Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология ғылым ретінде_0.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

86. Қоғамдағы нашақорлық мәселесі және онымен күрес.

Бүгінде нашақорлық-қоғамдағы өзекті мәселелердің бірегейіне айналып отыр. Облыстық әкімдікте өткен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссия отырысында осы мәселе қозғалды.

Қаладағы темір жол вокзалында, пойыздарда, әуежайда есірткі құралдарының заңсыз айналымының жай-күйі және есірткі саудасымен күрес жөнінде атқарылған шаралар туралы сөз алған баяндамашылардың хабарлауынша, ағымдағы жылдың сегіз айы ішінде ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде жалпы салмағы – 3839,67 грамм заңсыз есірткі айналымының екі фактісі анықталған. Сондай-ақ осы уақыт аралығында кедендік бақылау департаментінің жасырын тауарлармен күрес басқармасының қызметкерлері салмағы-390,55 грамм марихуана тапқан. Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орай нашақорлықтың алдын алу бойынша 2011 жылғы маусымның 1-нен бастап 30-ы аралығында өткізілетін айлықтың КОНЦЕПЦИЯСЫ

1987 жылдан бастап, жыл сайын 26-шы маусымда дүниежүзі Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күнін атап өтеді. Қазақстанда 2011 жылғы маусымның 1-нен бастап 30-ы аралығында осы күнге арнап «Есірткісіз әлем» ұранымен нашақорлыққа және заңсыз есірткі айналысына жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша айлық өткізілмек.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық – жаһандық ауқымда ғана емес, дамып келе жатқан Қазасқтанда да өршіп келе жатқан мәселе болып отыр. Нашақорлық есірткіге құмарлық дерті ретінде қылмыстық істер жасауға бастар жол болып табылады. Нашақорлық дертінің әсерінен кейбір жеке қылмыстардың жасалуы нашақорлықтың қоғамдық қауіптілігін көрсетеді.

Есірткі тұтыну мәселесі – бұл рухани иммунитеті әлсіреген қоғамды, яғни әркім тек өзінің қара басының қамын ғана ойлайтын және тек өзінің жеке материалдық мүддесін ойлаумен шектелетін қоғамды жоятын әлеуметтік дерт, міне қазіргі әлемдегі жалпы жағдай осындай.

БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасының бағалауына орай есірткі тұтынушылардың жалпы саны 200 млн. адамнан асады, яғни бүкіл жер шарының 3,4%- н, немесе 15 –тен бастап одан жоғары жастағы тұрғындардың 4,7%-н құрайды. Қазіргі уақытта әлемде каннабистік топтағы есірткіні 160 млн-ға жуық адам тұтынады, 42 млн – САР (оның ішінде 8 млн. экстази), 14 млн. аса – кокаин, 15 млн. жуығы – опиатты (оның ішінде 10 млн. жуығы - героин). Олардың героин, кокаин, экстази сияқты аса қауіпті түрлерін тұтынушы тұлғалар саны жылдан жылға көбейіп бара жатқаны байқалады.

Бүгінгі күні Қазақстанда есірткіні тұтыну мен таратуға қатысты ахуал кәмелетке толмағандардың, балалар мен жасөспірімдердің өміріне нақты қауіп төндіруде, өйткені қазіргі қоғамның теріс әлеуметтік құбылыстарын тез әрі көбірек қабылдайтындар солар болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық нашақорлықтың медико-әлеуметтік мәселелері ғылыми-тәжрибелік орталығының деректеріне сәйкес психобелсендіргіш заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар диагнозы өмірінде бірінші рет қойылған тұлғалар саны 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда аздап 61396 адамнан 60609 адамға азайған (100 мың тұрғынға шаққанда - 390,4 –тен 381,5-ке).Бұл көрсеткіш Алматы қ. (1351,1), ШҚО (649,7), Атырау (438,7), Қарағанды (432,7), Павлодар (424,9), Қызылорда (354,0) және Солтүстік-Қазақстан (336,2) облыстары мен Астана қ. (333,0) республикалық деңгейден жоғары. Анықтаудың ең төмен көрсеткіштері – Қостанай (251,0), Батыс-Қазақстан (229,7), Оңтүстік-Қазақстан (176,3), Жамбыл (172,4), Ақтөбе (151,7), Маңғыстау (132,9) облыстарында және әсіресе – Алматы облысында (89,1).

Балалар мен жасөспірімдердің девианттық мінез-құлық түрі ретінде нашақұмарлықтың негізгі себептерінің арасында бос уақытты қызықты өткізу бойынша нақты бағдарламалардың болмауы, кәмелетке толмағандардың бос жүруі, әлеуметтік мәртебенің күрт өзгерістер – қоғамдағы таптық бөліністер, қоғам құндылықтарының құлдырауы - өмірлік құндылықтардың жойылуы, отбасы байланыстарының әлсіреуі, психобелсендіргіш заттар түрлерінің тым көп болуы мен оңай қолжетімділігі сияқты әлеуметтік факторлар бірінші орында тұр. Көбінесе есірткіні қоғамдық орындарда: мектептерде, би алаңдарында, кафелерде, көшеде, саябақтарда, есірткі таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде сатып алады.

