Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по философии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

41. Әлемнің ғылыми бейнесін анықтаңыз

Дүниенің ғылыми бейнесі – ол фундементалды ғылыми анықтамалар мен принциптерді жалпылау және синтездудің нәтижесінде құрылған реалды дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Негізіне қарай бүкіл дүние туралы дүниенің жалпы ғылыми бейнесімен /табиғат, қоғам мен таным туралы/ дүниенің табиғаттану бейнесі деген екі түрі бар. Соңғысы – таным пәніне қарай – физикалық, химиялық, астрономиялық, биологиялық т.б. бөлінеді. Дүниенің жалпы бейнесі түрінде анықтаушы ретінде ғылымның нақты даму кезеңінде үстемділік алатын ерекше ғылыми білімнің дүние бейнесі болуы мүмкін.

Әр дүниенің ғылыми бейнесінің негізінде бір фундаменталды теория жатады, тәжірибе мен танымның дамуна қарай бір бейне келесі бейнеге ауысады. Мысалы, табиғаттану /17 ғ./ классикалық механиканың негізінде қалыптасты, ал ықтималды теория /20 ғ./ келесі түрін ұсынды, қазір – синергетиканың негізінде жаңа бейне қалыптасты.

Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде эвристикалық рольді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болғансон қалыптасуында соны содан негіз алады.

Ғылым өзінің аспектілерінің біртұтастығында көп түрлі ғылымдармен зерттеледі: ғылым тарихымен, ғылым логикасымен, когнитологиямен, ғылым әлеуметтануымен, ғылыми шығармашалақтың психологиясымен, ғылымтанумен. 20 ғ. ортасынан бастап осылардың бәрін толық, жүйелі, кешен түрге біріктіріп, зерттеуге бағытталған жаңа ғылыми сала – ғылым философиясы пайда болды.

Ғылыми білімнің құрылысында дүниенің нақты ғылыми бейнесі нақты ғылымның эмпириялық пен теориялық объектілердің үйлесімділігінің категориялық түрде көрінісі. Қалай ол пайда болады? Ол теориялық пен эмпириялық танымның жалпылау нәтижесі емес; ол жалпы философиялық онтологияның нақты түрі. Ал соңғысы жалпы ажырату мен оппозиция сферасында ақылдың рефлексивті-конструктивті қызметі.

Дүниенің жалпы ғылыми бейнесі – ол бір кезеңде үстемділікке айналған нақты ғылыми бейненің бірі. Өздерінің нақты ғылыми бейнесі жоқ ғылымдардың метатеориялық деңгейінің қосымша элементі; мысалы, табиғаттануда дүниенің классикалық физикалық бейнесі жалпы ғылыми деп саналатын Ньютонның механикасының онтологиясына негізделген; механицизм басқа да ғылыми салаларды үстемді болған. Классикалық емес табиғаттануда жалпы ғылыми бейненің орнына дүниенің физикалық бейнесі бастама жасаған, оның негізінде ықтималды теория мен кванттік механика болған.

Сөйтіп, қазіргі жалпы ғылыми бейне философиялық онтологияға негізделген.

42. Ғылым философиясы және оның маңызын талдаңыз

Ғылым философиясы – философияның бір аймағы, пәндік тұрғыдан ғылыми білім жүйесін, ғылымның жалпы құрылысын, қызметтері мен даму заңдылықтарын зерттейді; когнитивтік қызметін қарастырады; ғылым әлеуметтік институт ретінде және қазіргі қоғамның инновациялық жүйесінің негізі ретінде қабылданады. Ғылым философиясының мақсаттары: философия мен ғылым арасындағы қатынастардың механизімін іздеу; әр-түрлі ғылымдар мен ғылыми теориялардың философиялық мәселелері мен философиялық негіздерін зерттеу; ғылым, мәдениет пен қоғамның өзара қарымқатынасын анықтау. Қазіргі ғылым философиясының негізгі салалары: ғылым онтологиясы, ғылым гносеологиясы, ғылым методологиясы мен логикасы, ғылым аксиологиясы, жалпы ғылым әлеуметтануы, ғылыми қызметтердің экономикалық және құқықтық реттеуінің жалпы сұрақтары, ғылыми-техникалық саясат пен ғылым меңгеруі.

