- •5В010300 – Педагогика және психология
- •Пєнніњ міндеттері:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •19 Ғасыр фактілерді жинақтауда бақылыу әдісі негізгі – деп саналды.
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Квазиэксперименттің негізгі типтері:
- •Жоспары:
- •Глоссарий
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Жоспары:
9.1.Психологиялық эксперимент және оның түрлері, өткізу әдістемесі.
9.2.Эксперимент туралы жалпы түсінік.
9.3.Зертханалық эксперимент және оны жүргізу әдістемесі.
Мақсаты: Студенттерге психологиялық эксперименттің зерттеу жұмысында тиімділігін және қолдану әдістемесін меңгерту.
Мәтіні: Эксперемент (латынның ехреrіmentum қазақша сынау) бұл жалпы ғылымдык зерттеу әдісі. Психологиялық эксперемент психологиялық фактіні анықтауға жағдай жасайтын зерттелушінің іс-әрекетіне зерттеушінің белсенді араласуын көздейді.
Эксперимент деген не? Латын тілінде exprmentum орыс тіліне, «тәжірибе» деп аударылды. Ал негізінде, эксперимент – «сынақ», «сынау» деген мағынада дұрыс мазмұн алады. Өйткені, эксперимент жасаушы, зерттеуші, қандайда болмасын материалды объектіні экспериментпен алады, оған бұл үшін қатаң бақылауға алынатын шарттар қояды, ал бұл шарттар табиғатта кездеспейтін болуы да мүмкін. Сондықтан экспериментке алынған объектінің осы шартқа реакциясы бақыланады.
Жалпы ғылымның алғаш шыққан жері, Греция және Римде болғанымен олар сынақ жүргізуді ойға да алған емес.
Зерттеуге байланысты эксперимент жаратылыстану ғылымдарының өзінде 14-16 ғасырда пайда болды. Соңғы 2000 жылда, Аристотельдің шаң басқан томдары мен шіркеуге қатысты шығармалардан басқа табиғаттан білім алуи мүмкін емес және ол табиғатты қорғаушылық деп түсіндіріліп келген.
Тіпті Оксфортта ілгеріде Аристотельден алшақталған зерттеушілерді 5 шиллингке айыпқа тартып отырған. Тіпті мұндай қылмыстары үшін зерттеушілерді отқа өртеген жағдайлар да мәлім.
Эксперимент теориясы Галилея Галилейдің және Роджер Бэконды моностыр түрмелерінде 14 жылға отырғызғанын, Джордано Бруно және Мигель Сервет сияқты отқа өртелген азап шегушілерді білетіні белгілі.
Дегенмен қандай да болғанымен жаратылыс тану ғылымы мұндай схолостикадан сытылып шығуға мүмкіндік алды және жаңа бастаманы физика ғылымы ашты. Осы себепті, физикадан соң химия ғылымы алға жылжытуға серпіліс жасады.
19 Ғасыр фактілерді жинақтауда бақылыу әдісі негізгі – деп саналды.
Бақылау барысында, зерттеуші табиғи жүріп жатқан құбылысқа араласпаған. Десекте, бір нәрсені бақылау қажет боғанымен, ол жеткіліксіз. Сондықтан сынақ қажет болды. Яғни жасанды шарттар арқылы араласу қажет болды.
Адамның танымдық жүйесінде эксперименттің нақтылы орнын анықтау қажет. Зерттеуші үшін алған бағыты, ойы, догмаға айналмау үшін шындықтың кретерийі ретінде практика қарастырылады.
Қандай теория болмасын оның шындығы практикада басталуы анықталуы керек.
Десек те, практика ұғымына бір жағынан күнделікті тұрмыстық тәжірибе енсе, екінші жағынан дәл ғылыми сынақ кіреді.
Жоғарыдағылардан тек сынақ қана бүкіл зерттеу, оның ішінде педагогикалық зерттеулердің де негізгі қаруы деуге болмайды. Себебі физика саласының өзінде экспиримент өткізуге мүмкін емес облыстар баршылық. Бұл астрофизика және геофизика.
