- •1.Авар тарихына қатысты жазба деректер.
- •2.Қазақстан тарихнамасындағы авар мәселесі.
- •3.Аварлар жөнінде жаңа және қазіргі замандағы шетел тарихнамасы.
- •4.Аварлардың шығу тегі мәселесі.
- •5.Авар этнонимі, олардың шығу тегіне қатысты теориялар.
- •8.Византиялық , кейінгі антикалық және ертеортағасырлық авторлардың аварлар жөнінде хабарлары және аварлардың қоғамдық қатынастары.
- •9.Аварлардың шаруашылығы жөнінде жазба деректер.
- •10.Авар қағанатының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •12.Жазба және археологиялық деректер негізінде аварлардың материалдық мәдениеті және күнделікті өмірі.
- •11.Аварлар: тілі мен жазуы.
- •13.Авар қағанатының әкімшілік басқару жүйесі.
- •14.Авар қағанатының құрылуы және Шығыс Европаға ұстанған саясаты
- •15. Авар-Византия арасындағы саяси дипломатиялық қатынастардың барысы мен нәтижелері.
- •16.Аварлардың әскери өнері мен қару жарақтары.
- •17.Византия императоры Юстин іі-нің аварларға қатысты саясаты.
- •18.Авар тарихында Баян қағанның рөлі.
- •19.Аварлар мен Византия арасындағы байланыстар жайындағы құнды мәліметтер: Византия тарихшылары Агафий және Менандр Протектор.
- •20.Авар-славян қатынастарының барысы.
- •21. Авар-славян қатынастары жайында жазба деректер.
- •22. Аварлардың Паноннияны иеленуі.
- •23.Аварлар дәуірінде ғұн дәстүрлерінің жалғасуы.
- •24.Ұлы Карл бастаған Франк империясының аварларға қарсы соғыстары.
- •25. Қарулану саласы бойынша аварлардың ашқан жаңалықтары.
- •26. Авар қағандарының тізімі және олардың саяси портреттері.
- •27. Авар қағанатының құлауы.
- •28.Еуропа тарихында аварлардың орны.
- •29.Аварлардың этногенезі тұрғысындағы теориялар.
- •30.Авар қағанатының әкімшілік басқару жүйесі.
- •31.Авар-славян қатынастары.
- •32.Авар-Франк соғыстары барысы мен нәтижесі.
- •35. Аварлар мен түркілер арасындағы соғыс жүргізу өнері мен тактикаларындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар.
- •39. Авар-Парсы одағының мәні және нәтижелері.
- •41.Авар қағанатының құлау себебі мен салдары
- •42.Аварлардың европалық әскери өнерге қосқан үлесі.
- •43. Европа тарихында аварлардың орны.
- •Қарулану саласы бойынша аварлардың ашқан жаңалықтары.
- •48. Аварлардың этникалық тарихы.
- •52.Аварлардың християндану мәселесі.
- •55.Авар қағанатының әлеуметтік жағдайы.
- •59.Үіі ғ.Авар-Франк корольдігі арасындағы келісім шарттың нәтижелері.
15. Авар-Византия арасындағы саяси дипломатиялық қатынастардың барысы мен нәтижелері.
Авар одағы жаулап алушылық жорықтарын шығысқа жалғастыра алмады, себебі, эфталиттеттер батыс түркі қағандығының қол астында болды. Ал аварлар кезінде түркі қағандығына бағынған, халықтардың жылжып, ығыстыруының әсерінен, Шығыс Еуропа даласында пайда болған. Византия тарихшысы Менандр жылнамасында түркі қағандығы мен аварлар жайында былай деп сипаттайды: «…Владетель Турков Силзивул узнав о побеге Аваров, которые ушли по нанесению вреда Туркам, всем свойственною варварам дерзостию сказал: «Авары не птицы», чтоб летая по воздуху, избегнуть из мечей туркских; «они не рыбы», чтоб нырнуть в воду и исчезнуть в глубине морской пучины; они блуждают на «поверхности земли». Когда покончу войну с Эфталитами, нападу на Аваров, и они не избегнут «моих сил…». Бұл жерден Түркі қағанымен қақтығыстардың нәтижесінде аварлардың Еуропа даласына қоныс аударуға мәжбүр болғандығына байланысты мәліметтерді байқауға болады. Византия императоры Юстиниан 565 ж. қайтыс болып, Римдіктер мен аварлар арасында қатынас өзгереді. ІІ Юстин таққа отырғаннан кейін, шамамен 565 ж. императорға аварлардан елші келіп, салықты көбейтуін талап етеді. Император ІІ Юстин салық төлеуден бас тартып, елшілерді қуып жіберді. VІ ғ. Византия империясының ішкі әлеуметтік-экономикалық күйзелісі, варвар тайпаларының шапқыншылығына тиімді жағдай туғызды. VІ ғ.орт. византиялықтар аварларға салық ретінде алтын төлеп тұрды.Барлық соамасы бір жылды 80мың солид болды бұл 599 жылдан бастап осылай болатын.Кейін ол 100мың данға дейін барды.Бірақ аварлар үшін бұл аз болып есептелді. VІІ ғ.басында жыл бойына келісім шартқа тұрып бір жылда 120 мың солид төлеп тұрды.626 жылға дейін жалпы салық көлемі 6млн.болды.Бұл 25млн тоннаға сәйкес алтын еді.Сонымен қатар әшекей бұйымдар да беріп тұрды.Аварлар Римдіктердің жеріне қызығып оның жеріне қоныстану мақсатында Юстинианға 562 ж.арнайы елші жібереді.Бірақ елшіге Икунимон оларға жердің берілмейтінін айттты. Менандр Протектрдің аййтуы бойынша одан кейін аварлар римдіктерге қарсы өштесіп Баян қаған оларға қарсы соғыс ашты. Баян қаған 9 кругке бөлініп дунайдың екі жағына шықты. Аварлар сол уақытта римдіктерге өте қорқынышты көрінді. Осы уақытта аварлырдың құрамы әр түрлі этностан тұрды. Олар жужандар, түркі тілді тайпалар, угро-фин халықтары, славяндар с.қатар моңғолдарға ұқсас топтар болды.
