Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по философии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

59. Ғылыми білім құрылымын анықтаңыз

Ғылыми таным аса күрделі құрылымның үнемі даму үстіндегі біртұтас жүйесі, аталған жүйенің элементтері арасындағы өзара тұрақты  байланысты білдіретін (көрсететін)процесс. Ғылыми танымның құрылымы әр ортада түрліше көрінеді және өзінің арнайы элементтерінің жиынтығына сәйкес болуы мүмкін. Ғылыми танымның негізгі құрылымын қарастыра келе, В.И.Вернадский «ғылымның негізгі, анық (талассыз), мәңгілік қалқаны (оның негізгі ұйытқысы)» төмендегі басты элементтерден тұрады деп көрсетеді: 1) Математикалық ғылымдардың барлық қыры; 2) Логикалық ғылымдардың толығымен; 3) Олардың жүйесіндегі ғылыми фактілер, жіктеулер және олардан шығарылған эмпирикалық жалпылау – ғылыми аппаратты қоса алғанда. Ғылыми  білімнің бұл тұстары біртұтас ғылым ретінде қарқынды дамуда болады және олардың қамтитын аумақтары күн өткен сайын ұлғая береді. Сонымен қатар, В.Верадскийдің пікірінше, біріншіден, жаңа ғылымдар толықтай осы элементтермен қамтылған және олардың көмегімен құрылады; екіншіен, жалпылау мен фактілердің ғылыми аппараты ғылыми жұмыстың нәтижесінде үнемі гоеметриялық пргресс бойынша дамиды; үшіншіден, ғылыми тұрмыстың  тірі, динамикалық, өткенді қазіргі уақытпен байланыстыратын мұндай үрдісі адамның өмір сүру ортасына өз-өзінен әсер етеді, ол үрдіс биосфераны ноосфераға яғни ақыл-ой сферасына айналдыратын даму үстіндегі геологиялық күш болып табылады.

Ғылыми танымның субъектісі мен объектісінің өзара ықпалы тұрғысынан қарасақ, ғылым өзара бірліктегі ең қажет төрт  компоненттен тұрады. Ғылымның субьектісі – ғылыми танымның ең негізгі элементі – жеке зерттеуші немесе ғылыми қоғамдастық, ұжым, жалпы алғанда қоғам. Ғылымның субъектілері материалдық және рухани обьектілердің әр түрлі құбылыстарын, қасиеттердін, ерекшеліктерін және өзара байланыстарын зерттейді. Ғылыми қызмет зерттеуші субъектінің арнайы дайындығын талап етеді, дайындық барысында ол тарихи және қазіргі концептуалды материалдарды  және ғылыми зерттеуде қолданылатын құралдар мен тәсілдерді меңгереді.

Ғылымның обьектісі – ғылыми танымның пәндік жағы, аталған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтін мәселесі, зерттеушінің барлық ой-танымы бағытталған нәрсе.

Ғылыми танымның пәні кең мағынада – обьектілер әлемінен адам қызметі үрдісі кезінде танылатын қандай да бір шектеулі біртұтастық, немесе нақты объект, зат және оның түрлі ерекшеліктерінің, қасеттерінің, байланысының жиынтығы.

Аталған ғылымға немесе ғылыми пәнге тән және оның пәнінің ерекшеліктеріне негізделген әдіс-тәсілдер жүйесі.

              Ғылымның тілі – арнайы таңбалар жүйесі, табиғи және жасанды (белгілер, символдар, математикалық теңдеулер, химиялық формулалар т.с.с.) тіл.

              Жоғарыда аталғандардан басқа қырынан қарастырғанда ғылыми танымның тағы да төмендегідей элементтері анықталған:

      эмпирикалық тәжірибелерден жиналған фактілік материалдар;

      оны алғашқы концептуалы категорияларға жалпылау нәтижелері;

      фактілерге негізделген мәселелер және ғылыми болжамдар (гипотезалар);

      олардан шығарылған заңдар, принциптер және теориялар, ғаламның бейнесі;

      философиялық негіздеме;

      әлеуметтік, мәдени, құндылықтық және дүниетанымдық негіздер;

      ғылыми танымның әдістері, ережелері, мұраттары;

      ойлау түрлері және басқа да элементтер, мысалы санадан тыс.

Сонымен қатар, барлық ғылыми білімнің құрылымында дәстүрлі ғылымилық ұғымына кірмейтін элементтер де бар: философиялық, діни ойлау (елестету); психологиялық стереотиптер, қызығушылық және қажеттік (мұқтаждық); вербализацияға және рефлекске бағынбайтын инеллектуалды және сенсорлық дағдылар; қарама-қарсылықтар мен парадокстар; жеке құмарлық және адасулар.