Ғылым философиясын философияның бағыты және философияның пәні ретінде түсіну қажет.

Ғылым философиясының қалыптасу себептері:

  1. Институционалдық революция – профессияландыру /қызметтендіру/. Франциядағы политехникалық мектептердің пайда болуы. Германиядағы университет реформалары. Биілік табиғаттану ғылымдарында болған сон.

  2. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар ғылыми пәндер түрінде қалыптасты: саяси экономика, әлеуметтану, тарих, психология. Әдістердің өзгешелігі туралы сұрақтар туылды.

  3. Қоғам өмірінде ғылымның маңыздылығы үстемді болды.

Ғылымитанымды гносеология және методология тұрғыданзерттеутарихыәріденбасталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғанадербеспәнретіндеқалыптасабастады. Еңалғашбұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдареңбектеріндеқолданылды. Олар ғылымтілін философиялықтұрғыданзерттеуәрекеттері тек формальды (матем.) логиканыңшеңберіндежүзегеасуғатиіс, ал ғылыми.-теорияұғымдардыэмпирикалықтаным, тәжірибесынағыарқылынегіздеугеболадыдептұжырымдады. Бұлтұжырымбойынша, ғылым – адамныңеңжоғарыісі, ал ғылым философиясының бірғанаміндеті – тұтастайғылымды, оныңпәндіксалаларын логикалық-методологиялықтұрғыданқамтамасызету. Бертінкелебұлтұжырымдаманыңсыңаржақтылығынакөзіжеткенғалымдарғылымфилософиясыныңзерттеунысандарынаелеуліөзгерістеренгізді. Ендіолғылымныңқұрылымыменқатартарихынзерттеугеденқойып, бұрыннанбелгіліпроблемаларменқатаржаңапәндікмәселелерді, олардыңқалыптасуүрдісінқарастырабастады. Ғылымныңтеориялықсатысыныңбелгілібіршамадатәжірибегетәуелсізекендігінмойындап, жаңағылымибілімніңтабиғатындатәжірибесынақарқылыдәлелдеумүмкінемесдүниетанымдықкөзқарастардың, методологиялықпринциптердіңболатынынакөзжеткізді. Бірақғылымның даму заңдылығын, оныңқызметтікміндеттеріндұрыстүсіндіреалатынметодологиялықұстын – диалектикалықкөзқарасқана. Сананыңтехникаландырылудеңгейініңартып, компьютерлік дүмпудіңөркениетөресінетікелейәсеретуі, соларқылығылым функциясының кеңейіп, қоғамныңөзгесалаларымен, алуантекті мәдениет тұрпаттарыменбайланысыныңкүшеюіғылымфилософиясыныңалдынакүрделімәселелерқойыпотыр. Сондықтанғылымфилософиясығылымитанымныңлогикалық-гносеология проблемаларыменқатарғылымныңәлеумметтік-философия және этика-этникамәселелерінзерттеугетиіс. Огюст Конт (1798-1857 жж.) өзінің «Жағымды философия курсы» (1830-42 жж.) атты шығармасында қазіргі ғылым философиясын қалыптасуына ықпал ететің аса күрделі идеяларды ұсынған. Мысалы, үш кезең туралы заң. Оны Конт келесі түрде анықтайды: «Біздің әр идеямыз, білімнің әр салдары бірізгілікті үш түрлі теориялық кезеңнен өтеді: теологиялық әлде фиктивті /өтірік/, метафизикалық әлде абстракциялық, ғылыми әлде жағымды». Осы заңмен негізделіп Конт келесі тұжырымды жариялайды: спекулятивті метафизикалық философияның уақыты өтті, енді жағымды философия ғылыми философияға айналуы қажет, яғни ғылым философиясына. Оның ролі екі мақсатқа жинақталады: біріншісі – нақты ғылымдардың күрделі нәтижелерін синтездеу; екіншісі – ғылыми танымның әдістерін дамыту.

