- •5В010300 – Педагогика және психология
- •Пєнніњ міндеттері:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •19 Ғасыр фактілерді жинақтауда бақылыу әдісі негізгі – деп саналды.
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Квазиэксперименттің негізгі типтері:
- •Жоспары:
- •Глоссарий
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Глоссарий
Педагогтың әдіснамалық мәдениеті – педагогика әдіснамасы туралы білімі, оны педагогткалық әрекетінде қолдану біліктілігі.
Таным – айналадығы қоршаған дүниенің санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын қоғамдық практика негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
Индукция және дедукция – білімнің жеке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай ілгерілеуі. Дедукциямен тығыз байланысты. Логика индукцияны толық және толық емес индукция деп саралап, оны ой қорытудың бір түрі деп қарастырады. Индукциялық пайымдауларды эксперименттік зерттеулердің мысалы жасанды ұғымдар құрау тәжірибелері болып табылады. Негізінде индукция жалқыдан жалпыға өтетін логикалық операция. Эксперимент әдісі негізінен индуктивті болып табылады, өйткені популяциялар туралы қорытынды жек тұлғалар мен шағын іріктемелерді бақылау арқылы жасалады.
Дедукция – білімнің көбіне жалпыдан кемірек жалпыға, жекеге қарай қозғалуы, салдардың алғышарттардан шығарылуы, ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты. Логика дедукцияның ой қорытындысының бір түрі деп қарастырады. Психология дедукциялық пайымдаулардың дамуымен бұзылуын зерттейді. Білімнің көбінесе жалпыдан кемірек жалпыға қарай қозғалысы, оның барлық психикалық процестермен, тұтас алғандағы ойлау қарекетінің құрылымымен шарттастылығында талданады. Дедукциялық пайымдаулаурда эмпириялық зерттеулердің, мысалы алғышарттарға және олардан шығатын қорытындыларға деген сенімнің талдануы болып табылады.
Талдау – (analusis – ыдырау, ажырату, талдау)- зерделеніп отырған зат ойша құрамды элементтерге бөлінетін, сол элементтер жеке қарастырылатын зерттеудің әдісі.
Синтез - (грек. біріктіру, құрау, үйлестіру) – анализдің көмегімен бөліктерді, қасиеттерді, қатынастарды ойша тұтас нәрсеге біріктіру.
ұстанымы,әдісі,нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіндіру.
Аксиология (грек тілінде «ахіс» - құндылық және «logos»- ілім) – құндылықтар жаратылысы,құндылықтың әлемдегі құрылымы,яғни әлеуметтік және мәдени факторлар,тұлғаның құрылымы мен нақты орын үдерісарасындағы әртүрлі құндылықтар байланысы туралы ілім.
Таным-қоғамдық тарихи практика дамуында әлем туралы жаңа білім нәтижесінде адам ойлауында ақиқаттың бейнеленуі және қайта жаңғыру үдерісі.
Ғылыми таным- жаңа білім алудағы ғылыми әдістерді пайдаланып,өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу.
Ғылыми педагогикалық зерттеу-жаңа педагогикалмдық білімді қалыптастыратын таныжамдық әрекет түрі,оқыту,тәрбиелеу және дамудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс.
Ғылыми-зерттеу – таным іс-әрекетінің бір түрі және жаңа ғылыми білім құру үдерісі.Ол обьективтілігі,дәлелділігі,нақтылығы жағынан сипатталады.
Диагностика- 1.Белгілі мазмұны мен күрделілік деңгейіне қарай қандай да бір әрекетке дайындық деңгейін анықтау процедурасы.2.Оқу материалын ойдағыдай меңгеру тексеру жолдарының жиынтығы және процедурасы.
Педагогикалық диагностика -1.Педагогикалық әрекетінің әлсіз және күшті жағын,қиындығын,оған баға беруге негіз болатын педагогтың кәсіби шеберлігін зерттеу әдістері мен амалдарының жүйесі. 2.Педагогтың жеке педагогикалық әрекетін және қарым-қатынасын оңтайландыратын нұсқаулар береді.
Психологиялық диагностика-баланың жеке тұлғасының дара ерекшелігін зерттеуде оқыту мен даму проблемаларының пайда болу себептерін,мүмкіндігін анықтау.
Тұғыр - педагогикалық нысаны зерттеудегі тәсілдер жиынтығының қатынасы.Сондықтан зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін нақтылауда немесе шешуде тұлғаға бағдарлы,аксиологиялық,іс-әрекеттік,құзіреттілік тұғырларын басшылыққа алу шарт.
Тұлғаға бағдарлы тұғыр- бүкіл педагогикалық үрдіспен құбылысқа жеке тұлғалық позициямен қарау, оның құрылымын, даму заңдылығын ескеру.
Іс-әрекет тұғыры – педагогикалық құбылысқа әрекеттің бүкіл компоненттерінің тұтастығы позициясымен, яғни мақсаты, мотиві,әрекеті,операциясы,ретке келтіру жолы,жөндеу,жеткен нәтижені бақылау және талдауға мүмкіндік береді.
Жүйелілік тұғыры- зерттелетін педагогикалық құбылысты және оның арасындағы байланыстың көптеген элементін анықтау.
Эмпирикалық зерттеу- эмпирикалық әдістің көмегімен педагогикалық проблеманы шешуге бағытталған зерттеу(бақылау,сұхбаттасу, құжатты оқу,педагогикалық тәжірибені кірістіру).
Формализаця – білім мазмұнын белгілерімен беру,нақты ойды формула,ереже, символмен беру.
Идеализация – зерттеу мақсатына сәйкес зерттеуші нысанаға нақты бір өзгерісті ойша енгізуді айтады. Таным әдісі ретінде идеализацияның жағымды мәні теориялық құрылымды жан-жақты зерттей отырып,шынайы нысаналар мен құбылыстарды тиімді зерттеуге септігін тигізеді.
Педагогикалық бақылау- педагогикалық үдерісті, құбылысты тарихи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау.
Рейтинг әдісі- эксперттің әрекеттің белгілі жағына баға беруі.
