- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •Протезді цементке бекіту
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
Қазіргі уақытта ортопедиялық стоматология практикасында құйылған тұқылды штифтілі салма кең тараған (С.И.Абакаров, 1992; В.Н.Копейкин, 1993).
Тіс пен түбір арнасын дайындауды жұмсарған дентинді алып тастаудан, қатты тіндерді кесуден бастайды және одан әрі штифтіге орын дайындайды. Арнаны дайындауды сағаны ашудан және арнаны кеңейтуден бастаған жөн. Арнаны кеңейтуді рентгенограмманың бақылауымен жүргізу қажет. Түбір арнасын дайындау және штифт ұзындығы мен қалыңдығын анықтау кезінде түбір арналарының орташа параметрлерін ескерген жөн. Құйылған штифтілі қатпарлардың тәжірибеде көбіне алдыңғы тістерге қолданылуына байланысты, Н.Г.Аболмасовтың зерттеу нәтижелері бойынша (5.1, 5.2-кестелер) алдыңғы тістердің түбір ұзындықтарын ескеру керек.
Тіс түбірі арнасын дайындау кезінде қабырғалардың қалыңдығы ескеріледі. Ит тістердің қабырғалары бәрінен қалың болады, одан әрі кері тәртіпте – орталық күрек тістер мен бүйір күрек тістер. Төменгі жақтағы орталық және бүйір күрек тістердің қабырғаларының қалыңдығы бірдей деуге болады. Азу тістер арнасының қалыңдығы жас ұлғайған сайын қалыңдай береді. Азу тіс арнасы диаметрінің азаюы шамамен қарама-қарсы екі қабырғаның қалыңдығының үлкеюіне тең. Алдыңғы тістер қабырғасының қалыңырақ бөлігі оральді қабатта.
5.1-кесте.
Жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінің түбір ұзындықтарының
орташа параметрлері
Жас топтары (жас) |
Тістер |
||
|
1/1 |
2/2 |
6/3 |
20-24 |
13,0 |
12,8 |
16,6 |
25-29 |
13,0 |
12,9 |
16,6 |
30-39 |
12,7 |
12,9 |
16,9 |
40 және одан жоғары |
13,1 |
2,9 |
16,7 |
5.2-кесте.
Төменгі жақтың алдыңғы тістерінің түбір ұзындықтарының
орташа параметрлері
Жас топтары (жас) |
Тістер |
||
|
1/1 |
2/2 |
3/3 |
20-24 |
12,2 |
13,3 |
14,9 |
25-29 |
12,2 |
13,1 |
15,0 |
30-39 |
12,3 |
13,1 |
14,8 |
40 және одан жоғары |
12,0 |
13,3 |
14,8 |
Арнаның жылғасын кеңейткен соң вестибула-оральді бағытта тереңдігі 1,5-2 мм және ені 1-1,5 мм болатын сопақша амортизациялық қуыс жасау керек, бұл құйылған штифтілі салманың орнығуын жақсартуға мүмкіндік береді және оның ротациясына жол бермейді.
Кейбір мамандар пішіні әр түрлі амортизациялық қуыстар жасауды ұсынады – квадрат, төртбұрыш, т.б. Алайда мамандардың математикалық есептеулері сүйір ұшы бар кез келген пішін жасаудың қысымның ұлғаюына (осы бұрыштардың аумағында) алып келетіндігін көрсетті, бұл өз кезегінде осы аумақтағы сынуға соқтырады.
Қатпардың штифтілік бөліктерін конструкциялау жөнінде ортақ пікір жоқ. Түбір төбесіне қарай кезегімен азаятын екі және одан да көп баспалдақтан тұратын сатылы штифтілер жасауға ұсыныстар бар. Алайда бұндай конструкция протез алаңындағы қатты тіндерді дайындауды қиындатады, тісті дайындау барысында да (түбірдің тесілуі), салманы цементке бекіту кезінде де асқынулар пайызын ұлғайтады.