Қорыта айтқанда, ғылым философиясының бейнесін құра отырып, не туралы сөз болып жатқанын анықтау керек; оны батыста жеке философия бағытының пәні ретінде, логика мен методология, мәдениет саласындағы тұрмыстың ойлау әрекеті ретінде қалыптасқан ғылым деп санайды. Бұл жас пән ХХ ғ. екінші жартысында пайда болған. Оның пәні - ғылыми танымның ерекше әрекетінің заңдылықтары. Ғалымдардың айтуынша: аналитикалық эпистемология ғылым философиясы болып табылады.

Ғылым философиясы тарихи әлеуметтік-мәдени статусқа ие болып, шындық пен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды зерттеуіне бейімделген. Ғылым философиясы «алгоритм ашылуын» іздестірген, ғылыми білімнің динамикасының дамуын қарастырады. Ғылым философиясына жақын ғылымтану және ғылымиөлшем аумағымен тығыз байланысты, ғылыми зерттеулерге ықпал етті.

Ғылым мен ақпараттың массивтерінің динамикалық зерттеу статистикасының аймағы «ғылымиөлшем» деп аталады.

Карл Поппер бойынша, философиялық білімнің орталық мәселесі теория мен сенімдік негіздерін бағалау; ғылыми білімнің мәселерінің көбеюі, өсуі деген.

Ғылым философиясының барлық проблемасын үш түрге бөлуге болады:

  1. философиядан ғылымға өтетін философиялық ғылымның өзгешелігі;

  2. ғылымның ішкі орбитасында пайда болатын мәселелер;

  3. философиялық ғылымдардың өзара әрекетінің нәтижесінде пайда болатын мәселелер: ол Галилей-Ньютонның ХІХ-ХХ ғ.ғ. зерттеулері бола алады.

Ғылым философиясының табиғатының типологиялыясы:

  1. онтологиялық /А. Уайтхед/ - талдау мен ғылыми білімдерді жалпылауы дүниенің жалпы ғылыми бейнесі мен универсумның тұтас образын шығару үшін ықпал етеді;

  2. методологиялық /К. Поппер/ - ғылыми зертеулердің көп түрлі процедураларын қарастыру: дәлел, идеалдандыру, фальсификация, білімнің мазмұндық негіздерін талдау;

  3. неокантшылдық ғылым философиясы /тарихи тұрғыда/;

  4. неореализмнің ғылым философиясы;

  5. сциентистік ғылым философиясының нұсқауы – 20 ғ. мәдениетінде ғылымның статусын өзгеше анықтайды; ғылым мен метафизиканың демаркациясын өткізу; сапалы тұрғыдан әр-түрлі теориялық құрылыстарды ортақ эмпириялық негізге келтіру;

  6. антисциентистік бағыт, ғылымды оған сай емес ұстанымдар мен мәліметтерден тазарту /К. Хюбнер, Т. Роззак, П. Фейерабенд аттарымен тығыз байланысты/; олардың пікірінше ғылыми және ғылыми емес білімдер тең, басқа қоғамдық сананы баспау керек, жаттық ойлау мен догматиканың мәліметі.

  7. кейбір зерттеушілер ғылым философиясын ғылым әдістері мен оның нәтижелерімен енгізіледі деп /Р. Карнап, М. Бунге/; оны табиғаттану мен гуманитарлық білімдер аралығында жатыр дейді /Ф. Франк/; ғылыми білімнің методологиялық талдауын оның мақсаты деп санайды /И. Лакатос/; философия ғылыми идеологиялық спекуляцияға беріліп зиян әкеледі деген /П. Фейерабенд/;

8. Дж. Лоузи ғылым философиясының типологиясын былай жеткізген: ғылым философиясы ғылымға сүйенетін, негізделетін дүниетаным болып табылады; ол ғылыми ойлау мен әрекетпен тығыз байланысты, түсінік экспликациясы және ғылым теориясын болжау; ғылым философиясы - әдіснамалық ғылым. Осы типология қатысты, ғылым философиясын әр-түрлі ғылымның даму модельдерін зерттеу және салыстыру аймағы деп түсіну.

Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.