- •1. Қазіргі жаратылыстану ғылымындағы философиялық концепцияларды атаңыз
- •2.Таным теориясындағы сезімдік пен рационалдылық бағытын анықтаңыз
- •3.Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз
- •4.Философия ғылымындағы позитивизм бағытының негізін ашып көрсетіңіз
- •5. Т.Кунның ғылыми революциялардың құрылымы туралы пікірін талдаңыз
- •6.Жаратылыстану ғылымындағы «құбылыс» және «мән» категорияларын талдаңыз
- •7.Ғылымды әлеуметтк институт ретінде талдаңыз
- •10. Ғылыми техникалық прогресс пен регресс түсінігін талдаңыз
- •11.Ғылымдағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын көрсетіңіз
- •12.Ғылыми шығармашылықтағы этикалық жауапкершілік мәселесін анықтаңыз
- •13.Жаратылыстану ғылымының жиһандық мәселелерін талдаңыз
- •16.Фейербендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз
- •17. Ғылым және өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз
- •18. Салыстырмалы және абсолютті ақиқатты салыстыра талдаңыз
- •19. Натурфилософия бағытының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •20. Компьютер және тұлғаның жаттануының мәнін ашып көрсетіңіз
- •21. Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •22. Жаһандық ғылыми шығармашылықтың жаратылыстану ғылымындағы орнын талдаңыз
- •23. Ақиқаттың когеренттік және прагматикалық концепцияларын талдаңыз
- •24. Эмпириокритицизм бағытын талдаңыз
- •25.Жаратылыстану ғылымындағы философиялық категориялардың алатын орнын атаңыз
- •26.Ғылым этикасы мен моральдық жауапкершілікті саралаңыз
- •27. «Техника антропологиясын» талдаңыз
- •28. Адам – техника жүйесіндегі басты элемент екендігін талдаңыз
- •29. Сыни рационализм бағытын түсіндіріңіз
- •30. Ғылымдағы рационалистік бағыт негізін ашып көрсетіңіз.
- •31.Ғылым генезисін анықтаңыз
- •32.Жаһандану процесіндегі әлеуметтік танымның методологиялық мәселелерін талдаңыз
- •33.Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз
- •34.Философиядағы постпозитивизм бағытын түсіндіріңіз
- •35. Постклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •36. Неоклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •37.Қазіргі заманғы дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциалының қалыптасуының кезеңдері мен заңдылықтарын ашып көрсетіңіз
- •38. Натурфилософиядағы органикалық және органикалық емес көзқарастарды салыстырыңыз
- •39.Ғылым мен философияның басты айырмашылығын көрсетіңіз
- •40. Ғылыми таным негіздерін талдаңыз
- •41. Әлемнің ғылыми бейнесін анықтаңыз
- •42. Ғылым философиясы және оның маңызын талдаңыз
- •43. Ғылыми танымның зерттеу үрдісіндегі орнын талдаңыз
- •44. Ғылыми таным ерекшеліктерін талдаңыз
- •45. Ғылымдағы эмпириокритицизм бағытының мәні және оның негізін қалаушыны анықтаңыз
- •46. Философия ғылымындағы «мән» және «құбылыс» категорияларын талдаңыз
- •47. Философия ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •51. Ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.
- •52. Ғылымдағы неопозитивизм бағытын талдаңыз
- •55. Т.Кунның ғылыми тұжырымын негіздеңіз
- •59. Ғылыми білім құрылымын анықтаңыз
51. Ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.
