Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 класс, 2011 жыл.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34 Мб
Скачать
☆

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1. Ең алдымен күз көрінісін өз қалауымызша сары түсті қатты қағазға бейнелейміз.

2. Жұмысқа қажетті табиғи материалдарды дайындап аламыз. Асқабақ тұқымын екіге жарып, дәнегінен ажыратамыз. Жаңғақты да жарып, дәнегін ұсақтап бөлеміз. Сондай-ақ тары, арпа дәндерін де панно жасауға пайдаланамыз.

3.Табиғи материалдар түсіне қарай желімделеді. Ағаш діңін ұсақталған жаңғақпен, жапырақтарын асқабақ тұқымымен, күздің түсін, яғни ағаштың жан-жағын тары, арпа дәндерімен желімдейміз.Ағаш бұтағындағы қарға мен жердегі қоян бейнесін де табиғи материалдардан орындаймыз.

4.Табиғи материалдарды желімдеп болған соң, акварель бояуын қолданып,панноға қосымша өң береміз.Осылайша «Алтын күз» панносын табиғи материалдарды қолдану арқылы жасап шығамыз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Неге күзді алтынға теңейді? Табиғи материалдарды қай мезгілде жинайды? Ағаш діңіне, жапырағына қандай табиғи материалдарды пайдаланасың? Акварель бояуын не үшін қолдандың?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

№26.Тақырыбы:Аққала жасау.

Мақсаты: Оқушыларға «Аққала» жасауды үйрету.Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: шиден жасалған мүсіндер. Қажетті материалдар мен құралдар: барқыт мата, қатты қағаз, ши немесе пенопласт (ұсақталған), ПВА желімі, бор, үтік, кеңсе пышағы.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Аққала – қыста балалардың қардан мүсін жасап ойнайтын ойыны. Аққаланы мектептің, үйдің ауласында жасауға болады. Бүгін сендермен аққаланы шиден жасап көрейік. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Шиді аққала жасауға жететіндей етіп дайындап алып, тазалаймыз да, суда жібітеміз.

2. Судан алып, оларды кеңсе пышағымен бойлай жарамыз.

3. Жарылған шилерді астына және бетіне қағаз төсеп, үтіктейміз. Одан кейін шилерді ұсақтап бөлеміз.

4. Барқыт матасын қатты қағазға желімдеп аламыз. Содан соң бормен аққаланың мүсінін бейнелейміз.

5. Аққалаға ұсақталған шилерді, ал сыпыртқысының сабы мен басына ұзын жіңішке шилерді желімдейміз.

6.Аққаланың айналасындағы қар ұлпаларын да шимен жапсырмалаймыз.

7. Ұсақ шимен аққаланы тұтас толтырып шығамыз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау. Ши қайда өседі? Шиден кілем тоқуға бола ма? Шиден тағы қандай мүсіндер жасауға болады? VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

№27. Тақырыбы: «Қайырлы таң» панносы.

Мақсаты: Оқушыларға «Қайырлы таң» панносын жасауды үйрету. Ой-өрісін, қол икемін дамыту.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: үй құстарынан жасалған панно. Қажетті материалдар мен құралдар: сұлы немесе арпа масағы, қатты қағаз, желім, гүл жапырағы, қайшы.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен «Қайырлы таң» панносын жасаймыз. Қандай үй құстарын білесіңдер? Әркім өзіне ұнаған құсты таңдап панно жасайық Сергіту сәті