- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •Протезді цементке бекіту
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан бір сәтте даярлау компрессиялық әдіспен жүргізілген (Н.А. Пучко, 1979). Қазақ Ұлттық медицина университетінің ортопедиялық стоматология кафедрасында тұқылды штифтілі конструкциялар жасаудың жаңа технологиялары дайындалды (Ю.С. Лобанов, С.Р. Рузуддинов, 1996).
Ортопедиялық стоматология клиникасына бекітудің бұзылысына, алынбайтын әр түрлі конструкциялардың цементінің бұзылуына шағым жасап көптеген сырқаттар келеді. Бұның себебі көбіне тіс тінінің некрозына байланысты немесе екіншілік тісжегінің асқынуы нәижесінде тістің бір бөлігінің сынып кетуі. Тіссауытты, көпір тәрізді протезді механикалық аппараттар көмегімен алуға әрекет жасау да көбіне тіссауыттың сынуына алып келеді. Бұл жағдай әсіресе тіссауыттың жартысы немесе 2/3 бөлігі бұрын бітемемен қалпына келтірілген болса, арналар резорцин-формалин пастасымен бітелсе, т.б. жағдайларда байқалады.
Бұл жағдайдағы ортопед-дәрігердің тактикасы түбірлердің R-графиясына, көп түбірлі тістер құрылысының жеке анатомиялық ерекшеліктеріне (арналардың диаметрі, олардың өткізгіштігі, параллельдігі, тереңдігі мен ұзындығы), тірек тіссауыттардың жағдайына, көпір тәрізді протездің аралық бөлігіне, емделушінің материалдық жағдайына байланысты болды.
Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан бір сәтте даярлау үшін біз пресс-пішін ретінде ескі тіссауыттарды немесе көпір тәріздес протездерді пайдаландық. Тіссауыттың ішкі беткейіне бюгельді балауыз пластинасы салынды, артық жерлері кесілді немесе тіссауыт қабырғаларына қыздырылған балауыз құйылды. Бұл шара кейін тіссауытты пластмасса тұқылдан оңай алуға мүмкіндік берді. Арналар барынша терең жүргізіліп, кеңейтілді.
Тұқылды штифтілі салманың амортизациялық бөлігін қалыптастыру кезінде дөңгелек тәрізді бордың көмегімен қосымша ретенция нүктелері жасалды. Штифілер кламмерлерден немесе ортодонтиялық сымнан жақша, П-тәрізді Г-тәрізді пішінде жасалды. Окклюзияны бақылай отырып, штифтілер арналарда фосфат-цементке бекітілді. Тіссауыттар пластмасса тестпен толтырылып, тірек тістерге бекітілді, пластмассаның артық жерлері кесілді. 5-10 минуттан соң протез тіссауыттан алынып, тіссауыттағы балауыз тазартылды. Ауыз қуысында тіс түбіріндегі тұқылды штифтілі пластмасса салма көрініп тұрды. Протез цементке орнықтырылды. Егер қандай да бір себептерден жасанды тіссауыт қолдануға болмайтын болса, немесе ол болмаса, компрессиялық пресс-пішін ретінде ғаныштан жасалған көшірме бедер қолданылды. Бұл үшін балауыздан алдын-ала тіс тұқылының үлгісі жасалды. Бедердің ішкі беткейі изоколмен өңделді. Одан әрі барлығы жоғарыда жазылған кесте бойынша жүргізілді.
Компрессиялық әдіспен дайындалған тұқылды штифтілі салмалардың беріктік қасиеттерінің айтарлықтай жоғары екендігін айта кету керек, өйткені пластмассаны полимерлеу үдерісі қысыммен және ауасыз жабық кеңістікте жүргізіледі.
Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
Арналары параллель емес және көбіне тік сызықты емес көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау үшін біз төмендегі конструкцияларды қолдануды ұсынамыз (Ю.С.Лобанов, С.Р.Рузуддинов, 1996). Бірінші нұсқада тұқылды салма біртұтас блок болып табылады және мынадай әдіспен даярланады.
К
өп
түбірлі тістің арнасы бормен барынша
тереңдетіледі. Тұқыл-штифтінің негізі
балауыздан жасалады, одан кейін негізгі
және көмекші арналарға қойылады. Балауыз
композициясын тіс қуысынан еркін алу
үшін көмеші арнадағы штифтіні (ол едәуір
қысқа) алып тастаймыз. Одан кейін
балауызда қалған тесікті аздап кеңейтеміз
(металдың отыруының орнын толтыру үшін).
