- •5В010300 – Педагогика және психология
- •Пєнніњ міндеттері:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •19 Ғасыр фактілерді жинақтауда бақылыу әдісі негізгі – деп саналды.
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Квазиэксперименттің негізгі типтері:
- •Жоспары:
- •Глоссарий
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Квазиэксперименттің негізгі типтері:
Эксперименталдық және байқау топтардың көрсеткіштерінің бір біріне сай келмеуі мүмкін болған эксперимент.Зерттеу нәтижелі болғанын жалпы көрсеткіштердің өзгеру бағытымен анықталады.
Көрсеткіштері әртүрлі топтарға (пенсионерлер мен жұмыс істейтіндер; оқушылар мен оқытушылар топтары) бір жоспармен жүргізілетін экспериментальдық зерттеу. Мұндай жағдайда зерттеу нәтижесі оларға ортақ көрсеткіштер бойынша бағаланады (мысалы: темпераменттің мінез құлыққа тигізетін әсері).
Қайта құру эксперименті барысында неше түрлі сыртқы факторлардың әсерін толық қадағалауға мүмкіндік болмаған жағдайдағы эксперимент (ауа райының әсерін, т.б. құбылыстардың әсерін есепке алуға мүмкіндік болмағанда).
Ex-post-facto типіндегі жүргізілетін зерттеулер. Бұл жағдайда экспериментатор өзі тікелей әсер етпейді. Зерттелінушіні өмірде болған бір жағдай бойынша зерттелінушілер бір топқа топтастырылады (табиғи апаттың зардабын шеккендер, террористерден зардап шеккендер) және сол фактордың адамдарға тигізген әсерінің қалдық көрсеткіштері талданады. Олармен жүргізілген айықтыру жұмыстарының нәтижесі талданады.
Экспериментке дейін жасалған жоспарлар кейде квазиэкспериментке ұқсас деп шатастырылады. Экспериментке дейін жасалған жоспарлар дегеніміз ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға ноқта болған, эмпирикалық зерттеу жүргізуге пайдаланылған әдістемелер.
Мұндай зерттеулерде қателіктер өте көп болады. Себептері:
Жалқы кездесетін, кездейсоқ жағдайларды зерттеу;
Байқау тобының жоқтығы;
Репрезативтік емес іріктеу жүргізу;
Айнымалы көрсеткіштердің зерттеу нәтижесіне әсерін тигізуі.
Мұндай жағдайларда зерттеу логикасы бұзылады.
Психологиялық өлшеу процедурасы бірнеше кезеңнен тұрады. Психологиялық өлшемнің негізгі математикалық көзқарас бойынша көптеген объектілер мен белгілердің өзара бір мәндік сәйкестікті құру операциясы өлшем деп аталады. Мұндай белгілер нақты ережелер бойынша сипатталады. Объектінің саласына байланысты құрылған ереже өлшем шкаласы бойынша анықталады. Өлшем шкаласы терминін психология ғылымына 1950 жылы С.Стивенс енгізген. Оның бұл анықтамасы әлі күнге дейін ғылыми еңбектерде қолданылып келеді.
Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:
1.Шкала сөзіне анықтама беріңіз?
2. Психологиядағы ғылыми зерттеу жұмысында басқаларға қарағанда шкалалардың қандай процедуралары жиірек қолданылады?
15-лекция тақырыбы: Психологиялыќ µлшеу т‰рлері.
Жоспары:
15.1. Психологиялыќ µлшеу т‰рлері.
15.2. Психологиялыќ µлшеулер єдістері.
15.3. Психологиялық өлшеу процедурасының этапы.
Мақсаты: Студенттерді психологиялыќ µлшеу т‰рлерімен, µлшеулер єдістерімен таныстыру.
Мәтіні: Психологияда көптеген нақтылы өлшеу әдісі қолданылады. Психологиялық өлшеудің классификациясын 1983 жылы С.С.Горобен психологиялық өлшеу әдісі әртүрлі жағдайға байланысты классификациялануы мүмкін яғни:
1. процедурада ішкі мәлім болуы
2. өлшеу затына байланысты
3. қолданған шкала түріне қарай
4. шкаланғна материал типіне байланысты.
5. шкала моделіне байланысты.
6. өлшем санына байланысты
7. мәліметті жинау әдісінің қарқынына байланысты.
8. индивидтің жауап беру типіне қарай
9. олардың қандай болуына байланысты: детермин ықтималдық
Психолог экспериментатор үшін ең негізгі мәлімет жинау және өлшеу заты болып табылады. Психологиядағы ғылыми зерттеу жұмысында басқаларға қарағанда шкалалардың мына процедуралары жиірек қолданылады.
Ранжирования (жүйелеу) әдісі – сыналушыға барлық обьект бірмезгілде ұссынылады. Ол обьект өлшеу белгілерінің көлеміне қарай рет тиістіру қажет. Жұптық салыстыру әдісі – сыналушыға обьектілер жұп жұбымен ұсынылады. Ол осы жұптар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары анықталады.
Абсалюттік бағалау әдісі – обьектілер бір – бірлеп ұсынылады. Сыншы стимулға шкала бірлігі бойынша баға береді.
Таңдау әдісі – индивидке бірнеше обьектілер ұсынылады. Сыншы осы обьектілердің ішінен тапсырылған критикалық сәйкесін таңдауы керек. Өлшеудің заты бойынша барлық әдіс мынадай әдісі бөлінеді: обьекттерді шкалалау әдісі
Сандық жүйе бірнеше типтерден тұрады, соған сәйкес шкала бірнеше типке бөлінеді. Операцияны нақтырақ айтсақ обьекті өлшеу тәсілі шкала типтерін ерекшеленеді. Шкала өз кезегінде өлшеу нәтижесін көрсететін ерекшеліктерін сипаттайды. Егер қажет ережелер сақталынбаса онда шкала құрылымы бұзылады. Ал мұндай жағдайда өлшеу мәліметтерін интерпретация мәні болмайды. Шкала типі өлшеу мәліметтерін өңдеу үшін қолданылуы мүмкін, статистикалық әдістердің біріңғай жиынтығын анықтайды. Шкала сөзі латын «саты» баспалдақ деген мағынаны білдіреді. Жоғарыда айтылғандай шкала бірнеше типтері бар
1. атаулы
2.реттік
3. интервалды
4.қарым – қатынас және т.б.
Атаулы шкала – обьект атын иемдену жолымен алынады. Бұл үшін көптеген обьект бір – біріне қиылыспайтындай етіп бөлу керек. Басқаша айтқанда обьектіні бір – біріне салыстырып олардың эквиваленттілігі анықталады. Осы процедураның нәтижесін эквивалент клас жиынтығын қалыптастырады. Салыстыру операциясы кез – келген шкаланың алғашқы сатысы. Кез – келген шкала типті ең қарапайым атаулы шкала идеализациялық шын модель болатын есте сақтау керек. Обьект симетриялды түрде қарастырамыз.
В (x =y) В (x =y) және транзетивтілік В (x =y) В (x =y) мұндағы В – толық сандық жүйе қатынасы бірақ көптеген психология эксперименттік қортынды да бұл шарт бұзылуы мүмкін. Обьект қандайда бір қатынас бойынша эквивалентті болса, онда оларды біріктіруге болады. Ең бастысы Стивенс айтқандай әртүрлі класта бір символды қайта жаза бермеу керек немесе түрлі символды бір класқа жазуға болмайды. Шкала жоғарылатыу тенденциясының күштілігіне қарамастан психологтар атаулы шкаланы өте жиі қолданады. Тұлғаны диагностикалаудың кезінде обьект өлшеу процедурасында бірнеше типология қарастырылады. Оған мысал ретінде классикалық темперамент жатады.
Реттік шакаласының құрылуы атаулы шкалаға қарағанда анағұрлым күрделі. Реттік шкала басқа 2 обьект арасында қарастырылуы мүмкін яғни транзетивтік қатынас ережесі бойынша а b, b c онда а c психологиялық өлшеудің көпшілігінің нәтижесі реттік шкалаға жақсы сәйкес келеді деген пікірді Стивенс айтқан болатын.Реттік шкала таным процесінің психологиялық эксперимент психиканы өлшеуде әлеуметтік психология, педагогикалық психология өте кең қолданысқа түседі. Реттік шкала қолданудың класына мысалы: тұлғалық қасиеттерді тестілеу және қабілет тесттерді айтуға болады. Мамандардың көпшілігі интелекттік тест аумағында бұл қасиетті өлшеу процедурасы интервалды шкалаларды тіпті қарым – қатынас шкалаларын қолдануға мүмкіндік береді деп есептеледі. Қалай болғанда да реттік шкала обьект сызықтық ретінде енгізуге мүмкіндік береді. Реттік шкала сандық мәндерін өзгертуге қосып алуға, бөліп көбейтуге болмайды. Интервалды шкала қасиеттердің обьектінің арасындағы өзгешілік көлемін анықтайды. Интервалды шкала көмегімен 2 обьекттіні салыстыруға болады.
Қарым – қатынас шкаласы көбінесе физика саласында қолданады. Интервалды шкаладан айырмас табиғи жағынан анықталады. Психологияда қарым – қатынас шкаласы практика түрінде қолданылады. Тек қана бір жағдайда яғни Раштың моделіне негізін бағалау шкаласының бір бөлігі ретінде қатыса алады. Қарым – қатынас шкаласының мәні – туындының инвариантты түрде беріледі. x= ax тең шкала мәнін тұрақты санға көбейтуге болады. Оған кез – келген статистикалық өлшеу қолданыла береді.
Тестілеу – белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер (тестілер) пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандартты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі үш саласы бар: а) білім беру – оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенуіне байланысты; ә) кәсіби даярлық және іріктеу - өндірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделенуіне байланысты; б) психологиялық консультация – социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты. Тестілеу индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т.б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді. Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады: 1) тестіні таңдау (тестілеудің мақсатымен және тестінің дұрыстығы мен сенімділік дәрежесімен анықталады); 2) оны өткізу ( тестіге берілген нұсқаумен анықталады); 3) нәтижелерді пайымдау (тестілеудің пәніне қатысты теориялық рауалықтар жүйемен анықталады).
Тестілеу – бұл білім, дағды, қабілеттіктің басқа да қасиеттерінің деңгейін, сондай-ақ олардың белгіленген нормаларға сәйкестігін бірқатар арнайы тапсырмаларды орындау арқылы анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі. Мұндай тапсырмаларды тест деп атау қабылданған. Тест – бұл стандартты немесе өзара байланыстырылған, зерттеушіге зерттелінеушінің қасиеттері зерттеуге, психологиялық мінездемесін жасауға және оның білгілі бір объектілерге қатынасын анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмалар. Тестілеу нәтижесінде әдетте бірқатар тұлғалардың зерттелетін ерекшеліктерін анықтайтын сандық сипаттама алынады. Ол белгіленген категориядағы зерттелушілерге қойылатын нормаларға сәйкес болуы қажет. Демек, тестілеудің көмегімен зерттеу объектісіндегі кейбір қасиеттерінің даму деңгейін анықтап, оны эталонмен немесе бұрын зерттелген объектінің қасиетінің дамуымен салыстыруға болады.
Тесттер әдетте қысқа, тіпті кейде альтернативті сұрақтар мен жауаптардан тұрады. Жауаптардың дұрысын белгілеу арқылы сұрақтың дұрыс жауабы табылады. Тесттік тапсырмалар диагностикалылығымен ерекшеленеді, олардың орындалуы мен өңделуі көп уақыт алмайды. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибеге сәйкес тестілеудің жауабының алмастырылмауын қадағалау өте маңызды. Даму деңгейін анықтауға арналған тесттердің көпшілігі зерттелушінің тек дайындық және ақпаратталғандық деңгйін ғана анықтап беруі мүмкін. Сондықтан тесттік тапсырмаларды дайындау барысында бірқатар шарттарды орындау қажет.
Біріншіден, бірнеше нормаларға сәйкес жұмыс жүргізу қажет. Бұл әртүрлі зерттелушілердің нәтижелері мен жетістіктерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ зерттеуші зерттелуші құбылыстың бірқатар ғылыми концепцияларын меңгеруі, оған негізделе отырып жұмыс істеуі және орындалған тапсырмалардың нәтижелерін соған сәйкес интерпретация жасау қажеттігін көрсетеді. Мысалы, арнайы пәндер бойынша алынған білімнің, дағдының қалыптасу деңгейін анықтайтын тест тапсырмалары сол пәндерге қатысты білім мен дағдыны бағалау критерийлеріне, зерттелушілерді өзара тапсырманы орындау деңгейін салыстыруға негізделе отырып құрастырылып, қолданылады.
Екіншіден, зерттелушілер тапсырманы орындау барысында бірдей жағдайда болуы қажет (уақыты мен орнына тәйуелсіз), ол зерттеушіге алынған нәтижелерді объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Әрбір теске қойылатын норма оны құраушымен орташа көрсеткішті табу (стандарттау) арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш орташа адамға қатысты зерттелетін статистикалық сипаттама мен қасиеттердің дамуының орташа көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл, мысалы, жеке мінездің интеллектуальды дамуының жастық нормасы болуы мүмкін. Мұндай көрсеткіш тәжірибелік жолмен анықталады. Әрбір зерттелуішінің нәтижелері нормамен салыстырылады да, сәйкесінше әдістермен бағаланады: әрбір тест мәліметтерді өңдеу және нәтижелерді ұсыну әдісімен қатар қолданылады.
Мысалы, мінез акцентауациясын анықтау тестінде (К.Леонгард) зерттелінуші әрбір тип бойынша максимум 24 балл жинақтауы мүмкін. Күшті айқындылықтың (акцентуация) белгісі болып 12 баллдан жоғары көрсеткіш есептелуі мүмкін. Зерттелуші өзі жинақталған тәжірибелерінің нәтижелерінде 24 баллдық көрсеткіштермен айқындық қасиеттерін сипаттай алады.
Тесттің талабы негізгі материалдың логика-психологиялық құрылымының анализі негізінде алынған кейбір белгілермен анықталады. Мұндай сапалық сипаттамалар зерттелінушінің жетістігінің бағалау критерийі ретінде болып, ал тестілеудің өзі критерийлі-бағыттаушы болады. Критерийлі-бағыттау тестілеу тестілеу мен нәтиженің интерпретациясының және оқу жұмысының коррекциясының жарасымшы үйлесімділігін табуға мүмкіндік береді. Тағы бір ескеретін жайт, мұндай тестілеу нәтижелері сапалық сипаттама жасауда қолданылады. Оның мысалы «АРП әдістемесінің» және оған сәйкес келетін блоктың қолданылуы. Бұл блоктың орындалуы зерттелуші-оқушының ойлау деңгейінің дамуын анықтауға көмектеседі. Зерттелуші-оқушының ойлауының дамуы эпирикалық, аналитикалық, жоспарлы немесе шартты болуы мүмкін. Ойлаудың мұндай дамуының қалыптасуы болашақ дамудың алдын алуды білдіретін болғандықтан, мынадай мүмкіндіктерді береді: 1) бұл деңгейлердің зерттелуші қасиетті бағалаудың критерийлері ретінде қабылдануы; 2) деңгейлердің ойлаудың ары қарай дамуының сапалық бағытын анықтайтын критерий ретінде қабылдануы; 3) оқытушының орындауы үшін ойлауды дамытуды қажет ететін бір немесе бірнеше пән бойынша адекватты тапсырмалардың жиынтығын құрастыру.
Тестілеуді жүргізу мен алынған нәтижелерді ұсынудың ережелері.
