Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 класс, 2011 жыл.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34 Мб
Скачать
☆

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

Арқанмен байлау үшін саты баспалдақтарының екі ұшына кертіктер салынады.Ол арқанның байланған жерінен шығып кетпеуін қамтамасыз етеді. Мұндай қарапайым сатыны жасау үшін ағаш кесіндісі мен ширатылған жібек жіп немесе мықты арқан қажет. Екі ұшы кертілген ағаш кесіндісін қазықбау шалып байлайды. Сөйтіп керегіне қарай сатының баспалдақ ағаштарын бір-біріне байлап жалғастырып, сатыны ұзартады.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Аспалы сатыны қандай жерлерде қолданады? Саты баспалдақтарын қалай бекіттің? Саты жасауға төрт қырлы ағаш кесіндісін пайдалануға бола ма? VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

№23. Тақырыбы: Гүл шоғын құрастыру.

Мақсаты: Оқушыларға гүл шоғын құрастыруды үйрету.Ой-өрісін, қол икемін дамыту.Әдемілікке,эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру Көрнекілігі: икебана Қажетті материалдар мен құралдар: қыш ыдыс, кептірілген гүл шоқтары.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Өсімдік түрлерінен құрастырған гүл шоғы өнерін «икебана» деп атайды. Бұл өнер түрі Жапонияда пайда болған. Икебананы кепкен жапырақтан, шөптен, тал бұтағынан, гүл күлтелерінен құрастырады. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2. Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Гүл шоғын жасау. Олардың әсем жасалуына көңіл бөлу, қадағалау.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Икебана дегеніміз не? Құрғақ құмда гүлді қалай сақтаймыз?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

№24.Тақырыбы:Қызғалдақ гүлін жасау.

Мақсаты: Оқушыларға тауық жұмыртқасы қабығынан қызғалдақ гүлін жасату. Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: қызғалдақ композициясы. Қажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз, жұмыртқа қабығы, ПВА желімі, кескіш, акварель бояуы, қылқалам, қарындаш.

Барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен Қызғалдақ композициясын жасап үйренеміз. Қызғалдақ гүлін 8 наурыз мерекесінде аналарға, ұстаздарға немесе сыныптас қыздарға сыйлық ретінде ұсынуға болады. Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1. Екі-үш жұмыртқа қабығын жуып, кептіреміз.

2. Кептірілген жұмыртқаның қабықтарын қызыл,сарғыш, жасыл, көк түстерге бояймыз.

3.Бояуы кепкен соң жұмыртқаны кескішпен ұсақтаймыз.

4. Қатты қағаз бетіне әсем гүлдердің бірі – қызғалдақ гүлін бейнелейміз.

5. Қатты қағаздағы гүлдің сабағына, жапырақтарына жасыл түске, ал күлтелеріне қызыл,сарғыш түстерге боялған жұмыртқа қабықтарын желімдейміз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Қызғалдақ гүлі қай мезгілде гүлдейді? Қызғалдақ гүлін жасағанда қандай әдістерді қолдандың?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

№25.Тақырыбы: «Алтын күз» панносы.

Мақсаты: Оқушыларға табиғи материалдарды пайдалана отырып «Алтын күз» панносын жасату. Ой-өрісін кеңейту, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: арнайы дайындалған паннолар. Қажетті материалдар мен құралдар: асқабақ тұқымы, тары, жаңғақ, ПВА желімі, сары түсті қатты қағаз, кеңсе пышағы, қарындаш, акварель бояуы, қылқалам.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Күзде жеміс-жидек пісіп, ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күн сәулесі де азаяды. Күз көрінісін өзімізше бейнелеп көрейік.Сергіту сәті