- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •Протезді цементке бекіту
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
Жасанды сауыт берілген жасқа сәйкес, тіске тән анатомиялық пішінді қалыпқа келтіруі керек. Сонымен қатар, адамның жеке өзіне ғана тән табиғи тіссауыттың биіктігі мен енін, яғни көлемдерін қалыпқа келтіру керектігін есте сақтаған жөн. Жасанды сауыт көмегімен табиғи тістің пішіні мен көлемін қалыпқа келтіру қасында қатар тұрған тістер мен антагонистер арасындағы дұрыс байланысты қалыптастырады. Тығыз тісаралық байланыс тіс доғасының бірыңғайлылығын және оның функционалдық біртұтастығын қалыпқа келтіреді. Төменде тоттанбайтын болаттан немесе алтын құймадан жасалған жасанды сауытқа қойылатын талаптар туралы айтамыз.
Жасанды сауыттың шеті тіс мойнына тығыз жабысып тұруы қажет. Бұл талапты орындамаған жағдайда, біріншіден, қызылиек жарақаттанып, оның жиырылуына, екіншіден, сауыт шеті мен тіс арасындағы саңылаудың артуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Цемент қабатының қалыңдауы оның еруіне ықпал етеді. Цемент пленкасының қалыңдығы кішірейген сайын протездерді бекіту мүмкіндігі арта түсетіні белгілі. Себебі, цементтейтін беттер арасындағы байланыс арта түседі. Цемент еріген кезде саңылау пайда болады. Сілекеймен және тағаммен оған әртүрлі мироорганизмдер кіреді. Осы қажетсіз заттар өз кезегінде тіс тіндерінің некрозына әкеп соқтырады.
Сауыт ұзындығына қойылатын талаптар да ерекше. Сауыттың шеті қызылиекке тереңдеп енбеу керек. Сонымен қатар, оның тым қысқа болуы да қажет емес. Сауыт қызылиек науасына 0,1 мм ғана кіріп тұруы немесе сауыт құрылымына байланысты қызылиек деңгейінде болуы тиіс. Сауыттың қызылиекке тереңдеп еніп тұруы шеткі пародонтты жіті асқындырады. Ең алдымен, тіс пен қызылиек бекитін тұс зақымданады. Сауытты қызылиекке терең енгізу тіс қызыл байламын зақымдайды. Соңында пайда болатын тұрақты созылмалы қабыну гиперемия мен қызылиек ісігінің бетін қайтармай, тіс мойнының және жасанды сауыт шетінің жалаңаштануы арқылы көрініс табатын сүйек ұяшығының атрофиясының пайда болуына әкеп соқтырады. Ұзын сауыттар ағзадағы сенсибилизация процесінің басталуына ықпал етіп, созылмалы уыттануға себеп болуы мүмкін.
Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар туралы айтқанда жасанды сауыт шетінің тіс айналасындағы қызылиек рельефтеріне сәйкестігіне аса мән беру керек. Эмальді цементті топографияны есепке алсақ, қызылиек шетінің қалыптағы нақты көрінісі тіс мойнының толық периметрі бойынша сауыт шетінің орнын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ережені сақтамаған жағдайда, сауыттың қызылиек астына кіру тереңдігін бұзады. Бір аймақтарда ол қалыпты ұзындықта болса, екіншісінде тым қысқа болуы мүмкін. Мысалы, ол тісаралық бүртіктерде тым ұзын болуы мүмкін. Осыған байланысты штамты сауытты қызылиекке енгізу тереңдігін анықтау кезінде қазақстандық ғалым, ортопедиялық стоматология кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Г.В. Лопатниковтің ұсынған әдістемесін пайдаланған дұрыс. Металды сауыт уақытша таңғышқа бекітіледі. Үш-төрт күннен соң науқасты кезекті қараған кезде метиленді көкпен (синька) сауыттың қызылиек шетін өңдейді. Сосын науқас аузын сумен шаяды. Сауытты алып тастағаннан кейін метиленді көкпен қызылиек астының шеті емес, сауыт қана боялады. Бояу ерекшелігіне байланысты сауыт шетінің кіру тереңдігі анықталады. Қажет болған жағдайда, яғни ұзарған сауытта оны қажетіне қарай қысқартуға болады.
