Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІССАУЫТ АҚАУЛАРЫН ЕМДЕУ Акмарал.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Протезді цементке бекіту

Жасанды сауытты бекітуге дайындық.

1-кезең – жасанды сауыт медикаменттермен өңделеді.

2-кезең – сауыт санын есепке ала отырып, әйнекке қажетті мөлшерде цемент ұнтағы мен сұйықтығы (1 жасанды сауытқа: қалақшаның ұшындағы ұнтаққа 3 тамшы сұйықтық) алынады.

3 кезең – зарарсыздандырылған мақта білікті (валик) тіс маңайына салып, тіс пен сауыт медикаменттермен өңделеді.

4 кезең – тіс дәрігерінің арнайы шпательмен цементті қаймақ тәрізді консистенцияға араластырып, сауытты жартысына дейін толтырады.

5 кезең – мақта біліктерді тістен ары жылжытып, тіске жасанды сауытты ақырындап біртіндеп цементті сауыт шетіне итере отырып, бекітеді. Жасанды сауытты бекіткеннен кейін орталық окклюзиядағы антагонист тестермен фиссуралық-төмпешіктік түйіспе тексеріледі.

6 кезең – 5-10 минуттан кейін цемент қатады, зондпен артық тұстары алынып тасталынады.

5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар

Штампты металл сауыттардың кеңінен пайдаланылатынына қарамастан, олардың бірқатар кемшіліктері бар: гильзаның бірнеше рет күюі болашақ сауыттың аустениялық құрылымының өзгеруіне әкеп соқтырады, гильзаның штамп, әсіресе, төмпешік аймақтарында бірыңғай қалыңдық жасай алмайды, сондықтан сауытта ұсақ сызаттар пайда болуы мүмкін, осылайша сауыт ұзаққа шыдамай, қызылиек асты шетін штамптау қиынға соғады. Дамыған елдерде штампталған сауыттарды көптен бері қолданбайды.

Ортопедиялық стоматологияның заманауи техникалық мүмкіндіктері практикаға құйылмалы металл сауыттарды кеңінен енгізуге ықпал етуде. Құрылымы жағынан олар тұтас құйылған (әрлемесіз); пластмассамен әрленіп құйылған (металды-акрилды) және металды-керамикалық болып бөлінеді. Штампталған сауыттармен салыстырғанда құйылмалы сауыттардың бірқатар артықшылықтары болады: мойын тұсында тіске нақты дұрыс кигізіледі, сауыт шеті берілген деңгейде клиникалық талаптарға байланысты орналасатындықтан, қызылиек тіндерін аса қатты жарақаттамайды, тағамның тұрып қалуына ретенциялық пункттердің пайда болуына жол бермейді, тістің анатомиялық пішінін және окклюзиялық байланысты дұрыс қалпына келтіреді. Аз қажалады. Кемшіліктеріне мыналар жатады: тістің қатты тіндерін бірнеше рет артық егеуді қажет ететіндігі, сонымен қатар құйылмалы сауытты алудың күрделілігі.

Көрсетімі. Тұтас құйылған металл сауыттар шайнау тістерінде тістің қатты тіндерінің пішіні мен құрылымы бұзылған кезде, шайнау тістерінің мөлшерден тыс қажалуында, сонымен қатар, көпір тәрізді протезге тірек ретінде қолданылады.

Тексеру ерекшеліктері.

Егеуді қажет ететін тістер дұрыстап, анықтап тексеріледі. Тістің беріктігі мен пломба тұрақтылығының деңгейі бағаланады. Рентгенограмма бойынша тістің сауыт бөлігіндегі қатты тіндердің қалыңдығы мен ұлпаға қатынасы, сонымен қатар ұлпалық қуыстың пішіні мен көлемі, пародонт тіндерінің жағдайы бағаланады. Периапикальды тіндер патологиялық өзгеріссіз болуы тиіс.

Құйылмалы сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.

1. Тісті құйылмалы сауытқа лайықтап егеу, екі қабатты қалып әзірлеу;

2. Дайын құйылмалы сауытты тіске кигізіп көру, цементке бекіту.

Дайындаудың зертханалық кезеңдері.

1. Қалып бойынша құрастырмалы модель құю.

2. Модельдегі тіс тұқылына оқшаулайтын қабат жағу.

3. Болашақ сауыттың балауыз композициясын модельдеу.

4. Құю әдісі арқылы құйылмалы металл сауытты алу.

5. Сауытты өңдеу, тегістеу, жалтырату.

