Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по философии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

23. Ақиқаттың когеренттік және прагматикалық концепцияларын талдаңыз

Соңғы кездерде ақиқат критерилерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды:

1.ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiн болуы, көп бұынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынға танымдық процедуралармен бiлiмнiң өзiне бередi.

2. ақиқатылықтың конвенционалды тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми теориялар және онда қолданылатың ұғымдар объективтiшындықтың бейнесi емес, ол адамдардың арасындағы келiсiмнiң болу (конвенция) нәтижесi.

3. ақиқатылықтың прагматикалық тұғырнамасы (көне Қытай және антика философияда өз бастамасың алған- ақиқаттың практикалық құндылығын мойындау, маркстiк философияға да тән- ақиқаттың өлшемi практиак болып есептелдi, Джемс, Дьюи, Пирс т.б. жалғасын тапты) ақиқат мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн пайдалық. Олар өздерiнiң назарын ақиқаттың әлеуметтiк маңызына, оның комуникативтiлiгiне және қоғам мен мойндалуына аударды.

Ақиқат түсінігінде тарих философиясында да, қазіргі философиялық ағымда да әр алуан пікірлер бар. Мысалы, ақиқаттың когерентті концепциясының жақтаушылары рационалистердің көзқарастарын біржақты қолдай отырып, берілген түйін дұрыс, егер ол алдында ақиқат деп есептелген пікірлерден белгілі логикалық ережелерге сәйкес туындайтын болса деп санайды. Математикадағы шарт осындай. Теорема бірқатар аксиомалардан келіп шығады. Аксиоманың шынайылығына біз күмән келтіре алмаймыз, ал теорема болса (тұжырым), егер ол логикалық түйіннің дәл ережесіне сәйкес аксиомадан туындайтын болғанда дәлелденген немесе ақиқат деп саналады. Алайда, "ақиқат" және "жалған" ұғымдары көп мағыналы, білімнің әр саласына қатысты әртүрлі мәнге ие болады.

Белгілі бір тұжырымдар сыртқы нақтылыққа сәйкес келуі тиіс деген позицияны ұстанатын ақиқаттың корреспонденттік теориясы да кездеседі. Бұл сәйкестікке қалай жетуге болады? Сөйлемдер бақыланған қасиеттер мен қатынастарды бейнелейтін ұғымдарды білдірген жағдайда, мысалы "қызыл", "шар тәрізді", "қышқыл", "қатты" және т.б. білдіргенде бұл мәселенің шешілуі оңай. Затты көрсең, жаласаң немесе сипасаң жеткілікті. Алайда ғылымда тікелей бақылауға көнбейтін ұғымдар да кездеседі. Мысалы, "спин", "элементарлық бөлшектер", "кварк" және т.б. Мұндай жағдайда не істеу керек? Ақиқаттың корреспонденттік концепциясының жақтаушылары ғылымның тілін үш қабатқа бөледі: бақылау тілі, теория тілі және корреспонденттік тіл немесе интерпретация (түсіндірме) тілі. Түсіндірме тілдің көмегімен тікелей бақылауға көнбейтін теориялық ұғымдар ("спин", "кварк" және т.с.с.) бақылау тіліне аударылып, сезінуді сипаттаушы ұғымдармен алмастырады. Теориялық сөйлемдердің өзі толық бақыланатын ахуалдарды сипаттайтын сөйлемдерге аударылады. Міндет қарапайым күйге түскен тәрізді. Алайда бұл қарапайымдылық сырт көзге ғана солай көрінеді. Көптеген ахуалдар мен процестер құбылмалы, өзгермелі және тікелей бақылауға бағынбайды. Оның үстіне теориялық сөйлемдерді қадағалау тіліне толық аудару мүмкін емес. Және, ақырында, корреспонденттік концепция математиканың көптеген жоғары бөлімдеріне қолданылмайды, бұл концепцияны жетекшілікке ала отырып, олардың шынайылығы немесе жалғандығы туралы айту мүмкін емес.