- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •Протезді цементке бекіту
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
Тісжегі тек түйісу бетін зақымдаған жағдайда, салма дайындау үшін қуысты егеу кезінде таңдай бетіне шығарады. Қуысты үшбұрыш түрінде жасайды, оның ұшы кескіш қырға қарайды, ал табаны қызылиек шетіне параллель келеді.
Егер түйісу бетінің зақымдану аймағы үлкен болса, ал вестибуляр қабырғасы әсіресе, таңдай бетінде жәшік тәрізді қосымша қуыс қалыптастырады. Мұндай жағдай орта және терең тісжегісінде кездеседі. Тістің таңдай бетінде сау кіреуке мен дентин шегінде қосымша қуыс жасайды. Балауызды шығару бағыты қуыс тереңдігіне байланысты. Тайыз қуыста балауыз үлгіні тістің таңдай бетіне перпендикуляр шығарып, терең қуыс және қосымша қуыс қалыптасқанда, тістің ұзын осіне перпендикуляр шығарады. Қасына тіс жоқ кезде балауыз көшірмені апроксимальды жағына шығарады.
Екі апроксимальды беттеріндегі негізгі қуыстарды кең жырашықпен қосады. Салмағы түсетін тік қысым көлденең түпке беріледі, ал қысым – вестибулярлы және оральді қабырғалардың тік бағытталған бөліктеріне беріледі.
Алдыңғы тістердің кескіш қырының бұрышы бұзылса, қуыс қабырғалары мен түбін қалыптастыруды шайнау қысымының барлық компоненттерінің қайта таралуымен қатар, салманы енгізу жолдары да ескеріледі. Шайнау қысымының негізгі компоненті бұрыштық. Ал салманы енгізудің екі жолы бар: тік – кескіш қыр жағына; көлденең – ауыз жағынан алға. Бірінші жағдайда қуыс қабырғаларын апроксимальды беті бойымен қалыптастырады, қосымша қуысты жасамайды, кідіріс штифт түрлерін қолданады. Оларды қауіпсіздік аймақтарына бағдарланып, мойын жаны аймағы және кескіш қыр дентиніне енгізеді. Аймақтар топографиясын рентген суретіне қарап анықтайды. Ретенция штифті үшін ойықты кесуші қыр бойында жасайды. Ол үшін қырды 2-3 мм-ге қысқартады. Кескіш қыр қалыңдығы жеткілікті вестибулярлы оральді өлшемге ие болған жағдайда ғана қысқартылады. Негізгі апроксимальды жазықтықта бір штифті қолдану салманың жеткілікті тұрақтылығын қамтамасыз етпейді. Салмағы таңдай жағынан бағытталған, кескіш қырға әсер ететін күш салманы тайдыруы мүмкін. Кескіш қырда шағын штифті қолдану салманы неғұрлым берік тұрақтандырады.
Вестибула қабырғасы, кесуші қыр зақымданғанда, қуыс қалыптастырудың міндетті шарты – дентині жоқ кіреуке қабатын мүлде алып тастау. Кіреукенің жіңішке қабаты сақталса, тістің бүкіл көлеміне шайнау қысымын қайта тарату кезінде ол сынып, кейіннен тісжегі үдерісі дамиды.
Тістің қабырғасы жіңішкергенде, яғни сауыттың кесуші қыры жұқа болса, кідіріс штифтерін пайдалану қиын. Осыған байланысты оральді бетке қосымша қуысты қалыптастырады. Ол тайыз, бірақ көлемді келеді. Қосымша қуыс негізі қуыстың тек өлшемінің ортасында орналасуы керек. Ретенция штифтілерін негізгі қуыс шеттерін бойына тік орналастырады.
Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
Қуыс қалыптастырғанда бастырманы бекітуге, екіншілік тісжегі дамуының алдын алуға жақсы жағдай жасаған жөн. Мұнда зақымдану ауданы, тіс мойны аймағындағы ұлпа жақындығы, сонымен қатар балауыз көшірмені ерін мен ұрт бетіне перпендикуляр шығару қажеттілігі ескеріледі. Осы жайларға байланысты, сфера пішінді қуыс және қуыс түбіне перпендикуляр қабырғалар жасайды. Қызылиек және тістің окклюзия бетіне қараған қабырғалар бір-біріне параллель келеді. Мезиальды және дистальды қабырғалар сәл қисық келуі мүмкін. Қуыс түбі мен шеттерінде парапульпалық штифтілер үшін ойықтар қалыптастыруға болады. Салмалар тістің жоғарғы қажалуында, қабырғалар сақталып, қатты тіндер тістің тік өлшемінің 2/3 шегінде бұзылмаған жағдайда көрсетілген. Әдетте, бүкіл окклюзия бетін жабатын салма үшін қуыс қалыптастырғанда кіреукенің үшкір және жіңішке шеттері тегістеледі. Қуыс қалыптастырудың ерекшелігі – дентинге шектен тыс тереңдемей, ақырын егеу. Қуыстарды кемерсіз тік қабырғалармен, тегіс және тік түбірімен жасайды. Дентинде ойықтар болса, оларды алдын-ала тереңдетіп, штифтер үшін пайдаланылады. Терең қуыс қалыптастыруға жағдай қолайсыздығын ескеріп, салманың бекуін қалыңдығы 0,8 мм 2-4 парапульпаалық штифтермен күшейтеді, оларды 1-1,5 мм-ге енгізеді. Ұлпасы алынған тістерде түбір арнасын салманы берік ұстайтын штифт енгізу үшін қолданады. Басқа кідіру пунктерін орнату қажеттілігі жоқ. ІІ кластың І класс тармағында кемістіктерінде апроксимальды қуысты шайнау бетіне салманы берік ұстайтын қосымша қуыс жасау үшін шығарады. ІІ класс тармағында кемістіктерінде салма тұрақтылығын сақтау қиынырақ. Бұл жағдайда екі арна түзілуі мүмкін: тік арна – кіреуке, дентин шегіндегі қызылиек жаны қабырғасында; көлденеңі – тіс тіні қабатында қуыс түбінде көршілес тіске қараған бағытта. Бұл арналар – ұстаушы штифтерді енгізу үшін қажет. ІІ класс тармағында ұстаушы сәт - тістің тіл бетінде оның кесуші қырына жақын қарлығаш қанаты түріндегі қосымша қуыс жасалады.
3-класс тармағында қосымша ретенция әдісін қолданбай, барлық ережелерді сақтай отырып, жәшік тәрізді қуыс қалыптастыру жеткілікті. 4-класс тармағы болған жағдайда, әдіс әр жағдайда жеке-дара таңдалады және қуыс нұсқалардың көптүрлілігіне байланысты болады.