Осындай жағдайларды ескере келе, Вернадкий «ғылыми ойды анықтайтын және ғылыми нәтижелер мен ғылыми қорытындыларды философиялық және діни пікірлерден бірден айыратын бір негізгі құбылыс бар. Ол жалпыміндеттілік және талассыз дұрыс жасалған ғылыми тұжырымдар, ғылыми пікірлер, ұғымдар және қортыныдылар » деп жазған.

Даму үстіндегі білім жүйесі ретінде ғылым екі негізгі кезеңнен тұрады – эмпирикалық және теориялық. Оларға өзара байланысты әрі өзіндік ерекшеліктері бар таным қызметінің екі түрі – эмпирикалық (тәжірибелік) және теориялық (рационалды) зерттеу – ғылыми танымның негізін қалаған екі формасы және құрылымдық компоненттер мен ғылыми білімнің деңгейлері сәйкес келеді.

Эмпирикалық зерттеулер нақтылы объектіге бағытталған және бақылау мен тәжірибе мәліметтеріне сүйенеді. Бұл деңгейде сезімдік таным басым болды. Мұнда рационалды ойлау және оның формалары (түсінік, талдау) қатысады, бірақ олар бағынышты күйде болады. Сондықтан эмпирикалық деңгейде зерттелетін объект өзінің сыртқы байланыстары мен көріністерінің артықшылығы тұрғысынан бейнеленеді. Эмпирикалық зерттеуде бақылау мен эксперименттен басқа сипаттау, салыстыру, өлшеу, анализ, индукция сияқты тәсілдер қолданылады. Факт эмпирикалық зерттеудің басты элементі және ғылыми білімнің формасы болып табылады.

Факт (лат. factum – жасалған, істелген сөзінен): а) шындық түсінігінің синонимі, шынайы болған жағдай, нәтиже, қиялға қарама-қарсылық; б) эмпирикалық білімді тіркейтін ерекше ұсыныс, яғни бақылау мен экспермент барысында алынған білім. Факт ғылыми білім жүйесінің нақты логикалық құрылымына енгенде ғана ғылыми болады. Н.Бор көрсеткендей, ешбір факт белгілі бір ұғымдар жүйесінен тыс құрала алмайды. Қазіргі ғылым әдіснамасында фактінің табиғатын тануда екі көзқарас қалыптасқан – фактінің әр түрлі теорияларға қатыссыз және тәуелсіз екенін көрсететін фактуализм және керісінше фактілер толықтай теорияларға тәуелді және теория өзгергенде ғылымның факт қоры түгелдей ауысады дегенді алға қоятын теоретизм. Бұл мәселенің дұрыс шешімі ғылми факт теориялық жүктеме ала отырып, салыстырмалы түрде теориядан тәуелсіз болады, себебі ол негізінен материалды шындыққа негізделген дегенді қабылдау болмақ. Ғыыми танымда фактілер жиынтығы гипотеза ұсыну мен теория жасаудың эмприкалық негізін құрайды. Ғылыми теорияның міндеті фактіні сипаттау, оларды түсіндіру, белгілі болмағандарын болжау болып табылады. Фактілер теорияны тексеруде, дәлелдеуде және терістеуде маңызды роль атқарады: фактіге сәйкес келу ғылыми теорияға қойылатын басты талап. Теория мен фактінің сәйкесіздігі білімнің теориялық жүйесінің аса күрделі кемшілігі деп есептеледі. Дегенмен егер теория бір немесе бірнеше фактілерге қарсы келсе, оны терістелген деп санауға болмайды, өйткені мұндай қарсылық теорияны дамыту немесе экспериенталды құралдарды жетілдіру кезінде жойылуы мүмкін.

Теориялық зерттеу ғылымның түсінік (ұғым) аппаратының дамуымен, жетілдірілуімен байланысты және шындық болмыстың байланысын, заңдылықтарын жан-жақты тануға бағытталады. Ғылыми танымның бұл деңгейі білімнің рационалды формаларын – ұғымдарды, теорияларды, заңдар мен басқа да ойлау формаларын кеңінен пайдаланумен сипатталады. Ал сезімдік таным қосалқы, яғни таным процесіне бағынышты болады. Теориялық таным құбылыстар мен процестерді олардың әмбебап ішкі байланыстары мен эмпирикалық зерттеулер мәліметтерін рационалды түрде өңдеу нәтижесінде қол жеткізген заңдылықтар арқылы көрсетеді.

