Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
авар толык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
153 Кб
Скачать
☆

59.Үіі ғ.Авар-Франк корольдігі арасындағы келісім шарттың нәтижелері.

VІІІ ғ. Еуропаның батысында өте үлкен Ұлы оқиғалардың бірі – Франк империсының қалыптасуы болды. Қантөгіс соғыстардың нәтижесінде Франктер Рейн мен Эльбаның арасындағы герман тайпаларын бағындырып, бетпе – бет аварлармен кездеседі. 562 жылы ІІ Юстин таққа келісімен аварлармен барлық қатынасты үзіп, салық төлеуден бастартақан. Екі жақты келісім шарт жалғаспағандықтан авар қағаны Баян империяның одағы болып саналатын франктер жеріне шабуыл жасайды. Франк корольі Хлотар өлгеннен кейін ғұндар Галлияға басып кіреді, Р. Латуштың және Г. Турскийдің айтуынша “ғұн” деп айтылғанымен, мәселе аварлар жөнінде деп айта келіп, бұл халық Орал-Алтайдан келген олар Дунай өлкесіне келіп қоныстанып, Дунайдан Тюрингияға дейінгі аралықтағы территорияға шапқыншылық жасап отырған деп алдыңғы тарихына көз жүгіртеді. Г.Турскийдің «История франков» атты еңбегі авар-франк арасындағы қатынасты толық сипаттайды. 561 жылы франктердің әскер басшысы Сигиберт жауынгерлерімен авар шапқыншылығына қарсы шығып, жеңіліп қудалаушылыққа ұшырайды. Бірақ көп ұзамай авар қағаны елші жіберудің нәтижесінде, франктермен одақтасады. Сонымен аварлар мен Франктер арасында одақ құрылып, татуласып, бейбітшіліктері нығайғаннан кейін, Баян Франк князі Сигибертке авар жауынгерлері отаршылыққа ұшырағаны жайында хабар айтып жеткізеді де, Сигиберт мемлекеттің басшысы және одақтасы ретінде қағанатқа көмектесуі тиіс деп бұйырады. Менандрдың мәліметі бойынша Қаған Сигибертке былай деген: “егер әскерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз етсең, мен бұл жерден үш күн ішінде кетемін” деген. Сигиберт Баянның жарлығын ести сала «аварларға ұн, жеміс, қой және өгіз т.б. азық – түлік пен қамтамасыз еткен». Сигиберт ғұндармен араласып жатқанда, франк мемлекетінің өз ішінде тартыстар орын алған. Оның куәсі ретінде Сигиберттің ағасы Хильперик Реймсті және бауырының қоластындағы қалаларын өзіне қаратып алады. Осы жағдайларға байланысты ағайындылар арасында соғыс басталады. Сигиберт қайтып оралып Суассон қаласын қоршауға алып, онда орналасқан корольдің баласы Теодобертті тұтқындап, күзетші қояды. Содан ол Хильперикке қарсы, соғысқа шығады. Оны жеңіп және қудалаушылыққа ұшыратып Сигиберт өзінің және Хилперик пен Теодоберттің қалаларын заңды түрде иеленіп, билейді. Ол Теодобертті Пантион вилласында бір жылға сыртынан күзетіп тұруға бұйрық береді. Сигиберт мейірімді жан болғандықтан, Теодобертті босатып, аман – есен әкесіне қайтарып, сыйлықтар береді, бірақ алдынала Сигибертке қарсы шықпаймын деген сертін алады. Бірақ Теодоберт сертін бұзған. Көп ұзамай 566 жылы ғұндар (яғни, аварлар) екінші рет Галлия территориясына басқыншылық соғыстарын бастайды. Оларға қарсы Сигиберт көптеген ержүрек франк жауынгерлерін шығарады. Бұл шайқаста Г. Турскийдің мәліметі бойынша авар әскері түрлі сиқырлы өнерлерін көрсетіп жеңіске жетеді. Бұл жерде Г. Турскийдің сиқырлы өнер деп отырғаны, авар жауынгерлерінің соғыс өнерін жетік меңгеріп, Франктерден анағұрлым басымдылығын айтқысы келген шығар. Сонымен соғыста аварлар франктерді қудалаушылыққа ұшыратып, Сигиберттің өзін тұтқынға алған. Сигиберт тұтқыннан босатылмағандықтан, өзінің қулық әрекетімен қағанды сатып алмақшы болып, сыйлықтар береді және оған қағанның иелігінде яғни тәуелді тайпалар арасында христиан дінін таратпауға шек қоятынын және ол өзінің мұрагері Дагоберді авар қаншайымы Рахилаға үйлендіруі жайында ұсыныс жасайды. Сонымен франктер мен авар қағанатының арасында одақтасып, қыздарымен ұлдарын некелестіреді. Жас жұбайларға жер үлесі ретінде, теңіз жағалауындағы қалашықты франктер сыйға тартады, көп ұзамай бұл қала Ла Рошель деп аталып, кейін ортағасырлық Францияның эретиктік қозғалыстардың орталығына айналады. Сонымен Сигиберт қағанға көптеген сыйлықтар беріп екі жақ ешқашанда соғыспаймыз деп ант беріп, келісім шарт жасасады. Авар қағаны да франктерге сыйлықтар беріп серт берген. 593 жылы Рим императорына Франктерден елші келеді. Елшілікті Бос пен Бетт басшылыққа алып келді. Оларды Франк корольі Теодорих ІІ-ші жіберген болатын. Елшілік аварларға қарсы одақтасу үшін келген. Одан кейінгі елшілік 630 жылы Дагобердтің Византия императоры Ираклий арасындағы “Мәңгілік бейбіт” (Вечный мир) жөнінде уәде береді, корольдіктер арасындағы жанжал көбінесе Европаның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтары үшін болды.

