Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психология ГЗА .кешен 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
565 Кб
Скачать
☆

Жоспары:

6.1.Теориялық зерттеу әдістері.

6.2.Логикалық-теориялық зерттеу әдістері.

Мақсаты: Теориялық әдістің түрлерін талдап түсіндіру және білім жүйесін қалыптастыру.

Мәтіні: Ғылым – адамдардың арнайы іс-әрекеттері нәтижесіне табиғат, қоғамның және ойлаудың объективті заңдарының үздіксіз дамып отыру жүйесі жөніндегі білім болып табылады. Сондықтан ғылым негізі білім болып саналады.

Білім –шындықтың бейнелену формасы және тәсілі болғандықтан онда заттың қасиеті, белгілері және өзара байланыстары қаперге алынған. Осы себепті білімнің ғылымды ашудағы жұмыс істеу тәсілі, материалдық, не рухани іс-әрекет болып табылады. Яғни ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді жинақтау, оларды оқып, үйрену, жүйелеу қорытындылау және олардың жеке заңдылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады.

Сол себепті де, ғылымның мақсаты-сырттай көрініп тұрғанның ішкі, нақтылы қозғалысн, яғни зерттелініп жатқанның мәнін ашу болып табылады.

Ғылымның логикалық құрылымы төмендегідей болып келеді:

  1. ғылымның ірге тасы немесе жалпы қағиданың (теорияның) жағдайы;

  2. заңдар;

  3. негізгі ұғымдар;

  4. қағидасы (теориясы);

  5. мұраты (идеясы);

Ұғымдар заңдар, прициптер, мұрат, ережелер – ғылыми білім категориялары болып саналады. Осылардың негізінде ғылым қағидасы түзіледі.

Қағида –зерттеу пәнінің түзілу блогы болып есептеледі. Көп заттардан ортақ сындарын алып жинақтау, жинақтай білу, зат туралы ұғымды білдіреді. Ұғымдар жиынтығы пікірді түзеді.

Сондықтан, принцип – танымда методологиялық және гнесологиялық роль алады. Принципті – білімнің ұйымдастырылу формасы деп түсіну керек.

Ғылымның бірден-бір пайдасы, алдын-ала болжам жасауға, алдағыға зер салуға ғана себеп болады. Ғылымның сол себепті де, ақиқат нәрсе емес екендігі де осыдан. Қандай да тәжірибе жөнінде әңгіме қазғалмасын, сіз өзіңіз тікелей араласпасаңыз, сол мезетте-ақ сенімсіздік пайда болады. Дегенмен, біз мұнда тек өзіміз нақтылы қатыспаған облыстар жөнінде ғана пікір айтуымыз керек, олай болмағанда ғылымнан ешқандай пайда, қайыр болмаған болар еді.

Мысалы энергияның сақталуына байланысты дене қозғалғанда массасы өзгереді. Масса және энергия эквивалентті болғаны себепті, қозғалыстағы дене ауыр тартады.

Десекте, Ньтон басқаша пікірде болған еді. Ол масса әрқашанда тұрақты қалып отырады деген. Жоғарыдағы шындық анықталғанда, барлық ғалымдар Ньютонның пікірі дұрыс еместігіне байланысты: «Сұмдық! Физиктер өздерінің қатесін тапты! Не себепті олар өздерін дұрыс санаған?» - депжағасын ұстағандар болды. Айтылған мысалда эфект аз. Бұл жағдай тек днен жарық жылдамдығына жақын қозғалыста ғана білінетіні хақ. Осы себепте, ғылымда қандай да бір ақиқатқа көз жеткізуде тәжірибеге сүйенеді және онда оның орындалу шарттары ескерілуі тиіс. Сондықтан біз ғылымнан пайда болсын десек болжам жасауымыз қажет-ақ.

Ғылым тәжірибелер хаттамаларына айналмасын десек, біз заңдар, заңдылықтарды алға тартуымыз керек. Сондықтан ғылымда, оның орындалу шарттары алдычын-ала бағынатын заңдары, заңдылықтары ескерілуі тиіс.

