Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 класс, 2011 жыл.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34 Мб
Скачать
☆

Өткен шақ

Келер шақ

Осы шақ

...? ...? ...?

Сызба арқылы өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыра келіп, келер шақ етістіктері қолданылатын жауап алатындай әңгіме өткізуге болады Осы шақтағы етістіктер іс әрекеттің қашан болғанын білдіретін еді? Өткен шақ ше?мысал келтірейік,т.б. Ал, енді келер шақ етістіктері туралы білу үшін алдымен мына сұрақтарға жауап беріңдерші: Каникулда қайда барасың? Өскенде кім боласың? Сабақтан кейін не істейсіңдер?т.б. сқрақтарға жауабындағы етістіктерге назар аудартып, бқл ойлаған іс әрекеттердің әлі іске асқан жоқ, болашақта жүзеге асады екен деген тәрізді қорытынды жасалады

ІV. Оқулықпен жұмыс: а)Өлеңді мәнерлеп оқып, етістіктерді талдау (43). ә) Берілген сөздермен сөйлем құрап жазу (44). б) Мәтінді көшіріп жазып, етістіктерді атбу, қай шақта тұрғанын айту (45) в) Бос торкөздерге сәйкес келетін етістіктерді тауып жазу (46)

г) Сурет бойынша әңгіме құрау (47)

V .Сабақты қорыту. VІ.Үйге тапсырма: 48- жаттығу

№ 85. Тақырыбы: Келер шақ.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың келер шақ туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу тілін жетілдіру, шығармашылыққа баулу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасы. ІІІ. Оқулықпен жұмыс:

а) Өлеңді мәнерлеп оқып, етістіктерді табу.Олардың қай шақта тұрғанын айту (49).

ә) Мақалдарды жатқа жазып, келер шақ етістіктерді табу, оларға сұрақ қойып, өзара салыстыру(50). б) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру (51) в) сызбаға қарап, қорытынды жасау (52)

г) Өлеңді оқып, жаттау. Өлең мазмұны негізінде «Туған тілім» тақырыбында әңгіме құрау(53)ІV. Сабақты қорыту. V . Үйге тапсырма: 54- жаттығу

№ 86. Тақырыбы: Мазмұндама.

Мақсаты: оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, байланыстырып сөйлеу тілдерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз мазмұндама жазамыз. Мазмұндама жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Мазмұндаманы қалай жазу керек? Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерлді қоюды ұмытпаңдар. Әр сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Кісі аттары, жер-су аттары, үй жануарлардың аттары қалай жазылады?

ІІІ Білімдерін тексеру: Мазмұндама мәтінін мұғалім 3 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Сұрақтар қояды, 3-4 баладан мазмұнын сұрап, жоспарды түсіндіреді, барлық балалардың жазғандарын қадағалайды. Мазмұндаманы жазып болған оқушылар іштерінен оқып, тексереді.

Жоспар: 1. Автобус аялдамасында 2. Қарияның қалпағы 3. Ақылды күшік

Есті күшік

Кішкене күшігімді ертіп автобус аялдамасына келдім де, өзім қатарлы балалардың қатарына қосылдым. Осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрды. Автобус келді. Автобустың алдыңғы есігінен бір қария жерге түсті, Гуілдеген жел қарияның қалпағын ұшырып әкетті. Қария не істерін білмей тұрып қалды. Міне, қызық. Менің кішкентай күшігім жүгіріп барып, қалпақты тістеп әкеп, иесіне ұсынды. Қария бұған риза болды. Ал аялдамада тұрған балалар болса бір түрлі ыңғайсызданп қалды.

Тірек сөздер мен тіркестер: автобус аялдамасына, гуілдеген жел, бір түрлі ыңғайсызданып қалды. ІҮ Үйге тапсырма: пысықтау.

Ү Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

№87. Тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты: Сын есім заттың сапалық қасиетін білдіретінін, сөз табы екенін, негізгі және туынды болып бөлінетінін оқушылардың естеріне түсіру, белгілі заттың түрлі қасиеттерін көрсетіп сипаттаауға, таңдауға үйрету Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасы. ІІІ. Оқулықпен жұмыс:

а) Өлеңдерді мәнерлеп оқып, сын есімдерді табу; олардың қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айыру (1). ә) Жұмбақты жатқа жазып сын есімдерді табу (2). б) Сын есімдердің не үшін қажеттігін байқату(3) в)Берілген сын есімдерге сай келетін заттарды табу, неліктен сол затты айтқанын дәлелдеу (4) г) Өлеңді оқып, түсіп қалған сөздерді тауып, өз орнына қою (5) ІV. Сабақты қорыту V . Үйге тапсырма:6- жаттығу

№88. Тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мағынасы қарама қарсы сын есімдер туралы түсінік беру, сын есімдерді сөйлеу кезінде орынды пайдалана білуге жаттықтыру

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасы. ІІІ. Жаңа сабақ.

