- •5В010300 – Педагогика және психология
- •Пєнніњ міндеттері:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •19 Ғасыр фактілерді жинақтауда бақылыу әдісі негізгі – деп саналды.
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Квазиэксперименттің негізгі типтері:
- •Жоспары:
- •Глоссарий
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Жоспары:
2.1.Ғылым туралы жалпы түсінік.
2.2.Ғылымдағы таным процесінің философиялық, психологиялық негіздері.
Мақсаты: Студенттерді ғылым туралы біліммен қаруландыра отырып, ғылыми зерттеу жұмысына қызығушылығын ояту.
Мәтіні: Ғылым – адамдардың арнайы іс-әрекеттері нәтижесіне табиғат, қоғамның және ойлаудың объективті заңдарының үздіксіз дамып отыру жүйесі жөніндегі білім болып табылады. Сондықтан ғылым негізі білім болып саналады.
Білім –шындықтың бейнелену формасы және тәсілі болғандықтан онда заттың қасиеті, белгілері және өзара байланыстары қаперге алынған. Осы себепті білімнің ғылымды ашудағы жұмыс істеу тәсілі, материалдық, не рухани іс-әрекет болып табылады. Яғни ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді жинақтау, оларды оқып, үйрену, жүйелеу қорытындылау және олардың жеке заңдылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады.
Ғылым ерекше әлеуметтік институт және танымдық қызметтің ерекше формасы ретінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда пайда болып, қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білім қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелелей өндірістік күшіне айналды.
Ғылымның басты мақсаты: ғылым зандарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен үдеріс болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру» делінген.
Г.М.Коджаспированың берген анықтамасында "Ғылым білімді болу ғана емес, оны саналы меңгеру, білімді қолдана білу біліктілігі". Қазақ Кеңес эициклопедиясында "Ғылым объективті ақиқатқа жету, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары формасы". Қысқаша педагогикалық сөздікте "Ғылым адамның әрекет аймағы, ақиқат туралы объективтік шындықты теориялық жүйелеу және өңдеу, қоғамдық сананың формасы."
А.Құсайыновтың «Салыстырмалы педагогика» оқу құралында "Ғылым - ақиқаттағы тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логакалық жүйесі...» делінген. Жоғарыдағы анықтамаларды басшылыққа ала отырып ғылымды ерекше тану үдерісі,- деп айта аламыз.
Ғылым - қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және оны теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу қызметінің бір саласы. Тарихи тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгілі бір сатысында, тікелей қажеттіліктердің қосылысынан құрылған. Осының негізінде ғылымтану теориясы келіп шығады.
Ғылымтану ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным үдерісінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
«Таным» - педагогикалық сөздікте қоғамдық тарихи практика дамуында әлем туралы жаңа білім нәтижесінде адам ойлауында ақиқаттың бейнеленуі және қайта жаңғыру үдерісі. Таным адам санасын дамытудың негізі.
Сезімдік таным - адамның түйсігі, қабылдауы және елестетуі енеді. Танымның логикалық формаларына қоршаған ортадан түскен мәліметті аса маңызды байланыстары мен заңдылығын ашу үшін сезімдік танымның жалғасы ойлау қызметі жатады. Ойлау арқылы тікелей қабылданатын құбылыстарды сезім арқылы танып білуден ішкі, жалпы, тікелей қабылданбайтын заңдылықтарды логикалық жолмен танып білуге болады. Соның нәтижесінде ұғым, пікір, ой тұжырымдары қалыптасады.
Ұғым дегеніміз - логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ойлау ұғымдар туғызу және оларды жүйеге келтіру, өмірде пайданалану және заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнеленуі. Пікір белгілі заттар мен құбылыстар туралы қолдау немесе жоққа шығаратын адамның ойы. Логикалық ойлаудың жоғары формасы ой тұжырымы бола алады. Ой тұжырымы арқылы біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа білім аламыз.
Сонымен, ой тұжырымы дегеніміз пікірлерден жаңа пікірдің пайда болуы ойлаудың жоғарғы формасы.
Философ, психолог, педагогтардың еңбектерінде адамның таным қабілеттері, оның түрлері, мәні, мазмұны туралы Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Т.Балаубаев, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Б.Г.Ананьев, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, Т.Сабыровтың еңбектері арналған. Шетел ғалымдары Ж.Пиаже, Д.Карнеги, З.Фрейд, зерттеулерінде адамның танымдық қабілеттері туралы өзінше ерекше ой тұжырымдар бере білген.
Айналадағы дүниеде заттар мен құбылыстардың ішінде жалпының және дара немесе жекелердің арасындағы заңдылық байланыс кездеседі. Қоғамның тарихи даму үдерісінде адам өзінің теориялық және практикалық әрекетінде осы зандылық байланысқа үнемі ізденумен, зерттеумен келіп, оның бар екенін дәлелдеп, өзінің мақсатты қызметтеріне пайдалана білген. Сондықтан таным теориясы психология, педагогиканың ғылыми тану үдерісінде өзегі бола алады.
Ғылыми тану – мәселені зерттеп аңғаруда таным теориясына сүйене келе, ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері негізінде адамның танымдық қабілеттерінің мүмкіндіктерін пайдалану.
З.А.Исаева, Ш.Т. Таубаева Педагогический эксперимент деген қысқаша лекция курсында «Ғылыми таным - жаңа білім алудағы ғылыми әдістерді пайдаланып, өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жургізу» деп тұжырымдаған. Ғылым өзінің зсрттеу сипатына, әрбір ғылымның өзіндік ерекшеліктерше қарай әр түрлі салаларға байланысты философия, әлеуметтану, медицина, математика, тарих, психология, педагогика, тіл білімі болып таралуын гылымдардың жіктелуі деп атайды.
Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің "Ғылымдар классификациясы" атты еңбегінде ғылымдарды төмендігіше жіктеген:
1) тіл білімі және оның тараулары;
2) логика және оның тараулары;
3) математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылымдар;
4) физика тараулары, метафизика және оның тараулары;
5) азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы.
Бүгінгі таңда қоғамдың экономикалық өзгерістеріне байланысты ғылымның жіктелуі тереңдеп кеңеюде.
Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясынан «Ғылым дамуының негізгі бағыттары», «Ғылымның құрылымы» атты тақырыптарды конспектілеу және талдау.
2. Таным теориясын философия, психология оқулықтарынан толықтыру.
3. «Жеке тұлға» ұғымы туралы ғылыми пікірлерді талдау.
4. Ғылымның бүгінгі таңдағы жіктелуін кестеге түсіру.
3-лекция тақырыбы: Психология әдіснамасы.