Мысалы: симметрия туралы. Симметрия дегеніміз не? Сырт қарағанда адамның оңы мен солы бір-біріне симметриялы. Олай болса оларды өзара ауыстырып қойған жағдайда бұрынғы қалыпты сақтауы тиіс.

Белгілі неміс ғалымы Герман вейль (1885-1935) симметрияның тамаша анықтамасын бергені белгілі. Бұл анықтама бойынша: симметиялы дене – деп, оны қалай қарай өзгерткенде де, нәтижеде, бастапқыда неден бастасақ сол болып шығуы керек – деген бұл қағида математикалық фигуралар үшін солай – ақ шығар, бірақ физика үшін басқаша болған болар еді. Яғни, дененің А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстыруы жоғарыдағы анықтамаға сәйкес, жеткен нүктеміз бастапқы тұрған орнымыз.

А В

Екінші мысал: Бір кесек борды саусақтарымызға қысып ұстап тұрайық. Саусақтарымызды ажыратуымыз сол-ақ екен, бор төмен қарай қүлағанын көреміз. Бор неге құлады?, - деген сауалды әртүрлі аудиторияға қоятын болсақ, төмендегідей жауап алған болар едік.

Аудитория Жауаптар.

Мектепке дейінгі балалар. - өйткені саусақтар ажырады;

Мектеп оқушылары. - өйткені Жерге тартылады;

Студенттер. – бор Жердің гравитациялық

өрісінде орналасқан;

Жер жүзінің ең жақсы физиктері. – біз өкінішке орай мұны әлі білмейміз

Өкінішке орай, бұл ащы шындық тек гравиатциялық құбылысқа ғана емес, ғылымның басқа салаларында да ғалымдарымыз дәрменсіздікті мойындауға мәжбүр.

Ғылым танымдық процестің объектісі мен жемісі. Сондықтан ғылыми танымдағы және оқу процесінде пайда болатын проблеманы айыру үшін танымдағы проблеманың объективті маңызы мен оқытудағы оның объективті мәнін айыру қажет.

Танымдағы проблеманың мәні – ғылыми білімді түзуге, маңызы – дүниенің даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі.

Проблема – деп, негізінен практикалық мақсаттың синонимін немесе ғылымдағы белгісіз болып тұрған жәйтті түсінеміз. Проблеманы шешу дәлелдер жүйесі арқылы түзілуі тиіс.

Қандай да бір ақиқатқа көз жеткізуде тәжірибеге сүйенуді және онда,оның орындалу шарттарының ескерілуі жайлы жоғарыда айтылды да

Сол себепті, проблеманы қоюда келесі педагогикалық талаптар орындалуы қажет:

  • тапсырма, меңгерілген білім мен біліктілікке негізделуі керек;

  • белгісіз нәрсе жалпы заңдылықты және жалпы әрекет тәсілін түзуі керек.

Проблема - шешуді қажет ететін келелі мәселе болып табылады.

Проблема – қағида мен практикалық құбылыстар арасындағы қарама-қайшылықтар арқылы анықталады. Біз дүниедегі құбылыстарды бақылай, олардың өзара бағыну деңгейлерін белгілей отырып, олар жөніндегі ұғымдар мен түсініктерді анықтаймыз. Бұл талдау әдісі делінеді. Осы әдіс нәтижесінде – проблеманың мәнін қарама-қайшылықтар және бір-біріне таласқа түскен ғылыми қағидалар (теориялар) – деп түсінеміз.

Қарама – қайшылық деген не ?

Қарама – қайшылық қандай көріністерден пайда болады ?

Алға қойған тапсырмалар, міндеттер мен сұрақтар – шығармашылық іс-әрекеттің тиімді құралдары деуге болады.

Әсіресе, олар проблемалық болатын болса, яғни мазмұнында қарама-қайшылық жүретін болса. Қарама-қайшылық келесі түрде көрініс табады: ақпараттық-танымдық; танымдық; логикалық.

