- •Социология ғылым ретінде
- •2.Әлеуметтік мобилділік: ұғымы және түрлері.
- •3. Социологияның зерттеу объектісі мен пәні.
- •4.Әлеуметтік құрылымның тарихи түрлері.
- •5. Социологияның құрылымы.
- •6. Әлеуметтік стратификация туралы ұғым.
- •7. Социологияның атқаратын қызметтері.
- •2) Тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)
- •3) Тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)
- •9. Социологияның басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы
- •8. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
- •1) Қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп е атайды.
- •10. Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы.
- •11. О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамасы
- •13. Әлеуметтанудың категориялары және оның әлеуметтану пәнінің қалыптасуындағы ролі
- •14. Әлеуметтанудың заңдары
- •15. Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі – хіх ғасырдың 40-жылдары
- •16. Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік ғылыми көзқарастары, ой-пікірлері
- •17. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік гуманистік көзқарастары, идеялары
- •18. Абай Құнанбаевтың әлеуметтік қоғам, адам, тұлға мәселесіндегі көзқарасы
- •19. Ахмет Байтұрсыновтың әлеуметтік, ағартушылық көзқарасы
- •20. Әлихан Бөкейхановтың әлеуметтік-саяси көзқарасы
- •21. Г.Спенсердің әлеуметтанулық теориясы.
- •1.Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
- •2.Әлеуметтік эволюция идеясы.
- •22. Ресейдегі әлеуметтанулық ілімнің дамуы, өкілдері
- •24. П. Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы
- •25. Қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік институттар, қоғамдастықтар, топтар.
- •27.К.Маркстің әлеуметтанулық теориясы, артықшылықтары мен кемшіліктері
- •28. Тұлға, адам, индивид ұғымы. Тұлғаның әлеуметтік мәні
- •29. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
- •30. Жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымы.
- •31. М.Вебердің әлеуметтанулық «түсіну», «ұғыну» теориясы
- •32.Тұлға жайындағы теориялар. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рольдер
- •34. Тұлғаның әлеуметтену процесі
- •35. Р. Мертонның әлеуметтанулық теориясы
- •36. Әлеуметтенудің түрлері мен агенттері.
- •37..Дарендорфтың «әлеуметтік шиеленіс» теориясы
- •41.Қоғам туралы ұғым. Мәні мен анықтамалары
- •42.Теориялық және эмпирикалық зерттеулер.
- •43. Қоғамның жіктелуі
- •44. Әлеуметтік бақылау.
- •45. Мәдениет- әлеуметтік танымның объектісі ретінде.
- •46. Әлеуметтік конфликт: түсінігі, түрлері және субъектілірі.
- •48. Әлеуметтік конфликт: кезеңдері мен шешу жолдары
- •49.Социологиялық зерттеудің бағдарламасы.
- •50.Девианттық мінез-құлықтың себептері, негізгі көзі.
- •51.Анкета - әлеуметтік мәлімет жинау әдісі ретінде.
- •52.Д.Беллдің қоғам дамуының «үш сатысы туралы» теориясы.
- •54. «Қазақстан-2030» стратегиясы ішкі саяси тұрақтылық туралы.
- •2. Аудандағы ұлттар бірлігі мен ішкі саясат тұрақтылықтың сақталуы мен әрі қарай нығаюы қоғамның бірлік күшімен байланысты.
- •56. Әлеуметтік статус:түсінігі, құрылымы
- •58. Әлеуметтік топтардың түрлері.
- •61. Әлеуметтік девиация.
- •65. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты мен мәні
- •66. Қоғамның демографиялық құрылымы
- •67. Қазақ халқының демографиялық даму тарихы
- •69. Қоғамның дамуы, қозғаушы күштері. «қозғалыс», «өзгеріс», «даму» ұғымдары
- •70. Э. Дюркгеймнің «аномия» концепциясы
- •71. М. Вебердің саяси әлеуметтану жайындағы көзқарасы
- •74. Маргинализацияның пайда болу себептері және оны жою жолдары
- •76. О. Конттың отбасы жайындағы көзқарасы
- •77. Неке дегеніміз не?
