Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 класс, 2011 жыл.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34 Мб
Скачать
☆

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап 3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Материал дайындау.

2.Диванның негізі мен арқасын желіммен бекітеміз. Ол үшін ағаш кесіндісінің бір бөлігіне желім жағып, біршама уақыт қысып ұстап тұрамыз.

3. Диванның бір жақ таянышын желіммен бекітеміз.

4. Диванның екінші жақ таянышын да бекітіп, пішінді құрастыруды аяқтаймыз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Диван құрастыру үшін қанша ағаш кесіндісі қажет? Желімді пайдалану кезінде ұқыпты бол.

VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

№39.Тақырыбы:Сымтемір туралы түсінік. Сымтемірлерді түзету.

Мақсаты: Оқушыларға сымтемір туралы түсінік беру. Олардың тұрмыстағы пайдасы, оларды түзетудің тәсілдерін үйрету. Ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: сымтемірлер.

Барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Сымтемір – диаметрі 10мм-ге жетпейтін металдан жасалған ұзын жіңішке материал. Зауытта сымтемірді балқытылған металды арнайы қондырғымен жіңішкерте созу арқылы дайындайды. Зауытта сымды темір, болат, мыс, алюминийден жасайды. Олардың жуандықтары әр алуан болады. Болат сымнан шеге, бұранда, бұрамашеге және тұрмысқа қажетті заттар жасаса, алюминий, мыстан дайындалған сымдар жұмсақ, пайдалануға ыңғайлы болғандықтан радио, телефон-телеграф байланысы мен жарық беру үшін қолданылады. Сымтемірлерді жуан-жіңішкелігіне қарай әр түрлі жолмен түзетеді. Оларды түзетудің қарапайым және күрделі тәсілі бар. Қарапайым тәсілмен жіңішке сымтемірді әр түрлі құралдардың көмегімен түзетеді.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Жіңішке жұмыр материалды пайдалану арқылы түзету.

2.Ағаш материалы бетіне бір сызық бойына қағылған шегелер арасынан өткізіп түзету.

3.Есіктің тұтқасына ысқылап түзету.

4.Шеберханадағы іскенжеге жұмыр материалды қысып қойып, ысқылау арқылы немесе екі жалпақ материал арасынан тартып өткізіп түзетеді. Ал мыс және алюминий сымтемірлерді ағаш балғамен де түзетуге болады.

V.Бекіту кезеңі.Қорытындылау. Сымтемірді қандай материалдан жасайды? Алюминий және мыстан жасалған сымтемірлер қандай мақсатта пайдаланылады? Сымтемірді түзетудің қандай тәсілдерін білесің? Олардың ішіндегі ең жеңілі қайсы деп ойлайсың? Жуандау сымтемірді қарапайым тәсілмен түзетуге бола ма?

VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

№40.Тақырыбы:Геометриялық фигураларды сымтемірмен тізбектеу.

Мақсаты: Геометриялық фигураларды сымтемірмен тізбектеу арқылы шаршы тізбек құрастыру.Ой-өрісін,қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: Өзара тізбектелген геометриялық фигуралар. Қажетті материалдар мен құралдар: қатырма қағаз, сызғыш, қайшы, қарындаш, біз.

Барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.а) мұғалімнің түсіндірмесі.

1.Көлемі 4смх4см болатын шаршы пішіндерді қатырма қағаздан дайындап аламыз.

2.Шаршы пішінді дайындаманың бұрыштарынан шынжыр өткізетін тесіктер жасаймыз. Оны біздің көмегімен тесеміз.

3.Шаршыларды тізбектейтін шынжыр дайындаймыз. Шынжырды жұмыр ағашқа оралған жіңішке мыс сымтемірден дайындаған дұрыс. Ұзындығы 6 см болатын сымтемірді бірдей үш бөлікке бөліп, оларды бір-біріне жалғау арқылы шынжыр жасап, шаршыларды тізбектеуге пайдаланамыз.4.Өзара тізбектелген геометриялық фигуралар. Сергіту сәті