- •5В010300 – Педагогика және психология
- •Пєнніњ міндеттері:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •19 Ғасыр фактілерді жинақтауда бақылыу әдісі негізгі – деп саналды.
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Квазиэксперименттің негізгі типтері:
- •Жоспары:
- •Глоссарий
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Жоспары:
14.1. Психологиялыќ µлшеулердіњ классикалыќ теориясы.
14.2.Эксперименталды психологиялыќ зерттеулерді ±йымдастыру жєне ж‰ргізу.
Мақсаты: Студенттерге психологиядағы психологиялық өлшеулердің қолдану ерекшеліктерін меңгерту.
Мәтіні: Психологияда көптеген нақтылы өлшеу әдісі қолданылады. Психологиялық өлшеудің классификациясын 1983 жылы С.С.Горобен психологиялық өлшеу әдісі әртүрлі жағдайға байланысты классификациялануы мүмкін яғни:
1. процедурада ішкі мәлім болуы
2. өлшеу затына байланысты
3. қолданған шкала түріне қарай
4. шкаланғна материал типіне байланысты.
5. шкала моделіне байланысты.
6. өлшем санына байланысты
7. мәліметті жинау әдісінің қарқынына байланысты.
8. индивидтің жауап беру типіне қарай
9. олардың қандай болуына байланысты: детермин ықтималдық
Психолог экспериментатор үшін ең негізгі мәлімет жинау және өлшеу заты болып табылады. Психологиядағы ғылыми зерттеу жұмысында басқаларға қарағанда шкалалардың мына процедуралары жиірек қолданылады.
Ранжирования (жүйелеу) әдісі – сыналушыға барлық обьект бірмезгілде ұссынылады. Ол обьект өлшеу белгілерінің көлеміне қарай рет тиістіру қажет. Жұптық салыстыру әдісі – сыналушыға обьектілер жұп жұбымен ұсынылады. Ол осы жұптар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары анықталады.
Абсалюттік бағалау әдісі – обьектілер бір – бірлеп ұсынылады. Сыншы стимулға шкала бірлігі бойынша баға береді.
Таңдау әдісі – индивидке бірнеше обьектілер ұсынылады. Сыншы осы обьектілердің ішінен тапсырылған критикалық сәйкесін таңдауы керек. Өлшеудің заты бойынша барлық әдіс мынадай әдісі бөлінеді: обьекттерді шкалалау әдісі
Сандық жүйе бірнеше типтерден тұрады, соған сәйкес шкала бірнеше типке бөлінеді. Операцияны нақтырақ айтсақ обьекті өлшеу тәсілі шкала типтерін ерекшеленеді. Шкала өз кезегінде өлшеу нәтижесін көрсететін ерекшеліктерін сипаттайды. Егер қажет ережелер сақталынбаса онда шкала құрылымы бұзылады. Ал мұндай жағдайда өлшеу мәліметтерін интерпретация мәні болмайды. Шкала типі өлшеу мәліметтерін өңдеу үшін қолданылуы мүмкін, статистикалық әдістердің біріңғай жиынтығын анықтайды. Шкала сөзі латын «саты» баспалдақ деген мағынаны білдіреді. Жоғарыда айтылғандай шкала бірнеше типтері бар
1. атаулы
2.реттік
3. интервалды
4.қарым – қатынас және т.б.
Атаулы шкала – обьект атын иемдену жолымен алынады. Бұл үшін көптеген обьект бір – біріне қиылыспайтындай етіп бөлу керек. Басқаша айтқанда обьектіні бір – біріне салыстырып олардың эквиваленттілігі анықталады. Осы процедураның нәтижесін эквивалент клас жиынтығын қалыптастырады. Салыстыру операциясы кез – келген шкаланың алғашқы сатысы. Кез – келген шкала типті ең қарапайым атаулы шкала идеализациялық шын модель болатын есте сақтау керек. Обьект симетриялды түрде қарастырамыз.
