Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология ғылым ретінде_0.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

80. Дін әлеуметтануы. Қоғамдағы діннің алатын орны.

«Ислам - дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз» Н.Ә.Назарбаев

Дін – халық мәдениетінің рухани негізі, баға жетпес құндылығы. Оның қоғамда алатын орны зор және ерекше, діні жоқ, яғни дінсіз қоғамды елестету мүмкін емес.Тарих қойнауына үңіліп, беттерін парақтасақ, қай ұлттың болмасын, қалыптасуы, даму қарқыны, көркею үдерісі жайында тілі, діні, мәдениеті, өнері, кәсібі мол ақпарат береді. Дін ұзақ жылдар бойы, ғасырлар бойы қалыптасып таралған.

Бізідің мемлекетіміз –Тәуелсіз, зайырлы мемлекет, яғни қай дінді қабылдаймын десең, өз еркің. Қазір әлемдік үш дін – Ислам, Христиан, Будда діндері бар. Үндістан жерінде Гаутама негізін қалаған әлемдік Будда дінінің басты кітабы Таурат болса, Исаның Інжілі – христиандық адамдардың, сол дінге табынушылардың кітабы. Ал біздің елімізде кеңінен қанат жайған дін – Ислам діні. Бұл діннің негізін салушы – Мұхаммед Пайғамбар, ал қасиетті кітабы – Құран кәрім. Осы әлемдік үш діннің басқа иудаизм, даосизм, конфуциялық, синтоизм секілді этностық діндер мен анимизм, тотемизм сияқты дәстүрлі діндер де бар. Қазіргі қоғамдағы жас ұрпақ арасында жоғарыда аталған діндер туралы мәлімет беріп, ақпарат тарату - өмір талабы. Себебі оңы мен солын, ақ пен қараны, жақсылық пен зұлымдықты енді ғана ажырата бастап, әлі толық қалыптасып үлгірмеген жас буынға дін туралы түсінік қалыптастыру арқылы оларды кесе-кедергілерден аман алып қалуға болады.Олай деуімізге негіз бар: діннің не екенін, мақсаты мен мұратының қандай екенін жете түсінбеген қаракөз қандастарымыз түрлі жалған ағымдардың жетегінде кетіп бара жатыр. Жалған ағымдар әркез дінге қайшы, оны жақтамайды, олар – халықаралық лаңкестік ұйымдастырушы, діни экстремизмді жақтаушы секталар, теріс ағымдағы топтар мен дінмен он қайнаса да, сорпасы қосылмайтын ұйымдар. Олардың мақсат-мүддесі – біреуге немесе бір ұйымға, тіпті мемлекетке жала жабу, жамандық жасау, қастандық ұйымдастыру, ағайынның ортасына от тастау, ұлт пен ұлыстың арасына алауыздық туғызу, қақтығыстың тууына ұйытқы болу, аққа күйе жағу, бейбіт өмірді бұзу.

81. Білім әлеуметтендірудің Әлеуметтік білім – теория мен практиканыњ бірлігінде қалыптасады.

Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, µмірді жалпы және арнаулы баѓыттардыњ дењгейінде т‰сіндіріп, оныњ дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оныњ одан әрі даму зањдарыныњ баѓытын, кµрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер – нақтылы қ±былыстар мен процестер туралы жања маѓл±мат, хабарларды алумен байланысты.Ал, б±л маѓл±мат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді қолдану арқылы іске асырылады. Ал теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістері арқылы іске асырлады.

Әлеуметтік білімнің құрлымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс- әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар – мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуінің, тәртіпке келітірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрлымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мынылар: 1. Қоға біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұның зерттейді.

2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын – экономикалық, саяси, рухани, т. б. салаларын, әр бір салада жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесінде алатын орны мен байланысы туралы білімдер болу керек.

4. Саяси әлеуметтануға кіретің алуан түрлі ғылми түсініктер, ой пікірлер, теориялар. Бұған жататың зерттеу объектілері:

а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;

ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;

б) қоғамның саяси жүйесінің құрлымы, қызметі және фукциясы туралы;

5. Әлеуметтік институттардың қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қорытындылар;

6. Жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.

Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процестерді терең талдап, кең қорытынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік білімнің үш негізгі деңгейі бар:

а) жалпы әлеуметтану теориясы;

ә) эмперикалық әлеуметтану;

б) орта деңгей теориялары.

82. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстандағы ұлт саясаты

83. Нарықтық қатынастар жағдайындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар

Бұрыңғы Кеңес Одағы кезінде Ресей империясына тәуелді басқа елдер сияқты Қазақстан да езгінің астында болды. Адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы – Кеңес халқын құрамыз деген желеумен орындастыру саясаты жүзеге асырылды. Тарихымыз өрескел бұрмаланды. Мәдениетімізден, тілімізден айырылып қала жаздадық, ал, экономикамыз тек шикізат өндірілетін ауданға айналды. Бізден алынған өнімді КСРО шетелге бірнеше жоғары бағамен сататын. Мысалы, Ақтобе облысындағы тау-кен комбинаты КСРО-дағы хром кенінің 95% –нын құрайды. Комбинатқа оның әрбір тоннасы үшін 27 сом төлейтін. Ал, КСРО-ның сыртқы экономикалық байлансытар министрлігі оны 23 есе қымбат бағамен валютаға сататын. Балхаштың мысын 16 есе артық бағамен сататын. Алтын,ғ күміс, мұнай, темір, көмір, т.б. өз алдына өндіріліп, Орталыққа тегін жөнелтіліп жатты.

Мұндай жағдайлар басқа да “одақтас” Кеңестік республикаларда да орын алып келді. Әлбетте, осындай әділетсіздіктер халықтардың ұлттардың наразылығын туғызбай қойған жоқ. Қатаң әміршіндік- әкімшілік режимнің қаһарынан сескенгендіктен наразылықтарын ашық білдіре алмады. Дегенмен, бұған қарамастан кейбір республикалардың қалалырында ірі өндіріс ошақтарында тотолитарлық режимге қарсы бас көтерушілер орын алып отырды, олардың ішінде Қазақстандағы 1986-шы әлемде дүр сілкіндірілген әйгілі Желтоқсан оқиғасы Одақ көлемінде темір бұғауды бұзып- жарып шығуға талпынған алғашқы әрекет болғаны баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасы егемендігін тәуелсіздігін алғаннан кейін жағдай көп өзгере бастады. Қазіргі нарықтық жағдайда Қазақстанда тұратын ұлттар, ұлыстар өмірдің, қоғамдық өндірістің қай саласындаболмасын толық билікке, теңдікке, еркіндікке, бостандыққа қолыжетті. Ұлттар арасында сенімділік, ынтымақтастық, келісушілік, түсінушілік күшейе түсті. Осылардың негізінде республикада ұлт пен ұлыстар арасында жанжалдар, дау-дамайлар жоқ. Олардың арасындағы алуан түрлі қатынастар қоғам бірлігін, тұтастығын күн сайын дамытып жетілдіруде. Кездейсоқ жағдаймен кейбір ұлтаралық мәселе туа қалса, оны біздің өкімет бейбіт түрде шешуіне күмән жоқ.

Өндіріс ошақтарда, ұжымдарда, фирмаларда, бірлестіктерде, акйионерлік қоғамдарда, корпорацияларда, шаруашылықтарда т.б. алуан түрлі ұлт өкілдері бір адамдай еңбек етеді. Мұның өзі республикада тұратын 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың онан әрі дамып, гүлденіп, әл-ауқатының, тұрмысының жақсара беруінің зор кепілі болып есептеледі.