7-жаттығуды орындату арқылы оқушыларға мағынасы қарама қарсы сын есімдер туралы түсінік беріледі. ІV. Оқулықпен жұмыс: а) Жұмбақты жатқа жазып, шешуін табу. Қарсы мәндес сын есімдердің астын сызу (8). ә)Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрау (9). б)Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдеу және оларға қарсы мәндес сын есім табу (10) в) Суретке қарап, көрікті сипаттау (11)

V .Сабақты қорыту. VІ.Үйге тапсырма: 12- жаттығу

№ 89. Тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.

Сабақтың мақсаты: Мағынасы қарама қарсы және мәндес сын есімдерді таныту, сын есімдердің тілдегі рөлін меңгерту, сөйлеу тілін дамыту

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасы.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс: а) Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарсы мәндес сын есімдерді табу (13). ә) Берілген сын есімдерді жұптастырып жазу, қарсы міндес сын есімдердің не үшін қажет екенін айту (14). б)көп нүктенің орнына алдындағы сөздерге мағынасы жуық сын есімдер табу және осы сын есімдерді қатыстырп сөйлем құрау (15) в) Мағынасы жуық сын есімдерді бір бөлек, қарсы мәндес сын есімдерді бір бөлек топтастыру. Неліктен солай топтастырғанын дәлелдеу (16) г) Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзге сипаттау мәтінін құрау (17) ІV .Сабақты қорыту V.Үйге тапсырма: 13- жаттығу

№90. Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дара және күрделі сын есімдермен таныстыру; күрделі сын есім екі, үш сөзден құралғанмен, бір ғана атау ретінде қолданылып, бір ғана атау ретінде қолданылып, бір сұраққа жауап беретін сөйлемде бір мүшенің қызметін атқаратынын ұғындыру, ойлау қабілеттерін дамыту

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасы. ІІІ. Жаңа сабақ. Дара және күрделі сын есімді төмендегі кесте арқылы байқату, салыстыру әдісімен түсінік беріледі.

Дара сын есім

Күрделі сын есім

Ақ, жасыл, сүйір, әдемі, өткір

Ақ ала, торы ала, сүп сүйір, ақ сары

ІV. Оқулықпен жұмыс.а) Мәтінді көшіріп жазып, сын есімдерді табу, оларды өзара салыстыру (19)ә) Дара сын есімдерді күделі сын есімдерге айналдырып жазу(20)

б) Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жазу (21) в) Жұмбақты оқып, шеуін табу. Сын есімдерді тауып, олардың дара немесе күрделі екенін дәлелдеу (22)

V Сабақты қорыту. VІ.Үйге тапсырма:23- жаттығу

№ 91. Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім.

Сабақтың мақсаты: Дара және күрделі сын есім туралы түсініктерін кеңейту,сауатты жазу дағдысын жетілдіру;шығармашылық қабілетін арттыру.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой. II.Үй тапсырмасы.III.Оқулықпен жұмыс:

А) Мәтінен сын есімдерді тауып, олардың дара немесе күрделі екенін айыру(24,25).Ә)Өлеңді жатқа жазып, сын есімдерді табу (26). Б)Берілген сын есімдерді оқып, өзара салыстыру.Осы сын есімдері қатыстырып сөйлем құрау (27). В)Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдерді табу, күрделі сын есімдердің жазылуын байқату (28). Г)Бос торкөздерге оңга қарай оқысаң да,солға қарай оқысаң да сын есім болатын сөздерді тауып жазу (29). IV.Сабақты қорыту. V.Үйге тапсырма. 30-жаттығу.

№ 92. Тақырыбы: Өзіңді- өзің тексер.

Сабақтың мақсаты: Зат есім,етістік және сын есім бойынша өтілген материалдарды қайталап,оқушылардың өзін өзі тексерулеріне мүмкіндік жасау.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

II.Үй тапсырмасы. III.Оқулықпен жұмыс: 1-8-жаттығулар орындатылады.