Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
авар толык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
153 Кб
Скачать
☆

48. Аварлардың этникалық тарихы.

Халықтардың Ұлы қоныс аударуының әсерінен, шамамен екі жүз елужылдай уақыт бойы аварлар Карпат өңірінде (қазіргі Орталық Венгрия, Трансильвания) территориясында қоныстанып, мықты саяси билікті иемденген. Бірақ сонда да алып территорияны жаулап алған және Византия империясын біраз әбіржіткен аварларды, қазіргі таңда жоғалып кеткен халықтардың қатарына жатқызуға болады. Сондықтан оларға байланысты көптеген мәселелер құпия болып келді.

Авар атауының шығуы, жалпы аварлардың қайдан шыққаны жөнінде тарихта үш түрлі гипотезалар бар. Соның біріншісі бойынша, аварлар көшпелі жуан-жуан империясының ұрпақтары дейді, екіншісі бойынша, олар Орта Азиядан шыққандар және олардың ата-бабалары вархониттер, үшінші гипотеза бойынша аварлар Венгрия территориясының кейбір қоныстардың атауларының түбірі «варконь» деген сөз тіркесімен аяқталғандықтан жергілікті халық болуы мүмкін дегенде болжамдар бар. Жазба деректерге сүйенетін болсақ мысалы: Менандр Протектордың хабарлауынша, «568 ж. император Юстиннің билігіне төрт жыл болғанда, Византияға ертеде сақтар деп аталған түркі қағандығынан елшілік келген, елшілікті Маниах бастап келген» дейді. Ол өз елінен императорға хат әкелген, оны император аудармашы арқылы оқығаннан кейін, елшіге сұрақ қойған дейді. Сол сұрақтардың бірінде император аварлар жайында сұрайды, мәселен сөзбе сөз келтіретін болсақ; бізге айтыңызшы, қанша аварлар түрік билігін бұзды және де сіздерде аварлар қалды ма? деді император.

VI ғасырдың бірінші жартысында көптеген тайпалардың ішінде авар тайпа ұйымы ерекшелене түседі. Аварлар түркі тілдес тайпа болғандықтан, біз ежелгі түркілердің этникалық тарихына тоқтауымыз қажет. Бұл мәселе тарихнамада күні бүгінге дейін толық шешімін таппаған.

1968 ж. Монғолияда түркі тарихына байланысты жазба ескерткіш табылып, түрік тарихын зерттеуге үлкен жол ашып береді. Бұл жазбаның жоғарғы бөлігінде қасқырмен оның астында қолы мен аяқтары кесілген адамның бейнесі бейнеленген.

VI ғасырда қытай тарихшылары жазып қалдырған, түрік аңызы бойынша үлкен саз балшықтың шеткі аймақтарын мекендеушілер, көрші тайпаның басқыншылығына ұшыраған. Осылардың ішінде қолымен аяғы шабылған баланы қасқыр асырап алып, кейін әйелі болып, он ұл туған екен. Осы қасқырдың балалары Турфан қыздарына үйленеді. Оның немерелерінің бірі Ашина, тайпа көсемі болып, оған өз атын берді. Кейінірек Ашина руының көсемдері Алтайға шығып басқа тайпаларды басшылыққа алып, түрік атауын қабылдайды.

Аңыз бойынша түркілердің шығуын Шығыс Тянь-Шанмен байланыстырады. Осы мәселені Қытай деректанушыларының мәліметтерінде орын алған, айталық VI ғасырдың Тянь-Шаннан солтүстікке қоныстанушыларды Турфан маңына ығыстырады. 460 жылы бұл өңірді мекендеуші түркі тайпаларына монғол тілдес жуан-жуандар (аварлар) басқыншылық жасап, бағынышты ғұн тайпаларын Алтайға қоныстандырған. Осы қоныстандырушылар қатарында Ашинаның ұрпақтарыда болды.