Ақпараттық – танымдық, зерттелінетін құбылыстар, процестер мен пәндердің мәндерінде жүретін болады. Ол көбнесе, мағналық конфликт түрінде көрініс табады. Мысалы: не себепті червякті беріліс қайтымды беріліс бола алмайды ? Шындығында, мұндай айналыс ек червяк арқылы берілуі керек, ал доңғалақ арқылы червяктің қозғалысы ғана емес. Осындай қарама-қайшылықтың әсерінен адамдажағдайды түсінуге құштарлық пайда бьлады.Бұл жағдайды адамның психологиялық күйі, яғни проблемалық ситуация деп атайды.

Таным процнсіндегі қарама-қайшылық теориялық және практикалық мәселелердің танымдық сипаттағы және адамда бар білім деңгейі, түсінуі мен дамуы арасында орын алады. Жеке жағдайда:

  1. көптеген әрекеттер арасындағы және олардан қажетті ыңғайлысын таңдау;

  2. бар білім мен және оны практикада пайдаланудың шарттары арасындағы;

  3. мәселені шешудің теориялық мүмкіндігі мен оның практикалық іске асырылуының қиындығы арасындағы;

Бұйымдарды кострукциялауда, технологиясын құруда пайымдауда және диагностикалауда, оқыту материалдарының құрылымын түзуде, бір ғана нәрсенің төңірегінде әр түрлі пікір пайда болады және мұндай жағдайда пікір дәлелін практика шешеді. Мұндай қарама-қайшылық – логикалық делінеді. Ал, таным процесі мен логикалық қарама-қайшылық арасындағы қарама-қайшылық адамда объектілердің, құбылыстың немесе процестің мәнін түсінуден пайда болады.

Қарама – қайшылықтар мазмұнында пайда болған құштарлық ғылыми бағдарлаудың элементар дәрежесі ретінде, көрініс тапқанның мәнін, маңызын ұғынуға тырысу, танысып білу.

Жоғарыда аталған факторлар жаңа білімнің қажеттілігін туындатады және ғылыми шығармашылыққа негіз болады. Өйткені, іс-әрекеттің қозғаушы күші, белсенділік көзі, қажеттілік болуы тиіс.

Ғылыми танымның екінші деңгейі-теориялық денгейін зерттелетін нысанаға, құбылысқа тиесілі жақтары, байланыстар және заңдылықтары неғұрлым терендетілген мәнді сатыда жүзеге асады. Өйткені теориялық деңгей- ғылыми танымдағы ең жоғары саты. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылымн нәтижелі арасындағы себеп-салдардың тәуелділікті айқындау эмпирикалық деректерден педагогикалық заңдылықтады анықтауға көмектеседі. Теориялық танымның нәтижелері болжам, теория, заңдар.

Кез келген зерттеу жұмысы өзекті мәселені анықтауда басталады. Проблеманың пайда болу сипатына қарамастан, оған талдау, нақты түрдеу негіздеу теориялық зерттеуден басталады. Салыстырмалы тарихи талдау әдісі зерттеушіні өзінің тақырыбы бойынша әдебиетпен танысу, тарихи зерттеулер ғылыми монографиялар және публикациялармен танысуға мүмкіндік береді. Зерттеуші оның дамуын, проблемаға әртүрлі тұғырмен келу жолдарын салыстырып, талдап, қолданған зерттеулердегі ғылыми ұғымдармен танысып, оның мәнін көзқарасын білдіріп, қорытынды жасайды.

2. Үлгілеу (моделирование) әдісі - зерттелетін үдеріс және құбылыс сурет, сызба, кысқаша сөздік, сипаттама түрінде берілетін көрнекі-бейнелі сипатта болады. Үлгіні дайындау үдерісін сипаттайтын негізгі ұғым үлгілеу болып табылады. Кей жағдайда психологиялық құбылыс матрица, символ, математикалық формула түрінде де беріледі. Модель зерттелетін құбылысты толық бейнелеп көрсетпейді, тек оның идеализациясы, оңтайланған түрі. Модельде зерттеушінің шартты белгілері мен шығармашылық жорамалы көрінеді. Бұл бірақ (моделерование) үлгілеудің ғылыми құндылығын түсірмейді, негізгісін іріктеп, жүйелі және өзін-өзі анықтайтын байланысты және факторларды көрсетеді. Үлгі құру кезінде оның зерттеу нысанасының түпнұсқаға сай келуін қадағалау қажет. Үлгі үнемі түсіндіру, анықтау құралы бола отырып, танымдық рөл атқарады.