Салма осы күйінде құю зертханасына
жолданады. Салмады орнықтыру қарапайым
әдіспен жүргізіледі, бірақ көмекші
арнаға штифт-кламмердің кедергісіз ену
қажеттігін ескеру керек. Қатпар мен
штифт-кламмер бір мезгілде цементпен
(5.30-сурет) бекітіледі.
Е
кінші
нұсқада салма құрастырмалы конструкция
түрінде болады. Бұл көп түбірлі тістен
тұқылды алу мақсатында жасалады. Салма
қарапайым әдіспен жасалады, қыздырылған
металл штифтілер негізгі және көмекші
арнаға енгізіледі. Балауыз композицияны
шығарып алу үшін ол екі бөлікке бөлінеді
– түбір бөлігі жуандау негізгі бөлік
және көмекші бөлік. Екі бөлікті де
бір-біріне және тіс тұқылына сәйкестендіреді.
Әр бөлік құйылған және орнықтырылған
соң оларды бірінен кейін бірін цементке
отырғызады. Металл тұқылға жасалған
тіссауыт кейін тұқылды штифтілі салманың
екі бөлігін біртұтас блокқа қосымша
біріктіреді (5.31-сурет).
Біздің бақылауларымыздың мәліметтері бойынша, тұқылды штифтілі салманың, протездердің конструкциясы оңтайлы болса, супрақатынас нүктелері болмаса, төменгі жақ қозғалысы тежелмесе, емделушілер тұқылды штифтілі салмалардың жоғарыда көрсетілген конструкцияларын 5-тен 8 жылға дейін және одан да ұзақ уақыт пайдаланады.
Қазақстандық ғалым, м.ғ.к. Р.И. Құлманбетов түбір асты қақпақшасы бар штифтілі тістің құйылған конструкциясын ұсынды (5.32-сурет).
5.32--сурет. Түбір асты қақпақшасы бар штифтілі тістің құйылған конструкциясы.
Аталған конструкцияның дайындалу әдісі мынадай: тіс депульпациясынан кейін тіс тұқылын металл-керамикалық тіссауытқа шақтап теседі. Тесу белгілі әдіспен жүргізіледі. Нормада металл-керамикалық тіссауыттың қалыңдығы 1.5-2,00 мм, бұның ішінде металл тіректің қалыңдығы 0,5-0,6 мм, ал керамика қаптама – 1,0-1,2 мм. Осы деректі ескеріп, біз кесуші ұшты немесе шайнау беткейін 0,5 мм-ге және одан да көп қысқартамыз (бұл штифтінің қалыңдығы үшін қажет). Тіс металл-керамика тіссауытқа шақтап тесілген соң, түбір арнасын өңдеуге, яғни оны кеңейтуге және құйылған штифтіге дайындауға кірісеміз. Және де тіс түбірлерінің және олардың түбір арналарының параметрлері ескеріледі.
Түбірге сай келетін штифт дайындаймыз, ол түбір арнасын тығыз жауып тұруы және тіс түбірінен жоғары болуы тиіс. Тіс мойнын барынша жақсы түсіру үшін қызылиек ретракциясын жүргіземіз. Бедер 2 қабатты силикон бедер массасымен алынады. Тістегі штифт бірінші бедерге салынып, соның ішінде қалуы керек. Сондықтан штифт және бедер массасы жақсырақ беку үшін ретенциялық кертіктер жасалады. Екінші бедерді алудан бұрын тіске және түбір арнасына вазелин жағылады. Одан соң негізгі бедерге екінші коррегирлеуші қабат жағылады, ал тіс пен түбір арнасына бедер пісегінің көмегімен аздаған қалып массасын енгіземіз. Бұдан кейін бедер бойынша беріктігі жоғары гипстен құрастырмалы үлгі құйылады. Онда балауыздың көмегімен металл-керамикалық тіссауыттың штифті мен қақпақшасы жасалады, яғни штифті бар тіссауыт протезінің балауыз репродукциясы дайындалады, ол кейін металға ауыстырылады.
«Remanium CS» хромникель қорытпасына (Германия) артықшылық беріледі. Құю кезінде оның тұтқырлығы өте жақсы, сондықтан одан қабырғасы жұқа тіссауыт пен мықты штифт дайындау оңай. Штифті бар тұтас тіссауыт құйылған соң оны өңдеп, тіске өлшеп көреді. Тіссауыт тіске дәл орнығып, оның түбіріне тығыз еніп, тістің түбіріне герметикалық қоршау болуы тиіс. Осыдан кейін ғана штифтілі тіссауыт керамикамен жабылады. Тұтас құйылған штифтілі дайын металл-керамикалық тіссауыт шыны-иономерлік цементке бекітіледі.