Эксперименттің қайталануы. Зерттеу жұмысы бойынша қойылған қандай да болмасын эксперимент қашанда алғашқы берген нәтижесі ,бастапқы жәйттер орын алғанда дәл қайталануы керек.
Л.Тостойдың «Анна Каринина» романын еске түсірейік. Щербацкий үйінде кеште отырғандар арасында сперитизм (аруақтарға сенетін мистика) жөнінде әңгіме қозғалады.
Қонақтар арасынан, сперитистік сеяныстар жайлы сүйсініп әңгімелеп отырған графиня Нордстонға Бронский қосылады. Оның таң қаларлық дәлелдері қазіргі заманғы телепатияға ұқсас: - «Біз өның не екенін білмесек те, электрліктің бар екенін жоққа шығармаймыз. Сондықтан бізге мәлім емес қандай да бір күш бар екеніне неге сенбеске», - десе, оған Левин – «Өйтені, электрлікте әрбір рет шайырды жүн матамен үйкегенде бізге мәлім құбылыс қайталанып отырады, ал мұнда барлық уақытта мұндай жағдай орындала бермейді. Сол себепті, бұл табиғи құбылыс емес», - деп қарсы пікір айтқан болатын. Левин шындығында Л.Толстой таңқаларлықтай қазіргі жаратылыстану ғылымының заңдылықтарын дөп айта білген. Яғни мұның эксперимент – қайталанатын болуы тиіс. Басқаша сөзбен айтқанда,сынаушы қойған қандай да бір болмасын объектке қойылған эксперимент бірдей шарттар қамтылған жағдайда ол экспериментті кім қоймасын мейлі орыс, қазақ немесе өзбек ол дәл қайталануы тиіс.
Эксперимент барысында зерттеушінің дүни танымы есепке алынбайды. Мұны ерекше айтып отыруы керек, себебі осы күнге дейін қарама – қарсы пікір орын алып келді. Егерде, соңғы жағдайға сүйенер болсақ – екі физик, екі химик, екі биолог т.с.с. , соңында объективті шындықты теріске шығаруымыз мүмкін.
Өйткені қандайда бомасын шындық заттың өзінде, ал ол туралы пікір адамның ойы ғана.
Сондықтан ол шындық бола алмайды.
Бірақта эксперимент нәтижиесі жөніндегі пікір болса бір басқа, зерттеуші дүниетанымына байланысты ол әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен бір зерттеушінің қойған сынағын екінші зерттеуші қойғанда қайталануы керек. Сынаушы үшін эксперименттің қайталанбауы қорлық.
Немесе мұндай жағдай тек төмендегі екі ғана себепке байланысты болуы мүмкін.:
сынаушы өзі қойған тәжірибені толық аша алмауы, өзі жариялаған материалдарын да оның қайталану шарттарын көрсетпеуі;
Яғни, оның нәтижесін жариялауда асығыстық жасауы.
2- себебі, бақытмызға орай көп қайталана бермейді. Бұл сынақ нәтижелерін жасанды өзгерту, келтіру.
Мұндайлар ғылымға үлкен зиян келтіреді.
Эксперимент нәтижелерін өзгерту – ғылыми зерттеуші үшін өліммен тең. Өйткені бұл нәтижелер белгілі болған күнде оған деген көзқарас күрт өзгерері хақ.
Ғылыми этика – осы күнде үлкен мәнге ие екенін, өйткені ғылыммен айналысатындардың саны артьып келетіні жағдайда, жоғарыдағы жағдайды ескермеу әбестік болар еді.
Жалпы оқу материалдарының меңгерілу деңгейлеріне бағалар бермес бұрын, педагогикалық эксперимент жүргізуде теориялық материалдарды ұғынуға қажетті, жетерлік оқушылардың білім жүйесінің бар жоқтығына көз жеткізіп алу қажет. Мұны білім деңгейінің 0-дік сатысы десекте болады.
Бұл деңгейді анықтауға арналған педагогикалық тәжірибе фактіні анықтаушы тәжіәрибесі жүргізіледі.
