Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
авар толык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
153 Кб
Скачать
☆

18.Авар тарихында Баян қағанның рөлі.

Авар тарихында ерекше тұлға болып, қағанаттың негізін құрып, түрік өркениетін Европада дамытушы – Баян қаған болды. Ол тек қағанатты құрушығана емес, ірі саяси істерді жүргізуші, екі үлкен өркениеттерді ықпалдасуға, қатынасқа түсуге себепкер болған ерекше тұлға. Баян қаған тек өз мемлекетін құрып қоюшығана емес, сонымен қатар Шығыс Европа сияқты ауқымды кеңістікте өмір сүріп, саяси белсенділігін танытып, Византия сияқты гегемонды империямен бақталасқа түскен лидер. Қазіргі таңда тарих бетінде сыры әлде болса да, ашылмай жүрген авар тарихын, соның ішінде Баян қағанның рөлін тарихи жазба деректерді өркениеттілік тұрғыдан зерттеп, ғылыми айналымға енгізу керек. Баян қағанның тұлға болып қалыптасуына түрткі болған екі алып өркениеттер – Византия мен Түріктердің ықпалдастығы. Баян екі алпауыт империялар арасында тиімді саясатқа қол жеткізу үшін алдына мақсат пен міндеттерді дұрыс қоя білді. Осы жағдайлар Баян қағанның түрлі этникалық топтар мен тайпалардың басын бір қағанаттың астын біріктіруі мықты көш басшы екендігін, оның лидерлік қасиетінің басымдылығын айғақтайды. Ерте ортағсырларда өмір сүрген Баян қағанның саяси портретін құрастыру үшін, алдымен сол кезеңде өмір сүріп, аварлармен қатынасқа түскен мемлекет пен империялардың тарихшы мен жылнамашыларының жазған естеліктерінен аламыз. Тарихқа жүгінетін болсақ ҮІ ғасырдың басында Шығыс Европада Баян қағанның билікке келуіне сол кезеңдегі саяси жағдай да өз септігін тигізді. 558 жылға дейін Европада тұрақсыз саяси жағдай қалыптасты, осылардың бәрі аварлардың белсенділік танытуына жағдай туғызды. Атап айтқанда: Византия империясы Шығыста жібек жолы бойынша сауда қатынасын кеңейтіп, үстемдігін жүргізбекші болды, бірақ оған Иран кедергі келтірді. Осы уақытта Түрік қағанаты құрылып Византия мен қатынасқа түсіп өздеріне саяси портнер жасамақшы болды. Түріктер жужандарды талқандап, Еуропаға ығыстырудың барысында халықтардың ұлы қоныс аудару процессін жандандырады. Ұлы қоныс аудару шғысы славян тайпаларының, Шығыс Рим империясының шекараларына ығысуына алып келіп, әскери қақтығыстарды туындатады. Жоғарыда аталған саяси жағдайлар Византия империясын көшпелі тайпалар, славяндардан және Парсылардан қорғайтын мықты «қорғаушы күшті» қажетсінді. Дәл осы қорғаушы күшті византиялықтар, авар ордасы және оның көш басшысы Баяннан қорғанысты тапты. Баян қаған жауынгер авар қағанатының негізін салып, құрушы тұңғыш лидері. Аварлар Орта Азия далаларынан қоныс аударған түркі тілдес тайпалық одақ. Оны дәлелдейтін бірқатар жазба деректер бар. Атап айтқанда, Менандр Протектор «Тарих», Феофилакт Симокатта «Тарих», Иоанн Эфесский «Шіркеу тарихы» т.б. Аталған жазба еңбектерден Баян қағанның ірі тұлға, мықты әскер қолбасшы, көреген саясаткер, орын алған саяси оқиғаларда өмір сүріп қана қоймай, өзін және қағанатын көрсете біліп, Европаны өзімен санасуға әкелген ұлы тұлға. Баян қағанның туған жылы белгісіз. Қайтыс болғаны жөнінде тарихта екі дерек бар. 1) Г.Руссенің жорамалы бойынша 602 ж. Баян қаған ұлдарының қай

тыс болуына төзе алмай қайтыс болды десе, 2) Менандрдың жазбалары негізінде 630 ж. өлді. Дегенмен бірқатар басқа да деректер бойынша 630 жылға дейн және одан кейін аварлардың Батысқа Германия жеріне дейін ат тұяқтарының жетуі, Баянның өмір сүргендігін немесе оның ізбасарларының қағанның бастаған ісін өзі жүргізгендей өктемдік етуі.