Тарихта түрік аңызы (екі үлгісімен танымал) Қытай мәліметі бойынша Ашиналықтар Шығыс Түркістанда өмір сүру барысында, құрамына жаңа этникалық топтарды қабылдаған-жергілікті тұрғындармен араласқа түседі. III ғасырдан бастап 460 ж. дейін, ирандық (соғдылық) және тохарлық (үнді европалық) тұрғындар мен араласты да, Ашина дәстүрінде, тілінде көріністер тапты. Дәл осы кезден бастап, түрік-соғды байланыстары басталып, бүкіл түркі мәдениетіне және ежелгі мемлекетіне зор ықпал етті.

Алтайдағы Ашиналық-түріктер, аварларға (жужандарға) салық ретінде темірді төлеп, 545 жылы ірі тайпалық бірлестік құрып, солтүстік Қытай мемлекеттерінің біреуімен, дипломатиялық қатынас орнатқан. Ашина-түріктері бірнеше огуз тайпаларын бағындырып, олардың арқасында күшейіп жуан-жуандарға қарсы шығады. Ғұндар Рим империясымен жаугершілік соғыстар, жүргізіп жатқанда, жень-женьдер қытайлықтармен соғысты. Жень-женьдар Маньчжурия шөлінен Түркістан даласына дейінгі жерді жаулап алып, ауқымды мемлекетті құрып үлгерген. Тіпті Қытайдың шекара аймақтарын да жаулап алған. Жоғарыда айтқандай жень-жень жаулап алған тайпалар ішінде түріктер де болған, түркі тайпалары Алтай таулы аймағын мекендеген. 522 ж. Жеңілген жужан ордасының бір бөлігі түркілерге бағынады, бір бөлігі Қытай жеріне қоныстеуіп, онда қытай шекарасын күзетші қызметін атқарған. Ал енді қалған бөлігі түркі, монғол, тіпті манчжурлар мен араласып, батысқа бет алады. Жужан тайпасының дәл осы тармағы, батыста авар атымен белгілі болады. Осыған байланысты болар зерттеу еңбектерінде авар-вархониттер де Орталық Азиядан келгендер және олар монғолдар деген пікірлер бар. Осы пікірді жақтаушылардың бірі Х. Хоурс болды, ол аварларды монғолдар деп тұжырымдаған.

Жуан-жуандардың соңғы қағаны Анахуань болды. 551 жылы Түркі тайпаларының көсемі Бумын, қаған атағын қабылдайды. 552 жылы Бумын қаған қайтыс болып; оның мұрагерлері Қара-қаған (552-553жж.) және Муған-қағандар (553-572жж.), Жуан-жуандарды күйретуді жалғастырады.

Авар қағаны Анахуань (Анағұй), қалыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бұрынғы вассалдардың бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалық, Анахуань өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш-қуатынан да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырды.

Таққа Қара-Еске, Бумының інісі отырғаннан кейін, оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат (Мула) тауларында жужандарды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандық тағына Мұқан-қаған (Мугань) деген атпен отырады, оның лақап аты Ианту болады. Мұның бәрі 552-554 жылдардың арасында болған. Бұл уақыттың ішінде түріктер шығыста қайлар (татабтар), қидандар және отыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте-Енисей қырғыздарын өздеріне қаратып алады. Бұл жылдары түркілердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Истеми бастайды, кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552-553 жылы батысқа жасаған жорықтардың бірінде Иштеми Бумынмен бірге болып «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайлақ» деп атап өзін қағанмын (Шисин було қаған) деп жариялайды». Бұл өте назар аударарлық хабар. Мұны шежіре дәстүрінің өзі де ескермеген, бұл дәстүр бойынша тайпалық - әскери ұйымның шығуы Жетісу түріктерінде 651 жылы ғана болады, сол жылы Ашбара – Териш – қаған (Шаболо- Дилиши) өзінің мемлекетін күтпеген жерден он ұлысқа бөледі: әрбір ұлыс оны басқарушы бір адамның қарамағында болады. Оны шэ (шад) деп атаған. Әрбір шадқа бір жебеден сыйлық береді, осыдан келіп «он жебе» деген ат шығады. Тайпалық - әскери сандық ондық дәстүр тілді тайпаларында VІ ғасырдың орта кезінде-ақ болған және Батыс түрік қағанатының этникалық-саяси құрылымында айқын бейнеленді.