Теориялық зерттеуді ғылыми білімнің жоғары әрі ең дамыған формасы ретінде қарастыра келе, оның проблема, гипотеза, теория сияқты құрылымдық компоненттерін көрсетуге болады.

Проблема – теориялық зерттеудің формасы, оның мазмұны әлі адам танып, білмеген нәрсе қамтиды. Проблема таным процесі кезінде пайда болатындықтан ғылыми танымның формасы емес, екі негізгі нәрсені қаулы және шешімді қамтитын процесс болып табылады. Адам танымының даму жолының барлығы алдымен бір проблеманың шешу жолын табу, одан соң жаңа проблемаларды анықтау ретінде көрінеді.

Гипотеза – теориялық білімнің формасы, ғылыми теорияның фактілер негізінде жасалған болжамдардан тұратын, шынайы мәні әлі анықталмаған және дәлелдеуді қажет ететін құрылымдық элементі. Ғылыми гипотеза әрқашан нақты қандай да проблеманы шешу үшін, жаңа экспериметалды мәліметтерді түсіндіру  немесе теориядағы қайшылықтар мен эксперименттің теріс нәтижелерін жоққа шығару мақсатында ұсынылады. Гипотезаның ғылыми білімнен алар орнын көптеген атақты философтар мен ғалымдар атап өткен болатын. Атақты британ философы, логик және атематик А.Уайтхед жүйелі ойлау кейбір арнайы қосымшалы жалпы жағдайларға арналған гипотезаларды пайдаланбай алға баспайтындығын айтқан: «Жеткілікті дамыған ғылым екі жағдайда алға басады. Бір жағынан, білімнің дамуы жұмыста пайдаланатын басты гипотезаны анықтау әдісінде байқалса, екінші жағынан, осы гипотезаларды түзету жұмыстары жүргізіледі». Теориялық білімнің формасы ретінде гипотеза оның туындауы мен негізделуіне қажет кейбір міндетті шарттарға сай болуы керек: ғылымда қабылданған заңдарға, өзі түсіндіруге тиіс мәселе төңірегіндегі факті материалдарына сәйкес болуы керек, формалды логика заңдарына  қайшы келмеуге тиіс, қарапайым әрі дәлелдеуге немесе терістеуге келетін болуы керек.

Теория ғылым білімнің ең дамыған және күрделі формасы. Ғылыми білімнің басқа формалары – ғылымның заңдары, жіктеулер, топтастырулар, алғашқы түсіндіру схемалары теорияның туындауына алғы шарттар жасайды. Сонымен қатар, олар көп жағдайда теориямен бірге өмір сүреді, ғылым жүйесінде оған ықпал ете отырып, тіпті құрылымдық элементі ретінде   теорияға да кіреді. Ғылыми білімнің басқа формаларынан теорияның өзіндік ерекшелігі ол болмыстың белгілі бір саласындағы кездесетін байланыстар мен заңдылықтар - аталған теорияның объектісі туралы тұтас көрініс болуында. Ғылыми теорияға Ньютонның классикалық механикасы, Дарвиннің эволюциялық теориясы, Эйнштейннің сәйкестік теориясы. Эйнштейннің пікірінше, кез келген теория төмендегі белгілерге (критерийлерге) жауап беруі тиіс: тәжірибе мәліметтеріне қарсы шықпау; тәжірибе жасалған материалдар бойынша тексеруге келетін; табиғилығымен, логикалық қарапайымдылығымен ерекшелену; неғұрлым анықталған жағдайдан тұру; көріктілігімен, сұлулығымен, үйлесімділігімен ерекшелену; қолдану аясының кең болуы; жаңа, жалпылама теорияларды жасауға жол сілтеу. Өзінің құрылысына қарай теория іштей бөлінген (дифференцияланған), бірақ бір элементтің екіншіге логикалық жағынан тәуелді болатынын және теория мазмұнының кейбір пікірлер мен ұғымдар жиынтығы, арнайы логика-әдіснамалық ережелер арқылы  шығарылатындығын сипаттатын біртұтас білімдер жүйесін құрайды.

Ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысты. Эмпирикалық зерттеулер бақылау мен эксперимент арқылы жаңа мәліметтер ала отырып, теориялық зерттеудің дамуын ынталандырады, оларға жаңа міндеттер жүктейді. Теориялық зерттеулер ғылымның теориялық мазмұнын дамыта, нақтыландыра түсіп, фактілерді болжау мен түсіндірудің болшағын, жаңа жағын көрсетеді, эпирикалық зерттеуді бағыттап отырады. Ғылым біртұтас динамикалық жүйе ретінде тек жаңа эмпирикалық зерттеумен байып, оларды теориялық құралдар жүйесі, таным формалары мен әдістерінде пайдалана отырып қана сәтті дамуы мүмкін. Ғылым дамуының белгілі бір сатысында эмпирикалық зерттеу теориялық зертеуге өтеді, және керісінше. Бұл ұғымдардың біреуін дамыту үшін екінішісін тежеуге болмайды.

