Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология ғылым ретінде_0.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

67. Қазақ халқының демографиялық даму тарихы

Ортақ ұлттық тіршілігіміз – халықтық демографиялық өмірбаянымыздың жемісті де жеңісті өсу қарқыны басталды. Алда тосып тұрған жауапкершілік пен отаршылдық сияқты әртүрлі тарихи қиыншылықтар мен сан қилы әлеуметтік апаттарға қарамай, осы өткен 525 жылдың ішінде біздің санамыз 10 есеге жуық өсе алған. Біздің жыл санауымызға дейін, яғни осыдан 2000 жыл бұрын қазақ халқының құрамына енген түркі тілдес ру-тайпалар саны 200 мың адамға жеткен. Қазақ халқы сәтті өсіп келе жатқан кезінде алғаш рет қатты жауапкершілікке ұшырар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарына тап болды. Осы екі жылдың қияметті кезең халқымыздың тірнектеп 258 жыл бойы жинаған санының жартысын жоқ етіп, оны демографиялық деңгейі жағынан 128 жылғатөмен түсіріп тастады.

1725 жылдан бастап 191 жылға созылған (1916ж.) екінші сәтті демографиялық қайта өсу кезеңіміз басталды. Осы кезеңде, яғни 1916 жылға дейін қазақтың саны 2,5 еседен астам қайтадан өсті. Ақтабан шұбырындының шығыны 100 жылда әрең тоқтады.

1916 жылдың ортасынан бастап қазақ үшін баяу болса да, бірқалыпты демографиялық даму үрдісі аяқталып, жаңаша «отыз жыл (1916-1945ж.) ойран» басталды. Дәл осы жылы қазақ халқы сан жағынан өзінің ең биік тарихи шыңына көтеріліп үлгерді.

(1931-1933ж.) ашаршылық және Ұлы Отан соғысы, жалпы алғанда барлығы 13 жылға созылған қасіретті демографиялық апаттар халқымыздың санын 3,5 млн. олқыландырып кетті. 1916 жылдың деңгейіне қазақтар 50 жылдан соң, тек 1966жылы ғана көтеріле алды.

1946-1960 жылдар аралығында халқымыздың өсу қарқыны 1,5-2,0 %-тен 4 %-ке дейін үдей түссе, 1960жылдан 1988 жылға дейін бір деңгейде сақталып қалды.

«Демографиялық қайта жаңғыру» деген 1970-2000 жылдардағы отыз жылдық кезең бізге несімен құнды? 1990 жылдың ортасында әлемдегі барша қазақтың қасиетті жеті нөлі бар 10.000.000 млн. адамға жетті.

2000 жылы яғни ХХІ ғасырда туған халқымыз едәуір есейіп, салмақты санға ие бола алды. Алдын ала жасалған жорамалдарға қарасақ 2025 жылы халқымыздың саны 15.000.000 млн. адамға жеткен. Осы жылдары Қазақстандағы халық санының 3/2 қазақтардың өздері құрайтын болады деп жорамалданған.

Халқымыздың саны 2000 жылы 15.000.000 млн. адамға жетті, ал енді 1-ші кестеде көргендей, халқымыздың саны осындай қарқынмен көбейсе 2030 жылы 20.000.000 млн. жетеміз деген үміт бар.

Бірақ еліміздің президенті Н. Назарбаевтың жоспары бойынша 2015 жылы халық саны 20 млн. болуы қажет. Сондықтан халықтың санының азайып кетпей, одан әрі көбеюіне барлығымыз бірдей атсалысайық..

68. Қазіргі Қазақстандағы қала мен ауыл-селоның әлеуметтік көкейтесті мәселелері

Қала мен ауыл-селоның әлеуметтік көкейкесті мәселеріне олардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін, мүдделерін қамтамасыз ететін, қанағатандыратын мәселелер жатады. Олар, ең алдымен, қала мен ауыл-село тұрғындарының әлеуметтік-материалдық тұрмысын ұдайы жақсарту, олардың мұң-мұқтажын жақсарту, талап-тілектерін орындау, жұмыспен қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты жою, жалақыны көбейтіп, оны уақытында беріп отыру, жұмыс жағдайын жақсарту, еңбеккерлердің бос уақытын, демалысын дұрыс ұйымдастыру, жас өспірімдерге лайықты тәрбие беру, білікті, сапалы маман кадрларды дайындау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау тұрмыстық қызмет көрсету, зейнеткерлерге ұдайы қамқорлық жасап отыру, мәдени-ағарту мекемелердің жұмысын ұдайы жақсартып отыру.Жалпы алғанда, қаланың жағдайы қалатұрғындарының тұрмыстық, материалдық жағдайы, қажетті мүмкіндіктерді табу, орындау жағынан ауыл-селодан көп алда деп айтуға болады.