Жуан-жуандардың бір бөлігітүріктерден жеңілгеннен кейін солтүстік Қытайға және Кореяға қашады, ал қалғандары батысқа қоныс аударып авар атымен танымал болады. Батыс Европаға ығысқан аварлар (558-568 жж.) Еділ аймағы, Азов маңы мен солтүстік Кавказдағы көптеген ғұн тайпаларын құрамына енгізіп, Византия шекара аймағына ұмтылады. Дунай жазығында өз мемлекеттерін құрып, бірнеше рет Орталық Европа елдерін тонаушылыққа ұшыратады.

Аттила бастаған ғұн империясы құлағаннан кейін, Европа даласында бірнеше көшпелі тайпалар өмір сүреді. Олар: акацир, барсил, сарагур, угор, савир, авар, утургур, оногур, кутургур, болғар т.б. Осы бірнеше көшпелі тайпалардың ортасынан VІ ғасырда аварлар бөлініп шығады.

Аттила ұрпағының, яғни авар ордасының тарихы Ирнах пен Денгизих атты деректер бойынша ғұн империясы құлағаннан кейінгі түркі тілдес тайпалардың қайта бірігуі деп жазған.

Авар атауы, жалпы аварлардың қайдан шыққаны жөнінде түрлі мәліметтер бар. Айталық Византия тарихшысы Присктің мәліметі бойынша авар тарихы 461 ж. басталды дейді. Батыс пен Армян деректері бойынша V ғасырдың аяғында, ғұндар Шығысқа басқа атпен оралды делінеді. Прокопий Кесарийский және Моисей Хоренский шамалап «ақ ғұндар» деп атаған, олар «Кушанавар» деген қолбасшыларымен Перозаны талқандаған деп келтіреді. Бұл қолбасшының аты екі сөйлемнен тұрады; Кушан – термин, армян тарихында көшпелі деген мағынаны білдірген немесе Кушан атауы Орта Азияда бар және Аваз-авар- бұл атау Шығыс Еуропадағы ғұндардың ұрпақтарының аты. 567 ж. Эфталит қоғамы түркілерден жеңілгеннен кейін, Ирнах пен Денгизих деректерінде ақ ғұндар Византиядан бастап Орта Азияға дейін аралықта мекендеген, көшпелі өмір сүретін ғұн тайпаларының қалдықтарымен араласты, ассимиляцияға ұшырады деп жобалайды. Яғни жоғарыда келтіргендей Кушанавар атты бастаушы адамның аты дәлел болады. Бәлкім бұл атау екі тайпалардың бірігуінің аты негізінде пайда болса керек: Кушан +авар.

Ежелгі авторлардың жобалаулары бойынша, Эфталан атты патша болған, сосын оның аты халқына берілген. Бұл жерде де, яғни авар атауы да дәл солай көсемнің аты тайпа атына берілсе керек. Осы екі көсем аттарын – тайпа аттары деп және бұл екеуінің аты біріктірілген деп жобалауға болады.

Эфталиттердің аварлармен араласқанын қытай деректері де келтіреді. Мысалы: Еда (эфталит) мықты мемлекет деп есептеледі және олар жужандармен құдаласып туысқан болған (жужандар – яғни аварлармен деген сөз) дейді. Сонымен Византия және армян деректеріндегі Кушанавар терминіне анализімізді қытай деректері де дәлелдей түседі. Эфталиттік – кушан қоғамында, ғұн тайпасының ұрпақтары өздерінің өмір сүруін жалғастыра берді деп жобалауға болады. Бірақ ең алдымен аварлардың кушандармен бірігуі, олардың тайпа атауларына қол таңбаларын қайырғанын, бірінші ескеріп айту керек.

49.Халықтардың Ұлы қоныс аудару процессіне қатысты жазба деректерді талдау Халықтардың Ұлы қоныс аудару қозғалысы кезеңіндегі тарих, оқу құралын жазу жұмысы барысында сол уақытта өмір сүрген хронистердің, жылнамашылардың жазған шығармаларындағы мәліметтер басшылыққа алынды.

Приск Панийский, А. Марциллин, Григорий Турский, Аврелий Кассиодор, Иордан, Павел Диякон, Исидор Севильский, Прокопий Кесарийский, Иоан Эфесский және тағы басқалар.

Приск Панийский Ү ғасырдың жазушысы, византиялық дипломат. Ол византиялық императорлардың тапсырмаларын орындаушы болған. «Византия тарихы және Аттиланың әрекеттері» атты 5 кітаптан тұратын шығарманың авторы. Присктің этнографиялық аңғармалары өте бағалы және халықтардың ұлы қоныс аударуы жылдарындағы варварлық халықтардың, соның ішінде аварлардың ішкі өмірі тұрғысындағы сирек бақылаулардың бірі болып табылады. Приск еңбегі тарихи деректердің алды болып алғаш рет аварлар туралы мәлімет айтылады: «Шығыс римдіктерге аварлар қуғындаған сабирлердің шабуылы барысында туған жерінен ығысқан тайпалар – сарагур, угор, оногурларға елші жібереді, өз кезегінде бұларды мұхит жағалауында өмір сүрген халықтар ығыстырған еді».

Бұл хронистердің ішінде Григорий Турскийді айырықша атауымыз қажет. Ол 540-594 жылдары аралығында өмір сүрген франк жазушысы, белгілі галл-рим отбасында дүниеге келген. 573 жылы Тур қаласының эпископы дәрежесіне жетті, бұл қала сол кездегі Галлияның діни орталығына айналған. Григорий Турский Сигиберт, Хильдеберт сияқты корольдердің алдында беделді болған. Сонымен бірге ол саяси жиналыстарда да маңызды орын алды. Оның “Франктер тарихы” (Historia Francorum) 10 кітаптан тұрады. Бұл деректе ғұн, славян тайпаларының және де аварлардың франктермен болған қатынасы жайында құнды мәліметтер береді. Бұл деректің құндылығы сонда, аварларды Шығыстан келушілер екендігін дәл көрсетеді.

Жоғарыда келтірілген хронистердің қатарындағы А.Кассиадорды айтатын болсақ, ол 487-578 жылдары аралығында өмір сүрген, өз заманының белгілі қайраткері. 526-534 жылдары Теодорих королінің сұрауы бойынша “Готтардың тарихын” (De rebus gestis gothorum) жазды. Оқулық барысында, бұл деректен аварларға бағынған гепид тайпалары және олардың Византиямен қарым-қатынастары жайында мәліметтері құнды дерек болып табылады.

Ерте византиялық кезеңнің жазушысы, гот тарихшысы Иорданның қолжазбалары халықтардың Ұлы қоныс аударуы кезіндегі ғұн тайпалары, славян, авар тағы басқа тайпалық бірлестіктер жайында құнды мәліметтердің жиынтығы. Готтық епископ VІ ғ. өмір сүріп, осы ғасырдың екінші жартысында өзінің “Гетика” (De rebus Gethicis) және “Краткая хроника” атты мұрасын жазады. Иорданның маңызды еңбектерінің бірі “Гот тарихы” біздің заманымызға толық жеткен.

Прокопий Кесарийский Иордан сияқты император Юстинианның дәуірінде өмір сүрген, ол бірнеше тарихи шығармалар жазған. Оның ең үлкен жазбасы “О войнах Юстиниана” 68 кітаптан тұрады, автордың соңғы төрт кітабы (V-VІІІ ғғ.) “готтармен соғыс” (“О войнах с готами”), “құрылыстар” (“О постройках”) және “Құпия тарих” (“Тайная история”). Жалпы славянтанушылардың айтуынша, бұл автор славяндар жайында толық мәліметтерді, және славяндарды өз атымен атап, олардың Шығыс Еуропаға, Шығыс Рим империясы жеріне жасаған жорықтары, аварлардың осы өңірге келуі, олардың славян және тағы басқа тайпаларға тигізген әсері жайында мол, жан-жақты мәліметтерді береді. Айталық “Готтар тарихында” славян ант тайпаларының өмір сүруі тұрғысында хабарлап, оларды бір адам басқармайды, бірақ теңдікте, бірлікте өмір сүрген дейді. Сонымен бірге славян, ант тайпаларының дүние танымдық көзқарастары, діни наным сенімдері жайлы мағлұматтар береді. Олардың өмір сүруі өте дөрекі массагеттерге тән, бойы ұзын, күштері көп т.б. мәліметтер келтіреді. Ал “Құпия тарихында...” ғұн, славян және анттар Рим жеріне ұдайы шапқыншылық жасады дейді, яғни ғұн деп отырғаны аварларды айтып отырса керек, себебі Юстинианның билігі тұсында көпшілік жаугершілік соғыстарды аварлар жасап отырған. Олардың әр жорығында, рим жерінен шамамен 200000 адам құлдыққа әкетіліп, енді бұл империя жері скифтік елге айналғандай деп, адамсыз бос, иен қалған византия елін, скиф даласымен салыстырады.