Факт деген не ? Шын мәнінде зерттеуші қазірге дейінгі белгілі теориялық жағдайлардан арыла алмайды. Егер ол, шындыққа сенімді боса, онда оны нақтыларлық фактіні іздестіреді.
Қарсы жағдайда оның ғылыми әрекеті теріс фактілерді жинақтауға бағытталады.
Эксперимент құбылысты тек қана сипаттауға емес, сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік беретін психикалық педагогикалық зерттеу әдісін көрсетеді. Зерттеуші болып жатқан оқиғалардың зандылықтарын ашу, аса қолайлы жағдайдың кешенін бөлу мақсатында жоспарлы түрде ықпал етеді. Бұл негізінен педагогика саласындағы ғылыми жұмыстарда қолданылады. Сондай-ақ жаңа жұмыс тәсілдерінің және оларды оңтайландырудың күнделікті іс-әрекетінде қолданыла алады.
Психологиялық эксперемент зерттеу мақсатына сай келетін жаңа жағдайларды жасау жолымен психологиялық құбылыстарға белсенді ықпал ету әдісі.
Психологиялық эксперементтія үзінді ерекшеліктеріне мыналар жатады:
а) Зерттелушінің зерттелетін психологиялық сапаларына әсер ететін арнайы жағдайларды ұйымдастыру.
б) Бұл жағдайларды зерттеу барысында өзгерту.
Психологиялық эксперемент эксперементалдық емес және диагностикалық әдістерді пайдалануды көздейді. Рубенштейн эксперементтің мынадай өзгешеліктерін атап өтеді.
• Эксперементатр құбылысты бақылаудағы сияқты күтпейді оны өзі жасайды.
• Жаңа құбылысты жасаумен қатар эксперементар оны өзгерте алады.
• Кейбір жағдайларды өзгеріссіз сақтап, басқа жағдайларды өзгертіп зерттеуші оларды салыстырмалы түрде талдай атлады.
• Құбылыстардың байланысын сандық сипаттауға мүмкіндік алады.
Психологиялық эксперементтің негізгі мақсаты ішкі психологиялық процестердің өте маңызды ерекшеліктерін объективті сыртқы бақылау үшін қол жетерлі ету.
Психологиялық зерттеудің мынадай формуламен сипаттауға болады.
— проблема — міндет — болжау — эксперемент — итерпретациялау — қорытынды немесе эксперементалдық зерттеудің мынандай сипаттау мүшесін.
ZZ - }
Z1— } — Р — R— Н
Z2 - }
Z- релевантгі стимул зерттеушінің психикасына әсер ететін стимул немесе тітіркендіргіш.
Z1 - релевантті емес стимул (бұл стимул бізді қызықтырмайды бірақ одан біз құтыла алмаймыз).
Z2- кездейсоқ стимул (зерттеушіні тапсырманы шешуден малғытан нәрсе).
Р - біздің зерттеудің пәні.
К - зерттелушінің тіркелетін реакциясы.
Н - формальдық, сандық көрсеткіші.
Психологиялық эксперементтін мақсаты - релевантты стимулмен зерттеушінің реакциясын анықтау. Бұл байланыс белгіленетін болса ол жағдайда эксперемент ішкі валидті деп есептеледі.
Эксперемент нәтижесінің шынайылығына релевантты емес стимулға теріс әсер етеді.
Релевантты емес стимулының (Z1) әсері нәтижесінде үнемі қателік пайда болады.
Кездейсоқ стимулдық (Z2) әсері нәтижесінде кездейсоқ қателіктер пайда болады.
Сондықтан эксперементте тіркелетін нәтиже мынадай фолмуламен сипатталуы мүмкін.
R=R1+C+L
R - эксперементтің тіркелген нәтижесі.
R1 - эксперементтің «шынайы» нәтижесі.
С - үнемі қателік.
L - кездейсоқ қателік.