Ғылымда шынайы білімді алу мен негіздеу түрлі ғылыми әдістер арқылы жүзеге асырылады.

Әдіс (гр: metodos – зерттеу жолы немесе таным) – іс-әрекетті практикалық және теориялық жағынан меңгеру ережелері, тәсілдері және операцияларының жиынтығы. Ғылыми білімдегі әдістің негізгі қызметі – белгілі бір объектіні тану процесін іштей ұйымдастыру және бақылау.

Әдіснама әдістер жүйесі, жалпы әдістер теориясы ретінде анықталады. Қазіргі әдістер жүйесі ғылымның өзі сияқты сан алуан. Ғылым зерттейтін объектілердің мазмұны жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар әдістерін бір-бірінен айыратын белгі ролін атқарады. Өз кезегінде жаратылыстану ғылымдарының әдістері іштей өлі табиғатты және тірі табиғатты зерттейтін әдістер болып бөлінеді.

Әдістің сипаты көптеген факторлар арқылы анықталады: зерттеу нысанымен, қойылған міндеттің жалпылығы, жинақталған тәжірибе, ғылыми білімнің даму кезеңдерімен және т.б. Ғылыми білімнің бір саласына пайдаланған әдіс басқа салада көздеген мақсатқа қол жеткізуге көмек бере алмауы мүмкін. Ғылыми пәннің қалыптасу дәуірінде қолданылған әдістер ол дамыған сайын аса күрделі және жетілдірілген әдістерге орын босатады. Дегенмен көптеген жетістіктер бір ғылымда жоғары нәтиже көрсеткен әдістерді басқа саладағы ғылыми білімге ауыстырып қолданудан шыққан болатын. Мысалы, биологияда физика, химия, жүйелердің жалпы теориясының әдістері сәтті қолданылуда. Математикалық әдістер де түрлі ғылым салаында қолданылып, жақсы нәтиже көрсетті. Демек, қолданатын әдістер негізінде екі қарама-қарсы үрдіс дифференциация және интеграция жүзеге асады.

Ғылым теориясында және танымның ғылым әдіснамасында әдістерді түрліше жіктейді. Мәселен, В.Канке ұсынған ғылыми әдістер жіктемесінде төмендегідей әдістер көрсетілген: білімді белгілі объектіден белгісізге өткізетін және ғылыми ашылулар мәселесімен тығыз байланысты индуктивті әдіс; жаратылыстанудағы ғылыми түсініктің ережелерін анықтайтын және ғылым түсініктің шынайы жаңдайға сійкестігін анықтауға негізделген гипотетико-дедуктиві әдіс; логикалық және математикалық талдаулардың ережелерін анықтайтын аксиомалық және конструктивті әдіс; әлеуметтік-гуманитарлық білімде жиі қолданылатын құбылысты түсіну (интерпретация), зерттеуші мен мәдениет әлемі арасындағы құндылықты байланыс құруға негізделген прагматикалық әдіс.

                       жалпы әдістер: анализ, синтез, абстрктілеу, алыстыру, индукция, дедукция, аналогия және т.б. да анықталған.

                       арнайы, яғни ғылымда қолданылатын: ғылыми бақылау, эксперимент, идеализация, формализация, аксиомализация, абстрактіден нақтылыққа ауысу және т.б.

                       практикалық, яғни ғылыми танымның заттық –сезімдік деңгейінде қолданылатын: бақылау, өлшеу, пракикалық эксперимент.

                       логикалық: дәлелдеу, терістеу, түсіндіру, салдарын анықтау, жақтау.

Бақылау, өлшеу, практикалық эксперимент эмпирикалық әдістерге де жатады. Идеализация, ойлау эксперименті, абстрактіліктен нақтылыққа өту сияқты әдістер теориялық болып табылады. Әдістердің бірі білімді негіздеуге арналса (эксперимент, дәлелдеу, түсіндіру, интерпретация), енді бірі жаңалықтар ашуға бағытталған (бақылау, индуктивті жалпылау, аналогия, ойлау эксперименті). Жалпы алғанда әдіснамалық жағдай және принциптер қазіргі ғылыми білімнің инструменталдық (құралдық) және технологиялық негізін құрайды.