50. Авар қағанатының сыртқы саясаттағы ұстанымы. Менандрдың мәлімдеуінше, аварлар Шығыс Европаға келісімен көп ұзамай утигурлармен, кейін залдардың (унн тайпасы) және савир тайпаларының күшін күйретеді. Савирлер зал, утигур және кутригурлар сияқты-ғұн тайпасы. Прокопий Кесарийский бойынша савирлер унндар болды және олар Зиханың ар жағында Воаса (Фасия өзенінің жоғарғы ағысы) өзені бойында мекендеген, яғни Кавказ тауларының маңайында дейді. Сонымен, авар одағы (559) савирлерге, 560 ж. утигурлерге және кутригур тайпаларын тонаушылыққа ұшыратып жеңеді. Халқын тұтқындыққа алады. 560 жылдардың басында аварлар Дон өзенінен өтіп, кутригурлар жеріне басып кіреді, бұл тайпалар өзінің батысында орналасқан ант тайпасынан көмек сұраған, олар көмек бермегеннен кейін, кутригурлар жеңіліп аварлардың вассалына айналды. Шамасы осы 560 ж. бастап Дон өзені бойындағы кутригур тайпаларын жеңгеннен кейін, Авар басшысы Баян өзін қаған деп жарияласа керек. Осыдан кейін авар қағаны Бессарабияға, анттардың отанына шабуыл жасайды. 561 ж. анттар Прокопийдің хабарлауынша, анттар-славяндар болған дейді. Оларды қудалаушылыққа ұшыратып, аварлар олардың жерін тонайды.

VІ ғасырдың басында Византия империясының солтүстік шекара аймағында, Дунайдың төменгі және ортаңғы ағысында славян тайпаларының басып кірушілігі басталады.

Дунай өлкесі империяның ең тынымсыз шекарасы болды. Дунайдың солтүстігінде, Қара теңіз даласында орналасқан көптеген варвар тайпалар, әсіресе славяндар Византия иеліктеріне жиі қауіп төндіріп тұратын болды. VІ ғ. Византия империясының ішкі әлеуметтік-экономикалық күйзелісі, варвар тайпаларының шапқыншылығына тиімді жағдай туғызды.

Әбден соғыстан қалжыраған империя, күннен-күнге күшейіп келе жатқан славяндарға қарсы белсенді әскер ұйымдастыруға қаржы іздеуден амалы қалмады.

Юстинианның билігінің соңына қарай, византияда әскер дейтіндей, әскер де қалмаған. Бір мысал келтіретін болсақ: «559 ж. Константинопольде ғұн-кутригурпар мен славяндардан қорғау үшін Вилисарий (Византияның әскер қолбасшысы) тек 300 жауынгер ғана шығарған, ал қалған бір бөлігін, қалада жасырынып жатқан шаруалардан жинаған».

Империяның тұрғындары, әсіресе солтүстік Балқан аймақтарында этникалық жағынан аралас халықтар, өз жерінің қорғаушысы бола алмады. Дунай маңындағы аймақтың шаруашылық өмірі, бірнеше ғасырлар бойы варварлардың шапқыншылығының әсерінен тоқтап қалды, үстіне бұл өлкеде адамдар да қалмады. Аммиан Марцелиннің айтуынша, Солтүстік Иллирик территориясында «өңделмеген және артық жерлер» болған. Мысалы: «ғұн-кутригур тайпаларының көсемі Заберган Дунайдан өтіп иесіз жерді тауып алған». Осы басқыншылық соғысы жайында (559 ж. басында) Прокопийдің мәліметі бойынша: «ғұн-славян шапқыншылығы басында ғұн ханы Заберган тұрды дейді. Жаугершілік жеңіліспен аяқталады, жоғарыда келтіргендей империя жағынан Вилизари Фракия шаруаларының көмегімен жеңіске жетеді». Осыдан кейін славян басқыншылығы көпке дейін тоқталады.

