- •1. Қазіргі жаратылыстану ғылымындағы философиялық концепцияларды атаңыз
- •2.Таным теориясындағы сезімдік пен рационалдылық бағытын анықтаңыз
- •3.Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз
- •4.Философия ғылымындағы позитивизм бағытының негізін ашып көрсетіңіз
- •5. Т.Кунның ғылыми революциялардың құрылымы туралы пікірін талдаңыз
- •6.Жаратылыстану ғылымындағы «құбылыс» және «мән» категорияларын талдаңыз
- •7.Ғылымды әлеуметтк институт ретінде талдаңыз
- •10. Ғылыми техникалық прогресс пен регресс түсінігін талдаңыз
- •11.Ғылымдағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын көрсетіңіз
- •12.Ғылыми шығармашылықтағы этикалық жауапкершілік мәселесін анықтаңыз
- •13.Жаратылыстану ғылымының жиһандық мәселелерін талдаңыз
- •16.Фейербендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз
- •17. Ғылым және өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз
- •18. Салыстырмалы және абсолютті ақиқатты салыстыра талдаңыз
- •19. Натурфилософия бағытының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •20. Компьютер және тұлғаның жаттануының мәнін ашып көрсетіңіз
- •21. Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •22. Жаһандық ғылыми шығармашылықтың жаратылыстану ғылымындағы орнын талдаңыз
- •23. Ақиқаттың когеренттік және прагматикалық концепцияларын талдаңыз
- •24. Эмпириокритицизм бағытын талдаңыз
- •25.Жаратылыстану ғылымындағы философиялық категориялардың алатын орнын атаңыз
- •26.Ғылым этикасы мен моральдық жауапкершілікті саралаңыз
- •27. «Техника антропологиясын» талдаңыз
- •28. Адам – техника жүйесіндегі басты элемент екендігін талдаңыз
- •29. Сыни рационализм бағытын түсіндіріңіз
- •30. Ғылымдағы рационалистік бағыт негізін ашып көрсетіңіз.
- •31.Ғылым генезисін анықтаңыз
- •32.Жаһандану процесіндегі әлеуметтік танымның методологиялық мәселелерін талдаңыз
- •33.Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз
- •34.Философиядағы постпозитивизм бағытын түсіндіріңіз
- •35. Постклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •36. Неоклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •37.Қазіргі заманғы дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциалының қалыптасуының кезеңдері мен заңдылықтарын ашып көрсетіңіз
- •38. Натурфилософиядағы органикалық және органикалық емес көзқарастарды салыстырыңыз
- •39.Ғылым мен философияның басты айырмашылығын көрсетіңіз
- •40. Ғылыми таным негіздерін талдаңыз
- •41. Әлемнің ғылыми бейнесін анықтаңыз
- •42. Ғылым философиясы және оның маңызын талдаңыз
- •43. Ғылыми танымның зерттеу үрдісіндегі орнын талдаңыз
- •44. Ғылыми таным ерекшеліктерін талдаңыз
- •45. Ғылымдағы эмпириокритицизм бағытының мәні және оның негізін қалаушыны анықтаңыз
- •46. Философия ғылымындағы «мән» және «құбылыс» категорияларын талдаңыз
- •47. Философия ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •51. Ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.
- •52. Ғылымдағы неопозитивизм бағытын талдаңыз
- •55. Т.Кунның ғылыми тұжырымын негіздеңіз
- •59. Ғылыми білім құрылымын анықтаңыз
2.Таным теориясындағы сезімдік пен рационалдылық бағытын анықтаңыз
Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекеленген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама – қарсы, бірақ бір – бірімен өте тығыз байланысқан жақтары. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Сезімдік таным – танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс - әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен құбылыстар және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс - әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Қоршаған ортаны өзгерте отырып, субъект заттың тұңғиығына үңіледі. Оның іс - әрекеті тиімді болуы үшін нысанның сыртқы ерекшеліктерін білуі жеткіліксіз, оған оның ішкі қатынастарын, қасиеттерін, заңдылықтарын да тануы қажет. Сөйтіп, сезімдік тәжірибеге сүйене отырып, оны талдап, жинақтап, соның негізінде абстрактілі ұғымдарды, ғылыми көзқарастарды тудырады.
Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір – бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдың өзара байланысы тіпті терең. Олар бірінсіз бірі бола алмайды. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста қолданылады.Субъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі кезінде туындаған сезімдік әсерлері түйсік пен қабылдау деп аталады. Түйсіктер нысандардың жеке қасиеттерін бейнелейді – қызыл, қатты, тәтті т.б.; ал қабылдау – затты, құбылысты толық бейнелеу. Біз оның жеке белгілерін ғана емес, пішінін, көлемін көреміз, иісін сеземіз, дәмін татамыз, яғни затты барлық қасиеттерімен бірге толық қабылдаймыз.
Сезімдік әсерлер ес арқылы да қайталануы мүмкін. Мысалы, ойша Евразия университетін елестетуге болады, немесе жүріп бара жатқан поезды, машинаны елестетуге болады. Бірақ, бұл образ адамның бұрынғы тәжірибесімен тығыз байланыста туындайды. Мұндай образдарды елес деп атаймыз. Елес дегеніміз – дәл осы уақытта тікелей әрекеттеспесе де, қажет уақытында пайда болып отыратын сезімдік бейне.