Амортизациялық қуыс жасай отырып, оңтайлы ұзындықтағы (түбір ұзындығының 2/3 бөлігіне сай) штифт әзірлеу кезінде тіс топтары мен орналасу деңгейіен қарай арнаны аздап кеңейту (1-ден 3 мм-ге дейін) ұсынылады.
Тістің қатты тіндерін дайындаған соң құйылған штифтілі салманың үлгісін жасауға кіріседі. Бұл үшін от үстінде немесе су моншасында қыздырылған балауыздың бір шетін найза тәрізді пішін алғанша созады. Осылайша дайындалған балауыз таяқшасын қысыммен тіс арнасына енгізеді, ал артық жерлерін жанында тұрған тістердің окклюзиялық беткейі деңгейінде кесіп тастайды. Одан соң қатпардың тұқыл бөлігін жасайды. Оның пішіні тиісті тіссауытқа сай егелген соң тірек тістің пішіні қандай болу керек болса, дәл сондай болады. Үлгі жасау аяқталған соң балауыздың ішіне 1-2 мм-ге ұзындығы шамамен 1 мм болатын (көбіне бұл ортодонтиялық сым) қыздырылған металл штифт салады. Бекітілген соң оны суық су ағынымен суыту керек. Күшті тістің осі бойымен бағыттай отырып, қатпардың балауыз композициясын металл штифтінің сырт жағына шығарады (5.29-сурет).
Балауыз копозициясын шығарған кезде салманың штифтілік бөлігі сынып кетуі мүмкін. Бұған себеп ретенция бөліктері түзіліп, түбір арнасының дұрыс дайындалмауы болуы мүмкін. Ретенция бар жерлерді анықтап, кесіп тастау керек, одан соң штифтілі салманы қайта даярлауға кіріскен жөн.
Құйылған штифтілі салманы тез қатаятын пластмассадан жасауға болады. Тістің қатты тіндерін дайындаған соң штифтінің арматуралаушы бөлігі ретінде пластмасса өзекті (диаметрі тіс арнасынан гөрі кішірек) пайдалана отырып, тез қататын пластмассадан штифтілік бөлікті жасайды. Осыдан кейін құйылған штифтілі салманы жасаудың тікелей әдісінің барлық принциптерін сақтай отырып, тұқыл бөлігін қалыптастырады.
Тістердің орналасуындағы ақаулар кезінде құйылған штифтілі салмаларды қолданғанда конструкциялаудың өзіндік ерекшеліктері болады. Алынбайтын протез тіс доғасында әсем орналасу үшін штифтілі салманың тұқыл бөлігін топографияны шамалы өзгерте отырып жасайды. Бұл жағдайда функционалдық күштердің әсерін ескерген жөн және тұқыл бөлігінің тіс осіне қатысты қисаюы 150-тан асып кетпеуі керектігін білу қажет.
Тірек тіс дұрыс дайындалған және құюдың зертханалық технологиясы сақталған жағдайда, металл салма түбір арнасына еркін енгізіліп, тірек тістің қатты тіндеріне тығыз жанасып тұруы керек. Орнықтыру кезінде салма тұқылындағы кедір-бұдыр жерлерді тегістеу, сондай-ақ салынатын жабушы конструкцияның қалыңдығына сай антогонистермен окклюзиялық қашықтықты нақтылау керек. Салманың штифт бөлігінде өзара тегістеу немесе басқа араласулар жүргізуге болмайды.
Құйылған штифт салманы цементке бекіткен кезде қажетті принциптерді қатаң сақтау керек. Түбір арнасын мұқият майдан тазарту, залалсыздандыру және кептіру қажет. Осыдан кейін ғана арнатолтырғыштың көмегімен цементті арнаға енгізеді. Түбірге бағытталған штифтіге немесе тұқыл бөлігіне цемент жағып, цемент қатып қалғанша тірек тіске қатты баса отырып, қатпарды арнаға енгізеді. Жабушы қабат дайындауға кем дегенде бір тәулік өткен соң ғана кірісуге болады.
