- •1. Қазіргі жаратылыстану ғылымындағы философиялық концепцияларды атаңыз
- •2.Таным теориясындағы сезімдік пен рационалдылық бағытын анықтаңыз
- •3.Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз
- •4.Философия ғылымындағы позитивизм бағытының негізін ашып көрсетіңіз
- •5. Т.Кунның ғылыми революциялардың құрылымы туралы пікірін талдаңыз
- •6.Жаратылыстану ғылымындағы «құбылыс» және «мән» категорияларын талдаңыз
- •7.Ғылымды әлеуметтк институт ретінде талдаңыз
- •10. Ғылыми техникалық прогресс пен регресс түсінігін талдаңыз
- •11.Ғылымдағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын көрсетіңіз
- •12.Ғылыми шығармашылықтағы этикалық жауапкершілік мәселесін анықтаңыз
- •13.Жаратылыстану ғылымының жиһандық мәселелерін талдаңыз
- •16.Фейербендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз
- •17. Ғылым және өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз
- •18. Салыстырмалы және абсолютті ақиқатты салыстыра талдаңыз
- •19. Натурфилософия бағытының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •20. Компьютер және тұлғаның жаттануының мәнін ашып көрсетіңіз
- •21. Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •22. Жаһандық ғылыми шығармашылықтың жаратылыстану ғылымындағы орнын талдаңыз
- •23. Ақиқаттың когеренттік және прагматикалық концепцияларын талдаңыз
- •24. Эмпириокритицизм бағытын талдаңыз
- •25.Жаратылыстану ғылымындағы философиялық категориялардың алатын орнын атаңыз
- •26.Ғылым этикасы мен моральдық жауапкершілікті саралаңыз
- •27. «Техника антропологиясын» талдаңыз
- •28. Адам – техника жүйесіндегі басты элемент екендігін талдаңыз
- •29. Сыни рационализм бағытын түсіндіріңіз
- •30. Ғылымдағы рационалистік бағыт негізін ашып көрсетіңіз.
- •31.Ғылым генезисін анықтаңыз
- •32.Жаһандану процесіндегі әлеуметтік танымның методологиялық мәселелерін талдаңыз
- •33.Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз
- •34.Философиядағы постпозитивизм бағытын түсіндіріңіз
- •35. Постклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •36. Неоклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •37.Қазіргі заманғы дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциалының қалыптасуының кезеңдері мен заңдылықтарын ашып көрсетіңіз
- •38. Натурфилософиядағы органикалық және органикалық емес көзқарастарды салыстырыңыз
- •39.Ғылым мен философияның басты айырмашылығын көрсетіңіз
- •40. Ғылыми таным негіздерін талдаңыз
- •41. Әлемнің ғылыми бейнесін анықтаңыз
- •42. Ғылым философиясы және оның маңызын талдаңыз
- •43. Ғылыми танымның зерттеу үрдісіндегі орнын талдаңыз
- •44. Ғылыми таным ерекшеліктерін талдаңыз
- •45. Ғылымдағы эмпириокритицизм бағытының мәні және оның негізін қалаушыны анықтаңыз
- •46. Философия ғылымындағы «мән» және «құбылыс» категорияларын талдаңыз
- •47. Философия ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •51. Ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.
- •52. Ғылымдағы неопозитивизм бағытын талдаңыз
- •55. Т.Кунның ғылыми тұжырымын негіздеңіз
- •59. Ғылыми білім құрылымын анықтаңыз
45. Ғылымдағы эмпириокритицизм бағытының мәні және оның негізін қалаушыны анықтаңыз
19 ғ. аяғында позитивизімнің 2-ші түрі пайда болды, оны махизм әлде эмпириокритицизм деп атайды /Эрнст Мах, Рихард Авенариус, Пьер Дюгем, Анри Пуанкаре /конвенциализімнің қалаушысы/. Оның негізгі себебі - физикадағы метологиялық дағдарыс. Дағдарысқа әкелген оқиғаларды келесі жаналықтар құрайды: электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың ашылуы т.б., түбінде олар материя құрылысы туралы ескі көзқарасты бұзды, кейбір ғалымдар материализімнен бетбұрды.
«Екінші позитивизм» махизм мен эмпириокритицизімді біріктіреді. Махизмнің салушысы австриялық физик, философ Эрнст Мах, ал эмпириокритицизімді салған – швейцарлық философ Рихард Авенариус. Атаулары ұқсас болғансон оларды махизм әлде эмпириокритицизм деп атайды. Махизм нақты түрде материализм көзқарасын жоққа шығарып, Берклидің субъективтік идеализімін жақтайды.
