- •5В010300 – Педагогика және психология
- •Пєнніњ міндеттері:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •19 Ғасыр фактілерді жинақтауда бақылыу әдісі негізгі – деп саналды.
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Квазиэксперименттің негізгі типтері:
- •Жоспары:
- •Глоссарий
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Жоспары:
4.1.Психологиялық-педагогикалық диагностикалау.
4.2.Педагог-психологтың тұлғаны диагностикалаудағы міндеттері.
4.3.Тұлғаны зерттеу және зерттеудің түрлері.
Мақсаты: Студенттерге зерттеу жұмысының негізгі әдісінің бірі диагностикалау туралы білім беру, оның мәнін ашу.
Мәтіні: Психологиялық-педагогикалық сөздіктерде «Диагностика» -
1. Белгілі мазмұны мен күрделілік деңгейіне қарай қандай да бір әрекетке дайындық деңгейін анықтау процедурасы.
2. Оқу материалын ойдағыдай меңгеруін тексеру жолдарының жиынтығы және процедурасы".
Педагогикалық диагностикада –
1. Педагогикалық әрекетінің әлсіз және күшті жағын, қиындығын, оған баға беруге негіз болатын педагогтың кәсіби шеберлігін зерттеу әдістері мен амалдарының жүйесі.
2. Педагогтың жеке тұлғасын зерттеу нәтижесін талдау үдерісі және оның нәтижесінде педагогикалық әрекетін және қарым-қатынасын оңайландыратын нұсқаулар береді.
Психологиялық диагностика - баланың жеке тұлғасының дара ерекшелігін зерттеуде оқыту мен даму проблемаларының пайда болу себептерін, мүмкіндігін анықтау.
Педагог-психологтың іс-әрекетінде жеке тұлғаның жеке қасиеттерін зерттеу негізгі орын алады. Бұл зерттеу әрбір тұлғаның психикалық дамуын, қарқынын бақылауға, олардың жеке ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға, топпен жұмысты ретке келтіруге және оқу-тәрбие үдерісін ғылыми негізде басқаруға мүмкіндік береді. Балалардың жеке тұлғасын зерттеу жалпы және функционалдық дамуын, психикалық, еңбек және мінез-құлық жағынан даму қиындықтарын анықтау үшін қажет. Бұл психологиялық-педагогикалық түзетуді өз уақытында ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тәрбиешілерде балалардың жеке тұлғасын зерттеу міндеттерімен қатар, олардың білімін игеруін тексеру қажеттілігі туындайды.
Педагог-психологтар жұмысында алғашқы деңгейде орын алатын бұл міндетті педагогикалық-психологиялық диагностиканың көмегімен және әдістерін қолданумен шешіледі.
Педагогикалық-психологиялық диагностика білім беру үдерісінде туындайтын барлық диагностикалық міндеттерді қамтиды. Осы төмендегі мақсаттарға бағытталуы керек:
1. Оқу-тәрбие нәтижесін бұрыс бағалау кезіндегі ішкі және сыртқы түзету.
2. Оқу-тәрбие нәтижелерін анықтау.
3. Оқу-тәрбие үдерісінің жүйелі кезендерін жоспарлау.
4. Кейінгі әрекеттеріне мотивация жасау.
5.Оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру.
6.Жеке тұлғаның дамуының салыстырмалы деңгейін көрсету.
7.Белгілі бір ықпалдардың әсерінен даму деңгейінің өзгеруі талдау.
Педагогикалық-психологиялық диагностикада бірнеше кезеңде жүзеге асатын зерттеу жүргізіледі: мәліметтер жинау, қорытындылау.
Мысалы: бақылауға алынған адамның мінез-құлқы мен онын бұрынғы мінез-құлқын, басқа тұлғаның мінез-құлқымен және стандартты мінез-құлықты сипаттаумен салыстыру, түсіндіру жасалады. Бұл қолдағы ақпаратты өндеуден кейінгі сол немесе басқа мінез-құлықты бағалау және мінез-құлықтың ауытқу себептерін анықтау мақсатында талдау жасау үшін керек. Сондай-ақ басқа жағдайларда немесе болашақта мінез-құлықтың алдын-ала көруге мүмкіндік беретін болжау да маңызды. Ақырында, олардың мінез-құлқының бағасын өзгелерге көбінесе балаларға және олардың ата-аналарына хабарлау немесе кері байланыс көмегімен болашақта олардың мінез-кұлқына әсер ету керек болады. Нәтижеге қол жеткізе алған-алмағанымызды білу үшін бұл хабарламалардың балаларға ықпал етуін бақылау қажет.
Мұндай диагностикалық бағыттағы бағдарламаға сәйкес педагогикалық –психологиялық диагностиканың төмендегі аспектілерін ажыратуға болады:
1. Зерттеу
- мәліметтер жинау;
- салыстыру;
- түсіндіру;
- талдау.
2. Болжау.
3. Балаларға диагностиакалық іс-әрекет нәтижелерін хабарлау.
Топты және жеке балаларды зерттеу фактілерді жинау емес, оның себептерін ашуға бағытталады. Әрбір баланың даму үдерісін зерттеу оның жыл жыл бойына жүзеге асуы тиіс. Диагностикаға барлық балаларды түгел қамтып, дамудың әрбір көрсеткіші бойынша жүйелілік диагностикалық жүргізілуі қажет. Белгіленген уақытта қайсыбір балаға қатысты бұл бөлуді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда /ауырып қалса немесе басқа де себептермен/, ол қандай жағдай да болмасын жіберілмей, ең жақын уақыт аралығында жүргізілуі керек.
Мектеп жасындағы балалардың оқу материалдарын игеруі біліктілігі және дағдысының даму деңгейінің диагностикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт негізінде «Танымдық», «Шығармашылық», «Коммуникативті», «Денсаулық сақтау» орталықтары индикаторлармен тексеріліп, негізгі құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейлері зерттеледі. Педагогикалық-психологиялық диагностикалауға балалар түгел қатысуы керек. Тек осындай жағдайда ғана диагностикалық іс-әрекет нәтижелері тиімді пайдалануы мүмкін. Зерттеу міндеттеріне байланысты қолданылатын әдістер төмендегіше бөлінеді:
1. Экспериментті емес /қандай да бір психологиялық ерекшеліктің болу-болмауын білу үшін/
2. Диагностикалық /сандық өлшеу үшін/.
3. Экспериментті /психикалық құбылыстарды түсіндіру үшін/.
4. Қалыптастырушы /даму мүмкіндіктерін білу үшін/.
Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:
1. Жеке тұлғаға психологиялық-педагогикалық диагностика жасауға материал жинау.
2. Диагностика терминін анықтау.
3. Р. Айзман, Г. Жарова, Г.Вартапетова, Е.Петрова «Готов ребенок к школе? » Диагностика в экспериментах, заданиях рисунках и таблисах. - М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2006.- 208 с. Оқу құралын пайдаланып «Көрнекі-бейнелі ойлау әрекетін игеру деңгейін диагностикалау» немесе өз таңдауыңыз бойынша диагностикалау әдістемесін түсіндір және талда.
5-лекция тақырыбы: Психологиялық зерттеу әдістері және әдістемесі.