3. Себепті-тергеулік талдау. Себеп бұл құбылыс, яғни басқа құбылысты өзгертеді немесе пайда болуына себеп болады. Себепті тудыратын және өзгертетін құбылысты тергеу деп аталынады. Себеп-салдар себеп құбылысы тергеу құбылысын шығарады. Себеп пен тергеу күрделі өзара байланысты құбылыс. Тергеу тек себепті шығарып қоймай, себеп болған фактілерді анықтап, тауып, талдап, түсіндіріп зерттелетін мәселеге тереңнен еніп, дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.

Теориялық деңгей әдістері:

1. Формализация - білім мазмұнын белгілермен беру, нақты ойды формула, ереже, символмен беру. Кез келген формалды жүйені құру үшін:

1) әріптерді беру қажет, яғни нақты белгілеулерді енгізу қажет;

2) осы альфавитгердің белгілеулерін «сөз» және «формула» шығатын ережелерді беру қажет;

3) берілген жүйенің бір сөзінен немесе формуласынан екінші сөзді немесе формулаға көшуге болатын ережелерді беру қажет.

2. Идеализация - зерттеу мақсатына сәйкес зерттеуші нысанаға нақты бір өзгерісті ойша енгізуді айтады. Таным әдісі ретінде идеализацияның жағымды мәні теориялық құрылымды жан-жақты зерттей отырып, реалды нысаналар мен құбылыстарды тиімді зерттеуге септігін тигізеді.

3. Аксиоматикалык әдіс - ғылыми теорияның құрылу амал оның негізінде бастапқы аксиома болады. Логикалық жолен дәлелденеді.

4. Гипотетикалық-дедуктивті әдіс - болжамдардың бір-бірімен дедуктивті байланысын құрайтын жүйе құру.

5. Әдебиет көздерін зерттеу - зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады.

6. Талдау әдісі - зерттеліп отырған объектіні бөлек зерттеу үшін құрамды бөліктерге бөліп қарау.

7. Жинақтау (синтез) әдісі - біріктіру, біртұтас етіп қарау үшін зерттеу объектісінің бөліктерін біріктіру. Талдауды эмпирикалық материалды механикалық болу; тұтастай құрамындағы элементтердің өзара қатынасын формаларын анықтау; білім құрылымын ашу; зерттеу объектісінің сипасы мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар.

8. Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту - көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Дәріптеушілік-дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылым танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады.

9. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректі қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және көрісіні жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады

10. Ұқсастыру әдісі - заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

11. Болжау әдісі - зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.

12. Математикалык және статистикалық әдіс – педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.

13. Тіркеу әдісі - педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған бірі, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Теориялық әдістердің бұл тобы лирикалық деректерге және олардың теорияны қарастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторларды түсіндіруге бағытталған. Ғылыми үшінші деңгейі ең жоғары деңгей - әдістемелік деңгей.

Ғылыми-психологиялық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана зерттеудің бұл әдістері нақты зерттеу міндеттерін шешуде қолданылатын ең негізділері.

Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:

1. Белгілі бір тақырыпты тандап, оған салыстырмалы-тарихи талдау жасау.

2. Оқулық, монографиядағы үлгі, ереже, формуланы талдау.

3. Ш.Таубаеваның "Введение в методологию и методику педагогического исследования".Түркістан: Тұран, 2007. -190 с. оқу құралынан "Үлгілеу зерттеу әдісі" туралы өздігімен оқу және бірлесіп талдау.

4. Белгілі тақырыпта талдау және жинақтау әдістерін қолдана отырып, ой тұжырымын шығару.

7-лекция тақырыбы: Эмпирикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі.