Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология ғылым ретінде_0.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

61. Әлеуметтік девиация.

Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады. Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар: 1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді. 2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

65. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты мен мәні

Социологиялық зерттеудің мақсаты айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады деген нақты сұраққа жауап беру керек.

Мақсат пен гипотезаларға сай зерттеу міндеттері айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді.

Негізгі зерттеу міндеттері орталық сұраққа жауап ретінде зерттеу мәселелерін шешудің құралдары мен жолдары қандай деген ізденісінен тұрады.

Негізгі емес міндеттер зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ, қосымша гипотезаларды тексеру үшін қойылады. Негізгі емес міндеттер жаңа бағдарлама бойынша, жаңа зерттеу дайындауға көмек көрсете алады.

Зерттеу пәні зерттеу мәселелерін едәуір толық айқындайтын, объект қасиеттері мен жақтарынан тұрады

66. Қоғамның демографиялық құрылымы

Қоғамның әлеуметтік құрылымында елеулі орнын әлеуметтік-демографиялық «өлшемдер» алады, оған келесі тұрғындар құрылымы жатады: жыныс-жастық, отбасылық және генетикалық. Бұл құрылымдар бөлек территория бойынша, тұрғындардың қалыптасуы мен ұдайы өсу үрдісінің нәтижесі мен шарттары болып табылады. Әлеуметтік-демографиялық құрылым бұл - туу, өлу, некелесу, ажырасу, қала мен ауыл мекендері арасындағы тұрғындардың миграциялық алмасу сияқты құбылыстардың статистикалық параметрлері болып белгіленеді.

Белгіленген құрылымның әрқайсысы тұрғындарды келесі белгілер бойынша құрамын сипаттайды: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған жері, белгілі жерде тұру уақыты. Тұрғындардың құрамын және оның өзгеру заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы өте зор. Ол ең алдымен қоғамның келешегін білу үшін, экономикалық-әлеуметтік жоспар құрып, салуатты саясат жүргізу үшін қажет. Тұрғындардың даму келешегін алдын ала көре білу, демографиялық болжам жасау - әрқашан да ғылымның алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.