Махтың ұсынған ғылыми танымдағы принцип – «ойлау экономиясы» деп аталады. Осындай принципті Авенариус «үнемді күш жұмсау» деп ұсынған. Осы екі принциптердің мағынасы –«экономды», «үнемде күш жұмсап» ойлау дегеніміз, құбылысты түсіндіру емес, жәй сипаттау.
Сөйтіп, махизм үшін сүбъективтік идеализм лайық. В.И. Ленин «Материализм және эмпириокритицизм» атты шығармасында осыларды сыңға келтірді.
46. Философия ғылымындағы «мән» және «құбылыс» категорияларын талдаңыз
Дүниедегі сан алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар біздің көз алдымызға өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әртүрлі қырларымен құбылады. Оны біз құбылыс дейміз. Сонымен қатар, қайсыбір зат, я болмаса үрдістің ішкі тұрақты, соғыстың арқасында оның өмір сүруін қамтамасыз ететін жақтары да болады, ол заттың мәнін құрайды.
Заттың көзге көрінетін , «құбылатын» жақтарының астарында оның келесі көзге көрінбейтіы қабатының бар екенін адамдар өзінің өмірдегі тәжірибесі мен іс-әрекетінің арқасында өте ерте байқаған. Бірақ оны жете түсіне алмай, заттың денелік-материалдық жақтарынан бөлек алып қараған. Мысалы, Платон заттың «эйдосы», яғни мәні, ұғымы — материалдық емес, ол мәңгі, идеалды деп есептесе, Аристотель заттың мәні ретінде оның ішкі энтелехиясын айтады. Өмір сүруге мүмкіндігі бар енжар материяны шындыққа айналдыратын оның формасы мен ішкі энтелехиясы (алдын ала берілген мақсатқа лайықты заттың дамуы).
Ортағасырлық философияда зат мәнінің қайнар көзін ойшылдар Құдайдың құдіретті күшінен іздейді.
Жаңа дәуірде бұл категорияларға аса көп назар аударған И.Кант болды. Оның ойынша, заттың бізге әсер ететін («заттың біздігі») жақтарымен (феномен) қатар, оның ішкі «өзіндік» жақтары (ноумен) бар. Заттың құбылысы — феномен, заттың мәні — танылмайтын ноумен. Адамның бар мүмкіндігі — сезім мен ақыл-ойға априорлық (тәжірибеге дейін) түрде берілген категориялар арқылы бізге өз әсерін тигізетін құбылыстарды ретке келтіру гана. Ал оның ар жағындағы жатқан мәнді, «заттың өзіндік» сырын ашу мүмкін емес.
Мұндай құбылыс пен мәнді бір-біріне қарсы қоюды Гегель қателік деп санап, «қайсыбір кұбылыс мәнді, ал мәннің өзі ертелі-кеш құбылыстар арқылы өзін көрсетеді» деген пікірге келеді.
Бүгінгі таңдағы философияда да осы категориялар жөнінде әртүрлі түсініктер бар. Неопозитивизм шынайы өмір сүретін сезімдік деректерді ғана (құбылыстарды) мойындайды. Ал экзистенциализмге келер болсақ, ол адам өмірінің мәні тек «шекаралық ахуалда» — өлім мен өмірдің екі ортасында ғана ашылуы мумкін, — деген пікірге келеді.
Әрине, құбылыс пен мән – болмыстың өзіне тән, оған терең тамырланған, олардың қайнар көзі — Дүниенің өзінде. Қайсыбір зат өзінің қайталанбас жағымен көрінуге «тырысқанмен», сонымен бірге оны басқа заттармен біріктіретін жалпы қасиеттерін де көрсетпей қоймайды. Сондықтан құбылыстарды зерттеп, салыстырып, ой елегінде олардың жалпы ұқсас жақтарын ғана қалдырып, қайталанбайтын ерекше жақтарынан бас тартудың арқасында жеке әртүрлі заттардың ұқсастығын анықтауға болады. Алайда мұндай жағдайда заттардың тек ұқсас жақтарын анықтап, сонымен қатар оның тек өзіне тән ұқсамайтын көрінісін көрсете алмас едік. Олай болса, мәнге тек заттарды біріктіретін ұқсас жақтарымен қатар, онымен бірге құйыла біткен оның ерекше мазмұны да кіреді, әр зат арқылы белгілі мән өзін байытады, болмыстағы жаңа көріністерін табады. Өйткені құбылыс тек қана мәннің ерекше көрінісі ғана емес, сонымен бірге басқа заттармен байланысқа түсіп, оны өз бойына сіңіреді. Ал қайсыбір құбылыс мәнді болғандықтан, ол сол жаңа байланыстар арқылы мәннің өзін өзгертіп, әрі қарай дамытады.
