- •5В010300 – Педагогика және психология
- •Пєнніњ міндеттері:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •19 Ғасыр фактілерді жинақтауда бақылыу әдісі негізгі – деп саналды.
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Квазиэксперименттің негізгі типтері:
- •Жоспары:
- •Глоссарий
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Жоспары:
11.1.Студенттердің ғылыми жұмыстарының бастапқы формалары.
11.2. Реферат, ғылыми мақала, баяндама жазу әдістемесі.
Мақсаты: Студенттерге ғылыми зерттеу жұмыс түрлерінің теориясын және әдістемесін үйрету.
Мәтіні: Бүгінгі қоғамға өздігімен дамитын, кәсіби біліктілігін және әрекетін үнемі жетілдіретін маман қажет. Өзінің қызметінде жоғары алғырлық танытып, әлеуметтік кәсіби білімді тез меңгеруге икемді, біліктілігі мен дағды шеңберін кеңейте алатын, әрекетінің жаңа аймағын меңгере алатын болуы шарт. Осындай нәтижелі сапалы білімді беруде студенттердің өздігімен педагогикалық зерттеу жұмыстары ерекше орын алады.
Зерттеу әдебиеттен басталып , библиография құрастырылуы керек. Себебі әрбір зерттеуші әдебиеттермен таныса отырып, зерттеу жұмысына байланысты жетекші педагогикалық тұжырымды және теорияны анықтап алады. Студент ең басты негізгі әдебиеттерді жинақтайды.
Әдебиетпен жұмыс жасаудың екі кезеңі бар. Бірінші кезеңінде зерттелетін мәселенің тарихи қалыптасуын зерттеу. Мәселен, дамыуының кезекті кезеңдерін сипаттау; негізгі бағыттарын көрсету. Екінші кезеңінде зерттелетін мәселенің шешілмеген, зерттелмеген қандай мәселе қалды, бұрынғылар қандай қор қосты, олардың әдістемесі, дұрыстығы, қорытындылары мен ұсыныстарының мәні туралы айтылады. Зерттеуші өзі үшін нақты зерттеу жұмысының әдіснамалық базасын жасап алады.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу үшін төмендегі жағдайларды ескеруі керек:
Негізгі ғылыми ұғымдарды білуі және түсінігі болуы.
Терминологияларды пайдаланып фактілерге және құбылыстарға сипаттама бере алуы.
Негізгі белгілері бойынша бір – біріне жақын фактілерді таңдай білуі.
Жалпы ғылыми ережелерге сай фактілерді іріктеуі.
Фактілер мен құбылыстарды талдап, саралап бере алуды үйрену.
Ұғымдарды дәл анықтау, ал ұғым ғылыми танымның жоғары сатысы болғандықтан ғылымның жеткен деңгейін тізеді.
Әртүрлі ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сай дәлелдеулерді беруді ескеруі қажет.
Әдебиеттермен жұмыс істеу барысында библиография құрастыру, аңдатпа, реферат жазу, конспектілеу, деректер мен цитаталар көшіріп алу сияқты жалпы ғылыми жұмыстың түрлері орындалады. Әлеуметтік – қоғамдық өзгерістердің тез жүруіне байланысты соңғы жарияланған әдебиеттерді қолданған жөн. Студенттерге әдебиеттердің екі түрі: негізгі әдебиеттер және қосымша әдебиеттер таңдау ұсынылады. Негізгі әдебиеттерді жетекші беріп, оған негізгі тақырыпқа сәйкес оқулықтар, оқу құралдары, құжаттар көрсетіледі. Ал қосымша әдебиеттерді студенттердің өзі таңлауы керек. Бұл үшін кітппханадан каталогпен жұмыс істеп ізденуі қажет.
Қосымша әдебиеттерге журналдар, монография, брошюра жинақтар жатады. Әдебиеттерді таңдауда арнаулы дәптер арнап, альфавит бойынша орналастыруды дағдыландыру көзделеді. Әдебиетпен жұмыстың келесі кезеңдері бар.
Бірінші кезеңінде алынған тақырыбыңыздың тарихын, бұрын қалай зерттелгеніне шолу жасау. Оның өзіне мына мәселелерге көңіл бөлу қажет: негізгі даму кезеңдеріне сипаттама беру; ұлы өзгерістерін бөліп көрсету; негізгі бағыттарын атау.
Екінші кезең: таңдаған проблемаңыздың қазіргі таңдағы жағдайына талдау. Қандай проблема шешусіз қалды, пікірталас тудырады, әлде мүлдем зерттелмеген бе? Негізін салушылар кімдер? Олардың әдістемесі, көзқарасының дұрыстығы, қорытындыларының мәні мен ұсыныстарының тиімділігі қарастырылады. Әдебиеттегі материалды дұрыс таңдау үшін бірнеше рет оқу қажет. Бірінші оқуда материалдың көпшілік бөлігін түсінуді мақсат етіп, түсінбегенін белгілеу. Екінші рет оқуда ойланып, қайтадан оқу. Сөздіктерді қолданып, оқытушыдан консультация алуы қажет. Зерттеу жұмысында пайдаланылған әдебиеттердің тізімін құруда белгілі безендіру талаптары сақталуы керек. Оқулықтардың тізу үлгісі: Жарықбаев Қ.Психология. – Алматы: Санат, 1993. – 272 б.
