Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология ғылым ретінде_0.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

24. П. Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы

Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968жж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцмяға кетуге мәжбүр болды.

П.А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі – қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші - И.А.) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндаға әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негігі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл – парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде – интуицияның (яғни, жорам-алдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.

П. Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтау әрекеті, талабы болады. П. Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады.

П. А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: «Егер мобильдік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік страталар да болмас еді.» Қоғам бұл жағдайда бір қабатты екінші қабаттан бөліп тұратын едені мен төбесі жоқ ғимаратқа ұқсас болар еді.

25. Қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік институттар, қоғамдастықтар, топтар.

Қоғамның құрылымы өте күрделі. әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.

Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

Әлеуметтік қоғадастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.

Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымының басты элементтеріне әлеуметтік институттар жптады дедік. Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрлеруін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

4) Отбасы институты

1) Экономикалық инстиуттар

2) Саяси институттар

3) Рухани саланың институттары

Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

26. Әлеуметтік ереже туралы ұғым.

Әлеуметтік ережелер - белгілі бір мәдениет құндылықтарына сай және қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын нығайту мақсатында қоғамдық өмірді және адамдар іс-әрекетін реттейтін ережелер жиынтығы. Әлеуметтік ережелер әлеуметтік құндылықтар не- гізінде жасалады. Егер әлеуметтік құндылықтар әлеуметтік шынайылық құбылыстары мен процестеріне қатысын кәрсетсе, онда Әлеуметтік ережелер оны қалай жүзеге асыру жәніндегі мәселелерді қарастырады. Сондықтан олар адам мінез-құлықтарына қатысты нақтылы өмір жағдайында қолданылатын ұстанымдарды бекітеді, белгілейді. Әлеуметтік ережелер әдетте әлеуметтік ынталандыру немесе жазалау, яғни, жағымды немесе жағымсыз санкциялар қолдану арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік ережелер құқықтық және моральдық болып бөлінеді