- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •Протезді цементке бекіту
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
Протездеу саласында пластмассалар қолданыла бастаған соң олардан штифтілі тістер де дайындала бастады. Оның Логанның тіссауытынан ерекшелігі, пластмассадан жасалған тіс зертханалық жолмен дайындалады (5.33-сурет).
Штифтіні дайындау үшін тот баспайтын болатты пайдаланады. Стандартты штифтіні түбір каналына штифтінің бір бөлігі түбірден жоғары тұратындай етіп орналастырады. Алдымен бұл штифтіні бедерге орнықтыру үшін, кейін пластмассадан жасалған тіссауытты бекіту үшін қажет болады. Штифтінің түбір үсті бөлігін жақсы бекіту үшін оған жалпақ пішін береді немесе қысқыштармен бүгеді. Штифт түбір арнасына мықты орнығуы тиіс.
Штифт дайындаған соң тіс қатарларынан көшірме қалыптар алады. (Стандартты штифінің орнына құйылған штифт қолдануға болады. Құйылған штифт балауыздан жасалады, сонымен бір уақытта түбір беткейіне арналған металл қаптама дайындалады, бұл штифтілі тістің беріктігін арттырады және протездің түбір беткейіне дәлме-дәл жанасуын қамтамасыз етеді). Бедерлер бойынша үлгілер құйылады. Штифтінің түбір үсті бөлігін алдын-ала дайындап алып, балауыздан жасалған үлгіде тіссауыт моделі жасалады. Бұл үшін оны қысқартады және пластмасса жақсы беку үшін онда ойықтар жасалады. Балауыздан жасалған штифтілі тіс штифтімен бірге үлгіден алынады, штамп және контрштамп құрып кюветаға ғанышталады, және жоғарыда баяндалған әдіс бойынша балауыз пластмассаға алмастырылады.
Полимерленген соң штифтілі тісті өңдейді (пластмасса қалдықтары алынып тасталады), тегістеледі, жылтыратылады. Дайын протезді түбірге бекітеді. Протездің кемшіліктері пластмассадан жасалған салмалар немесе тіссаууыттар дайындау кезінде болатын кемшіліктермен бірдей.
Тез қататын пластмассаларды пайдалану штифтілі тісті дайындауды жеңілдетеді және тездетеді, соның арқасында ол Логан тіссауытын жасауға ұқсас келеді. Протез бір сеанста жасалады. Штифтіні түбір арнасына орнатып, тез қататын пластмассаны даярлайды (полимеризация 4-6 минут ішінде болады) және тіссауыт пішінін жасай отырып оны штифтіге жағады. Пластмасса әбден қатқан соң штифтілі тісті түбірден суырып алып, ауыз қуысынан оқшау тегістеп, жылтыратады, осыдан кейін цементпен түбірге бекітеді.
Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Әр түрлі конструкцияларды ұзақ уақыт пайдаланғанда тіссауыттарды немесе көпір тәрізді протездерді ауыз қуысынан алу қажеттігі туындайды. Бұл мақсат үшін тіссауыттар мен көпір тәрізді протездерді алуға арналған әр түрлі құрал-саймандар қолданылады. Тіссауытты кесуге арналған вулканит дискілер, әр түрлі борлар, тіссауыт аралары белгілі және кеңінен қолданылады (5-35-сурет).
ҚазҰМУ ортопедиялық стоматология клиникасында жетілдірілген тіссауыт шығарғыштар ұсынылды және пайдаланылады (С.Р.Рузуддинов, М.К.Баиров, 2002; С.Р.Рузуддинов, Ж.К.Семенов, 2005).
5.34-сурет. Конструкцияларды кесуге арналған құрал-саймандар
Гидравликалық үлгідегі тіссауыт шығарғыш-1 рычагы бар тұтқа-корпустан тұрады. Тұтқа-корпус ішінде алғышқа әсер ететін серіппе бар (5.35а-сурет). Құралдың ерекшелігі – тұтқа-корпусқа плунжері бар гидроцилиндр мықтап жалғанған. Бұлар серіппемен өзара әрекеттесе алады. Ал гидроцилиндрге штокы бар екінші гидроцилиндр шарнирмен жалғанған. Соңғысына алғыш бекітілген, және де гидроцилиндрлер өзара иілмелі түтікпен жалғанған.
Тіссауытқа арналған кескіш. Кескіштің тұтқасы, жұмысшы губкалары бар. Губкалардың біріне пышақ, екіншісіне тірек аумақ бекітілген (5.53-сурет); гидроцилиндрлі тұтқа-корпусы бар, бұл корпуста гидроцилиндр осі бойынша айнала алатын плунжер орнатылған; тірек аумағы бар губка; гидроцилиндрлер өзара иілмелі түтікпен жалғанған, және де бір тұтқа тұтқа-корпусқа мықтап бекітілген, ал екіншісі осьтік қозғалу және плунжерге әсер ету мүмкіндігімен бекітілген (5.37-сурет).
Тіссауыт алғыш-2, әсер ету түрі ыңғайлы, корпусы, рычагы бар. Рычаг корпусқа бекітілген. Алғыштың ерекшелігі – ось бойынша қозғалу мүмкіндігімен корпустың осіне перпендикуляр орналастырылған, корпус ішінде саңылау бар, саңылауда серіппемен әсерлесетін боек бар. Боекқа алғыштың саңылауына кіретін өзек бекітілген. Өзек боек осіне 0-450-қа тең бұрышпен орналастырылған (5.35-сурет).
Әсер ету типі вакуумды тіссауыт алғыш-2. Бұл құралдың корпусы, корпусқа бекітілген рычагы, алғышы бар. Құрал ерекшелігі – корпусқа ось бойынша қозғалу мүмкіндігі бар екі шток орнатылған және де штоктар арасындағы герметика сақталады, штоктың біріне алғыш бекітілген. Және де құралды қосатын шток жоғары, ал екінші шток төменгі қалыпта орналасқан (5-35-сурет).
5
.35
б,в - сурет. Тіссауыт алғыш-1 (кесте).
Тіссауытты алу емделушінің эмоциялық және психологиялық әсерімен қатар жүруі мүмкін. Тіссауытты ауыз қуысынан шығарудың қиындығы оның материалына және орналасуына (фронтальды, бүйір) байланысты.
Сондықтан пациентті психологиялық тұрғыда дайындау және ауырсыздандыру жасау қажет. Аппликациялық, инфильтрациялық, өткізуші, аэрозольды анестезия қолдануға болады. Пластмасса тіссауыттар оңай алынады, одан әрі – алтын, үйлестірілген, күрделі – болат, металл-пластмасса, ең қиын алынатындары – металл-керамикалық, тұтас құйылған тіссауыттар.