Шындықтан алған әсерлерінің негізінде адам жаңа сезімдік бейнелер ойлап табуы мүмкін, яғни онда қиялдау қабілеті қалыптасады. Сезім органдарының көмегімен біз заттардың сапалары мен қасиеттерінің көп жақтылығын бейнелейміз. Сезімдік қабылдау тек нақты затты бейнелейді, ал жалпы затты көрсете алмайды. Мысалы, сезімнің көмегімен заттың құлағанын көруге болады, ал жалпы тартылыс заңын білу үшін ойлаудың күші қажет. Тәжірибеге сүйеніп, тіл құралдарын пайдаланып, адам сезімдік – көрнекті белгілерден бас тарта отырып, абстракциялар құра бастайды. Ойлау дегеніміз - әлемді логикалық абстр акциялардың көмегімен тану деген сөз.
3.Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз
ГербертСпенсер (1820-1903 ж.ж.) ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жаска дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол теміржолда инженербақылаушы болып (1837 - 1846), "Экономист" журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет аткарды, саяси өмірге араласуға тырысты. Спенсердің басты еңбегі — "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 — 1896). Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері — "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873). Спенсер өзінің теориясывда эволюциялық сатылардьщ сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дөрежесімен өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ үрдісі С. бойынша қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрынымдарға өту қозғалысы болды, мүңда неғүрлым маманданған бүтіннің бөлшектері өзара байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді. Спенсердің айтуынша, қоғамньщ дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бүрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның өртұрлі бөлшектерінің үдемелі мамандануын білдіреді де, қоғам ішіндегі гетерогеңцікті көбейте түседі. Мәселен, бұрыңғы заманда отбасы репродуқтивті, экономикалық, құрылымдықжәне аздап саяси функциялар аткзрды. Алайда қоғам дамыған сайын, бұрындары бір ғана әлеуметтік институт — отбасы атқарған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені еңдігі жерде баска институттар арасында бөліске түседі. қалай дегенмен де, қазіргі қоғамдарда Жұмыс пен білімнің мамандандырынған институттары отбасынан тыс дамуда. Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді. Эволюция дегеніміз — қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белтілі, өзара байланыскзн әртеқті күйге әсер ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді. Спенсер бірінші тәсілді — органикалық үқсастықты дәйекті тұрде жақтады. Бұл оның позитивистік ұстанымынан туған еді. Қоғамды ағзаның ерекше тұрі деп карастыратынын айта келіп Спенсер бынай деп мәлімдейді: "Біз қоғамды ерекше мән ретінде карастыруға күқынымыз; себебі ол дискретті бірліктерден құралса да, әр қоғамньщ алып отырған орны шеңберіндегі жалпы ұқсастықтарды ғасырлар бойы және тұтас ұрпақтарда сақтау олардың күрған агрегатыньщ белтілі бір нақтылығын корсетеді". Бұл агрегатты қай тапқа — органикалық немесе органикалық емес тапқа жатқызу кереқтігі күдік туғыза қоймас: әрине, органикалық тапқа жатады. "әлеуметтану негіздері" деген еңбек тарауларының бірінде "Қоғам дегеніміз организм" деп аталады. Әлеуметтік және қоғамдық ағзалардың үқсастықтары: 1) биологиялық организм сияқты қоғамның көлемі үлкейіп, өседі (органикалық емес агрегаттарда Бұлай болмайды); 2) биологиялық және әлеуметтік азғалар өскен сайын өзгеріп, олардың ішкі құрылымы күрделілене түседі; 3)биологиялық организмдерде де, әлеуметтік ағзаларда де құрылымның күрделіленуі олардың органдарының әртұрлі функцияларының саралануын тудырады; 4) екінші және үшінші проңестер барысында құрылымды құрайтын барлық органдардың өзара әрекеті мен ықпалы дамып күшейеді; 5) қоғамда да, биологиялық ағзада де тұтас нәрсе ыдырай бастаған кезде, жеке бөлшектер белтілі бір уақытта өзінің тәуелсіз тіршілігін жалғастыра алады. Сонымен қатар, агрегат өмірін қысқартатын ешбір апат болмаса, тұтас нәрсенің өмірі оның бөлшектеріне қарағанда ұзақ болады. Сонымен біз тұтас ағзаның өмірі — биологиялық болсын, әлеуметтік болсын — оны күрайтын бөлшектердің өміріне, соларға тәуелді бола тұрса да, солардан түзілетін болса да, оларға мүлдем үқсамайтынын көреміз. Әйтсе де биологиялық және әлеуметтік ағзалардың арасындағы ұқсастығының айқындығы соншалық, оны байқамау мүмкін емес. Спенсердің ойынша, әлеуметтік ағза үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өңдірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.) Ғылымға қазіргі мағынасындағы "эволюция" терминін енгізгеннен баска Спенсер жалпы ғылыми әлеуметтану парадигмасының қалыптасуына қандай жаңалықтар енгізді? Біріншіден, Спенсер қоғамдық күбыныстарды талдауда эволюциялық әдіс қолданды. Екіншіден, ол эволюция идеясының жануарлар-өсімдіқтер әлемі мен қоғамға ғана емес, сонымен бірге органикалық емес табиғатқа да қолданылатынын көрсетті — Бұл идея геологияда жақсы дамыды. Ал үшіншіден, эволюциялық әдіске сүйене отырып, Спенсер Еуропада жаңа заманнан бері қалыптасқан прогресс өлшемдері жөніндегі түсінікті қайта қарастырып, әлеуметтанудың ғана емес, сондай-ақ жүйелі талдаудың калыптасуына да маңызды рөл аткарған прогресс-эволюцияның өзіндік тұжырымдамасын жасады.