5. Жасанды сауыт ең алдымен орталық окклюзия кезінде антагонистер мен альвеолааралық биіктік арасындағы окклюзиялық байланысты қалыпқа келтіру керек. Сонымен қатар протезделетін тістің окклюзиясын қалыпқа келтіру альвеолааралық биіктіктің артуы мен кемуі арқылы жүзеге асуға тиіс емес. Бұл шарт сауытпен қапталған тіс антагонистермен байланысқа басқа да қарама-қарсы жұптарымен бір мезгілде түссе ғана орындалады. Егер орталық окклюзия кезінде протезделетін тіспен қатар тұрған антагонистер оңашаланып тұрса, онда алдын-ала пайда болатын байланыс пен альвеолааралық биіктіктің артқаны деп саналады. Бұндай окклюзия жарақаттық болып табылады. Себебі, тіс қатары түйіскен жағдайда қарама-қарсы тіс жұбына шайнау бұлшық еттерінің барлық күші түседі. Жасанды тістердің антагонист тістермен байланысының болмауы да дәрігерлік қателік болып есептеледі.
6. Протездеуден кейінгі алдын-ала түйісу окклюзияның орталық түрінде ғана емес, алдыңғы және бүйір жақ сияқты басқа да түрлерінде байқалуы мүмкін. Осылайша, жасанды сауыттарға қойылатын тағы бір маңызды талап емін-еркін сырғанайтын окклюзияға қол жеткізу болып табылады. Протездің шайнау немесе кескіш беті тек қана артикуляторда тиянақты модельденіп, қажетті конфигурацияға ие болады. Осы жағдайда протездеуден кейін алдын-ала түйісу болмауы тиіс. Окклюзия төмпешігінің еңісінде алдын-ала түйісу түрінде бұзылуы төменгі жақ сүйектің ығысуына әкеп соғады.
7. Жасанды сауытты тексерген кезде төменгі жақтың жағдайын протез салуға дейін және протезден кейін де дұрыстап зерттеп алған жөн. Протез салғаннан кейін жоғарғы және төменгі жақ сүйектердің орталық күрек тістер арасындағы орташа сызықтардың сәйкес келмеуі, мысалы, жылжу белгілерінің бірі болып табылады.
8. Жасанды сауыт тіс қатарының біртұтастығын қалыпқа келтіре отырып, көршілес тістердің арасындағы түйіспені қалпына келтіруі тиіс.
Алдын-ала түйіспенің пайда болуының алдын алу үшін кескіш және шайнау беттерін модельдеген кезде науқастың жас ерекшелігін есепке алған дұрыс. Жас ерекшелігіне қарай қажалу салдарынан егде адамдарда шайнау тістерінің төмпешіктері дұрыс көрінбейді. Сондықтан төменгі жақ сүйектің бүйір қозғалысы бірқалыпты болып келеді. Қазақстандық ғалым Е.Х. Абдразақовтың деректері бойынша (2010), жасанды тістердің төмпешіктері мен фиссураларын этникалық ерекшеліктерді есепке ала отырып жасау керек.
Анатомиялық пішінді қалыпқа келтіру окклюзияны қалыпқа келуімен бірге тіс қызметінің да қалыпқа келуіне тікелей байланысты. Тіс қатарының түйісуінің барлық түрінде антагонист тістері бар жасанды сауыттардың окклюзиялық байланысын тиянақты қалыпқа келтіру жарақаттық окклюзияның тиімді профилактикасы мен толыққанды шайнау функциясының қайта іске қосылуының алғышарты болып табылады.
