Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология ғылым ретінде_0.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

22. Ресейдегі әлеуметтанулық ілімнің дамуы, өкілдері

Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта аталмыш ғылымның көптеген теориялары, ілімдері мен тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделді. Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеуметтану дамуында классикалық кезеңнің атқарған рөлі мен маңыздылығы ерекше. Сондықтан бұл кезең әлеуметтанудың атасы О. Конттың, Г. Спенсердің, К. Маркстың, Э. Дюркгейм мен М. Вебердін ілімдерін жете түсінудің негізгі кілті іспетті.

Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуына Ресейлік әлеуметтанушылар да белгілі бір мөлшерде өз үлестерін қосты. Соның негізінде Ресейде Батыс әлеуметтанушыларын бетке ұстап, қалыптасқан бірнеше мектептер мен бағыттар пайда болды. Олардың көзқарастары мен ілімдерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар баршылық. Үшінші тақырыпты соған арнап, екі мәселеге назар аударуды жөн көрдік:

1) XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресей әлеуметтануында қалыптасып, дамыған әлеуметтанулық ілімдерге көңіл қойылды.

2) XX ғасырда осы елде әлеуметтанудың даму процесінің қалай жүргені сез етілді. Мұндағы көзқарастарды осындай екі сұрақтың төңірегіне топтастырып қарастыру олардың даму эволюциясын жете қадағалауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

XIX ғасырдың 60-шы жылдарында патшалық Ресей қазақ даласын толығымен отарлауды іске асырған еді. Ол жүргізілген отарлау саясаты қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, мәдени - құқықтық және тағы да басқа өмір салаларына айтарлықтай ықпал етті. Сол тұста казак даласына демократиялық көзқарастағы орыс ойшылдары әр түрлі себептермен келе бастаған еді. Олардың көзқарастары белгілі бір деңгейде казактың алдыңғы қатарлы азаматтарының әлеумет танымдық көзқарастарына әсер етті. Солардың қатарында Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев және т.б. болды. Қазақ ағартушылары өздері өмір сүрген тұстағы коғамның тыныс-тіршілігін зерттеп, оның әлеуметтік мән-мазмұнын ашып тағы да басқа мәселелерін терең пайымдаулардан өткізді.

23. Құқықтық әлеуметтену – жалпы әлеуметтенудің қажетті және маңызды бөлігі

Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арнаулы теорилардың бірі – құқықтың әлеуметтік аспектілері туралы сөз болмақ. Құқықтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымымен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болды.

Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа дейін өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой-пікір әлі жоқтың қасы. Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.

Кейінгі әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық әлеуметтануы, әлеуметтік юриспруденция ұғымдары әр түрлі мағынада болып, олар әлеуметтану мен құқық ғылымдарына қолданылады. әлеуметтік құқықтың юриспруденция ұғымы құқық ғылымдары дамуының әлеуметтік бағытымен белгілеп анықтаса, құқық әлеуметтануы (юридикалық әлеуметтану) ұғымы жалпы әлеуметтану ғылымынң жеке саласындағы әлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. Сонымен, бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы әлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына жеке бөлімдеріне қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық әлеуметтануы құқықыты негізінде үш мағынада қарайды.

Құқық әлеуметтануы құқықты біртұтас, бірыңғай жүйе, ерекшебір әлеуметтік құрылым ретінде қарайды. Ал, мұндай құрылым әр уақытта әлеуметтік шеңберде қаралуы тиіс. Осыған орай құқық әлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны мен атқаоатын қызметін (функциясын), оның шығуы мендамуын, өзгеру тетігін, құқықтық (юридикалық), ережелердің құрылымын, олардың қоғамдағы адамдарға, топтарға, жіктерге, т.б. пайдалылығын, тиімділігін, басқа да қоғам салаларамен, құбылыстармен байланыстарын, ықпалын зерттейді.