Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по философии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

19. Натурфилософия бағытының ерекшеліктерін көрсетіңіз

Натурфилософия– (латынша natura – табиғат) – табиғат философиясы; табиғатты біртұтас қарап, үстірт пайымдау арқылы түсіндіретін ілім. Натурфилософия ерте заманда, ғылыми танымның бастапқы кезеңдерінде елеулі орын алып, философияның тарихи қалыптасуының алғашқы формасы болды. Натурфилософия ұғымының шығуы стоиктерден (Сенека) басталады. Ежелгі грек натурфилософтары ғылым тарихында едәуір рөл атқарған бірқатар болжамдар ұсынды, оның ішіндегі маңыздыларының бірі – атомистік болжам (атомизм). Кейіннен Натурфилософия физика немесе физиология, яғни табиғат жөніндегі ілім деп аталды. Орта ғасырларда философияда геоцентризм түсінігінің орын алуына орай Натурфилософия ғылымы ой-өрістен христиан, ислам және иудей теологияларына ауысты. Қайта өрлеу дәуірінде натуралистік философия пантеизм негізінде дамыды. Негізгі өкілдері: Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилей сияқты ғалымдар материалистік бағыттың дамуына ықпал жасады. Поляк ғалымы Н.Коперник (1473-1543ж)гелиоцентризм теориясын жасап (gelios-күн), өзіне дейінгі Аристотель мен Птолемейдің  геоцентризмін (geos-жер) терістеп, күннің орталықта болатындығын, оның серіктерінің айнала қозғалатындығын  дәлелдеп берді.

     Н.Коперниктің ілімін әрі қарай Дж.Бруно жалғастырды (1548-1600ж).Оның философиялық идеялары табиғатты тануға бағытталған. Бруно алғаш рет әлемнің шексіздігі туралы идея айтты. Осы үшін ол 8 жыл тұтқында болып, инквизиция оны Римде отқа өртеді. Ол: «Не табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш», — деді. Олай болса, Дж. Бруно табиғат категория, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын – ды. Өлер алдында Бруно былай деп өсиет қалдырды: «Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл бола алмайды». Бруно өз идеяларында жер мен аспан әлемінің біртектілігін олардың топырақ, су, ауа, от және эфирден тұратындығын тұжырымдайды. Натурфилософия табиғатты біртұтас қарау принципін ұсынып, бірқатар терең мәнді диалектикалық қағидалар (мысалы, өзгерістің қайнар көзі қарама-қарсы бастамалардың күресінде деген ілім) тұжырымдады. Бірақ табиғатты түсіндіру астрологиялық, алхимиялық, мистикалық түсініктерге толы болды. 17 – 18 ғасырларда механистік жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуына байланысты табиғатты талдамалы және метафизика тұрғыдан зерттеу басым болып, Натурфилософия ғылымнан шеттетілді. Классикалық неміс философиясында Натурфилософия негізгі пәндердің біріне айналып, өз заманындағы жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін объективтік идеализм тұрғысынан тұжырымдамақ болған Ф.В. Шеллинг философиясынан елеулі орын алды. Ол диалектикалық полярлық идеясы арқылы дүниенің біртұтастығының жіктелуі мен жоғары формалардың төмен формалардан дамып жетілуін түсіндірмек болды. 20 ғасырларда Натурфилософияда теріс көзқарастар орын алды. Кейбір философ бағыттардың (экзистенциализм, прагматизм) өкілдері философия объектілерінің жағымсыз дүниесін зерттеумен шұғылданбауы керек деп есептеді. Неореализм, сыни онтология, марксизм, т.б. өкілдері Натурфилософия жаратылыстану ғылымдарының деректерін ескермей, табиғатты тануға дұрыс қарамаған деген пікірді ұстанды. Нақтылы Натурфилософиялық жүйелердің негізінде философияның ерекшелігін, философия мен арнаулы ғылымдардың арақатынасын ерекше түсінуге негізделген “натурфилософиялық ойлау стилі” жатыр. Оның шеңберінде философия кез келген теориялық білімнің жоғары типі ретінде қарастырылады. Экспериментті жаратылыстанудың дамуы Натурфилософиялық идеялар мен ғылыми зерттеулер нәтижелерінің бір-біріне қайшы келуіне әкелді. Мысалы,Гегель өзінің “Табиғат философиясы” деген еңбегінде жарық спектрі туралы Ньютон ілімін теріске шығарып, атомизм, эволюция идеяларын сынға алды. Қазіргі кезде натурфилософия ойлау стилі табиғатты тану саласында ғана емес, әлеуметтік құбылыстарды зерделеуде де көрініс береді.