Психологиялық эксперемент нәтижелерін өңдеуде эксперементатрдың міндеті қателікті оның себебін және көлемін анықтау.Эксперементатрдың келесі міндеті - бұл болжалдау. Зерттеуші мынандай сұратарға жауап іздейді: эксперимент нәтижелерін болашақта пайдалануға болама. Эксперемент нәтижелерін басқа зерттелушілерге қолдануға болама. Сондықтан эксперемент нәтижесінің белгісіз болуы эксперементтің табиғатына сай. Сол себепті оның нәтижелерін матиматикалық статистика әдістерінен пайдаланылып өңделеді.
Эксперементалдық әдістің негізгі 3 типі болады.
1 . Табиғи эксперемент.
2. Модельдеуші эксперемент.
3. Лабараториялық эксперемент.
Табиғи эксперемент - эксперементалды емес әдіске өте жақын табиғи эксперементті өткізуге жаңа жағдайды эксперементатр емес өмірдің өзі жасайды.
Мысалы: табиғи эксперемент бала-бақша. мектеп немесе ЖОО оқу тәрбие процесінде жүзеге асады.
Эксперементатр бұл жағдайда зерттелушілер іс-әрекетінің әртүрлі жиынтығынан пайдаланылады. Эксперементалдық емес және диагностикалық әдістерді қолдайды. Табиғи эксперимент негізінен тұлғалық сапаларды зерттеуде жиі қолданады.
Мысалы: Сынып жетектексінің нұсқауы бойынша ұйымдастырылатын тербеліс іс-шараларда жеткіншектердің мінезін зерттеу.
Табиғи эксперементтің жетістіктері:
зерттеу мақсатының жасырын түс алуы.
зерттеуді жүргізудің жеткілікті дәрежеде бейресми болуы. Табиғи эксперементтің кемшіліктері:
қажетті ситуацияларды табиғи жағдайда жасаудың қиындығы.
Эксперементалдық емес және диагностикалық әдістерге тән бояған барша кемшіліктер.
Модельдеуші эксперемент - бұл жағдайда зерттелуші эксперементатрдың инструкциясы бойынша әрекет жасайды, эксперементке қатысуын білелі. Модельдеуші эксперементтің негізгі сипаты зерттелушінің типтік ролдік жағдайларды сипаттайтын эксперементалдық ситуация жағдайындағы мінезінің зерттелуі. Мысалы: зерттелуші эксперементалды жағдайларда интелектуалды немесе практикалық іс-қимылдар мен операцияларды орындауы мүмкін. Модельдеуші эксперимент адамның эмоционалдық саласын зерттеуде кеңінен пайдаланады.
Лабораториялық эксперемент - бұл жағдайда психологиялық зерттеу арнайы сипаттар, құрал-жабдықтармен жинақталған психологиялық жағдайда өткізіледі. Лабораториялық эксмеремент эксеременталдық жағдайлардың әбден жаласдылығымен сипатталады. Эксперементтің бұл әдісі элементар немесе қарапайым психикалық функцияларды (сенсорлық, перцептивтік, моторлық реакциялар). Лабораториялық эксперемент психологиялық зерттеудің пәніне аса сәйкес келеді. Мысалы: жас ерекшеліктер психологиясында адамдар вегетативтік функцнялардың өзгеруін психофизиологиялық зерттеу мақсатында лабораториялық эксперимент кеңінен пайдаланады. Лабораториялық эксперемент көмегімен реакция уақыты анықталады. Оны анықтауда секундомерден, микрафон, дыбыс генераторы, хрономертиялық әдістеме көмегімен жасқа сәйкес реакциясының өзгеруін зерттеу мынаны көрсетеді яғни заңдылықтары: 3 жастан 20 жасқа дейін уақыт рекциясы қысқарады, 40 жастан кейін көбейеді.
Студенттің өздігімен орындалуына тапсырма:
Зерттеу тақырына сәйкес психологиялық эксперименттің шағын жоспарын құру.
Эксперименттің үш кезеңіне сипаттама беру және жоспарын құру.(таңдаған жобалары бойынша)
10-лекция тақырыбы: Рейтинг және өзін-өзі бағалау әдісі.