16.Аварлардың әскери өнері мен қару жарақтары.
Б.з. ҮІ-ҮІІІ ғғ. Шығыс Еуропа жазығына қоныс аударып, өздерінің мемлекеттілігін құрған авар этникалық құрылымы жағынан түркі тілдес тайпалық бірлестік болғандықтан әскери құрылымы, соғыс жүргізу әдісі, тіпті болмысы сақ пен ғұндық дәстүрді дәріптеген. ҮІ-ҮІІІ ғғ. Авар қағанатының Еуропа мен Азия халықтарының тарихында өзіндік орны бар. Түрік тарихын Батыста жалғастыра отырып Еропалық өркениетке әсерін тигізіп ықпалдасқан тайпалық одақ. Аварлардың мықты қаруланған атты әскері Византия мен Франк империяларына үлгі бола отырып, келешекте рыцарлықтың дамуына себепкер болды. Сондықтан аварлардың қаруланған ауыр және жеңіл атты әскері түріктік дәстүрді сақтай отырып оны дәріптеуші. Темірден құйылған үзеңгі мен жүген соғыс барысында және мемлекеттік істерді жүргізуде байланысты тездетті. Байланыс яғни ақпар алу, пошталық істі бірқадам алға дамуын жеделдетті. Деректік мәліметтер бойынша аварлар өз заманында барлық қарулардың түрін меңгерген. Қару жарақтар әскердің құрылымына қарай бөлінген. Дәлірек айтқанда жаяу әскер қанжар қылышпен қаруланса, атты әскер садақ және найзамен жабдықталған. Сонымен қатар аварлар өз заманында Византия империясының Фессалоника және т.б. стратегиялық маңызды қамал-бекіністерін алу барысында қамал бұзатын қаруларды пайдаланған. Қарулануға байланысты жаңалықтардың енуі, әскери тактикада өзгерістер болды, әсіресе атты әскер бұрынғыдан да жандана түскен. Деректерге сүйенетін болсақ, аварлар сол заманның қамал бұзатын қандай техникалар болса, солардың бәрімен қаруланған. Айталық, Менандрдың мәліметі бойынша, аварлар Византия имприясының қала қамалдарын жаугершілік соғыс барысында “Спалион” атты машина типтес, бекініс бұзатын құралдарды пайдаланған. Аталмыш дерек осы мәселе жайында мынадай мәліметтерді береді; спалион – әскери машинаның рөлін атқарушы, оның биіктігі алты адамның бойындай, төбесі жаңа сойылған түрлі аң мен мал терісімен жабылған. Қаруланған жауынгерлер спалион астында қамалға жақындап, оның қабырғасын бұзатын болған, немесе жерді қазып әйтеу бекініске кірудің амалын іздестірген. Ал келесі техникаларының бірі, қамал бұзғыш “таран” – бұл тас лақтыратын машина іспеттес ауыр әскери техника. Таран ерте кезде қамалдың қабырғасын құлату, қирату үшін қолданылған құрал. Түрлі ауыр және жеңіл техника құралдарымен жабдықталған авар жауынгерлері Еропаның соның ішінде Византияның иелігне жататын қалаларды басып алып, тіпті Константинопольдің өзіне екі мәрте шабуыл жасап, қамалды алмақ болмақ болған. Авар қоғамының жартысынан көп бөлігі, жауынгерлерден тұрған. Оны археологиялық қазба жұмысы кезінде қабірлерден көптеген қарулардың табылуы, дәлел болады. Қабірлерде жауынгермен қоса қару жарағын бірге жерлеу, ертеден келе жатқан наным сенім. Яғни, о дүниеде де керек болады деген ұғым. Авар дәуірінің зираттарын қару жараққа бай деп жоғарыда көрсетілген суреттерден байқауға болады. Көбінесе қымбат бағалы заттар, жайдан-жай жауынгердің зиратынан табылмайды, ол мүмкін әкеден балаға мұра ретінде берілуі мүмкін. Қабірлерде садаққа толы қорамсақ табылмаған (тек жалғыз – Боче қабірінде көсем жерленген мәйітте ғана толы қорамсақ табылған). Көбінесе садақтың саны оннан аспаған. Шамасы әр садақ еркін он жауынгердің билеушісін білдіретін нышаны болса керек – себебі, авар әскерінің ұйымы Азиялық бойынша ондық жүйемен құрылған.