VІ ғ. 60 жылдарында Дунайда түркі ордасы аварлар пайда болады.

Менандрдың мәліметі бойынша аварлардың бір бөлігі шамамен 20 мың адам, жаугершіліктерден қашып 558 ж. Каспийдің аржағындағы алан еліне келіп, алан көсемі Саросиядан көмек сұрап, римдіктермен таныстыруын өтінген. Алан көсемі сол кездегі империяның әскер қолбасшысы Германның баласы Юстинге, аварлардың елшілігі жөнінде айтады. Юстин император Юстиниянға авар елшілігінің өтініш хабарлайды. Император әскер қолбасшысына елшілікті Византияға жіберуіне рұқсат береді. Авар елшілігін көру үшін, қала тұрғындары топ болып жиналған, әсіресе жұртшылықты қызықтырғаны, варварлар тәріздес бет бейнесі және өрілген қара шаштарының болуы таңқалдырған екен. Менандр тіпті авар елшісінің атын Кандих деп, және оның айтқан сөздерін мәлімдейді. Византияның шекарасында естерін жинаған аварлар, империядан қайырымдылық сұрауға мәжбүр болады. Сонымен қатар оларға қоныстанатын жер керек болды, оны Византия басқа тайпаларға бергендей, бізге де береді деп есептеді. Авар елшілігін Кандих есімді көсем басқарып келді. Кандих императордың алдына келіп төмендегі мәтінді айтқан: .... Саған халықтардың ішіндегі ең мықты, күштісі келіп тұр, авар тайпасын жеңу оңай емес, біз қарсыласқандарымызды күйретіп жеңе аламыз, соңдықтан аварлармен одақтассаң, мықты қамқоршың боламыз және бізбен тең бейбіт қатынаста болу үшін, Рим империясы жыл сайын салық төлеп, бағалы сыйлықпен, ақша төлеп тұруы тиіс деп тік сөйлеген. Жылнамашы Менандр – Кандих бастап келген елшілік жөнінде сөзін жалғастыра келе, осы кездегі императордың қажығанын, бұрынғы жас кезінде осындай қатты сөйлегені үшін Вандалдық Гелимер мен Готтық Витигидің тұтқынға алғанын жазады, бірақ бұл күндері патшаның бойынан күш қуаты кетіп қартайған шағында, - бұрынғы ержүрек, қаталдығы тыныштық сүйгіш мінезге айналғандығын айтып, суреттейді. Император бұл тайпалармен соғыссыз ақыл, айламен жеңбекші болды. Егер ол өлмегенде, қантөгіссіз, ақыл айла мен аварларды жеңетінде еді дейді; сонымен Юстиниан ұзақ уақыт өтпей қайтыс болғандықтан ойлағаны іске аспай қалады. Агафийдің мәлімдемесі бойынша империяның аварлармен соғысатын жағдайы болмағандықтан Юстиниан алдау, арандату әдістерін пайдаланбақшы болған деп жазады.

51.Жазба деректер мен зерттеу еңбектері негізінде аварлардың эногенезі орта ғасырлар авторлары ішінде авар тарихына қатысты төмендегі хронистердің еңбектері басты назарға алуға болады. Приск Панийский, А. Марциллин, Григорий Турский, Аврелий Кассиодор, Иордан, Павел Диякон, Исидор Севильский, Прокопий Кесарийский, Иоан Эфесский және тағы басқалар. Атап айтқанда А. Марцеллин 31 кітаптан тұратын “Тарих” атты еңбегін жазған. Бұл шығарманың 18 кітабында 353-378 жж. дейін оқиғалар мәлімденіп, біздің уақытымыздың күні бүгініне дейін жетті. А. Марцеллин 330-400 жылдары өмір сүрген танымал Рим тарихшысы, шыққан тегі грек.