Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по философии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

31.Ғылым генезисін анықтаңыз

Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.

Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған «нағыз ғы- лымға» дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті.

32.Жаһандану процесіндегі әлеуметтік танымның методологиялық мәселелерін талдаңыз

Жаратылыстану ғылымының жалпы методологиялық мәселелері жаратылыстану ғылымының барлық саласын өзара байланыстыратын мәселелер аймағында топтастырылады. Айталық, а) табиғат құбылыстарының жалпы байланысын, олардың өзара ауысуы, олардың өзара себепшілігінің жалпы байланыстарын ашады (өмір мәні мен оның химизмі, оның пайда болуы, мұрагерліктің физика-химиялық негіздері), әсіресе, тірі және тірі емес табиғат туралы ғылымдағы пәнаралық мәселелер – биокибернетика, биохимия, биофизика, малекулярлы биология, бионика; б) Жаратылыстанудың құбылысынан мәнге ауысуы, алдында шек түбіне жеткен материяның қозғалысы (элементар бөлшектер мен жалпы атомдар әлемі), макро және мегаобьектер жағына (әсіресе, жер аумағындағы макрокосмос пен жер аумағынан бөлектері); в) оның болмысының материясы мен формасының қозғалысын, кеңістігі мен уақытын бөлінбейтіндігін анықтау. Салыстырмалы теория, ядролы физика, элементар бөлшектер туралы ілім осы бағытта дамиды. г) даму принциптерінің өзара байланысы

33.Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз

қазіргі замандағы экологиялық құндылықтары:

-адамзат пен биосфера бірлігі

- жалпы биосфераның дамуы алдындағы жауапкершілік

-табиғатты сақтау адамзаттың басты міндеті

- табиғи сфераның өзгеруі бүкіл тіршілік иелеріне зиян келтірмеуі тиіс

-геологиялық процестермен бірге жердің қабатын өзгертуге деген адамзат ісінің өлшемдестігі

-әлеуметтік және бологиялық эволюцияның үйлесімділігі

-биосфералық ойлау принципі, ал болашақта – ноосфералық

-коэволюция принципі бойынша әлемге деген қатынасыңды басқару

-жеке құндылық, адамзат және биосфераның коэволюциясын қамтамасыз ету қабілеттілігі

Ноосфера- адамзаттың оны қоршаған ортамен ғаламдық қарым қатынасының арқасында туындағын, Леруа енгізіп, оны ары қарата Тейяром де Шарден дамытқан. Тейяром де Шарден бойынша ноосфера- ұжымдық сана, ол планетаның болашақ дамуын басқара алады және табиғатпен бір нүкте – Омегада түйіседі дейді, бұрындары молекула, клетка және организм пайда болғандай. «біз ұлы процесстің жүйелі сатыларын үзіліссіз бақыладық. Геохимиялық, геотектоникалық, геобиологиялық пульсациялардың астында әрқашан терең процесті көре аламыз,, ол алғашқы клетка болып материалданып, ары қарата жүйке жүйесінде дами бастайды. Геогенез, біз айтқандай биогенезге ауысады, ол ең соңында психогенезге айналады. Психогенез адамға алып келді.. енді ол ары қарата дамып жаңа функцияға ие болады – алғашында туылу, одан соң жанның дамуы – ноогенез».

Ноосфера туралыжаңа концепцияны В.И. Вернадский де айтты. Тірі зат ретінде оның негізі болатын жанама материяны жаңғыртады, себебі адам өзін жаратқан табиғатқа кері әсер ете алады. Тірі жан және жанама материя ретінде, бір бірімен бір және тура да кері де жүре алатын тізбекпен бірігіп, біріңғай жүйені – биосфераны түзеді, осылайша адамзат және табғи орта ноосфера жүйесін құрады.

Биосфера – планетаның тірі және өлі заттарының бірлігі, ол геологиялық та, биологиялық та, географиялық та анықтама емес. Бұл биогеохимиядағы негізгі іргелі түсінік, біздің планетамыздың ұйымдасуының негізгі құрылымдық компоненттерінің бірі. Немесе, тіршілік әрекеті арқылы биоэнергетикалық процестер мен зат алмасу жүретін ерекще қабық.

