- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •Протезді цементке бекіту
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
Тісті егеу жұмыстарын жүргізу дайындық кезеңі мен тісті егеу процесінен тұрады.
Дайындық кезеңі: бұрғы ұшының жұмысын түрпілі аспаппен тексеру, сосын бұрғы ұшын 75% спиртпен немесе хлораминнің 2% ерітіндісімен сүрту. Сонымен қатар стоматологиялық кресло мен бормашинаны тоққа қосу керек. Аяқпен бормашинаны қосатын тетікті басып, бұрғы ұшына бекітілген кескіш құралдың айналымын тексеру міндетті. Осы кезде айналым дірілсіз (вибрациясыз) орталықтандырылған болу керек. Ал кескіш құралдар мен карборунды тастар дискіні ұстап тұрушыға тығыз тиіп, ось айналасында айналмауы тиіс.
Науқасты егелетін тіске байланысты басын ыңғайлы етіп отырғызған жөн. Науқас аузын шайған соң, ашып отыру керек.
Бүгінгі таңда тісті егеу үшін алмасты (кіреуке үшін) және қатты құйылмалы (дентин үшін) борлар пайдаланылады. Алмасты борлар ұзаққа шыдайды және тістің қатты тіндерін алып тастаған кезде қатты ысымайды. Бұл өз кезегінде тіс тіндерінде ұсақ сызаттардың пайда болуына жол бермейді. Тісті егеудің әртүрлі кезеңдеріндегі кескіш аспаптардың қолданылуы 5.3.-суретте көрсетілген. Тісті егеудің дәстүрлі әдістемесі бәріне ортақ. Ал алмас борлар жиынтығы кем дегенде төрт пішіннен тұрады: конус тәрізді, торпеда тәрізді, цилиндр тәрізді, жасымық тәрізді.
5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
Тістің сауытты бөлігін сенімді түрде егеу үшін кескіш аспабы бар бормашина бұрғысының ұшын ұстап тұрған қол күшті, берік болуы тиіс. Бұрғының ұшын оң қолдың үш саусағымен (қалам ұстаған секілді) ұстап, науқастың тісіне немесе иегіне сүйенеді. Бұл кезде айнаны сол қолмен ұстап тұрып беттің, ерін немесе тілдің жұмсақ тіндерін зақымдап алмайтындай жылжытады.
Екінші кезең – тісті егеу процесі. Тістің жақ-вестибулярлық, оральді (ауыз қуысы) бетін егеу.
Егеуді тістің шығыңқы тұстарынан (экваторы) бастаған жөн. Бұл кезде бұрғы ұшын ұстаған оң қол екі саусақпен төменгі жақ сүйектің фронтальді тістерінің вестибулярлы бетіне, 3 және 4-саусақтармен – иекке сүйенеді де, біртіндеп баяу егей бастайды. Тіс бетін егеп болғаннан кейін тістердің беті параллель болуы тиіс (5.4-сурет).
Келесі кезең – шайнау беті немесе кескіш шетті егеу: тіс көлеміне қарай жұмыс барысында қатар тұрған тістерді зақымдап алмайтындай алмас және карборунд тастарды таңдап алу керек. Егеуді шайнау төмпешіктері мен фиссуралардан бастайды. Бұл кезде корборунд немесе алмас ұштарын алмастырады. Шайнау бетіндегі тегістелген тіндер көлемі тісті окклюзиялық беттен алып тастау үшін жеткілікті болуы тиіс.
Тістердің ажыратылған беттерін тексеру төмендегідей әдіспен жүргізіледі:
а) визуальді – орталық окклюзия жағдайында (0,3-0,5 мм саңылау болады), сонымен қатар төменгі жақ сүйектің жұмыс және басқа да іс-әрекеттері барысында және олардың алдыға жылжып кетуі кезінде бұл саңылау байқалуы тиіс;
ә)
сүңгімен зерттеу – сүңгі ұшы еркін
кіріп тұрады;
5.4.-сурет. Тісті егеудің әртүрлі кезеңдеріндегі кескіш аспаптарды қолдану.
б) ысыған жазық балауызбен және бірнеше қабатталған көшірме қағаз көмегімен. Бұл кезде егелген тістің шайнау беті табиғи тіс қалпын сақтайды;
в
)
тістің медиодистальды бетін егеу
(сепарациялау) (5.5.-сурет). Бордың бетін
егелетін тіс бойымен жүргізіп
медиадистальды бетіне сепарация жүргізу.
Тістің түйіспелік бетінің сепарациясын
бор ұшы еркін кіретіндей және тіс
қабырғасының параллельдігі сақталатындай
біртіндеп жүргізу керек;
г) тістің үшкір бұрыштарын тегістеу. Апроксимальды, вестибулярлы, оральді, шайнау беттері мен кескіш шеттерін егегеннен және сепарациялаудан кейін тегістеу мен жұмырлауды қажет ететін үшкір бұрыштар пайда болады. Бұл кезде байқап жұмыс істеу керек. Себебі, тістің жұмсақ тіндері мен қызылиек шеті зақымдалуы мүмкін. Осымен тісті егеу ісі аяқталады.
Одонтоегеуден кейін егелген тістің сапасы бағаланады. Тістің егелген сауытты бөлігі:
1) 0,3-0,5 мм тістем кезінде, антагонист тістермен оңашалана отырып, шайнау бетінің, кескіш шетінің анатомиялық белгілерін сақтайды;
2) тістің жақ-таңдай, медиодистальды беттері параллель, бір-біріне ешқандай кедергісіз, бұрыштарсыз жалғасып жатады;
3) тістің сауытты бөлігінің диаметрі тістің клиникалық мойнының диаметріне тең, яғн, тіс цилиндр тәрізді пішінге ие болады.
Тістің бес бетін егегеннен кейін оның шеттері кіші төмпешіктерді сақтай отырып, дөңгеленген пішінде болуы тиіс.