Ғылым деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Ал ғылыми таным үнемі қозғалыста болып тұратын тұтастай бір жүйе болып табылады. Ғылыми танымдық іс-әрекет болса танымның басқа түрлері сияқты адамдардың практикалық іс-әрекеті барысында туындайды, ол ары қарай даму бырысында практикадан озып, жаңа объектілерді игеруді бастайды. Субъект және объекттің ара қатынасы тұрғысынан ғылыми танымның 4 басты компонентін айтуға болады: 1) Таным субъектісі- бұл танушы және әрекет етуші. Таным субъектісінің өзі 2-ге бөлінеді: жеке субъект (жеке ғалым) және коллективті субъект (зерттеуші топ, зерттеуші қоғам); 2) Таным объектісі-ғылыми пәннің танып білетіні. Басқаша айтқанда бұл зерттеушінің ойының бағыты. Мысалы таным объектісі ретінде қоғам, табиғат, мәдениет бола алады; 3) Әдістер мен шаралар жүйесі ғылыми бағытқа сипаттама бола алатын эксперимент және теория; 4) Спецификалық ғылыми тіл. Ол табиғи және жасанды болып бөлінеді. Қазіргі ғылымның дамуында соңғысының рөлі артып келуде. Сонымен қатар ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымынан төмендегі элементтерді қарастыруға болады: 1) Эмирикалық таным сатысы-бақылау, баяндау, өлшеу, эксперимент, салыстыруды қамтиды. 2) Теоретикалық ғылым сатысы-ғылыми проблеманы, гипотеза, теорияны қамтиды. 3) Метатеория сатысы-ғылыми танымның нормаларын, идеалдарын, құндылықтарын қамтиды. Ғылыми таным әдістері-индукция, дедукция, аналогияны ж/е т.б. қамтиды. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Бұл деңгейде нысан алғашқы ізденістен өтеді, оның сыртқы ерекшеліктері мен кейбір заңдылықтары анықталады. Бұл ғылыми танымдық іс-әрекеттің жақтауыштары: Ф. Бэкон, Г. Рейхенбах, Р. Карнап және т.б. Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайымы және бастапқысы-бақылау деп аталады және танымдық іс-әрекет осыдан басталады. Оның мәні-зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Ғылыми бақылау белгілі бір теориямен байланысты. Келесі әдіс-эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Ол өз бастамасын Г.Галилейден алады. Эксперименттің көмегімен теория мен практиканы байланыстыруға болады. Ал эксперименттің негізгі мақсаты гипотеза мен теорияны тәжірибелік сынау б/т. Эмпириялық таным ғылыми заңдардың қалыптасуының бастауы, негізі болып табылады, теория эмпириялық материалды түсіндіреді. Мысалы, эмпириялық ақпараттың жүйеленуіне сүйеніп, кейбір заңдылықтарды түйіндеуге болады. Осы тұрғыда Архимед, Галилей, Паскаль, Ломоносов, Циолковскийлердің ғылыми зерттеулерін еске алсақ жеткілікті. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Теориялық деңгейде нысан түсіндіріледі, оның түпкі негізгі, ұдайы қайталанып отыратын заңдылықтары ашылады. Бұл ғылыми танымдық іс-әрекеттің жақтауыштары: Р. Декарт, В. Лейбниц, И. Кант және т.б. Теориялық таным-танымдық іс-әрекеттің жоғары формасы ретінде мына 4 компонентті құрайды: мәселе, гипотеза, теория, заңдылық, аксиома, формальдау. Мәселе-әлі танылмаған бірақ тану керек ғылымның формасы. К.Поппердің айтуынша ғылым бақылаудан емес мәселеден басталады. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Ол тексеру мен негіздеуді қажет етеді. Теория-бұл ғылыми танымның күрделі формасы. Теория-белгілі бір ғылым аймағындағы заңдылықтар мен байыпты байланыстардың толықтай көрінісі. Мысалы: И.Ньютонның классикалық механикасы, Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы, А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы. Заңдылық-ғылыми танымдық іс-әрекеттің мақсаты заңдылықтардың ашылуы. Аксиоматикалық әдіс – ғылыми білімді ұйымдастыруда көптеген ақиқат пікірлердің ішінен олардың осы саладағы болашақта нақты дамуына негіз бола алатын және тұрақты, өзгермейтін пікірін, яғни аксиоманы табудың жолы. Аксиома дегеніміз – дәлелдеуді қажет етпейтін, аса маңызды іргелі ұғым. Аксиомаға негізделіп қорытындыланатын теорияларға белгілі ережелер жүйесі пайдаланылады. Формальдау дегеніміз – ғылыми білімнің белгі – символдық түрде берілуі. Бұл әдісті қолдану барысында нысан туралы ой – пікірлер, тұжырымдар белгі – таңбамен жұмыс істеуге көшіріледі. Теориялық және эмпирикалық танымдық іс-әрекет бірімен тығыз байланысты. Ал метатория болса дамудың ең жоғары деңгейіндегі немесе қалыптасып болған ғылыми танымдық іс әрекеттің формасы б/т. Оның құрылымы: 1) Ғылыми танымның идеалдары мен нормасы (верификация, фальсификация, дәлдік принципі, ғылыми түсіндірменің идеалы); 2) Ғылымның философиялық негізі (онтологиялық, гносеологиялық, методологиялық, аксиологиялық негіз); 3) Әлемнің ғылыми бейнесі.