- •78. Отбасы әлеуметтік институт ретінде. Отбасының пайда болуы, түрлері. Отбасының қызметі
- •79. Отбасының тәрбиелік қызметі
- •80. Дін әлеуметтануы. Қоғамдағы діннің алатын орны.
- •81. Білім әлеуметтендірудің Әлеуметтік білім – теория мен практиканыњ бірлігінде қалыптасады.
- •86. Қоғамдағы нашақорлық мәселесі және онымен күрес.
10. Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы.
XVIII ғасырда қазақ даласында болған европа ағартушыларын кең далада еркін жайылып жүрген табын-табын жылқылар, отар-отар қойлар, түйелер және оларды бағып жүрген салт-аттылар таңқалдырған еді. Әсіресе жазғытұрым, малшылар өздерінің малдарын өзен, көлдердің жағалауында орналасқан жайлауларға орналастырып, ақ шаңқан киіз үйлерін тіккен кезде ерекше көрініс көзге түсетін. Аспандағы құстардың үнімен үндесіп ауыл ішінде домбыраның әуені естілетін. Домбыраның үніне қосылып махаббат жәйлі, батырлардың ерлігі жәйлі айтылған әндер жырланды. Осындай керемет көріністерден әсер алған, сезімтал батыл саяхатшылар өз елдеріне келісімен өз отандастарына, Евразияның кіндігінде "шулы қалалардан" алыста табиғатпен гармониялы түрде үндескен көшпелі қоғамның барлық халқы "табиғи теңдікте" өмір сүріп жатқаны жайлы басылымдарда жарыса жазған еді.
11. О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамасы
Әлеуметтік статика – қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы. Конт қоғамды барлық бөліктері өзара тығыз байланысты, бір-бірімен берік бірлікте ғана тануға болатын органикалық тұтас дүние ретінде қарастырады. Бұл тұжырымдама индивидтер теориясына, яғни қоғамды жеке адамдардың (индивидтердің) келісім – шарттарының жемісі ретінде түсіндірушілерге қарсы бағытталған. Қоғамның құрылымын айқындап, үйлесімділік пен тәртіпті қамтамасыз етіп отыратын принциптерді зерттеу кезінде Конт осы принциптерді оларды жүзеге асыратын әлеуметтік саясатпен тығыз байланыстырады. Ол алдымен негізгі қоғамдық институттарды (отбасы, мемлекет, дін) олардың әлеуметтік қызметі, әлеуметтік ықпалдастықтығы тұрғысынан қарастырады. Конт заңы бойынша, адамзат қоғамы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш сатысын басынан өткереді. Конт Ағарту дәуірінің ғалымдары өз заманының әлеуметтік тәртіптеріне тым шүйліге қарап, қоғамдық институттар арасындағы байланыстарды лайық бағалай алмады деп санады. Сондықтан ол осы мәселемен түбегейлі айналысып, жаңа пәнді «әлеуметтік физика», кейіннен біржола «әлеуметтану» деп атап, ғылыми айналымға енгізді. Ол экономикалық өмір, әр замандағы үстем идеялар, индивидуалдық пошымдары, отбасы құрылымы, тіл және әлеуметтану ғылымының ерекше объектілері деп белгіледі. Адамзат ақыл-ойының даму барысын үш белескен: теологиялық (үш мың жылдай уақыт), метафизикалық (XIV-XVIII ғасырлар), позитивтік немесе ғылыми белестерге бөледі. Конт сондай-ақ ғылымдар иерархиясын ұсынып, оны математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану деп көрсетеді. Әлеуметтану деп өзі бөліп көрсеткен ғылымда ол «қоғам», «әлеуметтік организм», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құбылыс» секілді терминдерді қолданып, біржола орнықтырды. Бұл курстық жұмыс социология ғылымының негізгі салушы О. Контты қарастырады.
13. Әлеуметтанудың категориялары және оның әлеуметтану пәнінің қалыптасуындағы ролі
Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; « әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус»,« әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т.б. Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық.
