- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •Протезді цементке бекіту
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
Қуысты қалыптастыру тісжегі қуысын кең ашып, кіреукенің салбыраған бөліктерін алып тастаудан, пигменттенген фиссураларды сылып тастаудан басталады. Бір уақытта жұмсартылған дентинді алумен қатар қуыс қалыптастырады. Қалыптасқан қуыс түбінің жазықтығы шайнау қысымының тік бағытталған күшіне перпендикуляр, ал қабырғалары – бір-біріне параллель. Тік еңкейгенде пайда болатын окклюзиялы күштер негізінен бұрыш асты әсер етіп, оны ығыстырып, тіс қабырғасын сындыруы мүмкін. Ондай келеңсіз жайдың алдын алу үшін қуыс түбін тіс еңкейген жаққа қарсы бағытта ылдилау қажет. Терең тісжегіде ылди жақтағы тіссауыттың бөлігі сынып кетуі мүмкін. Салманың шайнау жүктемесіне беріктігін арттыру үшін ылдиға қарсы жақ қабырғасында (вестибуляр, оральді қабырғада) қосымша қуыс жасаған жөн. Қосымша қуыс ұстаушы және байланыстырушы бөліктерден тұрады, соңғысы негізгі қуысқа ұласады.
Жұқарған қабырғаларды окклюзия беті деңгейінде мүмкін сынықтардан қорғау үшін 1-2 мм-ге жонып, бастырма металымен жабады.
Ұлпа үстінде қалған қатты тіндер қалыңдығына ерекше назар аударылады. Қуыс түбін зондпен тексергенде науқас ауырсынса, не жұмыр құралмен басқанда жайсыздық сезінсе, рентген дентиннің жұқарғанын анықтаса, емдік төсемелер қолданып, қуысты арнайы өңдейді. Қуыс түбінен қысым бөлігін түсіру үшін параллель қабырғаларды тұрғызғаннан кейін зақымданбаған кіреуке мен дентинді қуыстың бүкіл периметрі бойымен кіреуке – эмаль шегінен 1,5-2 мм төмен деңгейде қосымша тіледі, оның нәтижесінде ені 1-1,5 мм кертпе түзіледі. Ұлпасы алынған тістерді қосымша қуыс орнына ұлпа және түбір арналарының қуысына штифтерді бекіту үшін пайдаланады. Қуыстар үшкір бұрышсыз, сәл ассиметриялы болуы тиіс. Егеудің соңында қабырғалар тегістеліп, кіреуке деңгейінде 45˚ бұрышта және ені Н-1 мм түзіледі.
Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
Айтып кеткеніміздей, ІІ класқа премоляр мен моляр апроксимальды қабырғалардағы кемістіктер жатады. Кемістіктер екі апроксимальды беттерде де түзілуі мүмкін. Салма үшін қуыс қалыптастыруды бір жақты сепарация диск көмегімен ажыртудан бастайды, мұнда апроксималь қабырға тісті бойлайтын оське қарай елеусіз еңкейе түседі, бір уақытта қуысты тістік окклюзия бетіне шығарады.
Қалыпты қатарда тұратын зақымданған тістің негізгі қуысын қалыптастырғанда, тістің жоқ қабырғасы жағына бағытталатын ықтимал қысым күшін ескере отырып, ылдиды кемістікті тіс ортасына түсіреді.
Екі апроксимальды негізгі қуыс жағдайында шайнау қысымын қабырғаларға бірыңғай тарату үші,н екі қуысты өзара қосымша қуыспен байланыстырады. Қосымша қуыс окклюзия бетінің орталығымен өтеді.
Егер тісжегі окклюзия және апроксимальды беттерді зақымдаса, негізгі және апроксимальды беттерді түзумен қатар қабырғалардың бірінің сынуына жол бермеу үшін бүкіл окклюзия бетінен тіндер 1-2 мм алынып, кейіннен салманың металл қабатымен жабылады.
Салмағы түсетін тік бағыттағы күштерге қуыс негізі (түп) қарсыласады. Неғұрлым қарсыласатыны – тіс осіне тік бұрышта қалыптасқан қуыс негізі. Егер түп не мойын жаны қабырғасы сыртқа еңкейсе, салма ығысып кете алатын ылди жазықтық түзеледі.
Салмаға әсер етуші көлденең күштерге негізгі және қосымша қуыстардың тік қабырғалары қарсыласады. Көлденең және бұрышасты әсер етуші және салманы ашық жаққа ығыстыратын күштерді бейтараптау үшін окклюзия бетінде қосымша қарлығаш қанаты тіпті не Т-тәрізді пішінді кідіріс элементтерін орнатады. Дентин негізі берік болса, негізгі қуыс жағынан қауіпсіздік аумағында ойық қалыптастырып, салманы ығыстырмайтын штифт қолданады.