Диссертациялық зерттеулерді жазу үлгісі: Менлибекова Г. Ж. Развитие трудового воспитания в дошкольных учреждениях Республики Казахстан ( 1960 – 1985.) : дис.канд.пед.наук. 13.00.01 Алматы, 1992. – 208 с.
Редакция басқарылған жағдайдағы әдебиетті жазу үлгісі: Алексеев В. Е. обучения / Под. ред.П. Н. Андрианова. – М., 1972. – С. 102-104.
Интернет желісінен алынған жағдайда: Аронов А. М. Предметно – методологические основы компетентности педагога/ Материалы конференций // www.conf.krasu
Педагогикалық-психологиялық басылымдарды пайдаланған жағдайда: Стеркина Р. Б. Преемственность должна строится по законом развития ребенка // Учительская газета. – 1988. -№19. – С.9-11. Конференция материалдарын қолданған жағдайда: Жиенбаева С. Н. Еңбекке баулу мектеп алды даярлығының өзекті мәселесі. // Психолого-педагогические проблемы формирование личности, экономики, матариалы Республиканской научно-практической конференции. Алматы: - 2000, - 201 – 202 б.
Әдебиетпен жұмыс кезінде кейбір қызықты мәліметтерді және фактілерді конспектілеп немесе цитаты, сілтеме түрінде беруге болады.
Андатпа (аннотация – лат. ескертпе) мәні, мазмұны, формасы және басқа ерекшеліктері тұрғысынан алғанда құжаттың немесе оның бөліктерінің қысқаша сипаттамасы. Андатпа түсінігіне энциклопедиялар мен сөздіктерле мынадай анықтама берілген: Андатпа – ( лат - аппоtаsіо ескертпе ) кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси - идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Андатпа арқылы кез-келген әдебиеттің зерттеу жұмысына қажет емес екендігін тез іріетей аламыз. Андатпа құру (аннотациялау ) алғашқы құжаттарды аналитикалық-синтетикалық қайта өңдеу үдерісін қамтиды. Бұл үдеріс аңдатпа құрумен – екінші дәрежелі құжатпен аяқталады. Андатпа оқырманға таныс емес басылым туралы алдын-ала түсінік береді және оған қажетті мағұлматтар іздестіруге, жинақтауға көмектеседі.
Цитата – (лат. Сііо – келтіремін, шақырамын) Баяндалып отырған пікірдің дәлелді болуы үшін бір автордың шығармасынан алынған үзінді. Цитата ықшамды күйде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керек жері алынып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Цитата әдетте тырнақшаға алынып жазылады. Ғылыми анықтама еңбектердің цитатаның алынған әдебиет, сілтемеде көрсетілуі тиіс. Мысалы: М. Жұмабав «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» деген ғылыми-әдістемелік еңбегінде «мектебіміз белгілі берік негізде құрыла алмады. Бір жақтан – ұлт тілі,екіеші жақтан – ұлт тілі, үшінші жақтан – орталық һәм машина негізінде құрылған еңбек мектебі деп жазды. Міне, қазақ осы күні үш оттың ортасында отыр» деп қынжыла ұлттық мектеп негізін құруды аңсайды. [63‚125-б]. Цитатаның бір түріне эпиграф жатады. Сонымен , цитата дегеніміз – кез-келген қандай да бір мәтіннен , мақала ішінен, кітап бөлімнен, ағартушы ойшылдардың нақыл сөздерін сөзбе-сөз, дәл алынған үзіндісі. Цитата берген кезде бір мәтіннің ішінде бірнеше пікірлердің өзара логикалық байланыста болса да, оларға цитада келтіруде бөлек-бөлек береді. Цитата келтірген кезде белгілі бір ойдың басталып кеткеннен кейінгі пікір алынса, онда цитатаның алдына көп нүкте қойылады, ал егер сол мәттіндегі абзац аяқталмай қалып немесе ой толық аяқталмаса көп нүкте соңынан қойылады.
Цитатаның тікелей емес цитата келтіру сияқты түрі де бар. Онда цитат келтіруші автордың сөзін сол күйінде алмай, тек ойын алып, оны өз сөзімен баяндап берсе, онда оған сілтеме жасалынады.
Сілтеме – сілтенетін, (біреудің еңбегінде айтылған ескертушілік), «ссылочное примечание» - сілтеме ескертпе деген мағынаны білдіреді. Сілтеме-бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіріледі, яғни әдебиеттің тізімін құрудағы альфавиттік реті және сол пайдаланылған бет саны жақша арқылы көрсетіледі. Мысалы, Төлеген Тәжібаев адам ойының қандай категориясының, қандай операциясыболмасын, ол түбінде обьективтік дүниемен байланысып отыратындығын айтып көрсетті.