Сарапталған категориялардың танымдағы рөлі өте зор. Адам тікелей зерттеліп жатқан заттың мәнін аша алмайды. Зерттеу сатысы құбылыстарды талдап, олардың ортақ жақтарын анықтаудан басталады. Осы жолда ғылымда сезімдік нақтылықтан абстрактіліқ ұғымдарға өрлеуді байқауға болады. Алайда бұл абстрактілік мән ғана. Одан әрі қарай өрлеу қажет, яғни қайтадан ой елегі арқылы ашылған мәнге құбылыстың ерекше байлығын қосып, заттың ойлық-нақтылы көрінісін жасау қажет. Сонда ғана біз заттың ішкі сырымен қатар, оның құбылыстарының байлығын бірегей қарауға мүмкіндік аламыз.
Аталған категорияларды пайдалана отырып, бүгінгі таңдағы кейбір құбылыстарды талдап көрейік. Қоғам өміріндегі кең етек алған маскүнемдік, нашақорлық, қылмыстық тағы да басқа әлеуметтік аномалияларды (ауытқу) алсақ, кейбір саясаткерлер оның себептерін сыртқы факторлардан іздеп, оны азайту үшін «наркотрафиктерді» (тасымал жол) үзу керек деген ой тастайды. Ал, шындығында, оның терең себептері жұмыссыздық, кедейлік, әділетсіздік т.с.с. әлеуметтік факторларда жатыр. Ол факторларды жоймай, бүкіл әлеуметтік аномалиялармен күресу оң нәтижеге әкелмейтіні айдай анық. Наркотрафиктерді жойғанмен, сұраныс болғаннан кейін, оның басқа жасанды химиялық түрлері астыртын
нарықта дүниеге келуі ғажап емес…
Онда келесі сұрақ пайда болуы мүмкін: дамыған, әлеуметтік мәселелері шешілген елдерде неге осындай әлеуметтік аномалиялар кең етек алған? Ал оның терең себебі — адамның өз болмысына қанағаттанбауы, шығармашылық қабілетін сыртқа шығарып гүлдете алмауы, материалдық байлыққа бағытталған қоғамның рухани азғындауы, соның нәтижесінде жалғыздық, жаттану сияқты құбылыстардың кең етек алуы т.с.с. Сонымен қарап отырсақ, мәселе адам болмысы, оның терең мән-мағынасына келіп тіреледі.
«Адамды оның киіміне қарап қарсы алады да, ақылына қарап шығарып салады», «Адамның терең сырын ашу үшін онымен бірге бір пұт тұз ішу керек» деген т.с.с. тәжірибеден шыққан нақыл сөздер де құбылыс пен мәннің өзара байланысын көрсетпей ме?! Расында да, бір адам екіншімен танысқанда, ең алдымен өның сыртқы құбылысына (киімі, бет-әлпеті, сөйлеген сөзі т.с.с.) назар аударады. Тек жүре келе, онымен терең қарым — қатынаска түсе, бірге өмір қиындықтарын бастан өткізе келе ғана, адамның терең мән — мағынасын ашуға болады.
«Бір көргенде ғашық» болып, бір жетіден кейін үйленіп, құрған отбастарының көбінесе аянышты аяқталуы — бір-бірін жете білмегеннен, өмірді үстірт қарағаннан, құбылысты мәнге теңеуден шыға ма? — деген ойдамыз.
Бүгінгі реформалар барысында қоғам үлкен өзгерістерге түсіп, мыңдаған жаңа құбылыстар дүниеге келді. Бұрынғы қоғамнан қалған өмір құндылықтары басқаларға ауысып жатқан кезде, біршама тартымды құбылыстармен қатар терісағарлар да баршылық. Осындай ахуалда өз терең болмысынды сақтап қалу, өмірге керек құндылықтарды игеру, сонымен қатар көп келеңсіз жайттармен күресу — әрбір саналы азаматтың міндеті болмақ.
