Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 класс, 2011 жыл.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34 Мб
Скачать
☆

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту. 2. Практикалық жұмыс. Орамалды өрнектермен көркемдеу. 3.Техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Бет орамалды әшекейлеудің қандай түрлерін үйрендік ? Мережкалы кеестені қандай бұйымнан кездестірдің?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

№14. Тақырыбы: «Күнбағыс панносы.

Мақсаты: Оқушыларға «Күнбағыс» панносын жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: дайын панно. Оқушыларға керекті құрал-жабдықтар: сары, жасыл, ашық жасыл және қара түсті тоқыма жібі, қатырма қағаз, ПВА желімі, қайшы, қарындаш.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Күнбағыс – ірі жапырақты, сары гүлді, дәні майлы өсімдік. Одан өсімдік майын, шекілдеуік алады. Күнбағысты көз алдымызға елестете отырып, өз бетімізше жасап көрейік.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап.

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Қатырма қағаздың дәл ортасына қарындашпен күнбағыстың суретін саламыз.

2. Күнбағыстың дәнін жасау үшін қатырма қағазға аздап желім жағып, қара түсті тоқыма жібін айналдыра отырып желімдейміз.

3. Тоқыма жіптің сары түсімен күнбағыстың гүл күлтелерін желімдейміз.

4. Күнбағыстың сабағын жасау үшін жасыл түсті үш тоқыма жіпті өріп алып, қатырма қағазға жапсырамыз.

5. Жапырақтарына ашық жасыл түсті тоқыма жібін таңдап, оны да желімдейміз.

Жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Күнбағыс қай жерлерде өседі? Одан қандай шикізаттар алынады?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

№15. Тақырыбы: «Гүлденген Қазақстан» композициясы.

Мақсаты: Оқушыларға гүлдерді бейнелеп панно жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: суреттер, паннолар. Қажетті құрал-жабдықтар: қатты қағаз, түрлі-түсті мата қиындылары, калька қағазы, ПВА желімі, қайшы, қарындаш,өшіргіш.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлдермен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді. Түрлі-түсті матадан әсем гүлдерді бейнелеп, оларды қатырма қағазға желімдеу арқылы панно жасауға болады.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Қатты қағазға қарындашпен бірнеше гүлдің суретін салып аламыз.

2. Салынған гүлдердің үлгісін калька қағазына түсіріп, қиямыз.

3. Дайын үлгілерді әр түрлі мата бетіне (гүлдің басын қызыл, күлтелерін көк, сабағы мен жапырақтарын жасыл түсті матаға) орналастырып, оларды қиямыз.

4. Қиып алынған үлгілерді қатты қағаз бетінде бейнеленген гүлдерге бөлшектерін ауыстырып алмай жапсырамыз. Техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Гүлден жасаған панно ұнады ма? Гүлдің қандай түрлерін білесіңдер? Сен тұратын аймақта қандай гүлдер өседі?

VI. Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

№ 16. Тақырыбы: «Наурыз мейрамы» аппликациясы.

Мақсаты: Халықтық мерекелермен және дәстүрлермен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: арнайы суреттер. Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті мата қиындылары, қатты қағаз, желім, қайшы.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Наурыз қазақша «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы бұл мейрамға ерекше дайындалады. Киіз үйлер тігіліп, халық жаңа, таза киімдерін киіп, наурыз көже пісіреді, айтыс, ат жарысын ұйымдастырады.Ұлттық ойындар ойналады. Міне, енді түрлі-түсті матадан осы көріністің аппликациясын орындайық. Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап 3. Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

Ұзындығы 30 см, ені 20 см қатты қағаздың төменгі бөлігіне жасыл түсті матаны, жоғарғы бөлігіне көкшіл түсті матаны желімдейміз. Жайылып кетпеуі үшін желімді аздап жағамыз. Қатырма қағаздан киіз үйдің қалып үлгісін дайындап аламыз. Ақ түсті мата қиындысының бетіне дайын қалып үлгіні қойып, киіз үйді жасаймыз. Қызыл түсті матадан оюын дайындап, киіз үйге желімдейміз. Киіз үйдің есігін қиып, қайырып қоямыз. Одан кейін дайын киіз үйді жасыл матаның бетіне жапсырамыз. Жылқылар мен ешкілерді ақ, қара, қоңыр матадан қиып алып, желімдейміз.

4.Техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Наурыз мейрамы туралы не білесіңдер? Наурыз мейрамы аппликациясын неге жасыл түспен алдық? Наурыз мейрамы қай мезгілде болады?

VI. Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

№ 17. Тақырыбы:Таспадан «раушан гүлін» жасау.

Мақсаты: Оқушыларға таспадан раушан гүлін жасау жолдарын үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: таспадан жасалған раушан гүлі.

Барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Раушан гүлін жасауға әр түрлі материалдарды пайдалануға болады. Гүлдің көзге тартымды көрінуі материалға байланысты және оны орындау тәсілі қарапайым болып келеді. ә) Практикалық жұмыс. Техника қауіпсіздігін сақтау.

Раушан гүлін жасау үшін ұзындығы 60 -70 см, ені 3-4 см жібек таспаны аламыз. Таспаның қыртыстарын үтіктеп, оны бір шетінен екі-үш рет орап шиыршықтаймыз. Шиыршықталған бөлік гүлдің орталық өзегі болады. Оралған таспаның төменгі жиегін қысып ұстап, ине-жіппен бір-екі шалып тігіп бекітеміз. Таспаның қалған бөлігін шиыршықтап, гүлдің күлтелерін жасаймыз. Таспаны ораған сайын төменгі жиегін ине-жіппен тігіп, бекітіп отыру қажет. Ширатылған таспаның жоғарғы жиектерін сыртқа қарай шалқайта бүктегенде, раушан гүлі ашылып келе жатқандай әсер қалдырады. Гүл композициясын толықтыру үшін оның жапырақтарын дайындаймыз. Ұзындығы 8 см, ені 4 см жасыл түсті матадан таспа жасаймыз. Таспаның теріс бетін ішке қаратып қойып, жоғарғы екі жақ шетін бүктейміз. Сонда үшбұрышты пішін пайда болады. Үшбұрыштың төменгі екі ұшын бір-біріне айқастырып, инемен іліп тартамыз. Астыңғы жағы жиырылып, сүйір жапырақ болып шығады. Дайын болған бірнеше жапырақтармен гүлді әсемдейміз. Раушан гүлін кенеп тартылған жақтауға бекітіп, іліп қоямыз. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі. Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не үйрендік? Раушан гүлінің орталық өзегін қалай жасайды? Раушан гүлінен басқа қандай гүлдерді жасай білесіңдер?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

№18. Тақырыбы: Айқас тігіс кестесін тігіп үйрену.

Мақсаты: Оқушыларға кесте туралы түсінік беру, кестенің түрлерімен таныстыра отырып, айқас кестесін тігуді үйрету. Есте сақтау қабілеттерін, қол икемін дамыту.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: кестеленген әр түрлі бұйымдар. Қажетті материалдар мен құралдар: селдір мата, мулине жібі, ине.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Айқас тігіс кестесі – орындалуы қарапайым әрі ең көп тараған кесте түрі. Оны селдір матаға түсірген дұрыс. Бұл кестені үйрену үшін тор көз дәптерге сатынған суретті пайдаланамыз. Содан кейін кесте жіптерінің түсін таңдаймыз. Сергіту сәті