Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 класс, 2011 жыл.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34 Мб
Скачать
☆

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Шеңбер, сопақша, төртбұрыш, ромб, үшбұрыш, бесбұрыш, цилиндр, шаршы, т.б. геометриялық фигураларды түрлі-түсті қағаздан әр түрлі көлемде қиып аламыз.

2.Геометриялық фигураларды қатырма қағазға желімдеп, суретте берілген құрамақтарды құрастырамыз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Құраған құрамақтарың қандай геометриялық фигуралардан құрастырылған?

VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

№61.Тақырыбы:Қағаздан үй құрастыру.

Мақсаты: Оқушыларға қағаздан үй құрастыруды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: қағаздан жасалған үй макеті. Қажетті материалдар мен құралдар: ақ түсті қатты және түрлі-түсті қатты қағаз, желім, сызғыш, қарындаш, қайшы.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Үй айналасын безендіру өнерімен ландшафт дизайншылары айналысады. Ландшафт дегеніміз белгілі бір аймақтың жалпы көрінісі. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Үйдің шатыры мен қабырғасын жасау үшін ақ түсті қатты қағаздың дәл ортасын тауып, тігінен үзік сызық жүргіземіз. Сызықтың оң және сол жағынан тағы екі үзік сызық сызамыз.

2.Үзік сызықтар бойынша қағазды бүктейміз. Қағаздың ортанғы бөлігіне тор көз сызықтар сызып, оны шатыр пішініне келтіреміз. Шатырдың төрт жағынан кертік жасауды да ұмытпаймыз.

3.Үйдің қабырғасына екі терезе суретін салып, қайшымен қиямыз.

4.Қабырғасы мен шатырының көлемін есептеп, үйдің алдыңғы және артқы бөлігін құрастырамыз. Ол үшін қағаздың дәл ортасын тауып, жоғарғы екі жақ бұрышын ішке қарай бүктейміз. Бүктелген қағаз бұрыштары шатырдың ішкі бөлігіне желімделеді. Алдыңғы бөлігінің қабырғасына есік салып, қайшымен қиямыз.

5.Дайын үйдің төменгі бөлігін кертіктері бойынша ішке қарай бүктеп, оны қатты қағазға желімдеп, бекітеміз. Ағаштарды жасыл түсті қағаздан, ал шарбағын ақ түсті қағаздан суретте көрсетілгендей етіп жасап, оларды да қатты қағазға жапсырамыз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Жасаған үйлерің ұнады ма? Үй құрылысы қандай бөліктерден тұрады? Үйдің ауласын қалай безендіруге болады? Үйдің ауласын безендірумен қандай саладағы дизайншылар айналысады?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

№62.Тақырыбы:Қатырма қағаз таспасынан тоқылатын бұйымдар.

Мақсаты: Оқушыларға қатырма қағаздан себет тоқуды үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Ептілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: тоқылған себет, сандықша. Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті қатырма қатырма қағаз, желім, қылқалам, қайшы.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Себет тоқу жұмысы қағаз таспаны тіктеп тоқудан басталады. Мұндай тәсілмен қорап, себет, сандықша сияқты бұйымдарды тоқып алуларыңа болады. Тоқудың екінші түрі - таспаны қиғаштап тоқу. Бұл тәсілмен дайындалатын бұйымдар сәнді көрінеді. Сергіту сәті