В.И.Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің космос адамзат, биосфера арасындағы байланыс туралы концепциялары Л.Н.Гумилевтің этногенез концепциясына негіз болды. Оның концепциясының негізгі түсініктерінің бірі – пассионарлық серпін – яғни қоршаған ортадан энергияны көп мөлшерде қабылдауға тырысушылық, ал артық энергияны адамзаттың белгілі бір қызмет бағытына жіберуі. Пассионарийлерге - Александр Македонскийді, Наполеонды, Марко Поло, А.Прежевальскийді, А. Эйнштейн мен Гетені және тағы басқаларды жатқызуға болады. Пассионарлық қасиет сирек байқалатын космостық сәуле шашу мен тікелей байланысты (ол мыңжылдықта 2-3 рет қана байқалады).

Биосфера мен космостың, жеке адам мен космостың, қоғам мен космостың арасындағы байланыс туралы ұғымдар біртіндеп ғылыми дүниетанымға енді. Бұл көзқарасты космизм деп, ал мұндай көзқарастың қалыптасуын ғылым мен философияның космизациясы деп атайды. Космизм идеясы В.В.Докучаевтың, В.И. Вернадскийдің, К.Э.Циолковскийдің, А.Л.Чижевскийдің, Л.Н.Гумилевтің, Н.Г.Холодныйдың, С.П. Королевтің, Н.А. Морозовтың, Н.Ф. Федоровтың, В.С. Соловьевтің, А.Белыйдың тағы басқа ,ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапты.

Ноосфера ұғымы. Ноосфера туралы екі түрлі түсінік бар:

1) ақыл-ой сферасының үстемдік етуі (Фихте);

2) адамзат пен табиғаттың ақыл-ой арқылы қарым-қатынас жасау сферасы (Теяр де Шарден, Вернадский)

Біз ноосфераны осы екінші түсінік бойынша қарастырамыз.

Теяр де Шарденнің анықтамасы бойынша, ноосфера дегеніміз – планета эволюциясының болашағынын бағыттарын бақылап отыратын коллективті саналылық, ол табиғатпен өте жақын үйлесімділік табады.

В.И.Вернадский ноосфера атауымен біздің ғаламшарымыз бен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігін түсіндірді. Биосфера тәрізді, ноосфера да Жердің барлық бөліктерін әсер етуші биогеохимиялық күш болып табылады.Ал ноосфера терминін 1927 жылы француз ғалымдары мен философтары Э.Леруа мен П.Теяр де Шарден ұсынған болатын.

Вернадскийдің биосфералық ілімі бойынша тірі заттар Жер планетасының жоғарғы қабатын өзгертеді. Адамның осындай іс-әрекеті біртіндеп ұлғая түседі де, ол негізгі планетарлық геологиялық күшке айнала бастайды. Сондықтан да адамдар ғаламшар болашағы мен эволюциясы үшін өзінің жауапкершілігін түсіне білуі керек.

Өзінің ноосфера туралы концепцияларына Вернадский мынандай алғы шарттарды ұсынады:

1) Адамзат біртұтас бүтін қоғам. Кез келген құрылық бөлігіндегі болып жатқан жағдайлар барлық жерге ортақ;

2) Байланыс пен ақпарат таратудағы жаңалықтар. Оларды жер шарының кез келген түкпіріне таратады;

3) Адамзаттың тең өмір сүруі – ноосфера үшін қажетті жағдай;

4) Адамзаттың өмір сүру деңгейінің көтерілуі, халық массасының мемлекеттік және қоғамдық істерге араласу мүмкіндігі;

5) Энергетикалық дамуы, энергияның жаңа көздері мен түрлерінің ашылуы;

6) Қоғам өмірінен соғыстың аластатылуы.

Вернадскийдің ноосфера туралы концепциясы ғылыми орталарда қазіргі кезде жан-жақты талқылануда. Ол экологиялық мәселелерді шешу мен адамзат қоғамын сақтап қалу жөніндегі идеялар мен теорияларға негіз болып саналады.