60.Ұлы Карлдың аварларға қарсы шабуылы, қағанаттың құлауы. Славяндарға қарсы жорық аяқталған соң, 791-803 жылдарды қамтыған аварларға қарсы ауыр соғыс басталды. Эйнгардтың өзінің “ЖИЗНЬ КАРЛА ВЕЛИКОГО” атты еңбегінде франктердің саксондармен болған соғысынан кейінгі соғыс осы аврлармен болған шайқаста айтарлықтай көп күш жұмылдырған. Аварлар бұл кезде Тассилонмен одақта болған болатын. 788 жылы аварлар Тассилонның тақтан түскенін хабардар болып, Ұлы Карлға қарсы соғысты бастап кетеді. 791 жылдың жазында Карл армиясы үш түрлі бағытта авар еліне баса көктеп кіріп, аварлардың негізгі бекіністері орналасқан Вен орманына дейін жетеді. Өз лагерьлерінен қашып шығып, ары қарай қашады, франктер оларды Раба өзенінің Дунайға құятын маңына дейін қуып барады. Ары қарай қуалау тоқтатылады. Армия үлкен олжаға ие болып Регенсбургке қайтады. Осыдан кейін Ұлы Карл кезіндегі франктер мен аварлар арасындағы соғыс тоқтағандай болды. Мұный себебі 792 жылы Карлдың Хильмильтруда Пипин деген әйелінен туған баласы мұрагерліктен аластатылғанын естіп, көтеріліс бастайды. Ол өзіне бірнеше графстволарды қосып алуға дейін барғанымен жеңіліске ұшырады. Бұл көтерілісті баса сала, Нордальбингиядағы сакстердің көтерілісі басталып кетті.

Аварлармен соғыс осы оқиғалардан кейін жалғасады. Ендігіде екі мемлекет арасындағы соғыс құбылмалы сипат алды. Карлге аварларға қарсы тұру үшін бүкіл күшін жинап, оңтүстік славяндармен одақ құру керек болды. Франктер Карлың ұлы Пипиннің басшылығымен және хорутандық князь Войномир аварларға қарсы соғысты бастап,олардың Дунай мен Тиса өзендерінің қосылуындағы астанасы болып есептелетін үлкен алып бекіністі жаулап және қағанын тұтқындады. Бекіністі алуымен олар үлкен олжаға кенеліп, үлкен 14 тележкамен Франк мемлекетіне әкетеді. Көптеген ғасырлар бойы тонау жорықтары барысында жиналған аварлардың қазынасы Карлға өмірінің соңына дейін сарайлар мен храмдар салуына дейін жетті. Осы жорықтан кейін Эйнгард бойынша, Панонияда бірде бір өмір сүріп жатқан адамдар қалмады, ал қаған резиденция орнында адам іздері де табылмаған. Бірнеше ғасыр бойы Шығыс Еуропаны тығырыққа тіреген Авар халқы өмір сүруін тоқтатты, ал олардың орнына көшпенді мадьярлар келді.