Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
авар толык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
153 Кб
Скачать
☆

25. Қарулану саласы бойынша аварлардың ашқан жаңалықтары.

Европа даласында екі жүз жылдан аса уақыт үстемдік құрушы Авар қоғамын жасаушылардың мықты қаруланған әскері мен соғыс тактикасындағы асқан шеберлігі жөнінде, Византия жазба деректері талай жазған болатын. Себебі авар ордасы Шығыс Европа жеріне орнығып, Византия империясымен қатынасқа түскен. Стратегикон және тағы басқа жазба деректер бойынша авардың мықты қаруланған сатты атты әскеріне сол заманда тең келетіндей европадей мемлекет болмады деген. Тек, император ІІ Юстиннің билігінен бастап аварларды жеңу үшін, аварлардай қаруланып тактикасын тиімді пайдалану керек деп, авар басқыншылығына тойтарыс бере бастаған. Император Тиверидің билігінде Менандрдың жазба материалдары бойынша авар көсемдерінің балаларын кепілдікке алып, келісімге келген дейді, яғни қағанаттың әскери көсемдерінің балаларын болашақ билікке келуші ұрпақ деп, оларға империяның мүддесінде тәлім-тәрбие беріп, оқытқан. Авар қағанатының соғыс пен саяси аренада үлкен жетістікке қолжеткізуіне басты себеп мықты қаруланған атты әскер мен тиімді соғыс тактикасын жүргізуі, ұлы жеңістерге жеткізді. Жемісті жаугершілік соғыстардың барысында аварлар Византия империясы сияқты алпауыт мемлекеттермен терезесі-тең саяси қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік алды. Бұл жағдайлар авар қағанатының саяси беделі мен абыройын асқақтатты. Аварлардың соғыс жүргізу тактикасы сақтардың тактикасына өте ұқсас, жауынан қашып жүріп соғысу, шегінгендей болып артынан садақтан оқ жаудырығаннан кейін, ауыр қаруланған атты әскерін соғысқа шығарып жаудың шебін бұзған. Бұл соғыс жүргізу тактиканың тиімділігі жау аварлардың жақын соғыстан қашуы, әскери әлсіздігінің нәтижесінде үнемі шегініп отырады деген жалған ой тудырып, жаудың босаңсуына, қарсыласын бағалай алмауына алып келген. Осы тактиканы византиялықтар өте тиімді әдіс деп кезінде бағалаған. Яғни аварлардың садақ пен жебемен жеңіл қаруланған атты әскері қашып жүріп шегіну әдісін пайдалана жүріп соғысуы, жаудың шаршауына алып келген. Аварлардың соғыс өнерінде үлкен ревалюциялық жаңалығы: тімірден құйылған үзеңгі мен жүген, авар жауынгерін аттың үстіне шегелеп отырғызғандай мықты және жылдамдықты артуына үлкен себепкер болған. Жеңіл қаруланған садақшы атты әскерден кейін, ауыр қаруланған сауыт жамылған атты әскер жаудың шебін бұзып, талқандаған. Яғни, аварлардың жақын соғыстан қашып жүріп соғысу тактикасы сақ заманынан қалған мұра. Еуропада мемлекеттігін құрған аварлардың сақ пен ғұндардың тікелей ұрпақтары, түрік екендігін тағы бір мәрте дәлелдейді.ҮІ-ҮІІІ ғғ. Авар қағанатының әскері сақ, ғұн, түріктік салт-дәстүрін жалғастыра отырып ерте ортағасырлық еуропалық өркениетпен ықпалдасты.

26. Авар қағандарының тізімі және олардың саяси портреттері.

562—602 — Баян I. 602—617 — Баян II. 617—795— белгісіз қағандар. 795—814 — Тудун Кажд. 814— ? — Авраам. ? —835 — Исаак. 835 - ? белгісіз қағандар. ? —899 — Менуморот. Авар тарихында ең ерекше тұлға болып, қағанаттың негізін құрып, түрік өркениетін Европада дамытушы – Баян қаған болды. Ол тек қағанатты құрушығана емес, ірі саяси істерді жүргізуші, екі үлкен өркениеттерді ықпалдасуға, қатынасқа түсуге себепкер болған ерекше тұлға. Баян қаған тек өз мемлекетін құрып қоюшығана емес, сонымен қатар Шығыс Европа сияқты ауқымды кеңістікте өмір сүріп, саяси белсенділігін танытып, Византия сияқты гегемонды империямен бақталасқа түскен лидер. Қазіргі таңда тарих бетінде сыры әлде болса да, ашылмай жүрген авар тарихын, соның ішінде Баян қағанның рөлін тарихи жазба деректерді өркениеттілік тұрғыдан зерттеп, ғылыми айналымға енгізу керек. Баян қағанның тұлға болып қалыптасуына түрткі болған екі алып өркениеттер – Византия мен Түріктердің ықпалдастығы. Баян екі алпауыт империялар арасында тиімді саясатқа қол жеткізу үшін алдына мақсат пен міндеттерді дұрыс қоя білді. Осы жағдайлар Баян қағанның түрлі этникалық топтар мен тайпалардың басын бір қағанаттың астын біріктіруі мықты көш басшы екендігін, оның лидерлік қасиетінің басымдылығын айғақтайды. Ерте ортағсырларда өмір сүрген Баян қағанның саяси портретін құрастыру үшін, алдымен сол кезеңде өмір сүріп, аварлармен қатынасқа түскен мемлекет пен империялардың тарихшы мен жылнамашыларының жазған естеліктерінен аламыз.