Нашақорлық қазіргі кезде бүкіл әлем халқы үшін өте ауқымды, шешуін таптырмас әрі аса қауіпті әлеуметтік мәселелер қатарына енеді, ол адамзаттың денсаулығы мен өміріне зор қауіп төндіріп отыр. Гепатит, АИТВ-инфекция, ЖИТС сияқты аурулармен тығыз байланысты.

Айлық өткізудегі мақсат: Қоғам назарын халықтың нашақорлықпен әуестену мәселесіне аудару және бүкіл мүдделі мекемелердің күш-жігерін нашақорлықтың дамуына тосқауыл қоюға бағыттау.

87. Салауатты өмір салты – тұлға дамуының басты шарты

88. Экономика әлеуметтануы, объектісі

89. Тілдің мәдениетті дамытудағы рөлі

90. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың тұлғаның қалыптасуындағы рөлі

1. Ұлттық сана. Егерде ұлттық санаға келетін болсақ, біз бірінші кезекте оған-идеологияны, психологияны, менталитетті, патриотизмді, тәрбиені жатқызамыз.

Қазақ халқы өз алдына дербес мемлект болып, көшпенді өмір салтымен өмір сүргенде онда негізінен рулық сана басым болды. Сол кезде қазақ қоғамының өмір салты соған беймделген болатын және ол кездегі адамдар аталас, рулас болып топтасып өмір сүрді. Бұл үрдіс Ресейге отар болғаннан кейін де өзінің жалғасын тапты. Тек жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде большевиктердің қазақтарды күштеп ұжымшар, кеңшарларға орналастыруына байланысты және тоталитарлық жүйенің интернационалдық идеологиясының салдарынан рулық сана әлсіреп, космополиттік сана күш ала бастады.

2. Ұлттық құндылық. Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық санадан кейінгі маңызды орын алатын ұлттық құндылық. Ұлттық құндылыққа – ұлтымыздың мәдениетін, әдебиетін, өнерін, музыкасын, спортын жатқызамыз.

Егерде ұлттық мәдениетке келетін болсақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне бейімделген ежелден өзінінің ұлттық мәдениетін қалыптастырды. Ол мәдениет негізінен көшпенді өмір салтына бейімделген болатын. Сондықтан қазіргі қазақ мәдениетін еуразиялық ұлы дала көшпенділерінің мұрагері деуге болады.

Қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлердің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазаққа өте ыстық, әрі қасиетті болып көрінеді. Сол себепті қазақ халқы аңыз-әңгімелерінде, өлең-жырларында өзінің өмір сүретін табиғат ортасының сұлулығы мен әсемдігін творчествалық шығармашылыққа арқау еткен.

3. Ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде дегеніміз сол ұлттың рухани, әлеуметтік, қоғамдық дамуында шешуші роль атқаратын оның басты белгілері. Біздің пайымдауымызша бүгінгі кұні қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретінде оның басты мүдделері – тәуелсіздігіміздің нығаюы, жеріміздің тұтастығы, тіліміздің дамуы, дініміздің сақталуы, салт-дәстүріміздің өркендеуі. Олай болса еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері осы жоғарыда көрсетілген ұлттық мүддеміз қалай қорғалып, қалай дамып келеді, соған талдау жасап көрелік.

Тәуелсіздігіміз туралы сөз жүзінде айтылудан кенде емес және жылда 16 желтоқсанда оны атап өтуді ұмытпаймыз. Бірақ та тәуелсіздіктің шын мазмұнына үңіліп, оған сараптама жасап, ғылыми баға беріп жатқан ешкім жоқ.

12. Қазақстандағы орташа таптың қалыптасуы.

39. Қазақстандық социологияның қалыптасу тарихы.

47. Глобализация процесі

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

  1. “менталдық” немесе мәдени Жаһандану

  2. экономикалық жаһандану

  3. аумақтық Жаһандану

  4. ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану

  5. этникалық Жаһандану

53. Байқау-әлеуметтік мәлімет жинау әдісі ретінде .

55. Эксперимент- әлеуметтік мәлімет жинау әдісі ретінде.

57. Социометрия әдіс ретінде

59. Сұхбат- әлеуметтік мәлімет жинау әдісі ретінде.

62. Әлеуметтік айқындама.

63. Әлеуметтік тартыстарды және олардың функциясын жіктеу

64. Әлеуметтанлық зерттеу әдістері: құжаттарды талдау (дәстүрлі және контент талдау)

75. Әлеуметтік зерттеу әдістері, салыстыру және математикалық-статистикалық әдістер

84. Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы. Қазақстан қоғамының ішкі саяси тұрақтылығы мен топтасуы

85. Қазіргі білім беру жүйесіндегі үрдістер