- •Социология ғылым ретінде
- •2.Әлеуметтік мобилділік: ұғымы және түрлері.
- •3. Социологияның зерттеу объектісі мен пәні.
- •4.Әлеуметтік құрылымның тарихи түрлері.
- •5. Социологияның құрылымы.
- •6. Әлеуметтік стратификация туралы ұғым.
- •7. Социологияның атқаратын қызметтері.
- •2) Тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)
- •3) Тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)
- •9. Социологияның басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы
- •8. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
- •1) Қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп е атайды.
- •10. Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы.
- •11. О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамасы
- •13. Әлеуметтанудың категориялары және оның әлеуметтану пәнінің қалыптасуындағы ролі
- •14. Әлеуметтанудың заңдары
- •15. Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі – хіх ғасырдың 40-жылдары
- •16. Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік ғылыми көзқарастары, ой-пікірлері
- •17. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік гуманистік көзқарастары, идеялары
- •18. Абай Құнанбаевтың әлеуметтік қоғам, адам, тұлға мәселесіндегі көзқарасы
- •19. Ахмет Байтұрсыновтың әлеуметтік, ағартушылық көзқарасы
- •20. Әлихан Бөкейхановтың әлеуметтік-саяси көзқарасы
- •21. Г.Спенсердің әлеуметтанулық теориясы.
- •1.Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
- •2.Әлеуметтік эволюция идеясы.
- •22. Ресейдегі әлеуметтанулық ілімнің дамуы, өкілдері
- •24. П. Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы
- •25. Қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік институттар, қоғамдастықтар, топтар.
- •27.К.Маркстің әлеуметтанулық теориясы, артықшылықтары мен кемшіліктері
- •28. Тұлға, адам, индивид ұғымы. Тұлғаның әлеуметтік мәні
- •29. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
- •30. Жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымы.
- •31. М.Вебердің әлеуметтанулық «түсіну», «ұғыну» теориясы
- •32.Тұлға жайындағы теориялар. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рольдер
- •34. Тұлғаның әлеуметтену процесі
- •35. Р. Мертонның әлеуметтанулық теориясы
- •36. Әлеуметтенудің түрлері мен агенттері.
- •37..Дарендорфтың «әлеуметтік шиеленіс» теориясы
- •41.Қоғам туралы ұғым. Мәні мен анықтамалары
- •42.Теориялық және эмпирикалық зерттеулер.
- •43. Қоғамның жіктелуі
- •44. Әлеуметтік бақылау.
- •45. Мәдениет- әлеуметтік танымның объектісі ретінде.
- •46. Әлеуметтік конфликт: түсінігі, түрлері және субъектілірі.
- •48. Әлеуметтік конфликт: кезеңдері мен шешу жолдары
- •49.Социологиялық зерттеудің бағдарламасы.
- •50.Девианттық мінез-құлықтың себептері, негізгі көзі.
- •51.Анкета - әлеуметтік мәлімет жинау әдісі ретінде.
- •52.Д.Беллдің қоғам дамуының «үш сатысы туралы» теориясы.
- •54. «Қазақстан-2030» стратегиясы ішкі саяси тұрақтылық туралы.
- •2. Аудандағы ұлттар бірлігі мен ішкі саясат тұрақтылықтың сақталуы мен әрі қарай нығаюы қоғамның бірлік күшімен байланысты.
- •56. Әлеуметтік статус:түсінігі, құрылымы
- •58. Әлеуметтік топтардың түрлері.
- •61. Әлеуметтік девиация.
- •65. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты мен мәні
- •66. Қоғамның демографиялық құрылымы
- •67. Қазақ халқының демографиялық даму тарихы
- •69. Қоғамның дамуы, қозғаушы күштері. «қозғалыс», «өзгеріс», «даму» ұғымдары
- •70. Э. Дюркгеймнің «аномия» концепциясы
- •71. М. Вебердің саяси әлеуметтану жайындағы көзқарасы
- •74. Маргинализацияның пайда болу себептері және оны жою жолдары
- •76. О. Конттың отбасы жайындағы көзқарасы
- •77. Неке дегеніміз не?
- •78. Отбасы әлеуметтік институт ретінде. Отбасының пайда болуы, түрлері. Отбасының қызметі
- •79. Отбасының тәрбиелік қызметі
- •80. Дін әлеуметтануы. Қоғамдағы діннің алатын орны.
- •81. Білім әлеуметтендірудің Әлеуметтік білім – теория мен практиканыњ бірлігінде қалыптасады.
- •86. Қоғамдағы нашақорлық мәселесі және онымен күрес.
14. Әлеуметтанудың заңдары
Әлеуметтану заңдары жалпы және жеке болып бөлінеді. Бөлу өлшемдері ретінде заңдармен бейнеленетін объектінің көлемі алынады: қоғам тұтас жүйе немесе қоғамның ішкі жүйесі, оның құрамдас бөлігі ретінде бейнеленеді, пәрмені шағын топтарға, белгілі бір әлеуметтік стратаға, әлеуметтік топқа немесе тапқа және тұтас қоғамға қолданылатын заңдар бар. Жалпы әлеуметтану заңдары — өздігінен дамитын әлеуметтік жүйе ретінде бүкіл коғамның маңызды байланыстарын көрсететін заңдар. Жеке әлеуметтану заңдары қоғамның құрамдас бөліктерінің маңызды байланыстарын, олардың ішкі дамуы мен қызмет атқаруын, сондай-ақ тұтас әлеуметгік организм ретінде қоғаммен байланысын көрсететін заңдар болып табылады. Бұдан басқа, әлеуметтануда әлеуметтану заңдары бес топқа бөлінеді, олар:
1 .әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүруін көрсететін заңдар.
2.әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланысты белгілейтін заңдар.
3.даму үрдістерін белгілейтін заңдар.
4.әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыс себебін белгілейтін заңдар.
5.әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың мүмкіндігін немесе ықтималдығын бекітетін заңдар.
Әлеуметтану заңдарының қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеуметтік процестерді басқаруда маңызы зор. Әлеуметтану заңдарыдың болуы әлеуметтануда ғылыми тәсілді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын алдын ала болжауға болмайтындығын, оның ретсіз және ала-құла екенін ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу мүмкін емес; керісінше адамның мінез-құлқын алдын ала болжауға болатындығы, оның қайталанып отыратындығы, көптеген қырларының кездесетіндігі адамзат қоғамын зерттеумен шұғылданатын ғалымдарға әлеуметтік заңдар айтуға, олардың қолданылу шарттарын анықтауға және әлеуметтік топтар мен қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын алдын-ала көре білуге мүмкіндік береді.[
15. Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі – хіх ғасырдың 40-жылдары
Ғылымның ұйғарымы бойынша, әлеуметтану ХІХ ғасырдың 40-жылдары, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі шыққанан кейін пайда болған. О.Конт бұл 6 томдық еңбегінің 3-ші томында “Социология” деген ұғымды бірінші рет қолданып, қоғамды ғылыми негізінде зерттеп білуді міндет қойды.
Ұоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болды.
Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндай сипатында болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды. Оның әр түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастады.
3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өміре қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаулардың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған жылдар бұрын грек ойшылары Сократ, Платон, Аристотель, т.б.әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар қоғам дамуының кейбір мәселелерін қарапайым түрде қарағандарымен, көптеген ұнамды, жақсы ойлар айтқан. Бірақ, әлеуметтану ол кезде өз алдына дербес, тәуелсіз ғылым болып әлі қалыптасқан жоқ еді.