Алғашқы клиникалық кезең. Тісті егеу. Құйылған сауыттың орта есеппен алғандағы қалыңдығы 0,3-0,5 мм болуы тиіс. Штамптты сауытпен салыстырғанда тұтас құйылған құрылымдар окклюзиялық беті бойынша тістің қатты тіндеріне қарағанда бірнеше рет артық егіледі. Қауіп төндіретін аймақтарды есепке ала отырып, байқап, ұқыптап егеген жөн. Басында металды алмас дискімен жалын тәрізді немесе ине пішіндес алмас ұшымен тістің апроксимальды беттері сепарацияланады.

Окклюзиялық бетті егеу біртіндеп, біркелкі түйіршікті, түрлі пішін мен түрлі көлемдегі түрпілі заттарды пайдалана отырып жасалады (үлкен көлемді дөңгелек, ұзын фиссуралы, конус тәрізді және торпеда тәрізді алмас басты).

Тістің вестибулярлық бетін егеу тістің қатты тініне кіруін арнайы шектейтін аз диаметрлі алмас бормен екі-үш тік науаша жасаудан басталады да, ауыз жақтағы төмпешік маңындағы науашамен аяқталады. Тіссауытты егеп болғаннан кейін кескіш (шайнау) шетіне қарай мойын маңы бөлігіне орналасқан 5-7°-тан артық болмайтын бұрыш бағытында біркелкі қысқартылған конус пішін жасалады. Конвергенция бұрышының артуы сауыттың бекітілуін нашарлатады. Шайнау бетінен 0,5 мм біркелкі тіс тіні алынады. Екінші кіші азу тістерде, үлкен азу тістерде, жалаңаш немесе тар мойынды тістерде, сонымен қатар тістердің оральді және түйісу беттерінде кертпе (уступ) жасау міндетті емес.

Тісті егеп болғаннан кейін міндетті түрде егеу сапасын тексеру қажет: бүйір тістер дөңгеленіп, сүйір бұрыштары болмай, кедір-бұдырсыз болуы тиіс. Конустық көрсеткіші 5-7○ шамасында болғаны абзал. Стандартты қалып алатын қасық таңдалып, екі қабатты (жұмыс) және бір қабатты (көмекші) қалып алынады. Қалып алып болған соң оның сапасын бағалаған дұрыс. Себебі, кемшіліктер болған жағдайда болашақ сауыт та дұрыс болып шықпайды. Кемшіліктер деп негізгі масса мен катализатордың қатынасын дұрыс сақтамау, уақытша параметрлердің бұзылуы, қабаттың деформациясы, протез орнының сапасыз көрінісі, қалыптың қасықтан ажырауы, қалып массасын дұрыс таңдамау сияқты бірқатар белгілерді атауға болады.

Егер аталған кемшіліктер байқалмаса, қалыпты сапалы деп айтуға болады. Алынған қалып бойынша зертханада залалсыздандырылғаннан кейін модель (негізгі және көмекші) құйылып алынады. Жұмысқа арналған үлгі қатты ғаныштан құйылады. Окклюдаторға немесе артикуляторға ғанышталып, тіс анатомиясын есепке ала отырып, балауыздан болашақ сауытты мүсіндейді, тіс тұқылына алдын-ала оқшаулайтын (изоляциялайтын) лак жағады. Балауыз композицияны құю әдісімен металға ауыстырады. Осыдан кейін құйылған сауыт өңделіп, клиникаға жіберіледі.

Екінші клиникалық кезеңде дәрігер дайын сауыттың сапасын бағалайды; ол тегіс, ешқандай кедір-бұдырсыз болып, тістің анатомиялық пішініне жауап беруі тиіс.

Ауыз қуысында сауыт тісті тығыз ұстап, көршілес тістермен және антагонистермен тығыз түйісіп тұру керек. Тістем биік кезде супер-түйіспені (суперконтакты) көшірме қағазбен немесе окклюзограммамен анықтап, тегістеу арқылы кетіреді. Тіс-антагонистері бар құйылмалы сауытпен біркелкі байланыс орталық окклюзия, сосын алдыңғы және бүйір окклюзия жағдайында тексеріледі.

Тісті тығыз ұстап тұрмайтын немесе антагонистермен тістермен және қатар орналасқан тістермен түйіспеген құйылмалы сауыттар қайта әзірлеуді талап етеді.

Бекітер алдында тіс пен сауыт этил спиртімен майсыздандырылады, ауа ағымымен кептіріледі. Ал араластырылған цемент орташа консистенцияда болуы шарт. Тым қою болып кеткен жағдайда, сауыттар дұрыс отырмауы мүмкін. Соның нәтижесінде тістемнің биіктеуі ықтимал.