Қорыта айтқанда, ғылыми таным субъект және объект қатынасынан тұрады; өзінің арнайы тілі бар; түрлі деңгейлері, форалары және әістері бар: эмпирикалық зерттеулер (ғылыми факт, бақылау, өлшеу, эксперимент); теориялық зерттеулер (проблема, гипотеза, теория)



60. Ғылыми ақиқат концепциясын философиялық тұрғыдан талдаңыз.

Ақиқат мәселесі, яғни күмәнсіз, шынайы, адекватты (латынша - теңестірілген) білім мәселесі Ежелгі Грецияда қойылып және пайымдалған. Платон мәңгі және өзгермейтін идеялар туралы білім ғана мүмкін, ал сезімдік элем туралы пікірлер жалған деп санады. Сондықтан да объективті құбылыстар мен білімнің арасындағы сәйкестікті бекіту мәселесі пайда болды. Философияда мұндай сәйкестік ақиқат деген атауға ие болды. Аристотель былай деп жазды: "ажыратылғанды ажыратылған, байланысқанды - байланысқан деп есептейтін адам шын сөйлейді, ал жалған сөйлейтін адам - заттардың нақтылығы туралы кері ойлайтын адам". Аристотельдің бұл сөздері ақиқаттың классикалық концепциясын қалыптастырып, ол біздің заманымызға дейін жетті. Бұл концепция бойынша, ақиқат - бұл объективті құбылыстар мен процестер және жекелеген ұғымдар арасындағы сәйкестік емес, белгілі бір түйіндер, яғни, пікірлер және істің объективті жағдайы арасындағы сәйкестік болып табылады.

Ақиқат түсінігінде тарих философиясында да, қазіргі философиялық ағымда да әр алуан пікірлер бар. Мысалы, ақиқаттың когерентті концепциясының жақтаушылары рационалистердің көзқарастарын біржақты қолдай отырып, берілген түйін дұрыс, егер ол алдында ақиқат деп есептелген пікірлерден белгілі логикалық ережелерге сәйкес туындайтын болса деп санайды. Математикадағы шарт осындай. Теорема бірқатар аксиомалардан келіп шығады. Аксиоманың шынайылығына біз күмән келтіре алмаймыз, ал теорема болса (тұжырым), егер ол логикалық түйіннің дәл ережесіне сәйкес аксиомадан туындайтын болғанда дәлелденген немесе ақиқат деп саналады. Алайда, "ақиқат" және "жалған" ұғымдары көп мағыналы, білімнің әр саласына қатысты әртүрлі мәнге ие болады. Алайда, XIX ғасырда Эйнштейн гравитацияның жаңа теориясын - салыстырмалылықтың жалпы теориясын құрды, эксперименталды түрде дәлелденді.

Абсолюттік ақиқат ешқандай күмәнсіз, өзгермейтін және мәңгіге бекітілген білім болып табылады. Бірақ бізді қоршаған объектілер өте күрделі, шексіз көптеген байланыстар мен қатынастарға енген, өздері үнемі өзгереді, диалектиканың заңдары бойынша дамиды және өзге сапаға өтеді. Осы жағдайларға орай скептиктер және агностиктер абсолюттік, объективтік шындыққа жету мүмкін емес деп түйін жасайды. Мұндай түйін қате. Біріншіден, объективті ақиқат көбіне абсолюттік формада емес, салыстырмалы формада болып келеді. Екіншіден, абсолюттік ақиқат біздің біліміміз үнемі оған жетуге ұмтылатын белгілі бір үлгі немесе шек ретінде қарастырылуы тиіс. Осы шекке жету жолында біз жаңа салыстырмалы шындыққа ие боламыз, яғни объектілердің жекелеген байланыстарын, қасиеттері мен қатынастарын терең танып, оларды синтездеп жэне осы мағынада біз үнемі абсолютті ақиқатқа жақындаймыз.

Догматтық тұрғыда ойланатын философтар мен ғалымдар қандай да бір салыстырмалы шындықтарды абсолюттік ақиқат ретінде қабылдайды. Қалыптасқан білім неғұрлым ұзақ уақыт шыдаған сайын, соғұрлым ол әдетке айналып, адасушылықтар да тамырын тереңге жібере түседі. Ғылымда объективті әлемді толығырақ және тереңірек бейнелейтін жаңа ашылымдар ашылып және жаңа ақиқаттар қалыптасады, ал бұрынғы білімдер дәл жеткілікті емес деп теріске шығарылып жатқанда, мұндай ойшылдар шарасыздықтан ақиқат жоқ, біздің біліміміз шартты, салыстырмалы, үмітсіз деп түйіндей бастайды. Мұндай жағдай жаңа және ескі теориялар мен ілімдердің жақтастары арасындағы драмалық қақтығыстарға әкеледі.

.