Конспектілеу дегеніміз – бұл белгілі бір кітаптағы, мақалалардағы маңызды ой-пікірлерді, керекті даталарды, фактілерді, атаулы күндерді, нақыл сөздерді цитата келтіру, сілтеме жасау арқылы қысқаша мазмұнын баяндап жазып алу. Әрбір адам конспектілеудің өзіндік ерекшеліктерін меңгере алады. Ол сөздерді қысқартып, белгілі шартты белгілермен анықтай отырып, цифрларды пайдалана отырып конспетілеуіне болады. Дегенмен, мұндай конспектілеу үлгісін сол адамның өзі ғана оқи алады (уақытты үнемдеу және жылдамдатумақсатында жүргізіледі). Конспектілеу неғұрлым толық жазуды көздейді және конспектілеудің бірнеше түрі болады.
Жоспарлы конспетілеу – кітаптың мазмұны бойынша конспектілеу, оның бөлімі, тараулары, тармақшасы бойынша жасалады.
Еркін конспектілеу – цитатыға сәйкес бір бөлігін өзіңіздің сөзіңізбен сілтеме беру. Автордың сөзімен цитаты беріледі.
Текстуалдық конспектілеу – цитатыларды жинақтау түрінде берілетін конспекті, әдебиеттің негізгі мазмұнын автордың айтуымен басты идеялары көрсетіледі.
Тақырыптық конспектілеу - тақырыптың мазмұны бойынша цитаты әртүрлі әдебиеттерден таңдалып, авторлардың ойлары айдар бойынша топтастырылады.
1. Реферат – зерттеу нәтижесін жазбаша түрде жеткізетін зерттеудің бастапқы формасы. Реферат тақырыбын таңдау – жауапты кезең. Қазіргі кезде көптеген ғылыми салаларға байланысты тақырып таңдау теориялық нмесе практикалық қайта өңдеуді, ғылыми тұрғыдан қаншалықты жұмысты жүргізуге болады. Осындай кең саладағы жұмысқа кіріспес бұрын кімде – кім болса да нені қалай бастауға болатынын білмейді. Сонда да болса жалпы білімнің көлемі осы тақырыпты таңдауға, ғылыми жұмыспен алғаш айналысатын тәжірибесі адамға көмегін тигізеді. Тақырып таңдағанда қай тақырып өзін қызықтырады соны ескерген дұрыс және оны басқа жақтан емес өзінің практикалық қызметінен іздеуі қажет.
Рефератта тақырыптың теориялық және практикалық мәні ашылады.
Тақырып бойынша әдебиеттер талданады. Ғылыми материалдарға талдау жасалынып, олар бойынша қорытынды беріліп өзінің көзқарасымен бағаланады. Реферат зерттеушінің эррудициясын , өздігімен талдай білу біліктілігін көрсетеді. Реферат жазуда цитаты қолданылады.
2. Ғылыми мақала – зерттеушінің ең көп тараған әдебиет түріндегі өнімі. Ғылыми мақала ғылыми журналдарда, ғылыми және ғылыми - әдістемелік жинақтарда жарияланады. Ғылыми мақалада ғылыми қорытындылар, тұжырымдар және ұсыныстар беріледі. Мақаланың алғашқы бөлігінде зерттеу қорытындысының мәнді аспектілерін және педагогикалық практидада жүзеге асырудың жолдарын дәлелдеу керек.
3. Ғылыми есеп және баяндама. Ғылыми есеп беруге қойылатын талаптар: құрылымы нақты, айтылатын материалдар логикалы жүйелі орналасқан, аргументтері мол, ойын қысқа және нақты тұжырымды беруі, жұмыстың нәтижесі деректермен қорытындысы дәлелдермен және ұсынысы негізделген болуы керек. Ал ғылыми баяндама – мазмұны бойынша ғылыми есеп беруге жақын. Бірақ ол барлық зерттеу мәселелерін қамти алмайды. Бір ғана айақталған бөлімін немесе аспектісін береді. Ғылыми есеп беру тәрізді безендірілуге мән берілмейді. Тіл әдеби тілге жақын ауызша айтуға қолайлы болды.
Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:
Журналдағы бір мақалаға аннотация жазу.
Бір автордың сөзінен цитаты құру.
“Педагогика және психология негіздері” оқулығынан әдебиетпен жұмыс туралы конспекті жазу және оның түрін анықтау.
Шығармашылық тапсырма: Өзіңіз таңдаған тақырыпқа әдебиетпен жұмыс әдістемесін басшылыққа ала отырып, сілтеме, аннотация, цитаты, конспекті жасау арқылы ғылыми мақала жасау.
12-лекция тақырыбы: Интернетпен жұмыс әдістемесі.
