Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология ғылым ретінде_0.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

20. Әлихан Бөкейхановтың әлеуметтік-саяси көзқарасы

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан аса ірі қоғам және саясат қайраткері, оқымысты, жазушы, Петербург массондарының мүшесі. Ол Ресейдің І Думасының депутаты. «алаш» қозғалысын ұйымдастырушы, әрі «алаш» партиясының көшбасшысы, ұлттық «Алаш Орда» үкіметінің төрағасы, т.б. саяси-әлеуметтік қызметтер атқарады.

Санкт-Петербургтегі орман шаруашылық институтын бітіргеннен кейін, ол Омбыға келді. Мұнда ол 14 жыл тұрып, жұмыс істейді. Ол бұрын зерттелмеген қазақ даласындағы әлеуметтік жағдайларды жан-жақты зерттеді, өзінің туған елін, халқын қорғап бірнеше мақалалар жазып, зерттеу қорытындыларын жарыққы шығара бастайды. Ә. Бөкейхан орыс шаруаларының қазақ елінің Солтүстік және орталық аймақтарында қоныстануына үзілді-кесілді қарсы болады. Ал, бұл процесс жыл сайын қарқын алып отырғанын көрсетті. Осы қоныстанудың барысында қазақ халқы 40 миллионнан астам гектар құнарлы жерінен айырылды, ал, жергілікті халық шөл және шөлейт т.б. құнарсыз жерлерге ығыстырылды. Осыған орай Ә. Бөкейхан шамасы келгенше бұл процесті тоқтатуға барлық шараларды қолданды. Ол патша үкіметінің отаршылдық саясатын жан-жақты әшкерелейді. Осы мазмұндас мақалалар Санкт-Петербургте шығатын «Сібір мәселелері» журналында 1908-1909-жылдары жиі жарияланып тұрды.

Ә.Бөкейханның мұндай алдыңғы қатарлы, әлеуметтік ғылыми жаңа көзқарастары, ой-пікірлері қазақ қоғамының қазіргі өмір жағдайына аәйкес келіп, іске асырылуда.

Ә. Бөкейхан басқарған Қазақ кадеттерінің бағдарламалық міндеттері көптеген мәселе бойынша орыс кадеттерінен айырмашылықтары болды. Біріншіден, Ә. Бөкейхан қоғамдық-әлеуметтікқатынастарға түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті, екіншіден,ол ұлттық мәселелерді шешуде де әлдеқайда терең ойлап ілгері кетті. Ол патша үкіметінің отарлық саясатын әшкереледі, бұл саясат іс жүзінде қазақ қоғамын дамытпай отырғаны былай тұрсын, қайта қазақтардың рухани әрі әлеуметтік қатынастарының азғындауына әкеліп отырғанын көрсетті.

21. Г.Спенсердің әлеуметтанулық теориясы.

О.Конттың ой-пікірлері, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқтасақ, Г.Спенсердің әлеуметтану теорясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвинның биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.

1.Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;

2.Әлеуметтік эволюция идеясы.

Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ,1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.

Г.Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді. О.Конт пен Г.Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.