В (x =y) В (x =y) және транзетивтілік В (x =y) В (x =y) мұндағы В – толық сандық жүйе қатынасы бірақ көптеген психология эксперименттік қортынды да бұл шарт бұзылуы мүмкін. Обьект қандайда бір қатынас бойынша эквивалентті болса, онда оларды біріктіруге болады. Ең бастысы Стивенс айтқандай әртүрлі класта бір символды қайта жаза бермеу керек немесе түрлі символды бір класқа жазуға болмайды. Шкала жоғарылатыу тенденциясының күштілігіне қарамастан психологтар атаулы шкаланы өте жиі қолданады. Тұлғаны диагностикалаудың кезінде обьект өлшеу процедурасында бірнеше типология қарастырылады. Оған мысал ретінде классикалық темперамент жатады.
Реттік шакаласының құрылуы атаулы шкалаға қарағанда анағұрлым күрделі. Реттік шкала басқа 2 обьект арасында қарастырылуы мүмкін яғни транзетивтік қатынас ережесі бойынша а b, b c онда а c психологиялық өлшеудің көпшілігінің нәтижесі реттік шкалаға жақсы сәйкес келеді деген пікірді Стивенс айтқан болатын.Реттік шкала таным процесінің психологиялық эксперимент психиканы өлшеуде әлеуметтік психология, педагогикалық психология өте кең қолданысқа түседі. Реттік шкала қолданудың класына мысалы: тұлғалық қасиеттерді тестілеу және қабілет тесттерді айтуға болады. Мамандардың көпшілігі интелекттік тест аумағында бұл қасиетті өлшеу процедурасы интервалды шкалаларды тіпті қарым – қатынас шкалаларын қолдануға мүмкіндік береді деп есептеледі. Қалай болғанда да реттік шкала обьект сызықтық ретінде енгізуге мүмкіндік береді. Реттік шкала сандық мәндерін өзгертуге қосып алуға, бөліп көбейтуге болмайды. Интервалды шкала қасиеттердің обьектінің арасындағы өзгешілік көлемін анықтайды. Интервалды шкала көмегімен 2 обьекттіні салыстыруға болады.
Қарым – қатынас шкаласы көбінесе физика саласында қолданады. Интервалды шкаладан айырмас табиғи жағынан анықталады. Психологияда қарым – қатынас шкаласы практика түрінде қолданылады. Тек қана бір жағдайда яғни Раштың моделіне негізін бағалау шкаласының бір бөлігі ретінде қатыса алады. Қарым – қатынас шкаласының мәні – туындының инвариантты түрде беріледі. x= ax тең шкала мәнін тұрақты санға көбейтуге болады. Оған кез – келген статистикалық өлшеу қолданыла береді.
Квазиэксперимент дегеніміз нормативтерге сүйене отырып құрған психологиялық гипотезаларды тексеруге және зерттеу логикасы мен қорытындыларды дәлелдеу жолдары. «Квази - как бы», «солай болуы керек» деген мағынаны білдіреді. Квазиэкспериментальдық зерттеу барысында кейбір экспериментке қойылатын талаптар толық орындалмайды.
Психологиялық зерттеулерде квазиэксперимент - зерттеу жұмысын жоспарлау, эмпирикалық материалдар жинау және оларды жүйеге келтіру. Квазиэкспериментальдық зерттеу барысында зерттелу тобы мен байқау тобы салыстырылмайды.
Квазиэксперимент - зерттеу барысында пайдаланылатын айнымалы көрсеткіштердің бір бірімен байланыстылығын анықтауға арналған зерттеу әдістерінің бір түрі. Оның эксперименттен айырмашылығы барлық жүргізілетін шараларға қойылатын талаптардың төмендігімен сипатталады. Сонымен қатар квазиэкспериментте эксперименталдық және байқау топтары нақтыланбайды.