Тестілеуді жүргізу мен алынған нәтижелерді ұсынудың белгіленген ережелері болады. Бұл ережелер өте ұқыпты қаратырылған, олардың кейбіреулері мынадай:
зерттелушіның тестілеу мақсаты туралы алдын ала ескертілуі,
зерттелінушінің тест тапсырмаларының орындалу ережелермен таныстырылуы және бұл ережелердің дұрыстығына көзін жеткізу,
зерттелінушінің жалғыз өзі, тыныш жағдайда тес тапсырмаларын орындауға мүмкіндік жасау,
зерттелінушінің тапсырмаларды орындау барысында ережелерді толық орындауын қадағалау,
тестілеудің нәтижесінде алынған психодиагностикалық ақпараттың жарияланбауын қадағалау, оның жарысын қалуын қамтамасыз ету,
тестілеудің нәтижелерін зерттелушіге немесе жауапты тұлғаға «зиян келтірмеу» тұрғысынан жеткізу, бұл тұрғыда бірқатар этикалық іс-әрекеттер жасалады.
Зерттеушінің басқа да әдістер бойынша жинақталған ақпараттарын салыстыра отырып, оның тестпен жұмыс істеу тәжірибесін арттырып, әдістердің өзара байланыстылығы мен бір-бірінен артықшылығын анықтау.
Бұрын қарастырылғандай, әрбір тест өзіндік ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен қатар қолданылады.
Сонымен қатар, тесттердің бірнеше типтері келтіріледі. Оларға сәйкес тестілеу іс-шаралары орындалады.
Қабілеттілік тесттері белгілі бір психикалық функцияларды немесе танымдық процестердің даму дейңгейін анықтап өлшеуге мүмкіндік береді. Мұндай тесттер көпшілік жағдайда жеке тұлғаның танымдық сферасының диагностикасымен, ойлау ерекшелігімен тығыз байланысты орындалады және интеллектуальды деп аталады. Оларға мысалы, Равен тесттері, Амтхауэра тесттері, Векслер тесттері, сондай-ақ зерттеу сипатындағы басқада да жалпылау, классификациялау тесттері жатады.
Мақсатқа жету тесттері белгілі бір нақты ақпаратты игеруге бағытталған даму деңгейін ақынтауға мүмкіндік береді. Оның мысалы кез келген пін бойынша алынатын емтихандар бола алады. Тәжірибе жүзінде әдетте мақсатқа жету тесттерінің «батареясы» қолданылады.
Жекелік тесттер зерттелушінің жекелік қасиеттерін анықтауға арналған тест тапсырмалары. Олар өте көп және алуан түрлі болып келеді: жеке тұлғаның эмоциональды жағдайын анықтау сұрақ-жауаптары, іс-әрекет мотивациясын анықтайтын сұрақ-жауаптар, жеке тұлғаның мінезін анықтау тесттері және т.б.
Жобалаушы деп аталатын бір қатар тесттер белгілі. Олар жеке адам бойындағы (зерттелінуші) қажеттілік, сезіну, үйрейлену, қорқыныш жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттелінушіге бірнеше стимулды материалдар беріледі, Олар белгісіз суреттер немесе аяқталмаған сөйлемдер болуы мүмкін. Зерттелінуші тапсырманы аяқтау қажет. Осы тапсырмаларды орындауға байланысты зерттелінушінің стимулды материалдың дұрыс орналастырылу қабілеті, субъективті ойлануы, тәжірибесі мен үрей деңгейі анықталады. Жобалау тесттері адамның өзіндегі ішкі әлемінің сыртқы ортада жобалау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай тесттердің қатарына апперцивті тесттер, Роршахтың «сия дақтары» тесттері, Розенцвейгтің фрустрационды тесттері жатады. Сонымен қатар, графикалық жобалау әдістемесі де қолданылады, мұнда зерттеуші зерттелінушіні өзінің жағдайын, жекелік ерекшелігі мен шындыққа қатынасын үй, тал, отбасы, адам, жан-жануарлар түріндегі жобалау ситуациясына қояды. Мысалы, адамның бейнесін геометриялық фигуралар арқылы бейнелеу тапсырмасы. Оның орындалуы барыснда зерттелінушінің «басшылық» немесе «күйзелістегі» типте екендігін анықтауға болады.
