ, айып менен, әзілімнің ұшығы өзіме тиерін аңдамай қалдым!» - деп келіп, құндыз жаға ішігін Сейдімбектің иығына жауыпты.
